Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет64/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162

186

білдірген  кіші  сөзінен  жасалған  кішілік  сөздерін  қосуға  болады. 

Бұлардың көпшілігі – тұрақты тіркес құрамында емес, жеке де (еркін 

тіркесте)  қолданылатын  сөздер.  Бірақ  олардың  көне  мағыналары 

ұмыт  болған.  Бақа,  бақа  балпақ,  көзің  неге  тостақ?  деген  балалар 

өлеңіндегі тостақ дегеңнің «бақырайған» деген ұғымдағы сөз екенін 

контекске  қарап  қана  шамалаймыз.  Ал,  шындығында,  бұл  сөздің 

түбірі «көзді кең ашу» мағынасындағы көне тоста- етістігі екендігін 

тек этимологиялық ізденіс арқылы білуге болады.

Сөздің  көнелігі  оның  о  бастағы  мағынасын  ұмыттырып,  тек 

тұрақты тіркес құрамында қалдырады. Айталық, қара құрттай қай- 

наған халық немесе құж-құж қайнау дегендердігі қайнау етістігінің 

көне «ерсілі-қарсылы бейберекет сапырылысу, құжынап жату» деген 

мағынасы ұмыт болғандықтан, бұл күнде көшеде адамдар қайнады, 

құмырсқа қайнады ден еркін тіркес жасап айтпаймыз. Оның бұл көне 

мағынасы тек қара құрттай қайнау, қайнаған халық (жұрт, адам-



дар), құж-құж қайнау сияқты тіркестерде тұрғанда ғана сақталған. 

Келесі  мысалдар:  күн  сөзінің  «ел,  халық»  мағынасындағы  тұлға 

екенін тек ел-күн деген қос сөз тіркесінде тұрғанда ғана байқауға бо-

лады. Құты қашу, құтын алу дегендердегі құт көне түркі тілдерінде 

«рух,  адамның  жан  дәрмені»  (орысша:  «жизненная  сила»)  дегенді 

білдірсе,  күн  жайлату  дегендегі  жайлату  (жады>жайы  +  ла  +  т) 

сөзі көне түркілік түбірден жасалғанын көреміз. Олар өздерінің көне 

мағыналарын сөз тіркестерінде тұрғанда ғана сақтаған.

Мұндай  фактілер  қазіргі  қазақ  тілінде  едәуір  баршылық.  Гәп  – 

олардың  бар  екенін  көрсетуде  емес,  әңгіме,  біріншіден,  бірқатар 

сөздердің мағынасы ұмыт болғанмен, өздері сақталып жетуін және 

ол  үшін  белгілі  бір  жағдайдың  (амалдың)  болғандығын  байқатуда. 

Ол амалдың пәрменді (актив) бір түрі – тіркес құрамы, яғни күрделі 

сөздер  және  тұрақты  тіркестер  мен  қос  сөздердің  құрамында  тұру 

арқылы сөздің түпкі мағынасы және түптұлғасы ретінде этимондық 

рөл атқаруы.



§3. Бұл құбылыс тек көне түркілік тұлғалардың хатқа түскендеріне 

қарай ғана емес, сонымен қатар кейбір сөздердің тіркес құрамында 

келген көне мағыналарына қарай да орын алатындығын ала сөзінің 

талдауынан байқауға болады.

Қазіргі түркі тілдері сөздіктерінің барлығында дерлік бұл сөздің 

негізгі мағынасы – «біркелкі емес, әр түсті», одан ауысқан мағынасы 

«келіспеушілік, ала-құлалық», одан да әрі ауысқан мағынасы – «жа-

сырын  ой,  бүкпе»,  «әділетсіздік»  дегендер  деп  көрсетілген.  Бұл  – 

дұрыс. «Тегіс емес, біркелкі емес, анық емес» және «бейберекеттік, 



187

аласапырандық»  деген  ауыспалы  мағыналары  «ала-құлалық»  де-

ген түпкі идеяға негізделеді. Бұл идея (мағына) қазақ тіліндегі ала 

көлеңке,  алагеуім,  ала  көбеде,  алаң-елеңде  елең-алаңда,  алағаншық 

боран, алажаулы бұлт, алақанат немесе алашабыр жер, аласабыр 

шер,  ала  құйын,  апақ-сапақ  кез,  қырғыз  тіліндегі  ала  шабыраң  не-

месе ала шалбырт («көктемнің ерте кезі, аласабыр шақ»), алағанчық 



чыбырғақ, алабарман, аладүн, татар тіліндегі ала қар («ерте көктемдегі 

бір  жерде  еріп,  бір  жерде  сақталған  қар»),  ұйғыр  тіліндегі  күн  ала 



қашқа болғанда («алагеуімде»), алатайин («күмәнды, белгісіз») де-

ген сөздерде көрінеді. Қырғыз тіліндегі ала жай («ерте көктем, яғни 

қыс емес, бірақ әлі жаз да емес аласабыр шақ») сияқты тіркестердегі 

ала сөзінің семантикалық кілтін де осы жерден іздеу керек.

«Біркелкі емес, тегіс емес, анық емес» деген мағынадан «бейбе- 

рекеттік, тәртіпсіздік, дүрбелеңдік» идеясы туады. Сондықтан бұл мо-

дификацияны, яғни ала сөзінің ауыспалы мағынасын қазақ тіліндегі 



алағай-бұлағай, алас-қапас, алагүлік, аласапыран деген сөз тізбегінен 

табамыз.  Бұл  талданған  мысалдардың  барлығы  –  ала  сөзінің  түпкі 

көне түркі тілдерінде де бар мағынасына қатыстылар. Ал қазақ тілінде 

(мүмкін, кейбір өзге түркі тілдеріңде де) ала компоненті (морфемасы) 

бұл көрсетілгендерден өзге мағынада келетін сөз тіркестері мен туын-

ды сөздер бар. Мысалы, алақ, алақта-, алақ-жұлақ (қарау), көзі ала-



ру, қырғыз тіліндегі алағар немесе алағай көз, алақсы- дегендердегі 

ала түбірі көздің аласы (орысша белок глаза) дегенге апарады.

Қазақ тілінде ала элементінің бұл аталған мағыналардан өзгеше 

идеяны (семантиканы) беретін тағы бір тұсы бар екенін біздің осы 

кітаптағы ала балта, ала ту, ала сүргін, ала қырғын, аламан, аласат, 



алапат, алаула- сөздерін талдаған тұстарымыз танытады. Бұлардағы 

ала  компонентінде  «шабуылдау,  талан-таражға  салу,  ұрыс,  соғыс» 

идеясы бар және бұл іс-әрекет көпшілікке (топқа, отрядқа, әскерге т.т.) 

қатысты болып келетін реңкті қамтиды: алапай-талапай, алапат, ала 



сүргін, ала қырғын, ала шапқын дегендер не көпшілік басына түсетін, 

не көпшілік тарапынан жасалатын іс-әрекеттерді білдіреді (орысша 

айтқанда, массовый переполох, массовое бедствие, массовое исстреб- 

ление т.т.). Осы мағынаны білдіретін ала түбірінен жасалған сөздер 

өзге түркі тілдерінде де бар. Мысалы, аламан сөзі солтүстік-шығыс 

түркі тілдерінен өзге барлық түркі тілдерінде бар. «Түркі тілдерінің 

этимологиялық сөздігінде» (Москва, 1974) бұл сөздің әр түркі тілінде 

кездесетін  мағыналары  «қарақшылық  шабуыл»,  «бейберекет  шабу-

ыл», «талан-таражға салу, тонау», «шабуылға шыққан салт аттылар 

тобы (шайка)», «әскер», «халық», «тобыр» деп көрсетіледі (134-бет).




жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау