ЖАНКүйерлер БАйқАуғА қАтыСуШы-
лАрғА ШыН ЖүреКтеН қолдАу Көр-
СеттІ
Байқауға қатысушыларды жарысқа жібер-
мес бұрын ұйымдастырушылар байқау өткізу
мен баллдарды есептеу ережелерін түсіндірді.
Бұл уақытта қауіпсіздік техникасы жөніндегі
инженерлер жұмыс орындарын қарап, өндіріс
кезінде қажетті қорғаныш құралдарының бар
екендігіне және саймандардың іске жарамды
екендігіне көз жеткізгеннен кейін тапсырмалар-
ды орындауға рұқсатын берді.
Байқау атқарылған жұмыстың сапасын
бақылау жөніндегі сарапшылардың, ҚТжЕҚ
жөніндегі инженерлердің, нысан басшылары-
ның, ҚМБ директорлары мен бригадирлердің
қатаң қадағалауымен өтті. Сонымен қатар,
жарысты көз алмай тамашалағандардың бірі –
әріптестер - құрылыс алаңдарындағы сайыстың
куәсі болған сансыз жанкүйерлер. Олар байқа-
бірақ, әділ қазылар бақылады. Сайыс «Италия
орамы» ТК екінші кезегі, ЕХРО қатысушыла-
рына арналған баспананың бірінші және екінші
кезегінің құрылыс аландарында өтті.
Алматыда беделді комиссия құрамын-
да сапа жөніндегі инженер Жапарова Г., сапа
жөніндегі инженер Асылбек Ф., Еқ және ҚТ ин-
женерлері Барышев Р. пен Тәуірбеков К., маман-
дарды дярлау жөніндегі бас маман Федотова С.,
қызметкерлерді іріктеу жөніндегі маман Нара-
лиева Л. болды. Комиссия төрағасы - «БАЗИС»
ҚК Алматыдағы филиалының директоры Фаль-
ков А. Алматы байқауының Бас үйлестірушісі
директордың қызметкерлермен жұмыс жөнін-
дегі орынбасары Қыдырбаева Л. болды. Аста-
надан арнайы қонақ ретінде «БАЗИС» ҚК ви-
це-президенті Камила Төлендиева келді.
Қазылар мүшесі әрбір қатысушының жұ-
мысына баға беру кезінде қызу пікір тала-
стырды, ұсақ-түйекке дейін назар аударды,
бірақ, атқарылған жұмысты, оның сапасын,
қауіпсіздік техникасының сақталуын, арнайы
киімдердің, қолғаптардың бар жоғын, өндіріс
технологиясының сақталуын әділ бағалап оты-
рды. Әр жұмысты орындауға белгілі-бір уақыт
берілді, уақыт біткен кезде жұмыс тоқтатылып,
комиссия мүшелері атқарылған жұмыстың са-
пасы мен көлеміне баға беріп отырды.
ЖАрыС делеБеНІ қоЗдырды
«БАЗИС» компаниясының қызметкерлері
байқауды тағатсыздана күткенін, сондықтан,
алдын ала дайындалғанын айта кеткеніміз жөн.
Нәтижесінде жарыс қызу өтті, ал, байқауды қа-
дағалаушы фотографтар мен операторлар қы-
зықты сәттерді таспаға түсіремін деп нысаннан
нысанға, қабаттан қабатқа жүгіріп, әбден бол-
дырды. Құрылыс алаңдарындағы адреналин ар-
насынан асып, жұмыс қызып жатты.
БАСтыСы – қыЗМетКерлердІ дұрыС
ыНтАлАНдырА БІлу ЖӘНе олАрдың
ШыңдАлуыНА КөМеКтеСу
Байқау аяқталып, қорытынды шығарылған-
нан кейін Алматыдағы байқауды ұйымдасты-
рған директордың қызметкерлермен жұмыс
жөніндегі орынбасары Лаура Қыдырбаева мен
«БАЗИС» ҚК ЖШС Астанадағы Филиалының
қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма
бастығы Оксана Битнердің «Үздік маман» бай-
қауының басты мақсаттары жайында айтып бе-
руін өтінген едік.
лаура қыдырбаева:
– Бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс бе-
рушілердің алдында құрылыс саласындағы
білікті мамандар тапшылығы мәселесі тұр.
Қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде нарықта
сылақшы-сырлаушы, сантехник, плита төсе-
ушілер, т.т. секілді нағыз тәжірибелі, жоғары
білікті мамандардың өте аз екендігін байқап
жүрміз. Мамандарды өздеріміздің дайындауы-
мызға тура келеді. Қызметкерлерімізді ынта-
ландырып, олардың біліктілігі деңгейін көтеру,
адамдардың жұмысшы мамандықтарын алуға
деген қызығушылықтарын ояту мақсатында
құрылысшылар Күні қарсаңында Алматы мен
Астанада жыл сайын «Үздік маман» байқауын
өткіземіз.
Бұл – компания үшін өте маңызды, себебі,
бүкіл құрылыс жұмысшылардың арқасында
жүреді, біздің барлық нысандарымыз солар-
дың қолымен салынады. Солардың шеберлі-
гінің, кәсібилігі мен еңбек тәртібінің арқасында
адамдар тамаша ғимараттарға ие болуда.
Құрылыста мәселе жастардың жоғары
білікті құрылысшы болу – тек қолыңа шпатель
ұстап, қабырға сылау ғана емес, сонымен бір-
ге, жұмысты сапалы және мерзімінде атқару
екендігін түсінбеуінен де туындайды. Тәжірибе
уақыт өте келетіндіктен жақсы маман болу үшін
адам құрылыста кем дегенде үш жыл жұмыс
істеуі тиіс.
Әр адамның жұмысының нәтижесі мен
жалақысының деңгейі оның жұмысқа де-
ген қызығушылығы мен ынтасына байланы-
сты. Сондықтан, байқаудың тағы бір мақсаты
– жұмысшыларымызға көңіл бөлу, олардың
біліктілігін мойындау, өз мамандығына қы-
зығушылықпен және құрметпен қарауы үшін
өздерінің үздік екендіктерін сездіру.
Құрылыс компаниясында биік мансаптарға
қол жеткізуге болады. Мұның жарқын мысалы
компанияның бірінші басшысы – Александр Бе-
лович, оның қызметі қарапайым жұмысшыдан
басталған, ал, бүгін үлкен құрылыс холдингін
басқарады. Тағы бір мысал – Алматыдағы фи-
лиал директоры Анатолий Фальков. Ол бетон
құюшы болып бастаған, ал қазір құрылыс ком-
паниясының Филиалына жетекшілік етеді. Тағы
бір мысал – «БАЗИС» ҚК президенті Жеңіс
Нұғыманов. Ол компанияға әрлеуші болып кел-
ген болатын, қазір бүкіл құрылыс компаниясына
басшылық жасайды. Мұндай мысалдар Алма-
ты мен Астанада өте көп. Құрылысшылар өз-
дерінің мамандықтарының маңызды екендігін,
оған барлық уақытта сұраныс болатындығын,
сондықтан, өз мамандығына құрметпен қарауы
керектігін, жетіліп, өз саласы мен ұжымының
үздігі болуы қажеттігін түсінуі тиіс.
ІС ЖүЗІНде дӘлелдеНгеН: БІЗде НАғыЗ
БІлІКтІлер еңБеК етедІ
оксана Битнер:
– Кеңес заманында ірі кәсіпорындарда жұ-
мысшылар арасында түрлі жарыстар өткізіліп
тұратын. Біз осы дәстүрді жаңғыртамыз деп
шештік те жыл сайын компаниямыздың салы-
нып жатқан нысандарында «Үздік маман» бай-
қауын ұйымдастыруды қолға алдық.
Құрылысшыларымыз байқауға ерекше
ықыласпен қатысты. Бірінші орын алу үшін жан
аямай күресті, байқау біткеннен кейін кімнің
нешінші орын алғанын сұрасып жатты.
Биыл жарысты ұйымдастыруды жастары-
мызға тапсырдым. Қандай да бір мәселелер
туындаса немесе нысан директорларымен сөй-
лесу қажет болып жатса іске араласытынымды
айттым. Қыздарымыз – Юля мен Алина бұл
міндетті абыроймен атқарып шықты. Олар бай-
қаудың бүкіл құжатын әзірледі, хаттамалар тол-
тырды, байқауға қатысушылармен кездесті, ұй-
ымдастыру жұмыстарын жүргізді, бәрі де сәтті
болды. Олар үшін бұл баға жетпес тәжірибе.
Биыл ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесінің
павильондары,
қатысушыларға
арналған
ЕХРО-баспана, Қазақ ұлттық хореография ака-
демиясы секілді көптеген нысандар пайдала-
нуға берілетіндіктен құрылысшыларымыздың
жұмысы қауырт. Қысқа мерзімде үлкен жұмыс
көлемін орындаулары тиіс. Алайда, осылардың
барлығына қарамастан «Үздік маман» байқа-
уының ұйымдастырушыларын барлығы да қол-
дады, қажетті құрылыс материалдарымен, су-
мен, құрал-саймандармен қамтамасыз етті. Біз
жеңімпаздарға арналған сыйақы қорын бекіттік.
«Үздік маман» байқауын қызметкер-
лерімізді ынталандыру үшін, өзін өзі жетілдіріп,
ары қарай дамуға деген ұмтылысын ояту мақса-
тында өткіземіз. Егер ниет пен мақсат қоятын
болса, кез-келген адам жақсы мансапқа қол жет-
кізе алады. Мұны қарапайым жұмысшы болып
бастап, мансап сатысымен көтеріліп, бүгінде
жауапты қызмет атқарып жүрген филиамыздың
директоры Сергей Гутовский дәлелдеп отыр.
Анығында, бізде еңбек жолын қарапайым жұ-
мысшы болып бастап, қазір басшылық қызмет
атқарып, жаңадан келгендерді үйретіп, тәжіри-
бесімен бөлісіп жүрген мысалдар өте көп. Адам
өзі ісінің маманы болатындығын түсіну үшін
көп уақыт керек емес –3-4 ай жеткілікті.
BN-нен
Кадрлар бөлімінің мамандары байқауды
өткізу шарттары мен ережелерін жетілдіріп
және күрделендіріп жыл сайын ұйымдастыруды
көздеп отырғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ,
қатысушылардың санын көбейтіп, бағыттарын
арттыру жоспарланып отыр. Себебі, біздің ком-
паниямызда 60-тан астам мамандықтың өкіл-
дері еңбек етеді! Егер құрылысшылар байқау
тағы да басқа мамандықтар бойынша өткенін
қалайтын болса – өз өтініш-тілектерін кадр-
лар бөлімінің мамандарына айтуы тиіс, сонда
келесі байқау сол ұсыныстар ескеріле отырып
өткізілетін болады. Құрылысшыларымыздың
бойында жақсы бәсекелестік рухтың тек байқау
кезінде ғана емес, сонымен бірге, күнделікті
жұмыс күндері де болғанын қалаймыз.
Шілдеде «БАЗИС» компаниясының салынып жатқан нысандарында жыл сайынғы дәстүрлі «Үздік маман» байқа-
уы өтті. Оған Астанада 68 және Алматыда 52 қызметкер қатысты. Компанияның нысандарында сылақшы-сырла-
ушылар, ағаш ұсталары, плита төсеуші-қасбетшілер, тас қалаушылар, слесарь-сантехниктер, бетон құюшылар,
арматурашылар, электрмен дәнекерлеушілер, монтаждаушылар мен газ-электрмен дәнекерлеушілер «Үздік ма-
ман» атағы үшін бақ сынасты.
уға қатысушыларды қызу қолдап, жұмыстарын
бақылап, арасында әзіл-қалжыңы аралас ескерт-
пелері мен құнды кеңестерін айтып отырды.
Астанадағы байқауды «БАЗИС» ҚК Фи-
лиалының қызметкерлермен жұмыс жөніндегі
басқарма бастығы Битнер О., шебер Исмаилов
Э., кадрлар бөлімінің қызметкерлері ұйымда-
стырды. Жарысты қауіпсіздік техникасы мен
еңбекті қорғау департаменті және сапаны бақы-
лау бөлімінің мамандарынан құралған қатал,
22
23
ЕҢ Үздік
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016