Мен Шу өзенін бойлап көшіп-қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлендерін, ертегілерін, қиссаларын, атақты ақындардың өлендерін, өз өлендерімді айтып беріп жүрдім. Ғасырлар бойы қалыптаскан жәйт суырып салма ақын — рулар мен тайпаларды, ру ақсақалдарын, атақты адамдарды, окиғалардын бәрін білуге тиіс еді. Ол барлық жаңалықтарға үн қосып, жағдайды ескере білуге тиіс еді. Ақын тілінің өткірлігі, қысылтаяңда тапқырлығы, тез де ұтқыр жауап беруі арқылы бағаланады. Ол әріптесін күлкі, сықақ уытына бөлеп, өзі байсалды, ұстамды болуға тиіс еді. Мен осының барлығын үйрендім.
1941 жылы Жамбылга мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндеріңдің Жамбыл өзінің өлеңдерінде халқын Отанды қорғауға, еңбектегі ерлікке шақырды.
Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 майда айтылды. Бұл неміс фашистерін біздің халқымыздың каһармандықпен жеңгендігіне арналған еді. Жамбыл Жабаев орденмен, Еңбек Кызыл Ту және Құрмет Белгісі ордендерімен наградталды. Жүз жасқа небары бірнеше ай қалғанда, 1945 жылы 22июньде Жамбыл дүние салды.
Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлді», «Сәлем саған, комсомол», «Ленинградтык өрендерім», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырландар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Өнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесік жыры» тағы басқа да көптеген өлендері балалар әдебиетінен өшпес орын алды.
«Шәкірт балаларға» деген өленінде:
Сендерді қоссам жырыма, Саңқылдап үнім сайраған. Қаздаңдап кәрі саусағым, Шекте бойлал ойнаған.
Мектептен сендер келгенше, тағы да бір жыр ойланам. Келгенсоң айтып бермесем, Балалар, кінә қой соған! —деп, ақын ата балалар алдында өзіне үлкен міндеттер жүктейді. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздері жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы касиеттерді шыңдай түсуге, адамгершілік сапаны ардақтай білуге, өз Отанынын мақтанышы, азаматы болуға баулиды. Өзін ұялы байтерекке, биік шынарға балаумен қатар, жасыл жапырақтай жамырасқан бөбектердің де биік шынардай болуына талпынтады. «...бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. 3Олардың ақылы өсіп, адамгершілігі артып жетіледі. Жеке адамның тікелей тигізетін әсерін ешбір формамен, ешбір уставпен, ешбір тәртіп ережесімен, сабақ уақытының кестемсімен алмастыруға болмайды. Адамның жеке басының әсері жас жанға күн сәулесімен бірдей, мұны ешбір басқа нәрсемен алмастыру мүмкін емес —- дейді, К-Д- Ушинский. Өзінің жеке басының мінез-құлқын және ақын-жазушылар шығармасынын жоқ.
«Балаларға» деген өлеңінде — Жамбыл жас шәкірттер арасында бірер жетідей болмай қалса, «куанышым, тірегім, жас ботам» деп аңсаған сағынышты көнілін білдіре, оларды өзіне жақын тартып, қуантып, мәз-мейрам етіп, бар ықыласымен жыр төгеді.
Балалар. аманбысың, шырақтарым, Жабысып көлге біткен кұрақтарым, Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, ішінен асып кете бір аптаның,—деп, бірден тасқындата, балаларды өзіне еліктіріп, қызықтыра сөз маржанын тізеді. Ақын ата бұл өлеңінде адам баласының ертеден арман еткен тілегі, болашақтан күткен үміті, балаға деген барлық махаббат, олардың бақыт бақшасы — даңқты партияның басшылығы арқасында ғана біздін, ұлы Отанмызда іске асқанын жыр етеді.
Балаларды кеңестік патриотизм рухында тәрбиелеу міндеті соғыс жылдарында бұрыннан гөрі ерекше жауаптылықпен қолға алынды. Жас өспірімдердің рухын көтеретін Жамбыл өлеңдеріңің осы жылдар ішіндегі ролі, оның патриоттық рухы жастар үшін мейлінше ықпалды болды. Елімізге қатер тудырған неміс басқыншыларының зұлымдық әрекеттері әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеп өсіп бара жатқан бағытын тоқыратып, тоқтатып тастай алған жоқ. Балалар әдебиеті тақырыбына жазылған соғыс жылдарындағы шығармалар балалардың жауға деген өшпенділігін арттырды.
Жас болса да, оя мен солын танытып, олардың жауынгерлік рухын көтере түсті. Ақын «Балама хат» деген өлеңінде:
Есінде, балам, бар шығар, Айтқаным Отан әмірін. Шегінбе жаудан жанды сал, Шешілмек содан тағдырың— деп, әкелік әмірін көрсете, баласынын алдына шарт қойып, жауапты міндеттер жүктеді. Балаға үміт арта сөйледі:
Аянба, балам, аянба! Бәлекет сонда аршылар. Алғадай, ылги алда бол, Аянған адам болмақ кор! Бәйгеге барын тігемін,
Сендерге арнап осы жол. Достарыңа осыны айт, Жауларыңды жеңіп кайт! Айтарым арнап, саған сол әке әмірі екі етілген жоқ орындалды. Көп ұлтты каһарман кеңес халқы жер жүзінде өздерінің ерлік, патриоттык күшін танытып, Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Басқыншылықпен кіріп, біздің бейбіт өмірімізді шайқаған неміс қарақшыларының тасталқанын шығарды, тізе бүктірді, жермен жексен етті. Балаларға арналған Жамбыл өлендерінің патриоттық сезімдерге толы күш-қуаты осындай ерекшеліктерінен көрінеді.
Жыл сайын ақпанның соңғы күндері Жамбыл мұражайында жыр алыбының туған күніне орай жиын өтеді. Ұлы ақынның ұрпақтары, қаламгерлер бас қосып, ата жайлы, оның телегей теңіз мұрасы жайлы ғибратты сөз, естеліктер айтылады. Дастарқан жайылып, ұлы ақын рухына бас иіп, дұға бағыштаймыз. Біз осы бір шараға қатысқан сайын үнемі бір өзгеше әсерде боламыз. Ең алдымен, жүз жасаған абыздың аруағын тым жақыннан сеземіз. Жаңа ғана шапанын сүйретіп, жай басып жанымыздан өтіп кеткендей. Ол басқан топырақта әлі суымай табан ізінің жылуы жатқандай. Ауада қалқып шалдың шапан исі қалғандай. Сондайда өкініш баурайды. Көзі тірісінде бала болып осы шалдың киелі шапанының шалғайына бір кіріп-шықпағаныңа өкінесің. Сөйте алған ұрпақтың бақытына қызығасың. Соның өзі-ақ былайғы өмірде рухани азық, жанға медет болар еді-ау! Осындайда дана тұлға, өмірде көрмегені жоқ шежіре шалдарды сағынасың. Сол шалдар қасиетті ақ дастарқан басында алқа-қотан отырып, әңгіме қозғағанда босаға жақта отырған біздің көз алдымыздан көлбеңдеп күллі дүние өтер еді-ау. Өткен ғасырмен бірге келмеске шапанын сүйретіп, көшпелі дәуір куәсіндей “дария кеуде тау мүсін” қариялар да өтіп кетіпті-ау! Біздің бала кезімізде ондай қариялар әр ауылда болушы еді. Сөйлеп кетсе табан астында тарих тіріліп қоя берер еді... Аузында дұғасы, өн бойында иманы тұнған сол қариялар ауылдың даналық қазынасындай көрінуші еді. Ал енді сол кемеңгер қариялар, арасына домбырасын көтеріп алыстан жырау келер болса, бәрі ысырылып төрден орын беретін. Өйткені, кемеңгер қариялар әр ауылда кездессе де суырыпсалма сайыпқыран жыраулар әр ауылда кездесе бермейтін. Жыраудың орны бөлек. Сондықтан да олар ескі ауылдың сағына күтетін қонағы. Кітапхана, баспасөз, театр, кино, теледидары, радиосы жоқ ол заманда ескі ауыл үшін жырау-жыршының келуі бір мереке болатын. Өнер мерекесі. Тек қана өнер мерекесі емес, сондай-ақ жеткіншек ұрпақ үшін теңдессіз мектеп, елдік пен ерлік мерекесі. Жамбыл ата естелігінен: “Ел менен жыр сұрағанда, кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес Өтеген батыр, Саурық батыр, Сұраншы батыр, Көрұғлы батыр, Алатай Жапарқұлдың жырларын айтатын болдым. Ел есіткенде ыңыранып жылайтын...”
Байқайсыз ба?! “Батырларды жырла дейтін”, “Ел есіткенде ыңыранып жылайтын” дейді Жамбыл ата. Шолақ қайырылған осынау жолдар астарында неткен ауыр ақиқат, телегей теңіз сыр жатыр! “Ыңыранып жылайтын” дейді. Астапыралла! Аузына қараған дүйім жұртты “ыңырантып жылатқан” ол неткен құдірет!? Дүйім жұртты жылатып, жүрегін көздің жасымен шылатқан неткен құдірет!? Дүйім жұртты аузына қаратып жан-дүниесін дүр сілкінткен ол қандай сиқыр?! Біздің мынау мүмкіндігінде шек жоқ дамыған заманда, жалт-жұлт еткен заманауи өнеріміз дәл солай қарақұрым халықты қойдай иіріп қойып ыңыранта ала ма? Тереңін шайқап тебіренте ала ма?! Ал жалғыз домбыралы жалғыз жырау сөйте алушы еді ғой. Сонда бұл феноменнің сыры неде? Ол нендей құдірет? Сөйтсек, ол құдірет — ұлы жырау Жамбылдың көмейінен күмбірлеп құйылған жыр құдірет екен. Әзелден атамыз қазақ табынған сөз құдірет екен. Оған тағы да екі құдірет қосылады екен. Домбыраның сазы мен жыраудың әуезі. Осынау үш құдіретке ие болған жырау ғана бұл өнердің шарықтау шыңына көтеріле алыпты. Халық сүйіспеншілігіне бөлене алған. Ұлттың рухын қалыптастыруда айрықша рөл атқарған. Тіптен, шешуші рөл атқарған. Шаршы топта Жамбыл жырау толғағанда “елдің ыңыранып жылауы” содан. Осынау үш өнер – сұңғыла сөз бен сылқым саз және күміс көмей әуез дарыған жыр сүлейімен жүздесу қашанда сананы сілкіп, сұрапыл сезім дауылын қозғаған. Тыңдаған жұртты ыңырантқан. Ондай жүздесуде қаңсып жатқан шөл аспанын қақыратып найзағай ойнап нұр жауғандай жанға дауа шипалы сөз-жаңбыр нөсерлейтін болған. Шөліркеген шөл даланың сусыны қанып, аспаннан райыс нұры құйылатын болған. Тыңдарман қауым рахат арылу күйін кешкен. Рухтанған, түлеген, жаңғырған, желпінген, тазарған, ширыққан. Ал енді осы қаумалаған қара құрым қауымның жан дүниесіне жыр жаңбырын нөсерлеткен құдіретті өнер иесінің өзі қалай қалыптасты? Бастауын қайдан алды? Мұндай дәстүрлі өнер тек ғасырдан ғасырға, ұстаздан шәкіртке жалғасу, сабақтасу арқылы жеткені айғақ. Кез келген жыраудың қайнар көзіне үңілсеңіз, соған көзіңіз жетеді. Бұл өнердің түп-тамыры көз жетпес көне дүние түкпірінен басталады.
Бұл өнердің бастауы тым әрі, орта ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан қайғыдан да әрі Қорқыт ата, одан да ежелгі түркі тарихын жырмен тасқа қашаған Йоллытегін, Тоныкөк жырауларда жатыр, аты қалмаса да соңында “Ергенекон”, “Алып Ер Тоңға”, “Аттила”, “Томирис” тәрізді жырларының жаңғырығы қалған ежелгі түрік, ғұн, сақ жырауларында жатыр делінеді. Ендеше, жыраулық өнер – сабақтас өнер. Алыстан келе жатқан алтын тін – жібек арқау үзілместен жалғанып жиырмасыншы ғасырға жеткен. “Жалғанып” дедік. Ендеше, бағзыдан келе жатқан баба жыр-дәстүр, алтын арқаудың келесі жас ұрпаққа көшер, жалғанар тұсы болғаны. Бұл өзі “Олимпияда отын” көтеріп жүгірген желтабанның қолындағы мәңгілік алауды өшіріп алмай келесі желтабан жүйрікке тапсыру сәтін елестетеді. Талантты шәкіртке тарлан ұстаздың кездесу тұсы. Немесе, жыраулық өнердің жалғануы. Жыраулар тағдырында ол бір өмірге қайта келгендей таңғажайып сәт. Оны тек бастан кешкен біледі. Өйткені, ол – шәкірттің анадан қайта туғандай ақын болып оянар сәті. Санасына ұлы өнер жарқ еткізіп сәуле шашып жарықтандырып, жан дүниесін астан-кестең еткен сәті. Ол әсерді сөзбен жеткізу қиын. Сезімтал бала бастан кешкен мұндай сәт адам санасына өшпес із, тозбас таңба салады. Балғын жастың болашақ тағдыр арнасын өзгертеді. Мұны балауса шағында ұлы жырау өнерімен жүздескен жан ұға алады. Сондай күйді бала Жамбыл да жасы он үштен аса бере бастан кешкен. Алатау бөктерінде Сәтімбай жайлауында отырған өз ауылында ұлы жырау Сүйінбаймен жүздескен. Жапаның үйінде отырып ұлы жырау қаумалаған халық алдында соны бір мақаммен соны бір дастанды бастайды. Бұған дейін ауыл арасы әнші, күйші, жыршыларды талай тыңдап жүрген Жамбыл бала үшін бұл мақам, бұл толғаудың аяқ алысы бөлек, бір тосын да тылсым жыр әлемі болғаны анық.
Бастайын Көрұғлының хиқаятын,
Түрікмен Текежәуміт дейді затын.
Әкесі Көрұғлының Раушанбек,
Толыбай арғы атасы аталатын
– деп боздай бастаған жырау дастан қақпасын жұртқа соныбір қоңыр сарын, парасат сабырмен аша түседі. Сол қақпаның арғы жағындағы тылсым әлемге мына қаумалаған қалың жұртты бастап ертіп жетелеп барады. Бала құлағы бұрын шалмаған қызылбастың қанқұйлы патшасы мен түріктердің текетірес заманы көз алдында іңірде пері көшкендей көлбеңдеп өре бастады. Жырау көмейінен өрбіген кең құлашты зор күңіреніс алыс заманның ащы шындығын тірілтіп, пияз қабығындай біртіндеп арши түсті. Бұл күңіреніс, зор күңіреніс бейнебір ұмыт қалған бағзы дәуір бабалар гөй-гөйі. Парасатты. Сабырлы. Терең толғаулы. Сол үн, күңіренген көне үн жыраудың тәңір дарытқан таңдайы арқасында алыстан ғасырлар қойнауынан оянып, күмбірлеп бүгінгі тірі құлаққа талып жетеді. Жамбылдың бала құлағы ұлы жыраудың көмейінен көне мақаммен өрілген түйдек-түйдек шумақтарды қомағайлана қылғытады. Табиғаты сирек алтын сөз. Асыл жақұт, маржан сөз. Бірін шашпай, шашау жібермей теріп отыр. Жырау толғауымен сол сөздерден құралып кең тынысты батырлық дастанның оқиғасы да өріліп барады. Өрілген сайын елге қалқан болам деген жас батырды қатал заманның қатыгез тағдыры біресе отқа, біресе суға салады. Шыңдап ширатады. Сүйінбай жыраудың “Қөрұғлыны” айтқандағы мақамы қандай десеңші! Кісіні естен тандырады. Көне түркілердің көмей толғауы. Кейде ботадай боздап желіп отырады. Кейде қайқаң қағып көкке қыранша самғайды. Биіктен сорғалайды. Құлақтан кіріп бойды алады. Сана сезіміңді солқылдатады. Сондықтан да сиқырлы, соны. Бала Жамбылдың санасын матап, шырмап, баурады. Тыңдаған сайын ұстаз тұлғасы көз алдыңда биіктеп, қол жетпес құдірет иесіне айналып барады. Айберен аруақтанып, айшықталып түседі. Жырау барған сайын арқаланып, көз жанары шақпақтай жарқылдап арсы-гүрсі өркештеніп барады. Батыр жауға шапқанда өзі де қалың қамысқа тиген өрттей қаулап дүрілдейді. Батыр жаумен жағаласқанда бейнебір қарсы келген жаумен өзі бетбе-бет келгендей өршеленіп, екіленеді. Не болар екен деп оны тыңдап отырған жұрттың зәресі ұшады. Ал бала Жамбыл болса көз шарасы ұлғайып Қөрұғлының қасында қан майданда бейне өзі жүргендей ширығып алған. Ұлы дастан таң сарғайып, тау иығынан жылтырап күн сығалағанша толас таппады. Соған дейін ана құшағындағы сәбилер болмаса киіз үйдің туырлығын түріп қаумалаған қалың жұрт кірпік ілген жоқ. Әсіресе, бала Жамбыл әрі-сәрі.
Ұлы өнер сыйлаған ұлы бақыттан есі шығып есеңгіреп қалған. Ұлы жырау толғаған ұлы дастан әсерінен шыға алар емес. Бала Жамбыл ол әсерден ғұмыр бойы шыға алмасын ол сәт аңғарған жоқ. Бұдан былай Сүйінбайға сыйынбай сөз сөйлемейтінін түйсінген. Бұл кездесуден кейін бала Жамбыл ұлы жыраудың жанынан қарыс қадам қалған жоқ. Баланың айтқыштық талантын аңғарған ұлағатты ұстаз да ақ батасын беріп, Жамбылды шәкіртім деп жариялады. Шәкірт баланың төбесі көкке жетті. Осы күннен бастап ұстазы табылған Жамбыл бала ұлы өнер айдынына шындап құлаш ұрды. Жыраудың атқосшысы болып ел аралады. Сүйінбай айтатын жыр жалғыз “Көрұғлы” емес екен. Айлап айтса да таусылмайтын айдын шалқар көл екен. “Мың бір түн”, “Шахнаме”, “Манас”, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Тотыкамал”, “Сейттбаттал”, “Қыз Жібек”, “Орақ-Мамай”, “Едіге”, “Шора батыр”, “Қабанбай”, “Бөгенбай” “Ерназар – Бекет”, “Садыр патша – Жамбыл патша”, “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр”. Осылай жыраудың жыр қоры тізіліп кете береді. Бала Жамбыл осы жырларды құлағына құя берді. Жаттай берді. Жаттаған сайын өресі де, өрісі де кеңейе берді. Жас Жамбыл қиядағы ұясында қанатын қомдаған бала қырандай. Қанаты қатайып, күні келгенде шаңқылдап жыр көгіне көтерілді. Тау қыранының дауысы алысқа жетті. Ұяда көрген тәлімі жыр додасында жебеді. Қолтығынан демеді. Шаршы топқа түскенде шалыс қадамнан сақтады. Ақын деп аузыңа қараған қарақұрым халықпен бетбе-бет қалудың өзі қатал сын – қылкөпір екен. Ол көпір үстінде сен жан-жақтан, төменнен қадалған мың сан көз ұшында жалғызсың. Әр қимыл, әр қадамыңды қалт жібермей қадалған көздер. Табаның тайды екен, құладым дей бер дозақ отына. қылкөпірден қаз-қаз басып, сиынған пірің жар болып, аман-есен өттің екен... алдыңда абырой, атақ, даңқ күтіп тұр... Жыраудың жәннат бағы... Халық алдына шыққан сайын немесе мың сан назар ұшында осынау қылкөпірге көтерілген сайын Жамбыл жырау да шыңдалып өнер шыңына көтеріле түсті. Тіптен бұл өнердің еш ұстаз айта алмайтын қырық қатпар қыр-сырына қанықты. Мысалы, жырдағы батыр ол, ең алдымен, мына қаумалаған жұрт сенімінен шығуы тиіс. Ол отқа салса күймеуге, суға салса батпауға тиіс. Қорқу дегенді білмеуге тиіс. Бір өзі он емес, жүз кісі қарсы келсе де қоғадай жапырып, қырып салуға тиіс. Ол пендешіліктен ада. Халық үшін туып, халық үшін қажет болса өлуге тиіс. Батырдың сүйгені міндетті түрде ақылға дана ару жар. Жалпы қазақ түсінігіндегі әйелге тән жақсылықтың, жақсы қасиеттің бәрі батыр сүйген қыздың бір бойынан табылуы керек.
Батырлық дастанның талабы осы. Өйткені, жырау алдында отырған бозбала – батырдан үлгі алуы керек, қыз бала батыр сүйген қыздан үлгі алуы керек. Тыңдарман талабы осы. Мінеки, сондықтан да батыр мен оның сүйгенінің бойында да, ойында да мін болмауы керек. Мін байқалар болса, оны жырау дереу қырнап, жонып-жөндеп тыңдарманға әдемілеп жеткізуі керек. Оқиға желісін де әр айтушы жырау осылай өзінше дамытып отырады. Осындай әр жыраудың сүргісінен өткен жырда қырнала-қырнала мін қалмайды. Тап-таза, жалт-жұлт еткен жауһарға айналады. Тыңдарманға керегі осы. Тыңдарман жырауды да жағымды кейіпкерлер көтерілген кісілік биіктен көргісі келеді. Ол оңай талап емес. Нәтижесінде, жырау өзі қолдан қашап жасаған батырларға, даналарға тартпай тұра алмайды. Ерлік, мәрттік, тектілікті жырлап, жағы талмай насихаттай бергеннен кейін келе-келе жыраудың өзі де трансформацияланып, өзі насихаттап отырған ержүрек батырларға тарта бастайды. Егер жұрт алдында жырау өзі насихаттап отырған ерлерге емес, ездерге ұқсап отырар болса, оның сөзінде пәтуа болмай далаға кетіп, оған жан сенбес еді. Осы тұста бір тойда өзіміз көрген бір эпизод еске түседі. Марқұм сирек талант иесі Қаламқас Орашева сол тойда сұңғыла жырау Н.Байғаниннің “Нарқыз” дастанынан үзінді жырлады. Батыр қызды жырлаған жырау қызымыз Қаламқас сахнада тіпті екіленіп, аруақтанып кетті. Біздің көз алдымызда қайраты бойға сыймай тасып, жай отындай жарқылдап бейне батыр қыз Нарқыздың өзі отырғандай көрінді. Жыр аяқтала салысымен арынын баса алмаған Қаламқас сыртқа шықты. Мен де сыртқа шықтым. Жыршыны тамаша өнерімен құттықтадым. Сөйтсем, Қаламқас бейне аламан шабыстан тұяғы қызған бәйге атындай арынын баса алмай екі иығынан дем алып тұр екен. Әлі өз-өзіне келе алмай тұр екен. Осы сәт жырау қыз маған арқалы жандай көрінді. Осындай транформация болмаса, яғни жырау жұрт алдында бір мезет өз-өзін ұмытып, дастан кейіпкеріне айналып кетпесе өнері тыңдарман қауымды құрықтар құдірет-күшке айналар ма еді? Әй, қайдам.
Яғни, жырау жұрт алдында, мезгіл алдында батырды сомдаушы. Батырдың мәңгілік бейнесін граниттен қашаушы, мүсінші. Тек қана қашап қоймай, ол бейнеге “үп” деп үрлеп дем салып жан беруші. Жасымас жігер, қайтпас қайрат беруші. Жыраудың жанартау жүрек оты, тасыған күрескерлік қайрат-қуаты түгел жыр арқылы батырдың бойына көшеді. Жырдағы батыр әсіре ардақталып дәріптеледі. Демек, жырау кім десек, ол – дастандар арқылы бізге жеткен батырлар мен сұлулардың атасы. Жырауларды сондықтан халқымыз олардың өздері жырлаған батырлардан кем қастерлемеген. Бүйтіп яғни, өзі айтқан жырымен бірге өсіп, бірге өну, елге тұтқа болған батырлармен бірге туып, бірге өлу барлық жыраулар өткен мектеп. Міндетті рухани мектеп. Сол мектептен өткен жырау сөзсіз өз дәуірінің абызы. Сондықтан да Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұхар жыраулар өз заманында сөздеріне хандар тоқтаған тарихи тұлғалар болған. Бұл дәстүр жаңғырығы Жамбылдың жыраулық өнері шарықтаған 19 ғасырға да жетті. Бірақ, жырауы қалса да, хандары мен билері жоқ, оның орнын орыс ояздары басқан, ел еңсесін отарлық езген зар заман еді ол. Жыраудың балалық шағы тек қана орыс озбырлығы емес, Қоқан тепкісін де көрген жүрегі қаяулы қалың жұрттың арасында өтті. Басқыншылармен арыстандай алысқан Сұраншы бастаған қазақ батырларын Жамбыл көзбен көрді. Отансүйгіштік, күрескерлік, ұлт азаттық ұрандарын өз құлағымен естіді. Ол ұрандар жырға айналып, халықтың жігерін жанып, жүректерде отаншылдық отын жақты. Кешегі бала Жамбыл енді күрескер дана Жамбылға айналды. Оны “Сұраншы батырдағы” мына жыр жолдарынан оқимыз. Жетісуды басып алған Қоқан ханы Құдиярдың 20 мың әскеріне небәрі 300 сарбазбен қарсы шыққан Сұраншының майдан алдында жігіттерге жігер беріп айтқан сөзі:
Батыр туған жігітке
Шабатын жаудың көбі жоқ.
Суырып қылыш ат қойсаң
Қарсы тұрар бірі жоқ.
Еңкілдеген шал анау,
Шырылдаған бала анау.
Қуыршақ болған жауыңа
Келіншек пен қыз анау.
Көзім тірі тұрғанда
Қорлыққа қалай көнейін?!
Жауым көп деп жасқансаң
Сендерді дос демеймін.
Қашар болсаң қырамын,
Кетпейсің тірі біреуің.
Ел үшін жанды қимасаң
Ер деп қалай сенейін.
Ақ сүт берген анам – ел!
Үлгі берген атам ел.
Халық үшін мен лақ,
Жау қолында өлейін.
“Жау қолында өлейін” дейді Жамбыл. Батырдың да, ақынның да сөзі осы. Оны тыңдап отырған қарақұрым халықтың да сөзі осы. Жырау тек қана жыр жырлап отырған жоқ. Ұстаның болат балқытар гүмпілдеген көрігіне айналып отыр. Сол көрігін, жыр көрігін гүмпілдетіп, ұста ұстаз ертеңгі ел қорғайтын жас ұрпақты шыңдап отыр. Ал, біз болсақ, бұл мысалдан ұлт рухын шыңдайтын ұстахананы көріп отырмыз. Ұстасы – жырау. Осы ұстаханада замандар бойы үзіліссіз, ұлт рухы шыңдалыпты. Жырау алдынан жас та, кәрі де намыс жігері жанылып, жау көрсе жолбарыстай атылуға дайын отан қорғаушылар шығыпты. Ездер ер болуға ұмтылып, ерлер арыстандай азуын айға білепті. Осылайша, бұл ұстаханада қазақтың ел мен жер дегенде өре түрегелер өршіл рухы шыңдалыпты. Ол ұстахананың маңдай тері сорғалап балға ұстаған ұстасы – жырау, ұлттық рухтың ұстазы.
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбіз.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз!
— деп арындаған Ақтамберді жырау қартайып, өлер шағында “Бар арманым айтайын, батырларша жорықта, өлмедім оқтан қайтейін!” деп аһ ұрған. Жыраулар мұрасына қалай көз жүгіртсеңіз де бұрқ-сарқ қайнаған батырлық рухқа кездесесіз.
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда...
Күмбір күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда...
Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда...
Бұл Доспанбет жыраудың арманы. Ерлік пен елдік жыраулардың төбеге көтерер туы болыпты. Тыңдаған құлақты ұйытқан жыраулар, қазіргі тілмен айтқанда, халық идеологтары болыпты. Сондықтан да Бірінші Дүниежүзілік соғыс тұсында Ақ патша Мекалайдың жергілікті әкімдері Алматыға ақындарды жинап, патша саясатын жырлаңдар деп қолқа салады. Сол жиында болған Жамбыл:
“Үгіт айтып, патшаны мақта” деді,
“Болып жатқан соғысты жақта” деді.
“Одан басқа жырыңды айтпа” деді – деп мәлімет береді .
Жамбыл Мекалайды мақтамақ тұрмақ, оған қарсы көтерілген 16 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын қолдап кеткен. Ел басына күн туған алмағайып тұста халқымен бірге болған. Отан қорғау тақырыбы Әке ретінде жүрегі сүйікті ұлы Алғадайдың екінші Дүниежүзілік соғысқа аттануына қарсы болса да, Жамбыл жырау ретінде ол баласының батырларша жауға аттануын қолдаған. Оған мына сөздері куә.
Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Ел қорғаған ерлерді ғұмыр бойы жырлап келген абыз ақын ел қорғаудан қасиетті ештеме жоқ екенін білетін ежелгі жыраулық дәстүрді аттай алмаған. Алайда, болашақты болжайтын кәрі абыздың жүрегі бір жаманатты сезсе керек. “Сталинге сәлем айт, Алғадайымды қайтарсын!” деп сол кездегі Қазақстан басшысының алдына барады. “Жәке-ау, Сталин маған “Менің де балам соғыста жүр ғой!” десе, не болдым!” деп ол шарасыздық танытады. Жырдың алыбы болса да сол кездегі қатаң сталиндік саясатқа сөзін өткізе алмаған Жәкең ауылға жабығып қайтады.
Ақыры, кәрі жүректің күдігі шындыққа айналып, майданнан “Алғадайдан айырылдық!” деген қаралы хабар келеді. Жүзге таяған шағында абыз Жәкең ботасы өлген аруанадай боздап қалады.
Мінген атым сұр бөрте,
Алғадайды алдың еп-ерте.
Мен жыламай кім жылайды,
Жал-құйрығым кеп-келте.
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Алғадайдан айырылу абызды титықтатып кетеді. Араға жыл салып өмірден өзі де өтеді. Киіз үйде өмірге келіп, өмірінің денін киіз үйде өткізген ұлы абыз сол түні ауладағы киіз үйінде түнейді. Таң ата аяқ жақ тұсында жатқан пірі – қызыл жолбарысты көреді. Қызыл жолбарыс орнынан тұрып, ашық тұрған есіктен шығып кетеді. Жамбыл үш рет айғайлайды, бірақ жолбарыс қайтпайды, Алатауға өрмелеп кете барады. Жүрегі қалтыраған ақын ата бұны өзінше жориды. Бес уақыт намазын қаза қылмаған ұлы ақын дереу кәлимасын қайырып, дұға оқиды. Ағайын жұртты шақырып, әлгінде ғана қызыл жолбарыстың бұны тастап кеткенін айтады. Жарық дүниемен қоштасар күні таяғанын жариялайды. Босаңсыған келін-кепшікке басу айтады. Сүйегімді осы киіз үй тұрған аулаға қоярсыздар деп өсиет етеді. Араға аз ғана күн салып, алыптың тоқсан тоғыз жыл соққан жүрегі мәңгілік тыншым табады.4
Тарихтың бұл тұсы, Жамбылдың дүниеден өткен тұсы, өткен ғасырдың алғашқы жартысы Еуразия даласында әлімсақтан өркен жайып келе жатқан көшпелілер өркениетінің де тарих сахнасынан көшіп жатқан тұсы еді. Ұлы далада әлімсақтан сәні бұзылмай, тырнадай тізілген көшпелілер көші отызыншы жылдарда орын алған озбырлықтан ойраны шығып жатты. Ол тұрмыспен бірге сол мәдениеттің жыраулық тәрізді төлтума өнері де тұншықтырылды. Қудаланды. Немесе олар жырлап келген дастандарға тыйым салынды. Сөйтіп, ауыз әдебиетінің соңғы дүлдүлі Жамбылмен бірге көз жетпес көне дәуірден өткен ғасырға дейін жеткен көшпелі өркениеттің ұлы өнері — ауыз әдебиеті де тарих сахнасынан көшті.
Тоталитарлық жүйе жыраулық өнерге қанша теріс қарағанымен, ол өнер тып-типыл тіл тартып кете қоймады. Халық жадында сақталды. Немесе бүгінгі күнге кешегі дүлдүлдер дүбірінің жаңғырығы болып жетті. Тәуелсіздік таңымен бірге жыраулық өнер де қайта жандана бастады. Алайда, бұл өнердің болашағы ойлантады. “Елу жылда ел жаңа” демекші, тыңдаушы құлақ өзгеріп кеткен еді. Өйткені, жыраулық өнер тұншықтырылған соңғы жарты ғасырда өмірге жаңа ұрпақ, жас ұрпақ келді. Бұл өнер үнін құлағы шалмаған ұрпақ келді. Жыраулардың алдын көрмей өскен ұрпақ, өкінішке орай, ұлттың кешегі өткен ұлы эпикалық рухынан сусындай алмай өскен ұрпақ. Сол сескентеді. Ұлы дала рухын, сол даланың өзіндей дархан қазақ рухын, көшпелілердің ерлікке толы эпикалық болмысын жырау өнеріндей бере алатын өзге өнер кем де кем. Ұлттық рухтың атамзаманнан келе жатқан алтын тінінің ұшы жыраулық өнерде. Содан айырылып қаламыз ба деген күдік мазалайды.
Жыл сайын ақпан айында жыр дүлдүлі өмірге келген күні Жамбыл мұражайына жиналамыз. Ауыз әдебиеті алыбының рухына тағзым етеміз. Жамбылға тағзым, сондай-ақ, “ауыз әдебиеті” атты алыпқа тағзым еді. Кешегі күнге дейін алашты алаш еткен, қазақты қазақ еткен қайталанбас ұлан-ғайыр ұлы өнерге тағзым еді.
ІІ-Тарау.Ж.Жабаев өлеңдерін оқыту
Жабаев Жамбыл (1846 – 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руынан шыққан Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниегекелген.
Жамбылдың өсіп - өнген топырағында ән – күй, ақындық – жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім – Сүйінбай…» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім – тәрбие алған. Жамбылдың ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында қалған жоқ. Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр еткен. Асан Қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта, Шернияз, Шортанбай, Дулат, Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт, Майлықожа, т.б. ақындарды үлгі тұтқан. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік білген. Қырғыз манасшылары мен жомоқшылары арасында әріптес достары көп болған, солармен бірге қырғыз айылдарын аралап, өлең айтып, жыр тоғытқан, күй тартып, айтысқа түскен. Атақты Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен, солармен жарыса «Манас» , «Ер Төштүк» эпостарын жырлаған. Олардың ілтипат – ықыласына бөленген. Жамбыл бүкіл әлемге тараған «Мың бір түннің» тарауларын, Орта Азия мен Кавказ халықтарына ортақ «Көрұғылы» жырын, Фирдоуси «Шахнамасының» үзінділерін жасынан жаттап алып, айтып жүрген. Осындай қайнарлардан нәр алған Жамбыл өсе келе тек қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау, ақын, жыршы болып қалыптасқан. Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адамның меңгеруі – сирек кездесетін құбылыс. Ал Жамбыл өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі ақын ретінде сезінген («Шын жүректен жыр төгіп, сөйлеп бір кетті жырауың», «Нені естісек, соны айту – ежелден ісі жыршының», «Жамбыл ақын сөйлеген сөзді бекердемеңдер»).
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең – жырмен өткізген Жамбыл - өткен екі ғасырдың куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен жаманшылығы қатарлас екі түрлі қоғамда ғұмыр кешті. Жамбылдың шығармашылық өмірі, негізінен, 19 ғасырдың 70 – жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдар Ресей отаршылары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік – саяси қыспаққа алғаншақеді.
Сол кездерде Жамбыл шындықты айтып, замана болысын суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлайды, мысқылдайды, сынайды, күйініп те, қиналып та сөйлейді.
Шыншылдық пен сыншылдық қасиетін Жамбыл ақындармен айтыстарында да сақтап, турашылдығымен ерекшеленіп, нағыз ақын ретінде байтақ елге танылған. Оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқанөнері–оныңайтыстары.
Жамбылдың Сайқал қызбен (1864 – 65), Жаныс ақынмен (1866), Бөлектің қызымен (1870), Бұрым қызбен (1873), Айкүміспен (1874), Сарамен (1875), Сары ақынмен (1875), Шыбылмен (1890), Бөлтірікпен (1890), Майкөтпен (1891), Сарбаспен (1895), Құлмамбетпен (1897), Доспанбетпен (1907), Шашубаймен (1909), т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды.
1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Оның көбісі сақталмаған. Тек есте қалып, хатқа түскені – «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген өлең – толғаулары. Осы шығармаларында Құлансаз, Қарабастау жайлауындағы Қарғалы, Самсы, Ұзынағаш және Шейінпенде болған қақтығыстардан елес береді. Жамбыл көтерілісшілерді өлең – жырымен жігерлендіреді, оның үгітшілік қимыл - әрекетін патша әкімдері жазаламақ болады, бірақ халық Жамбылды қорғап қалып отырған. Жамбыл Жабаев 1919 ж. Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 ж. республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқы арнау, толғаулары осы тұста жырланды. 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде оның даусы бұрынғыдан да асқақ естілді. Ежелгі данышпан жырауларша Жамбыл 1930 – 40 жылдар аралығында мемлекеттік мәні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлайды, замана жайында толғайды.
Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қырынындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936 – 1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр – толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық – саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» – деген еді Сәкен Сейфуллин.
Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады.
Жамбыл көзінің тірісінде-ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті.
Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттық рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгілейді.5
2.1.Жамбыл туындыларын оқушыларға танытудың кейбір жолдары
Ж.Жабаевтың өмірін, бүкіл шығармашылығын, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағдарлама бойынша берілген сағат аясына сидыру мүмкін емес. Бұл орайда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденісі, сыныптан тыс әдеби жұмыстар, оқу сабақтары әр түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылып, байланыстырыла жүргізілгенде ғана әдебиет пәні мұғалімі өз мақсатына жетеді.
Халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен тығыз байланысты. Ол – суырыпсалмалық өнердің туын биік көтерген ақын. Жамбыл мұрасы тек қазақ халқының ғана емес бүкіл әлемнің рухани құндылығы. Орыс, ұйғыр,өзбек, грузин, украин, немістер т.б. халықтардың қай-қайсысы болмасын ақынды, аса ірі фольклорист, суырып салма ақын деп таниды. Жамбыл мұрасы өте бай, оны оқушыларға әр қырынан таныту оқытушы міндеті болмақ.
Жамбыл әлемі – күрделі әлем.Кешегі кеңестік идеология оны «жаңа заманның»жыршысы еткісі келді. Бұрынғы оқулықтарда солай көрсетілді. Ал бүгінгі мақсат – жаңа буынға Жамбылдың қазақ халқының көркем мәдениетін әлемге танытып, оның ежелгі дәстүрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын жаңаша көзқараспен түсіндіру. Жамбыл өлеңдерінің көбі бізге толық жеткен жоқ. Біразы кеңес дәуіріне дейінгі кезеңде айтылып, бірақ хатқа түспей қалды. Таңды-таңға қосып айтқан көптеген жырлары, дастандары жазылып алынбаған. Көбіне-көп берідегі әр түрлі атаулы күндер мен жиындарға арналған өлеңдері ғана көпшілікке тез жетіп отырған.Сонымен қатар ақынның мерейтойларынаарнап жарық көрген материалдарды сұрыптап пайдалану – оқушының осы тақырып жайлы танымын кеңейтері сөзсіз.
Жамбыл поэзиясы ендігі кезекте тәуелсіз ел көзқарасы тұрғысынан қайта бағадалуы тиіс. Бірақ оны күтіп отырмай, бұрынға жазылған еңбектерді екшелей отырып, ақын мұрасын жалпы адамзаттық құндылықтар деңгейінен қарастырып, негізгі тұжырымдарды саралауымыз керек. Оны жинақтай айтсақ:
Жамбыл -екі ғасырды көріп, жүз жасаға ұлы ақын.
Жамбыл – шығыс желісіне құрылған талай дастандарды жатқа айтып, мыңдаған шумақтар мен ұйқастарды зердесіне сақтап, шежіре-аңыз, тарихи оқиғаларды, айтыс-толғауларды, бұрынғы –соңғы ақын-жыраулар мен батыр-билердің өмір деректерін, ауызекі әңгімелерді көкірегіне құйып алған, өзі де толғаулар шығарған жырау.Жамбыл –ірі айтыс ақыны. Ақынның Құлмамбет, Сарбас,Шашубай сияқты ақындармен өнері кеңес дәуіріне дейін-ақ, арысы-қырғыз, берісі – Жетісуға кеңінен танымал болған.Алайда ол өлеңдері жазылып сақталмаған.
Ақынның 70 жастан кейінгі өмірі кеңестік заманға тұспа-тұс келді.Ол кеңестік насихатқа сенді. Сол жаңа өмірді жырлауға көптеген өлеңдерін арнады.Жамбылдың көркемдік әлемінің қуаты – халықтың сан ғасырлық дәстүрлі жыр қайнарынан шыққандығында. Ол қазақ поэзиясының адамгершілік мұраттарын жаңа мазмұнда байытты, дәстүрлі поэзияны дамытты.Мұғалімнің тақырыпқа осы тұжырымдарды басшылыққа ала отырып келгені жөн.
2. 2. Ж.Жабаевтың «Өтеген батыр»шығармасын оқыту.
Сабақтың бірінші бөлімінде мұғалім Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз айтады. Оқушылардың өздері бұрын оқыған Жамбылдың шығармалары туралы еске түсіру көзделеді. Ақын туралы фильм, диафильмдер көрсетіледі. Шығарманы мұғалімнің өзі мәнерлеп оқиды. Сонымен бірге ұлылар айтқан ақын туралы сөздерге тоқталады.
Сабақтың екінші бөлімінде мәнерлеп оқу, эпизодтарды талдау, мәтінге түсініктеме беру жұмыстары жүргізіледі.Өтеген батырдың мінезін, портретін ашуға тоқталады.
Сабақтың үшінші бөлімінде кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріледі. Автордың кейіпкерге деген көзқарасын айқындалып, сол туралы оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
Сабақтың төртінші бөлімінде оқулықтағы Өтеген батырдың суреті бойынша жұмыс жүргізіледі. Суретке қарап отырып оқушылар шағын шығарма жазып, шығарма туралы ойларын айтып береді. Уақыт жетпегендеріне үй тапсырма ретінде беріледі.
Сабақтың бесінші бөлімінде мәтін соңындағы сұрау-тапсырмалармен жұмы жүргізіледі. Сабақтың қорытынды бөлімінде мұғалім жалпы сыныпқа құрақ қояды.
«Өтеген батыр» дастанынан кішкене ғана үзінді оқып, сол үзіндіден жалпы шығарма тақырыбын түсінуге болама?Нені аңғардыңдар?
Оқушылар толық жауап бере алмаған жағдайда мұғалім өзі қорытындылайды.
Балалар, Жамбыл аталарыңның, «Өтеген батыр» дастанының тақырыбы – елін, жерін сүю, еліне жайлы қоныс іздеу. Мәтіннің алғашқы шумағынан-ақ біздің кейіпкердің, Өтеген батырдың арманы көрінбей ме?
«...Әттең сені, дүние-ай!
Дариядан су алып...»- деп
Басталатын шумақты қараңдаршы.
Ал екінші шумақта, батырдың мұңы, өкініші, «соңымнан елім ермейді-ау!» деп қапалануы тұрған жоқпа? Егер Өтеген батыр өз қара басын ғана ойласа, осыншма қиналар ма еді? Әрине жоқ. Батырға деген елдің құрметін қай шумақтан көруге болады?
Оқушылар тауып оқиды:
Өтеген демін алды аунап, қунап,
Той қылды, ат шаптырды Өтегенге,
Құлпырды Өтеген де құрдай жайнап.
Мәтіндегі соңғы екі шуамақты, яғни Өтеген батырдың еліне айтқан сөзін оқушы келістіріп, образға еніп оқиды. Оқушы оқып болған соң, мұғалім оқушылардан: Өтегеннің дәл осы кездегі сезімі қандай еді? Ол батырдың даусынан, үнінен байқалды ма? Өтеген батырдың соңынан елі ермей қойғанда сенде қандай сезім болды?
Балалар бұл сұрақтарға жауап береді. Дастанға қызыққан оқушыларға Жамбылдың шығармалар жинағынан «Өтеген батыр» дастанын толық оқуға тапсырма беруге болады.
2.3.Сабақ үлгілері.
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев өмірі мен өнер жолы, ақын әлеміне шолу.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.
А) Ақынның дүниежүзілік аренаға шығып, суырып салма, импровизаторлық дәстүрді дамытуға қосқан үлесі.
Ә) Ақынның алғашқы туындыларынан көрінетін адамзаттық-азаматтық тұлғасын ашу;
2. Тәрбиелік а) Туған халқының тағдырына ортақтасу. Отаншыл жырларының мәнін аша отырып, өзіндік тұжырым – пікір жасау дағдыларына үйрену;
Ә) Оқушыларды Отанын, өз халқын, елін, жерін сүюге баулу;
3. Дамытушылық: а) Өшпес өнерге айналған өмірді танып білу де оқушылардың ойлау белсенділігін арттыра отырып, жан-жақты ғылыми тұрғыдан іздене білуге төселдіру;
Ә) Ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен қарым-қатынасын айқындау; б) Суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену;
Сабақтың түрі: Ізденіс сипаттағы тәжірибелік сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:
Ж.Жабаев өмір кезеңдерін қамтитын ауызша әдеби журнал,(буклет,схеме,таблица,сызба т.т.)
Ақынның туғанына жүз елу жыл толуына байланысты (газеттік, журналдық басылымдар) жеке папка.
Жамбыл мұражайында өткен оқу-фильмі. Электронды оқу құралы, видеофильм.
Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. Алматы,-1965.
Ә.Тәжібаев. Өмір және поэзия.Алматы, -1960.
Ж.Жабаев творчествосы (жинақ).Алматы, -1989.
Кадаскопты ретіне қарай пайдалану
Сабақты өткізу әдісі:
Мәнерлеп оқу, түсіндіру, болжам жасау, пікір алмасу, зерттеу әдісі, проблемалық сұрақ-жауап. Топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:1. Оқушыларды топқа бөлу.
Кіріспе. Электронды оқулықтан Ж.Жабаев туралы гипермәтінді тыңдау.
1-топ. Оқушысы: Жамбылдың алғаш ақындық атын шығарған өлеңі «Шағым». Бұл кезде ол он бес жаста екен: Өлеңді мәнерлеп оқиды. (Экранда слайд арқылы беріледі).
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жанымды
Талай дүре соғылды,
Тілің ащы бала деп,
Қайнатты әбден сорымды.
Оқымаймын молдадан
Екі иығын қомдаған
Бала келсе сабаққа
Жем аңдыған дорбадан.
Ақ сәлдесі басында,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған-
Деп таяқтың астына алып, дүрелеп оқытатын молдалардың жаттанды діни оқуын өткір сынға алады. Оқушыларды осы өлеңдегі негізгі түйінді тапқызу үшін, жетелеу сұрақтарын беруге болады.
Бұл оқушылардың өз беттерімен мәтінді түсінуге бағыттайды.
Бала неге молдадан оқығысы келмейді? Мәтінге сүйене отырып дәлелде.Ықтимал жауап: Молданың айтқандары мүлде түсініксіз, ол баладан үнемі бір нәрсені дәмеленеді, өз құлқынын ойлайды.
Ащы тілмен молданың мінін бетіне айтып, одан жасқанбайды, надандығын әшкерелейді. Сөйтіп молданың алдын екінші көрместей болып біржолата қош айтысты.
Өлеңді Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесімен салыстырыңдар. Жауап: Ия, Түйебай да молданы жек көреді, ол да үнемі бір нәрсе алғысы келіп тұрады. Түсінікті, тәрбиелі еш нәрсе айтпайды. Түйебайды жәбірлейді.
Оқытушы, Жамбыл поэзиясының танымдық, тәлімдік қасиеті – ұлттық қазынамыз, өркениетті әлемнің мәдени байлығы екендігіне жан-жақты тоқталып, шолу жасайды. Ақын өмірін таныту, талдау барысында «Естеліктер сыр шертеді»атты ауызша әдебие журналды пайдалну сабақты жандандыра түседі.
І-бөлім:
М.Әуезов: «Жамбылдың кеңестік дәуірдегі туындылары – ұлы шеберлік көріністері, кезінде әлемді таңғалдырған ғажайып құбылыс. «Өлең кірген түсіне жөргегінде мен болам»-деп, өзі айтқандай, тұла бойы тұнған жыр, өлеңнен жаралған, басында миллион ұйқасты дайын ұстаған».
Ғ.Мүсірепов: «Жәкең шығармалары ғасырдан ғасырға кетеді.Халық ақындарынан шыққан мұндай алып ақын болған емес. Еш уақытта, еш тарих жүз жасаған ақынның соңғы сағатына дейін ақындық қуатының сарқылмағанын білген емес». 1938 жылы Алматы қаласында өткен Жамбыл шығармашылығына 75 жылдық мерекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен көрнекті ақын-жазушылар, белгілі қоғам қайраткерлері келіп, ақын өнерін ерекше бағалап, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ әлемнің әр шетінен озық ойшыл жазушылар қарт Жамбылды құттықтап, оның өнерін айрықша бағалап, телеграмма жолдады.
Мысалы: «Жамбылдың қайта тууы – халық ауыз әдебиетінің қайт атуғандығынығ бейнесі. Жамбыл жырларының күші-оның терең халықтық шығармашылығының болуында».
Сабақ барысында мұндай естелік ой-пікірлерді ұтымды пайдаланып оқушылар назарына ұсыну, ақынды таныта білудегі ой қозғаушы әрекеттердің бірі болмақ. Ең бастысы оқушылар Жамбылдың халық өмірінің айнасы болған ақындық, жыршы-жыраулық өнердің саңлығы екеніне көз жеткізіп ұғына түседі.
Журнал беттеріндегі барлық пікірлерді бір сабақ көлемінде түгел оқып көрсетуге мүмкіндік жоқ екенін ескере отырып, оқытушы қай уақытта үзінді пікірлер мен танысуды алдын –ала жоспарлағаны дұрыс. Сондай-ақ «Жыр алыбы-Жамбыл», «Дархан дарын – жарқын үн» т.б. сияқты сыныптан тыс оқу сабақтарында бұлардың өз жалғасын табатынын оқушыларға ескерткен жөн.
2-топ. Сабақтың бір бөлігін «Ақындарыд тыңдаймыз» атты жинақтан Жамбылға арналған өлеңдерді тыңдауға болады.
Көптеген ақындар, шәкірттері жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған. Кейбір үзінділерді нақышына келтіріп, мәнерлеп дұрыс оқи алатын оқушылардың өздеріне кезекпен оқытуға болады.
Мысалы: 1-оқушы Кенен Әзірбаев (1938 жыл)
Қарт ата, қадірлі ата, дүлділ ата.
Сайраған бағымызда бұлбұл ата
Бір ғасыр,неше дәуір басымыздан,
Өткізіп көрдің талай үлгіні ата.
2-оқушы.Ғали Орманов:
Болып ең сен де нөсер, Жамбыл ақын.
Даусына жалпақ дала жаңғыратын
Күркіреп құйып-құйып жөнелгенде,
Жалтылдап найжағайдай жатыр артың.
Мұндай үзіндіреді тыңдауды Жамбылдың:
Халық үшін төсеп отыр өле-өлгенше
Ағарған сақалы мен шашын Жамбыл
Көтерген көкке төбе тірелгенше
Иеді көпшілікке басын Жамбыл-
Деген өз сөздерімен аяқтауға болады. Үзінділер оқылып болғанна кейін оқушылардың алған әсерін байқау үшін арнайы сұрақ-тапсырмалар беруге болады:
Ақынның «Халқым»деп соққан жүрегін өз сөздерінен қалай аңғаруға болады?
Ақындар арнау өлеңдерінде қандай көркемдік суреттеу құралдарын пайдаланған.
Естеліктердің үні мен сыры Жамбыл шығармаларының өміршеңдігінің дәлелі.
Оқушылардың әрқайсысы өзіндік пікір-тұжырым жасауға тырысқанын байқатты. Олар: «Жыр алыбы – Жамбыл атамыздан қалған мұраларды танып білу, тереңіне үңілу біздің басты парызымыз»- деп жазды. Жамбыл шығармаларын танытуда, ақын өмірінің өлең жырға айналуы ерекше сөз болып, Жамбылдың өзінің өмірбаяндық естеліктерін пайдалануға болады. Жасынан-ақ өлеңге әуестенген Жамбыл әкесінен рұқсат сұрап, оның ақын Сүйінбайдан бата алып жолын ұстануы, өзінің келешегін ерте болжай білгенін аңғартады. «Оқымаймын молдадан, не оқытпақ ол маған»-деп ақындық өнерге ден қойып:
Домбыра алып сөйлейін,
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң,
Елде болар береке...
Деген ой-тұжырымын да өлең-жыр өмір бойғы қасиетті ісі, сүйікті кәсібі болып қалғанын көрсетеді. Оны өзі де ашып айтады.
Бұл Жамбыл бір сөйлесе қызып кетер,
Пәтуа-тауып бірлігіңді бұзып кетер
Ебін тауып ұстамай өшіктірсең,
Байлап-матап қойсаң да үзіп кетер-дейді. «Шағым», «Әкеме»деген өлеңдерінде әкенің айтқанымен емес, өзі қалаған жолмен жүретінін айтып мәлімдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |