ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ О.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты - Айтенов Кенесбай Жолдасбайұлы
- доцент, техника ғылымдарының кандидаты Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы кафедрасы
- Педагогикалық жұмыс өтілі – 14 жыл
- «Техникалық термодинамика» курсы, көлемі – 3 кредит
- 5В070900- «Металлургия» мамандығына арналған
- Бұл курста техникалық термодинамика пәнінің жалпы мәліметтері, негізгі ұғымдар мен анықтамалар, термодинамиканың негізгі заңдарының талдануы, термодинамикалық процестер зерттеледі. Жылудың жұмысқа өзара түрленуінің заңдылықтарын, сонымен қатар жылу беретін механикалық және химиялық процестер арасындағы өзара байланысты орнықтыратын заңдылықтарды қарастыратын есептеулерді орындау бойынша шеберліктерді игеруге өте маңызды көңіл бөлінеді.
- Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге жылудың жұмысқа өзара түрленуінің заңдылықтарын қарастыратын, жылу беретін және суытушы машиналарда жүретін жылулық, механикалық және химиялық процестер арасындағы өзара байланысты орнықтыратын, газдар мен буларда өтетін процестерді зерттейтін, сонымен қатар осы денелердің әртүрлі физикалық жағдайлардағы қасиеттерін зерттейтін термодинамиканың негізгі заңдары туралы білім беру.
Техникалық термодинамика курсының міндеттері - Пәннің негізгі міндеттері – бұл студенттердің келесідей білім мен дағдылар алуы
- 1) білім:
- – күйдің термодинамикалық параметрлері мен термодинамикалық жүйелер туралы;
- – идеал және нақты газдардың негізгі заңдары мен газдардың жылусыйымдылықтары
- туралы;
- – термодинамиканың бірінші және екінші заңдары туралы;
- 2) шеберлік:
- – термодинамиканың негізгі заңдарын талдау;
- – термодинамикалық процестерді анықтау;
- – жылудың жұмысқа өзара түрленуінің заңдылықтарын, сонымен қатар жылу беретін және суытушы машиналарда жүретін жылулық, механикалық және химиялық процестер арасындағы өзара байланысты орнықтыратын заңдылықтарды қарастыратын есептеулерді орындау бойынша шеберліктерді игеру.
| | | - Аптадағы академиялық сағаттар
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - 2.4 Әдiстер және оқу формалары
- 1. Әдiстер және оқу формалары – дәстүрлi әр СӨЖ бойымен қатар студенттер презентацияларды дайындау.
- 2. Дәріс – 2 сағат, тәжірибелік сабақтар - 1 сағ, СӨЖ – 3 сағ , СОӨЖ -3 сағ аптасына.
- 3. Бағытта интерактивтік тақта, компьютер класстары, ғаламтор, бағдарламалық қамтамасыз етудi WORD, EXCEL.
- пайдаланады.
- 2.5 Үйретудiң нәтижелерi Студенттердi үйретудiң негiзгi нәтижелерiмен бiлiктiлiктiң осы бағытта одан әрi жоғарылауын компетенттігі болып келеді1. Интеллектуалдық - талдаудың құзыры және синтезі; салыстыру, диагностика, шешiм қабылдау - термодинамиканың негiзгi заңдардың зерттеу, термодинамиялық процестердi талдау. Әлеуметтiк - жазбаша және ауызша байланыстарының компетенциясы; командалық жұмыс; - өзiндiк жұмыстарды және презентациялар орындау. Жалпы кәсiби - бiлiмдердiң жiктелуi, бiлiмдердiң өзектi сипат беруiнiң компетенциясы - жұмысқа, физикалық, химиялық, термодинамикалық процестердi сипаттамадағы жылудың өзара айналуының заңдылықтарын қарастырады.
- Арнаулы (кәсiби ) - негiзгi компетенциясы, жобаларды әзiрлеу - техникалық термодинамика пәні бойынша өзiндiк жұмыстарды орындау кезінде үдетедi
- 2.6 Инструментарий және нәтижелерді бағалау технологиясы
- Инструментарий және нәтижелерді бағалау технологиясы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қолданатын кредиттік технологиясына негізделеген, сапа менеджмент жүйелерінің және ағымды және рубеждік бақлаудың 1 және 2 аттестацияларының негізінде жүргізіледі
- 2.7 Курс бойынша студенттердiң үлгерiмінің орташа балы
- Студенттердің орташа баллы : 86-94 (В+, А-)
- 2.8 Студенттерге қойылатын талаптар
- 1. Курс бойынша жақсы негiзгi бiлiмдер: математика, физика, металлургия.
- 2. Этикалық және ішкі жөн-жосық ережелерді сақтау
- 3. Компитенцияны игеру және біліктілігін дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |