Егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі
Ауыл шаруашылық дақылдарын сепкеннен немесе олардың көшетін отырғызғаннан егін жинағанға дейінгі аралықта бір-бірімен тығыз байланысты, белгілі бір ретпен орындалатын топырақ өңдеу тәсілдерінің жиынтығын егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі дейді. Оны көбінесе егістікті күтіп-баптау деп атайды.
Егін сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесінің алдына мынадай мақсаттар қойылады:
-себілген ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарының топырақпен жақсы жанасуын қамтамасыз ету,
-топыраққа сіңірілген ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарының бөртіп-өнуіне, жылдам және біркелкі көктеп шығуына, өсімдіктердің вегетация кезінде жақсы өсіп-дамуына қолайлы жағдай жасау,
-топырақтағы ылғал мен қоректік заттар қорын тиімді пайдалану арқылы өсімдіктерді оларға қажетті осы тіршілік факторларымен қамтамасыз ету,
-егістікті арамшөптерден, зиянкес жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазалау,
-дақылдарды үстеп қоректендіру және түптеу.
Достарыңызбен бөлісу: |