Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет90/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162
    Навигация по данной странице:
  • Азамат

246

қолданылуы (Жайығым, Еділім) бұл жалқы есімді (өзен атауларын), 

яғни өзеннің өзін «меншіктеу» мүмкін еместігін, Еділім десе, «ота-

ным, елдігім, атажұртым» дегенді айтып тұрғандығы көрінеді.



Алтын  Орда  –  белгілі  бір  одақтың,  мемлекеттік  тұтастықтың 

ресми  атауы  болса,  Еділ-Жайық  –  осы  атаудың  екінші  бір  көрікті, 

поэтикалық атауы деп ұғыну керек.

«Батырлар жыры» деп аталатын эпикалық шығармалардың өзекті 

тақырыбы  елін,  жерін,  отбасын,  туған-туыстарын,  қасындағы  ру-

ластарын,  тайпаларын  қорғау  немесе  жау  қолынан  азат  ету,  кей-

де қызға, малға, жерге таласты күшпен шешу сияқты ұрыс-шабыс, 

талас-тартыс  болғандықтан,  соларға  қатысатын  адамдардың  атау-

ларында  да  көнерген,  ескірген  сөздер  бар.  Алдымен  ұрыс-соғысқа 

қатысушылардың аталуы азамат, жолдас, жігіт, шора, кедей болып 

келетінін атауға болады.

Азамат сөзінің ертедегі бір мағынасы «қару асып атқа мінетін ер 

адам, жасақшы» дегенді білдірген. Қазақтың батырлар жырында да, 

лиро-эпостарында да, XV-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар тілінде 

де  азамат  сөзі  осы  көрсетілген  терминдік  мәнде  жұмсалған.  Бұл 

мағынада  шоралар,  жігіттер  сөздері  азамат  сөзімен  синонимдік 

қатар түзеді де кейде тіркесе қолданылады:

Ей, азаматтар, шоралар,

Атты мінсең, зорды мін (Ақтамберді жырау, XVIII ғ.).

«Айман-Шолпан»  жырында  азамат  сөзінің  бұл  мағынасы  тіпті 

анық байқалады. Еліне қайтарылғалы отырған Шолпан сіңлісіне өзін 

Көтібар батырдың тұтқынынан құтқаруға болашақ күйеуінен жәрдем 

сұраған сәлемін айтқанда:

Аты болса байласын,

Азаматын сайласып, – дейді. 

Демек,  «қолдарына  қару  алып  атқа  мінетін  адамын  сайласын» 

деп тұр. Кейінгі XIX ғасырдағы Махамбет ақын да бұл сөздің өзіне 

дейінгі өлең-жырлардағы мағынасын алады:

Арғымақ, сені сақтадым,

Құлағың сенің серек деп.



Азамат, сені сақтадым,

Бір күніме керек деп...

Алқалаған жер болса,

Азамат басы құралса...

Жоғарыда  көрсетілгендей,  азамат  сөзінің  семантикалық 

мазмұнын жігіт, шора, ер сөздері қатарласа келіп күшейте түседі. 

«Ер  Сайын»  жырында  Сайын  батыр  өзімен  бірге  ұрыс-соғыста 

жүргендерге:



247

«Ей, қырық жігіт, азамат,

Маған бола өлмеңіз, – дейді. 

Мұнда да азамат – жасақшы. «Едіге» жырында азамат сөзі жоқ, 

оның жігіттер, шоралар деген синонимдері бар:

Ей, жігіттер, шоралар,

Ормамбет би өлгенде,

Он сан ноғай бүлгенде,

Хан Тоқтамыс қорланып,

Байтағым деп зарланып,

Айтып жылай жөнелді.

Бұл  –  Тоқтамыстың  елінен  айрылғандағы  айтатын  толғауының 

басы, жасақшыларына, жауынгерлеріне айтқан қаратпа сөзі.

Әрине, «жасақшы, атқа қонған қарулы адам» мағынасы азамат 

сөзінің көп мағынасының бірі болар. Сірә, ерте кездердің өзінде оның 

негізгі мағынасы, Шоқан Уәлиханов көрсеткендей, «кәмелетке келіп, 

еншісін  алған,  туыстарына  тәуелсіз,  үйлі-баранды  адам»  дегенді 

білдірсе керек. Ал оның «жасақшы» мағынасындағы семантикалық 

қозғалысы осы «кәмелетке келген, ешкімге тәуелсіз, бірақ елін, жерін, 

туыстарын (руластарын, аталастарын) қорғай алатын жасақшы, жау-

ынгер» дегенге келіп ұласқан. Дәл осы мағыналық жылжу жігіттер 

және жолдастар сөздеріне де тән. Махамбет:

Қасыма ерген жолдастар,

Жолдастарым, мұңайма! – дейді ғой.

Мұндағы  жолдастар  –  жай  тілеулес,  сыйлас,  сырластар  емес, 

Исатай-Махамбеттің қасына ерген жорықтастары.

Бұған  қарағанда,  ертеректегі  қазақ  тілінде  жігіт  (жігіттер

сөзінің мағынасы да терминдік статусқа жуықтау келеді. Мұны тарих 

ғылымы да растайды: «Йігіт (жігіт) – феодалдың жалдамалы атты 

әскерінің  жасақшы  немесе  олжа  табу  үшін  феодалға  жақындасқан 

жасақшы, кезбе, рыцарь» деп жазылған мәліметті де оқимыз (Мате-

риалы по истории Казахских ханств XV- XVIII вв. - Алма-Ата, 1969. 

- С. 493). «Жасақшы» ұғымындағы азамат сөзіне шора деген сөздің 

синоним болғандығын В.В.Радлов та айтады: «Бұрын қазақтар чура 

(шора)  сөзін  «жасақшы,  жауынгер,  жолдас»  мағынасында  кеңінен 

қолданған  (В.В.Радлов.  Опыт  словаря  тюркских  наречий.  -  СПб, 

1888. - Т. I. - Часть V. - С. 23).

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі шора сөзінің беретін мағынасын 

«феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілі, ел билеген әкім (?), мырза, 

бек, шонжар» деп түсіндіреді де оның көнерген сөз екенін ескертеді 

(ҚТТС, 10-том, 137-б.).

Ал кейбір зерттеушілер чура/шора сөзі мағынасы жағынан түркі 

тілдеріндегі оғлан сөзіне сай келеді, оғлан-ның мағынасы – «біреудің 



248

баласы, ұрпағы, құл және жауынгер» дей келіп, орта ғасырларда Еділ 

бойы татарларында нәсілі түркі емес қызметкер адамдар чура аталды 

дейді (Татары Поволжья, 191-б.). Соған қарағанда, шора/чура сөзі о 

баста екі-үш түрлі мағынада жұмсалған тәрізді: «1) біреудің баласы, 

ұрпағы, 2) жауынгер, 3) қызметкер (құл)».

Қазақ  тілінде  бұл  сөздің  шоры  варианты  да  бар.  Жиналған 

фактілерге  қарағанда,  бұл  әйелге  қарата  айтылатын  сөз  тәрізді, 

семантикалық бояуы «әйел қызметкер, күң» дегенге келеді:

Ерегессең менімен,

Шауып алам малыңды.

Асықпасаң қайтармын

Қатыныңды да шоры ғып («Қамбар батыр»).

Жігіт,  шора  сөздері  өлең-жырларда  жауынгер,  жасақшы  тер- 

миндердің орнына жүре алатын тепе-тең синонимдер болмас, бірақ 

қатар қолданылып (Ей, қырық жігіт – азамат) мағыналық ұйытқысы 

жақын бірлік екенін танытады.

Заман  өткен  сайын  азамат/шора/жолдас/жігіт  сөздерінің 

мағыналық  өрісі  ауысып,  біреуі  (шора  сөзі)  белгілі  бір  әлеуметтік 

топтың өкілін (ұрпағын) атауға көшкен:

Ханның ұлы төредей,



Би ұлы шорадай («Ер Шобан» жырында);

Байлар ұлы шоралар

Көл жағалар жаз күні (Бұхар жырау, XVIII ғ.).

Ал азамат сөзінің мағынасы одан әрі жылжып, бұл күнде жалпы 

лексикалық мағынасы «кәмелетке толып, ержеткен адам, жігіт» және 

«белгілі бір мемлекеттің тең құқықты адамы» деген құқық саласында 

терминдік мағынадағы сөз болып танылады (ҚӘТС, 2006, 111-б.).

«Едіге» жырының Шоқан мен Қ.Сәтбаев нұсқаларынан жоғарыда 

талданған сөздердің қатарында тұрған және бір атауды көрдік. Ол – 



кедей сөзі.

Бұларда:


Жалғыз атты кедейді

Қайдан тауып аламыз? – деген жолдар бар. 

Мұндағы  кедей  –  ноғай  тіліндегі  «бозбала,  жігіт»  деген 

мағынадағы көне кедей сөзі. Қазіргі ноғай тілінде кітаби кедей сөзі 

бар екен, оның да мағынасы «бала, жігіт» деп көрсетеді 1963 жылғы 

«Ноғай-орыс  сөздігі»  («Ногайско-русский  словарь»  под  редакци-

ей  Н.А.Баскакова.  -  М.,  1963).  Бұл  да  –  жырдың  қазақ  мәтінінде 

сақталған ногаизм (ноғай сөзі) – қазақ тілі үшін нағыз лексикалық 

ескіліктің көрінісі. Демек, жігіт, азамат, дос, шора, кедей сөздері 

«аттаныста, жорықта бірге жүретін адам, белгілі бір топтың мүшесі 




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау