Бейінді мектепте Web программалау курсын оқытудың әдістемесі



Дата19.11.2018
өлшемі74 Kb.
#21284
түріПрограмма

Бейінді мектепте Web – программалау курсын оқытудың әдістемесі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту» үкімет алдындағы келесі мәселенің бірі екендігін ашып айтты. Осыған орай білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертудің стратегиялық міндеттерін анықтап көрсетіп берді. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім берумен бірге оқушыларды жаңа идеямен жұмыс істей білуге үйрету керек. Бұл міндеттерді шешу үшін жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі, информатика теориясы мен оқу-тәжірибе үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне қарайды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес 2006-2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғарғы сатысына бейінді оқыту енгізілді.



Бейінді оқытуды енгізудің мақсаты – жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.

Сонымен бірге бейінді оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай міндеттерді де шешуді қамтамасыз етуі қажет:



  • жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқыту;

  • білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасау;

  • жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.

Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде информатика пәні бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары төмендегідей мақсаттарды көздейді:

  1. Қазіргі заманның өзекті мәселелерін зерделеу;

  2. Болашақ мамандық ерекшеліктерін таныстыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттерді орындау барысында осы мамандық иесі ретінде өзіндік сыналуына жағдай туғызу;

  3. Бейіндік (профильдік) пәндердің мазмұнын толықтыру;

  4. Оқушының белгілі сала бойынша қабілетін ұштау, оның бойында келешекке қажет білік пен дағданың қалыптасуына мүмкіндік жасау;

Жалпы алғанда информатикадан бағдарлы сараланған білім беру элективті курстардың шамамен келесі түрлерін ұсынуға болады:

  1. Пәндік элективтік курс, оның міндеті базистік оқу жоспарындағы «Информатика» оқу пәні бойынша білімді кеңейту және тереңдету оқу үшін қолайлы болады.

  2. Курстың жеке бөлімдері тереңдетіп оқытатын арнайы курстар. Мұндай курстарға «Әлеуметтік информатика», «Логикалық программалау», «Компьютерлік терілім», «Компьютерлік модельдеу», «Web-дизайн», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізу» және т.б жатуы мүмкін.

  3. Оқушылардың қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылығын дамыту мақсатындағы қолданбалы элективті курстар. Мұндай курстарға «Информатика және Техника», «Информатика және компьютер», «Информатика және ақпараттық орта».

  4. Программалауға арналған есептер шығаруға элективті курстар.

Пәнаралық элективті курстар, олардың міндеттері — оқушылардың компьютер мен ақпарат туралы білімдерін интеграциялау.

Мысалы, курстың жеке бөлімдері тереңдетіп оқытатын арнайы «Web-дизайн» курсын алып қарастырсақ.

Информатиканың бағдарлы курсын оқыту оқушылардың бағдарламалау әдістері туралы, сонымен қатар визуалдық: жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен қолданбалы бағдарламалық жасақтамаларды өңдеу технологияларын, ақпараттық-логикалық моделдер құру және деректер базасын өңдеу технологиясын парақтар құру құрылымы туралы жалпы түсінікті қалыптастырады. Осының барлығы ақпараттық технологиялар әдістерін меңгеруіне негіз болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web-беттер құруға, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға,компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде компьютерлік дизайн, Web-дизайн, администраторлар, программистер сияқты мамандықтарды таңдау заман талабына айналып отыр. Кез келген қарапайым құжаттардың өздерін компьютерлік бағдарламаламалар арқылы өңдеу талап етілуде. Интернетте ақпартты жариялау үшін Web-дизайн негіздерін білуді қажет етеді. Демек, осы Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандық иесіне қажет болады.

Берілген курс мазмұны 10-11 сынып оқушыларының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру және болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған. Бұл курс аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныпқа, барлығы 34 сағатқа негізделген. Курсты оқыту оқушылардың өз қабілеттерін толық көрсетуге және Web-беттерді құруға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаттары:


  • оқушыларды өздері белгілі бір мақсатқа жету кезінде құрған Web-беттерді қолдана отырып, ақпарттық Интернет желісінде тиімді жұмыс істеуге үйрету;

  • ақпараттың Интернетте берілу тәсілдерін үйрету;

  • сайт құру және түрлі жобалар жасау арқылы оқушылардың логикалық және танымдық ойлау қабілеттерін арттыру;

Курстың міндеттері:

  • HTML тілінің негіздерін қолданып, қарапайым Web-сайт, Web-жобалар жасау, орналастыру және жүргізуді ұйымдастыру; 

  • оқушыларды Web-сайт түрлерімен, оның құрылымдық, техникалық ерекшеліктерімен таныстыру; 

 

 




Тақырыбы

Сағат саны

Теория

Практика

1

Негізгі түсініктер: Интернет, WWW, Web-сайт, браузерлер, URL, IP-адрес

1

1

2

Интернет қызметі. Іздеу жүйелерімен жұмыс.

1

1

4

Web-сайт құрылымы. Дизайн, басқару жүйесі

1

1

6

HTML тіліне кіріспе. Web-бет құрылымы

1

1

8

Web-құжатты пішімдеу: абзацтар, тақырыптар, қаріп параметрлері

1

1

10

Web-құжатты пішімдеу: қаріп параметрлері

1

1

12

Жаңа жолға көшу, сызықтар, арнайы символдар қою, жолды жүгірту.

1

1

14

Сурет, фотобейнелер, иллюстрациялар қою

1

1

16

Кестелер. Кесте шекарасы, бояу.

1

1

18

Кестенің ұяшықтарын біріктіру, бөлу

1

1

20

Тізімдер: маркерленген және нөмерленген

1

1

22

Дыбыстық сүйемелдеу және сандық бейне.

1

1

24

Гиперсілтемелер.

1

1

26

Сілтеме картасы

1

1

28

Фреймдер

1

 

30

Web-бет формасы

1

 

31-34

Шығармашылық жұмыс

Жеке сайтты құрастыру



 

4

 

Оқушылар «Web-дизайн» курсында мыналарды үйрену керек:



  • Internet арқылы ақпаратты іздеуді және қарап шығуды;

  • Internet-те және электрондық поштамен жұмыс істеуді;

  • Web-бетті құруды, Web-беттің дизайын жасауды;

  • Графикалық оъектілерді орналастыруды;

  • Кестелермен жұмыс жасауды;

  • Маркерленген және нөмерленген тізімдерді құруды;

  • Гиперсілтемелерді қолдануды;

  • Сілтеме картасын жасауды;

  • Қолданбалы бағдарламалар көмегімен Web-құжаттар жасауды.

Элективті курстарды жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологиялық мүмкіндіктерді, мысалы электронды оқу құралын пайдалануға тиімді болады. Информатика сабағында элективті курстарды қолдана отырып, бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігін қарастыру.

Информатика сабағында бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігі — олардың сабақтың кезкңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын — ала дайындап алуғаң ойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Педогог және психолог ғалымдар ойын іс-әрекетін жан – жақты зерттеп, баланың дамуына, тәрбиеленуіне, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құрылымы ретінде қарастырылды. Ойын бірнеше қызмет атқарады:


  • ойын – сауық;

  • комумуникативтік немесе қарым – қатынастық;

  • әлеметтендіру.

Информатика сабағында білімді пысықтау, бекіту үшін интеллектуалды ойындармен пайдаланылады. Мұғалім тәрбиешіге интеллектуалды ойындарды талдау кезінде міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе информатикадан бағдарлы сараланған білі беру оқушылардың бейінді оқытудың негіздерін біліммен қарулануына ғылыми ойлай алуының дамуна, ғылыми дүние таным негіздерінің қалауына есептесетін болады.

Сонымен, қорыта келе негізгі орта мектепте информатиканы бейінді оқытудың мазмұны мен ұйымдастырылуы, «12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі (бір бейінді мектеп, көп бейінді мектеп)» жайында және «Жалпы білім беретін орта мектептердің жоғарғы сатысынан бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары», «Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде Информатика пәнін бейінді оқытуды дамыту», «Информатика пәнін бейіндеп оқытуда интеллектуалды ойындардың тиімділігі» оқушыларды бейінді түрінде оқытсақ, бірінші жағынан білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі, екінші жағынан информатиканы оқи отырып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқу пәндерінен білімдерін тереңдетеді деп сенемін.

Информатиканың бағдарлы курсын оқыту оқушылардың бағдарламалау әдістері туралы, сонымен қатар визуалдық: жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен қолданбалы бағдарламалық жасақтамаларды өңдеу технологияларын, ақпараттық-логикалық моделдер құру және деректер базасын өңдеу технологиясын парақтар құру құрылымы туралы жалпы түсінікті қалыптастырады. Осының барлығы ақпараттық технологиялар әдістерін меңгеруіне негіз болып табылады.



Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды Web-беттер құруға, Интернетте материалды жариялау, Web-дизайн негіздерін білуге, дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға,компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін-өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Қ. Информатикадан 30 сабақ, -Алматы: Шартарап, 1998.

  2. Камардинов О. Информатика. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2008.

  3. Ермеков Н., Қараев Ж., Круворучко В., Кафтункина В. Информатика, 9-сынып. Алматы, 2001.

  4. Беньяш Ю.Л. Освоение персонального компьютера и работа с документами. – М.: Радио и связь, 1999. – 408 с.: ил.

  5. Симонович С.В., Евсеев Г.А., Алексеев А.Г. Специальная информатика: Учебное пособие. – М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком - Пресс, 1999. – 480 с.

  6. Симонович С.В. и др. Информатика. Базовый курс: Учебник. М.: СПб, 2002.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау