Бекітемін Басқарма төрағасының Бірінші орынбасары Ж.Қараев 2014 ж



жүктеу 98,62 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі98,62 Kb.
#8715
түріБағдарламасы



Бекітемін

Басқарма төрағасының



Бірінші орынбасары

___________Ж.Қараев

«___» ________ 2014 ж.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогикалық қызметкерлердің

қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының

оқу бағдарламасын жасау және рәсімдеуге қойылатын талаптар


  1. Жалпы ереже

  1. Бұл талаптар 2013 жылғы 11-қарашадағы Білім және ғылым министрлігінің «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №370 бұйрығына, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, оған 2011 жылғы 24 қазанда енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді есепке ала отырып дайындалды.

  2. Оқу бағдарламасы біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын, көлемін, құрылымын анықтайды, модулдің игеруге қажетті негізгі мазмұны мен ұсынылатын әдебиеттер тізімін қамтиды.

  3. Оқу бағдарламасы - педагогикалық қызметкерлердің әрбір санаты үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры бекіткен институттың біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес дайындалады және 2014 жылғы 15 қаңтарға дейін кафедра отырысында қаралады.

  4. Оқу бағдарламасы - вариативті және инвариантты бөлімнен тұрады және модулдік принциппен, курс тіліне сәйкес тілде дайындалады.

  5. Оқу – тақырыптық жоспар (ОТЖ) – жоспарланған категорияға сәйкес оқу бағдарламасы негізінде жасалатын негізгі құжат болып табылады. Біліктілікті арттыру курсының белгіленген тақырыптары бойынша тыңдаушылардың бағдарламаны игеру реті, сабақ түрлері көрсетіледі.

  6. Оқу бағдарламасы мен оқу – тақырыптық жоспары 5 модулден тұрады:

  • нормативті – құқықтық;

  • педагогикалық – психологиялық (басқарушылық);

  • мазмұндық;

  • технологиялық;

  • вариативтік.

«Білім беру ұйымдарының басшылары» санатына арналған оқу бағдарламасына басқарушылық модулі қосымша енгізіледі.

  1. Модуль – педагогтардың белгілі кәсіби құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған, танымдық және кәсіби қырларын қамтитын, меңгерілуі білімді тексеру формасымен бітетін, оқу бағдарламасының салыстырмалы түрде дербес және аяқталған бірлігі.



II. Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы

8. Оқу бағдарламасы курсының мазмұны:

- титул парағы;

- кіріспе;

- бөлімнің мазмұны (модульдердің мазмұны);

- оқу- тақырыптық жоспар;

- ақпараттық-әдістемелік бөлік.

9. Титул парағы және оның артқы жағы үлгі бойынша рәсімделеді (1,2

қосымша).

10. Кіріспе бөлімде мақсатты топқа сипаттама, қиындықтар аясы, курс мақсаты,

курс міндеттері көрсетіледі.

11. Модулді бағдарламалар келесідей алгоритм бойынша құрастырылады:

- оқу мақсатын құру;

- қойылған мақсатқа сай оқу материалдарының мазмұнын таңдау, құрылымдау;

- өзіндік бақылау және бақылау тапсырмаларын құрастыру;

- оқу нәтижесін өзіндік бағалау, баға қою критерийлерін анықтау.

12. Бағдарламаның мазмұндық бөлігінде:

нормативті-құқықтық, психологиялық-педагогикалық  (басқарушылық),

мазмұндық, технологиялық, вариативтік модулдердің мазмұндары

көрсетіледі.

12.1. Нормативті-құқықтық  модуль

- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Қазақстан жолы - 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».

- 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

- Білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлер әрекетін реттейтін

нормативтік – құқықтық және заңнамалық құжаттар.

12.2. Психологиялық-педагогикалық модуль

- Білім берудің қазіргі даму тенденциялары (деңгей бойынша).

- Білім берудің тұлғалық - әрекеттік парадигмасы.

- 12 - жылдық мектепте инклюзивті білім беруді психологиялық-

педагогикалық қолдау.

- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектепте, балалар үйінде,

мектеп - интернаттарда тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері.

- Электронды оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері



(Басқарушылық модулге білім беру ұйымдарының менеджментінің негіздерін

ашатын тақырыптар енеді).

12.3. Мазмұндық модуль

- Бастауыш білім берудің міндетті мемлекеттік білім беру стандарты: жаңа

бағдарлар.

- Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, ҚР ЖММБС – на сәйкес кіші мектеп

жасындағы оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
- Пән бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

- Сыни ойлаудың мәні.

- Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесі.

- Б. Блумның «Толық меңгерту теориясы».

- Оқу үдерісінде АКТ пайдалану.

-Пәнді оқытудың әдістемесі мен мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасымен.

12.4. Технологиялық модуль

- Педагогикалық технологияларды пайдаланып оқу курсының мазмұнын құрылымдау ерекшеліктері.

- Нәтижеге бағдарланған және дамыта оқыту технологиялары.

-Тұлғалық – құзіреттілік амалды ендіру жағдайында білім беру үдерісін технологияландыру.

-Басқарушылық және педагогикалық әрекетте электрондық оқытудың формалары мен әдістерін қолдану.

12.5. Вариативтік модуль білім мазмұнын айқындауда аймақтық ерекшеліктерді есепке алуға, тыңдаушылардың модулдерді таңдауына білім беру қажеттіліктерін ескруге, кәсіби әрекетіндегі жеке міндеттерді шешуге қажет құзыреттіліктерді анықтау мен айқындау.

Таңдау бойынша дәрістер мен тренингтер тыңдаушылар контингентінің ерекшеліктері мен курстың тақырыбына сәйкес болады.

13. Модульдік принциппен құрылған оқу бағдарламасы – модулдерді тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігінің кез-келген деңгейін оқытатындай етіп құрастыруға мүмкіндік береді.

14. Оқу бағдарламасы жалпы, жоғары (тереңдетілген), ілгерінді (жобалық-зерттеушілік) деңгейлерге бөлінеді.

Жалпы деңгейдегі оқу бағдарламалары педагогикалық қызметкерлердің аттестациядан өту және біліктіліктерін растау кезіндегі біліктілік деңгейіне сәйкес келеді және даярлығының кем тұстары мен қиындықтарын жоюға бағытталады.

Жоғары деңгейдегі оқу бағдарламалары оқытудың инновациялық технологиясын игеруде кадрлардың құзіреттілігін қалыптастыратын, тыңдаушылардың өзіндік кәсіби әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке ала отырып таңдау қабілеттіліктерін дамытатын модулдерді қамтиды.

Ілгерінді немесе зерттеушілік деңгейдегі оқу бағдарламалары педагогикалық және басқарушылық кадрлардың жобалық-зерттеушілік әрекет аясындағы құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған модулдерді қамтиды.

15. Барлық модулдерде оқытудың алуан түрлі әдіс – тәсілдерін қодану қарастырылады: жоба жұмыстары, өз бетінше жұмыс, топтық жұмыс, іскерлік ойындар, дөңгелек стол, пікірталас, презентация, тренинг, мәселелік дәріс және т.б.

16. Оқу бағдарламасында тыңдаушылардың өзіндік жұмыстары үшін тапсырмалардың үлгілік тізімі беріледі. Өзіндік жұмыс - білім берудің маңызды мәселелерінің біріне, тыңдаушылардың аналитикалық зерттеу жасауына бағытталады.

17. Өзіндік жұмыстың аудиториядан тыс түрлері:

- реферат, берілген тақырыпқа баяндама жазу;

- жағдаяттық мәселелерді шешу;

- курстың мазмұнындағы маңызды сұрақтарға мультимедиалық презентациялар жасау;

- оқу бағдарламасының модулдеріне кейстер дайындау;

- глоссарийлер мен графикалық материалдар дайындау;

- сахналық іскерлік ойындар жасау;

- тәжірибелік сабақтар дайындау;

- эссе, рефлексиялық есептер жазу.

18. Оқу бағдарламасында жоба жұмысының тақырыптарының тізімі беріледі.

Жоба жұмыстары (жекеше немесе топтық) оқу бағдарламасының модулдерінің біріне сәйкес, маңызды тақырыптар бойынша орындалады.

19. Жоба жұмыстарын қорғау мен бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

- тәжірибелік және теориялық білім көлемі;

- тақырыптың маңыздылығы мен жаңашылдығы;

- креативтілігі;

- нақты мәселелерді шешу үшін білімін қолдану іскерлігі;

- презентациясы мен тақырыптың мәтінін қисынды құрудағы іскерлігі;

- шешендік қабілеті.

20. Біліктілікті арттыру тақырыбы бойынша тыңдаушылардың құзіреттілік деңгейі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары анықтаған білімді бақылаудың емтихан, сынақ, жоба және өзіндік жұмыстарды орындау түрінде кіріс және шығыс диагностикасы арқылы анықталады.

21. Кіріс және шығыс диагностикасының тапсырмалары Б.Блум таксаномиясы негізінде дайындалады.

22. Оқу бағдарламасының соңында курстың мазмұнының барлық сұрақтарын толық қамтитын, ұсынылған әдебиеттер (негізгі және қосымша) тізімі келтіріледі.




1 – қосымша


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы _______________________ облысы бойынша

Бекітемін

«Өрлеу» БАҰО» АҚ

филиалының директоры

______________________

«____» __________ 2014 жыл
Педагогикалық қызметкерлердің

қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының

оқу бағдарламасы


Тақырыбы: __________________________________________________
Сағат саны____________________
Тыңдаушылар санаты ________________________________________

2 – қосымша


Оқу бағдарламасы

___________________________________________________________________ әзірленді

(филиалдың аталуы)
_____________________________________________________________

(құрастырушының аты, жөні ,тегі)



______________________________ кафедра отырысында қаралды

«____» _______________ 2014 ж. Хаттама № _____
жүктеу 98,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау