Экстенсивті егіншілік жүйелері- өңделетін жердің жартысы және одан да көбінесе егін егілетін, алдымен дәнді дақылдар мен көп жылдық шөптер, таза парда едәуір жерді алып жататын, топырақ құнарлылығын арттыру, негізінен табиғи процестерге байланысты болып келетін егіншілік жүйелері. Бұл егіншілік жүйелері феодалдық қоғамға, капиталистік қоғамның алғашқы даму кезеңдеріне сәйкес келеді.
Экстенсивті егіншілік жүйелерінің ең көп тараған түрі парлы егіншілік жүйесі болды. Бұл жүйеде топырақтың құнарлылығын арттыру пар танабына жүктелген. Ауыспалы егістері 2-3-4 танапты болып отырды, яғни пардан кейін 1-2-3 жылға дейін жаздық немесе күздік дәнді дақылдар егіледі.
Кейбір, әсіресе мал шаруашылығы дамыған, жауын-шашыны мол аймақтарда көптанаптық-шөптік немесе жайылым егіншілік жүйесі – жер көлемінің жартысынан артығы табиғи шабындық пен жайылымнан тұратын, ал қалған бөлігіне дәнді және басқа дақылдар егілетін егіншілік жүйесі орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |