Базалық анықтамалар



жүктеу 3,65 Mb.
Pdf просмотр
бет44/54
Дата17.02.2022
өлшемі3,65 Mb.
#37503
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Цифрлық сұлбатехника 2019 Дайырбаева Еримбетова Нугуманов

 

 

12.2 Арифметикалық-қисындық құрылғы (АҚҚ) 

 

АҚҚ  микропроцессордың  басты  бернелерінің  бірі,  атап  айтқанда 



деректерді  өңдеу  бернесін  орындайды.  12.1-сурет  бойынша  АҚҚ-ның  екі 

"Кіріс" деп белгіленген  кіріс айлақтары (порттары) және бір  "ШЫҒЫС" деп 

белгіленген шығыс айлағы бар. Кіріс айлақтың міндеті - деректер сөзін АҚҚ 

ішіне  енгізу,  ал  шығыс  айлағының  міндеті  -  бұндай  сөзді  шығару.  Әдетте, 

осындай  қисындық  тәсімдердің  бір  немесе  бірнеше  кіріс  айлақтары  және 

жалғыз  шығыс  айлағы  болады.  Кіріс  айлақтарының  екеуі  де  буферлермен 

жабдықталған.  Бұл  жерде  буфер  ролін  деректерді  уақытша  сақтау 

регистрлері  (буферлік  регистрлер)  атқарады.  Әрбір  айлақ  АҚҚ  үшін 

деректердің бір сөзін сақтай алатын өзінің буферлік регистрімен жалғанған.  

Екі  кіріс  айлағы  деректерді  АҚҚ-ға  не  МП  деректерінің  ішкі  өрелік 

жолынан,  не  аккумулятор  деп  аталатын  арнайы  регистрдің  ішінен 

қабылдауға мүмкіндік береді. АҚҚ-ның жалғыз шығыс айлағы, оған АҚҚ-ға 

деректер сөзін аккумулятор ішіне алып жіберу мүмкіндігін береді. 

Аккумулятор,  оған  АҚҚ-ның  шығыс  айлағынан  немесе  жады  ішінен 

шығарып  алынған  деректер  сөзін  сақтау  үшін  арналған.  Мысалы,  АҚҚ  екі 

деректер  сөзін  қосқанда,  олардың  біреуі  аккумулятор  ішінде  болады.  Қосу 




77 

 

амалын  орындап  болғасын  нәтиже  (ол  да  деректер  сөзі)  аккумулятор  ішіне 



сақталуға жіберіледі. 

АҚҚ  орындалатын  амалдың  түріне  тәуелді  бір  немесе  екі  сөздермен 

амалдар  орындайды;  сәйкесті  түрде  ол  АҚҚ  кіріс  айлақтарымен  де 

пайдаланада. Мысалы, қосу үшін екі деректер сөзі керек болатындықтан, бұл 

амалды  АҚҚ  кіріс  айлақтарының  екеуін  де  пайдаланып  орындайды.  Ал 

деректер  сөзін  терістегенде  (инверттегенде)  АҚҚ  бір  кіріс  айлағымен 

шектеледі.  Бұл  амал  деректер  сөзіндегі  барлық  екілік  нөлдерді  ("0")  екілік 

бірлерге ("1"), ал барлық екілік бірлерді екілік нөльдерге ауыстыруға саяды. 

Амал  бір  сөздің  үстінен  орындалғандықтан,  аккумуляторға  бір  кіріс 

айлақтың жалғануы жеткілікті. 

АҚҚ-ны деректер сезінің мәнін (мағанасын) тексеру немесе оны өзгерту 

керек жағдайларда пайдалану қажет. АҚҚ бернелерінің тізімі МП-нің түріне 

тәуелді  де,  әр  түрлі  машиналар  үшін  өзгеше  болады.  Кейбір  АҚҚ-лар  түрлі 

көп амалдарды орындай алатындай қабілеттерге иеленеді, ал кейбіреулерінің 

амалдар  жиынтығы  аз-ақ  санмен  шектелген.  АҚҚ  бернелері  МП-нің 

архитектурасын  тұтас  алғанда  анықтайды.  Көпшілік  МП-лердің  АҚҚ-

ларының  әдеттегі  орындайтын  амалдары  келесілер:  қосу,  азайту,  ЖӘНЕ, 

НЕМЕСЕ, НЕМЕСЕНІ ЖОЯТЫН, терістеу (инверсия), оңға жылжыту, солға 

жылжыту, он таңбалы өсімше, теріс таңбалы өсімше, 


жүктеу 3,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау