«Бекітемін» Агрономия факультетінің деканы


Топырақтың бетiн өңдеу және таяз өңдеу



жүктеу 0,79 Mb.
бет72/141
Дата26.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37914
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   141
umkd zemlede 2 kaz agronom 2021-22

Топырақтың бетiн өңдеу және таяз өңдеу. Топырақтың бетiн өңдеу 10 см тереңдiкте, таяз-10-20 см дейiн өңделедi. Оларға қопсытатын және араластыратын, тығыздайтын және тегiстейтiн шаралар жатады. Бiрiншi топқа жататын шаралар – дискiлеу, қопсыту және тырмалау.

Сыдыра жырту. Ол дискiлi және түрендi сыдыра жыртқыштармен жасалынады. Ең көп тарағаны сфералық және жалпақ дискiлерi бар, дискiлi сыдыра жыртқыштар болады.

Сфералы дискiлi сыдыра жыртқыштармен өңдегенде қопсыту, ұсақтау, аудару және арамшөптердi кесу жасалынады, жалпақ дискiлi сыдыра жыртқыштармен топырақты өңдегенде топырақ аударылмайды. Сыдыра жыртуды топырақты күзде өңдегенде және себу алдында қолданады. Ылғал жеткiлiктi жағдайларда сыдыра жыртқыштарды сүрі танабын өңдегенде де қолданады. Солтүстiк Қазақстанда сыдыра жырту ылғал жеткiлiктi жылдары тиiмдi болуы мүмкiн. Сыдыра жыртқыштармен құрғақ топырақты өңдеу оның құрғауы мен шаңдануына әкеледі. Сонымен қатар сыдыра жыртқыш топырақ бетiндегi өсiмдiк қалдықтарын құртады. Сыдыра жырту үшін ЛДГ-10, ЛДГ-15 және ЛДГ-20 сыдыра жыртқыштарын қолданады.



Культивация. Бұл шара қопсытуды, аударуды және арамшөптердi астынан кесудi қамтамасыз етедi. Жағдаймен шешiлетiн мiндетке байланысты серіппелі, пышақты, штангалы, инелi, қашау түрiздi, сыдыра жыртқышты, жебе түрiздi культиваторларды қолданады: КПЭ-3,8А, КТС-10-1, ОП-8, ОП-12 және басқалар.

Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнде топырақты 16 см дейiн өңдей алатын жазықтiлгiш культиваторлар кең қолданылады. КШШ-5, КПШ-9, КПШ-11.

Жер бетiн өңдеу үшін сымды, штангалы және инелi дискiсi бар культиваторлар қолданылады.

Картопты күту үшін топырақты өсiмдiктерге үйiп қоятын түптеушi культиваторлар қолданылады.



Тырмалау – топырақтың бетiн қопсытуды, араластыруды және тегiстеудi, сонымен қатар арамшөптердің өскiндерiн жоюды қамтамасыз етедi. Ол топырақтың бетiн өңдеу шараларына жатады және тiстi, торлы, дискiлi және шлейф тырмалармен жасалынады: БЗТС, БСО-4, БДН-3, БДТ-7, ШБ-2,5.

Тiстi тырмалар бiр тiске 1,5 кг (1,47х105Па) қысымы бар ауыр, 1 кг дейiн [(0,491-1,47)х104Па] болуы мүмкiн. Ауыр тырмаларды қолданып өңдегендегi тереңдiлiк 5-8 см, орташанiкi 4-6 см және жеңiлдердiкi 2-3 см болады.

Торлы тырма БСО-4 бiр тiске қысымы 1 кг (0,96) сепкеннен кейiн топырақты өңдеуге, өскiн шыққанға дейiн және өскiн шыққаннан кейiн пайдалы.

Тығыздау. Дақылдарды себер алдында, егер сол кезеңге дейiн топырақ оңтайлы тығыздыққа дейiн отырып үлгермесе, артық үгiлмелiктi кетiру үшін қажет. Тығыздау мен топырақты артық құрғаудан сақтау үшін тығыздалған қабат құрылады. Сепкеннен кейiнгi тығыздаудың негiзгi мақсаты - себiлген тұқым мен топырақ бөлшектерiнің арасындағы байланысты жақсы қамтамасыз ету. Тығыздаудың күшiмен үлкен кесектер уатылады, топырақ қабыршағы жойылады және топырақ бетi тегiстелiнедi.

Тығыздаудың тиiмдiлiгi топырақтың механикалық құрамына, оның құрылымдық күйi мен ылғалдылығына, топырақ сіңiру кешенiндегi тұздар концентрациясына және топырақтағы органикалық заттардың мөлшерiне байланысты болады. Басқа бiрдей жағдайларда ол тепе-теңдiктi тығыздық оңтайлыдан төмен болған топырақтарда жоғары болады.

4-8 см тереңдiкте топырақты тығыздап отырып, оның бетiн үгiлмелi түрде қалдыратын ЗККШ-6, ККН-2,8 шықыршықты және шықыршықты тiстi катоктарын қолданғанда жақсы өңдеу сапасына жетемiз. Егiншiлiк тәжірибесiнде топырақтың тығыздалуы көбiнесе басқа шаралармен қабысып жасалады: жырту, тырмалау, себу, қопсыту ж.б.

Шлейфтеу. Топырақтың бетiн өңдеу мен таяз өңдеулерден кейiн топырақ бетiн тегiстеу үшін және сепкеннен кейiн шлейфтермен волокушалармен жасалынады. құрылымды топырақтарда шлейфтеу тырмалаудың орнына жасалынуы мүмкiн.

Малалау. Танапты суаруға дайындағанда топырақтың бетiн тегiстеудi және жоғарғы қабатын тығыздауды қамтамасыз ететiн шара. Ол темiрмен шыңдалған ағаш бөренемен жасалынады.

Топырақты арнайы өңдеу шаралары. Оған фрезерлеу, үңги және қабаттап жырту, топырақты тiлу, шұңқырлау, індеу жатады.

Фрезерлеу. Топырақты қопсыту, ұсақтау және араластыруды жақсы қамтамасыз ететiн шара. Фрезерлегенде аэрация жақсарып микробиологиялық процесстер артады. Бiрақ фреза топырақты өте қатты тозаңдатады және өнiмдiлiк төмен болады. Олар шымдалған топырақтарды, шымтезектердi өңдегенде кең қолданылады. Фрезаны пiшендiк жер мен жайылымдықтарды түбегейлi жақсарту үшін кең қолданады. Өндiрiсте ФБН-1,5, ФБК-2, МТП-42А фрезалар және арнайы қопсытғыштар КФГ-3,6, КФ-5,4, КФГ-3,6-0,1 шығарылады.

Үңги жырту. Ол үңги соқамен топырақты 40 см (кейде 70 см) тереңдiкке өңдеу. Оны жүзiмдер, бақшалы дақылдар мен орманды екпе ағаштар үшін жасайды. Үңги жыртқанда қарашiрiктi қабат қарқынды ұсақталып, салдың астына түсiрiлiп, төмен құнарлы астыңғы жағы үстiне шығарылып одан сайын мәдениеттендiрiледi. Мұндай өңдеу үшін ППН-50 және ППУ-5а соқаларды қолданады.

Қабаттап жырту. Топырақ қабаттарын iшiнара немесе түгел араластырумен өңдеудi атайды. Ол екi немесе үш қабатты болуы мүмкiн. Екi қабатты өңдеуде топырақтың үстіңгi және астыңғы қабаттары орнын ауыстырады, үш қабатты жыртқанда топырақтың үш қабаты орнын ауыстырады. Екi қабатты жырту үшін ПНВ-2-50, ПД-3-35 соқаларын қолданады.

ПНВ-3-50 үш қабатты соқа топырақты 60 см тереңдiкке 50 см кеңдiкке өңдейдi. Бұл жағдайда аударылған (жоғарғы) қабат орнында қалады, астыңғы (үшіншi) екiншiнің орнына келiп, екiншi үшіншiнің орнына келедi. Бұл өңдеу кебiрлерде қолдануға ұсынылады.



Тiлу – су ағып кетпеу үшін және оның топыраққа жақсы сіңуi үшін қолданылады. Бұл шараның артықшылығы өсiмдiктердi жоймауда. Оны күзгi өңдеу жүйесiнде көпжылдық шөптер мен күздiк дақылдар егiстерiнде, суарудың алдында пiшендiк жерлер мен жайылымдарда қолданады. Өңдеудi әр түрлi конструкциялы тiлгiштермен жасайды. Cаңылаулардың тереңдiгi 0,4-1,2 м дейiн жетедi. Саңылаулар арасы 0,7-ден бiрнеше метрге дейiн болады. ПН-3-70 тiлгiштi кең қолданады, ол 50 см тереңдiкке, 3-5 см кеңдiкте, саңылаулар арасы 1,4 м өңдейдi.

Шұңқырлау - су эрозиясымен күресу үшін және ерiген суларды жақсы ұстап қалу үшін танаптарда күзде арнайы шұңқыр жасағыш ЛОД-10 құралымен шұңқыр жасалынады. Оське экцентрикалы түрде дискiлер орнатылады, олар кезекпен топыраққа кiредi де 12-15 см тереңдiкте сопақ түрлi шұңқырлар жасалынады. 1 гектарға 250 м3 көлемiмен 13 мың шұңқыр жасалынады. Көктемде олар тырмалармен немесе себу алдындағы өңдеулермен тегiстеледi.

Індеу. Артық суды кетiру үшін және аэрацияны арттыру үшін артық ылғалданған топырақтарда қолданады. Шараның негiзiнде анық тереңдiкке індер жасау жатады. Бұл мақсат үшін РК-1,2 қопсытғыш –індеушіні қолданады, олар диаметрi 9,5-20 см қашыртқыны 1,3 м тереңдiкке жасайды.

Ерте көктемнен жаздық дақылды сепкенге дейін оның өсіп-өнуімен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізілетін топырақ өңдеудің өзара байланысты әдістерінің жиынтығын егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі дейді.

Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесінің алдына мынадай міндеттер қойылады:

-күзгі-қысқы кезде жиналған ылғалды барынша сақтап қалу,

- себілетін ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын біркелкі тереңдікке сіңіруді қамтамасыз ету,

-егістікті арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазарту,

-себілген тұқымдардың жылдам және біркелкі көктеп шығуы үшін қолайлы жағдай жасау.



  1. жүктеу 0,79 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау