Базалық анықтамалар



жүктеу 3,65 Mb.
Pdf просмотр
бет42/54
Дата17.02.2022
өлшемі3,65 Mb.
#37503
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Цифрлық сұлбатехника 2019 Дайырбаева Еримбетова Нугуманов

11.1. Микропроцессордың қуаты 

 

Микропроцессорлардаң  барлығы  дерлік  кремний  кристалдарының 

бетінде  жасалады.  Бұл  текше-кристалл  жағының  үзындығы  0,64  см-ге  тең. 

МП-нің электр тәсімдері қондырылған  бұндай кремний кристалы 16-дан 65-

ке  дейін  шықпалары  бар  интегралдық  тәсімнің  (ИТ)  тұрқасының  ішіне 

орналастырылады. Міне сондықтан кристалл көрінбейді. Оны көрудің қажеті 

де жоқ, себебі оның сыртқы түрі ішіндегі МП-тәсімнің "қуаты" туралы бізге 

айтары шамалы. 

Миропроцессордың  "қуаты"  деп,  оның  деректерді  өңдеу  қабілетін 

түсінеді. Оны негізгі үш сипаттамалармен бағалауға келісілген: 

1.

 

деректер сөзінің ұзындығымен; 



2.

 

жадыға адрестелінетін сөздердің санымен; 



3.

 

бұйрықтардың орындалу жылдамдығымен. 



Көбіне  МП-лерді  деректер  сөзінің  ұзындығы  бойынша  салыстырады. 

Әрбір  МП  ұзындығы  бекітілген  сөздермен  бейнеленетін  деректермен 

амалдар  жүргізеді,  себебі  бұл  жағдайда  процессордің  құрылуы  елеулі 

жеңілденеді.  Үстіміздегі  уақытта  әдеттегі  сөз  үзындыгы  8,  16  және  32  БИТ 

(қаттардан  разрядтардан)  болады.  Жақын  арада  64-БИТ-тік  сөздермен 

амалдар  жүргізетін  МП-лер  де  қол  жетерлік  болуы  тиісті.  8-БИТ-тік  сөз 

соншама  кең  қолданылада,  тіпті  арнайы  БАЙТ  деген  аталымға  иеленді. 

БАЙТ-тың  кең  қолданылуымен  байланысты  І6-разрядтық  МП-лер 

деректердін  16-БИТ-тік  сөздерін  өңдегенде  де  пайдаланылатын  бұйрықтар 

БАЙТ жұптары ретінде бейнеленіледі, 2.1 - суретте екі 8-БИТ-тік сөздерден: 

АҒА БАЙТ (БИТ-тері 8-шіден І5-шіге дейін) пен КІШІ БАЙТ-тан (БИТ-тері 

0-шіден  7-шіге  дейін)  құрастырылған  деректердің  16-БИТ-тік  сөзі 

көрсетілген. 

 

15  14  13  12  11  10  9 









  

 

         АҒА БАЙТ   



 

 

  КІШІ БАЙТ 



 

11.1-Сурет 

 

БАЙТ  жиі  ықшам  ЭЕМ-нің  ішіндегі  кейбір  көлемді  (кеңістікті)  бағалау 



үшін  пайдаланылады.  Мысалы,  кейде  МП-нің  бағдарламасы  400  БАЙТ-тың 

көлемде орын табады дейді. Жалпы жағдайда БАЙТ МП-нің  көлемін өлшеу 

үшін  кейбір  "ортақ  бөлім"  ретінде  пайдаланылады.  БАЙТ  деректер  сөзімен 

салыстырғанда  ұнамды,  себебі  деректер  сөзінің  мөлшері  процессор  түріне 

тәуелді  өзгеріп  тұрады,  ал  БАЙТ  болса  әрдайым  8  БИТ-ке  тең.  БАЙТ  саны 

өзгермеген 

жағдайда 

8-разрядтың 

процессордың 

4-разрядтыңпен 

салыстырғанда  сөз  саны  екі  есе  кем,  ал  16-разрядтықпен  салыстырғанда  екі 

есе  артық  болады.  Мысалы,  8-разрядтық  МП-нің  4000  БАЙТ-ы  оның  4000 




71 

 

сөздеріне тең; БАЙТ-тардың дәл осы мөлшері 4-разрядты МП-де оның 8000 



сөздеріне тең, ал 16-разрядтық МП үшін - 2000 сөздерге тең болады. 

Бірінші  болып,  осы  уақытқа  дейін  қолданылуын  тауып  жүрген  4-

разрядтық  МП-лер  жетілдірілген  еді.  Төрт  БИТ  -  бұл  екілік-нышандалған 

ондық  санның,  яғни  ВСD    (Віnаrу  –  Соdе  Dесimаl)  нышандағы  санның 

ұзындығы.  Калькуляторлардағы  есептегіштердегі,  өндірістік  басқару 

жүйелерінде  және  басқа  кейбір  құрылғыларда  МП-ге  BCD    нышандағы 

сандармен  ғана  істес  болуға  тура  келеді.  Бұндай  жағдайларда  4-разрядтық 

МП-ні  пайдалану  -  дәріпті  шешім.  4-разрядты  МП-лердің  өндірілуі  мен 

қолданылуның тағы да бір себебі - олардың құнының төтенше төмен болуы. 

8-разрядты  МП-лер  де  кеңінен  таралған  және  қымбат  емес.  Олардың  4-

разрядты МП-лердің ізінше пайда болуы себебі, біріншіден, ұзындығы 8 БИТ 

сөз  дегенгіміз  -  ол  4  БИТ-ті  екі  сөз,  екіншіден,  8  БИТ-ті  сөздің  ішінде  ВСD 

нышанындағы  екі  санды  "буып-түюге"  мүмкіндік  бар,  үшіншіден  8  БИТ 

ақпаратты  өңдеуде  кеңінен  пайдаланылатын  АSСІІ  (Аmеrісаn  Standard  Code 

for  Information  Interchange)-нышандағы  таңбаны  (әріп,  рақам,  белгі) 

бейнелеуге мүмкіндік береді. 

Бірінші  16-разрядтың  МП-лердің  көбі  ҮИТ  түрінде  стандартты  16-

разрядтық ықшам ЭЕМ болып шығарылған. Кейіннен архитектурасы қандай 

болса да бір ықшам ЭЕМ архитектурасының көшірмесі болмайтын, тек өзіне 

тән архитектурасы болатын 16-разрядтық МП-лер пайда бола бастады. 

МП  сөзінің  ұзындығын  екі  есе  өсірген  сайын  оның  қуаты  да  өседі. 

Сөздердің  үзындығын  өсіру  ҮИТ  технологиясмнын  жоғары  сатыға 

көтерілуіне  себепші  болды.  Бұның  нәтижесінде  І6-разрядтық  МП-нің  басқа 

да сипаттамалары жақсарды. 

Микропроцессор  қуатының  басқа  бір  "өлшемі"  –  ол,  МП  адрестеліне 

алатын жады ішіндегі сөздердің немесе БАЙТ-тардың саны. Бұл жағдайда да 

деректер  сөзінің ұзындағы  маңызды  роль  атқарады.  Жады  ішіндегі  деректер 

сөзінің ұзындығы - бұл, шын мәнісінде, МП сүйеніп амал жүргізетін деректер 

сөзінің ұзындығы, яғни дәл параметр. Сонымен, 4-разрядты МП жады ішінде 

сақталатын деректердің 4-БИТ-тік сөздеріне сүйеніп амалдар орындайды. 

Жады ішіндегі әрбір сөзге, оның орналасқан жеріне, адрес деп аталатын 

нөмір  тағайындалады.  Жады  ішінен  сөзді  шығарып  алу  үшін  ЭЕМ  сәйкесті 

адрес  бойынша  сұрануы  тиісті.  Жады  адрестері  нольден  басталып,  екілік 

тұрпатта  бейнеленеді.  Әр  түрлі  ЭЕМ-дердің  жады  адрестерінің  төбелік 

мәндері  әр  түрлі.  Неғұрлым  жады  адресінің  төбелік  мәні  үлкен  болса, 

солғүрлым  МП-нің  есептеу  куаты  үлкен  болады.  2.1-кесте  бір  4  БИТ-тік 

сөздін  жадыға  адрестелу  қабілетін  көрсетеді:  4  БИТ  жадының  16  әр  түрлі 

сөздеріне  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Сонымен,  4  БИТ-тік  сөздін 

адрестелу диапозоны 16 сөзге тең. 8 БИТ-тік сөздін адрестелу диапозоны 256 

жады сөздеріне тең, ал 16 БИТ-тік сөздің - 65 536 сөздерге тең. 

 

 

 




72 

 

11.1-К е с т е  4 БИТ-ті сөзбен адрестелетін 16 сөздерден тұратын жады 



 

Екілік адрес 

Жады ішіндегі бары 

1111 


Деректердің 15-ші сөзі 

1110 


Деректердің 14-ші сөзі 

1101 


Деректердің 13-ші сөзі 

1100 


Деректердің 12-ші сөзі 

1011 


Деректердің 11-ші сөзі 

1010 


Деректердің 10-ші сөзі 

1001 


Деректердің 9-ші сөзі 

1000 


Деректердің 8-ші сөзі 

0111 


Деректердің 7-ші сөзі 

0110 


Деректердің 6-ші сөзі 

0101 


Деректердің 5-ші сөзі 

0100 


Деректердің 4-ші сөзі 

0011 


Деректердің 3-ші сөзі 

0010 


Деректердің 2-ші сөзі 

0001 


Деректердің 1-ші сөзі 

0000 


Деректердің 0-ші сөзі 

 

Әрине,  жады  ішіндегі  деректерге  адрестелу  мүмкіндігі  көпшілік 



процессорлар үшін жалғыз ғана сөзбен шектелмейді, сондықтан адрестелудің 

диапазоны  да  деректер  сөзінің  ұзындығымен  шектелмейді.  Жады 

адрестерінің үзындығы 22 БИТ және одан да ұзын болуы мүмкін. 

11.2-кестеде  кейбір  кеңінен  таралған,  4,  8  және  16  БИТ  ұзындықты 

сөздермен  амалдар  орындайтын  МП-лер  үшін  әдрестеліну  диапазоны 

көрсетілген. 

 

11.2-к  е  с  т  е.    Кейбір  әдеттегі  МП-лардың  сөз  өлшемдері  мен  жадының 



адрестік кеңістігінің адрестеліну диапазонының өлшемдері 

 

Деректер 



сөзінің 

ұзындығы 

4 БИТ 

8 БИТ 


16 БИТ 

Адрестеліну 

диапазоны 

4096 (4 К) 

 

 

8192 (8 К) 



 

 

 



65536 (64 К) 

 



73 

 

 



 

32768 (32 К) 

 

 

65536 (64 К) 



 

 

1048576 (1М) 



 

 

2097152 (2 М) 



 

 

4194304 (4М) 



 

4  разрядтық МП-лер  үшін  жады  сөздері 4096  мен  8192  тең  адрестеліну 

диапазоны  дағдылы  болады.  8  разрядтық  МП  үшін  бұл  диапазон  көбіне  65 

536  сөздерден  болады.  Ал  16  разрядтық  МП-лерге  салғанда,  диапазон 

мәндері 32768-ден 4194304 сөздерге дейін созылады. 

МП-лермен жұмыс істегенде жиі осындай үлкен сандарға сілтеу жасауға 

тура келеді. Бұл сандар дөңгелектелгендіктен ғана есте сақтауға жеңілдейді, 

үйтпесе оларды дұрыс айтудың өзі қиынға соғады. Сондықтан бұл сандардың 

қысқартылған  белгіленулері  ұсынылған.  2.2-кестеде  бұл  қысқартулар 

дөңгелек  жақшалар  ішінде  керсетілген.  Сонымен,  4096  сөздерге  тең 

адрестелу  диапазоны  дегеніміз  4К  диапазон  болып  шығады.  "К"  деген  әріп, 

грек  тілінде  "мыңды"  белгілеп  көрсететін  "кило"  қосымшасының  бас  әріпі, 

яғни бұл жағдайда мыңға (1000-ға) тең шаманың шартты белгісі, "4К" өрнегі 

4096 саның ең жақын мындыққа дөңгелектелгендігін білдіреді. Осыған ұқсас 

жады  көлемінін  басқа  да  қысқаша  жазылу  тұрпаттары  қалыптандырылады. 

Бұл  өлшемдердің  шамасы  өте  үлкен  болғанда,  "мега",  яғни  миллион  деген 

сөздің "М" қосымшасымен пайдаланады. 

Ықшам ЭЕМ-нің жады көлемі туралы айтқанда, бұл параметрдің БАЙТ-

тармен  немесе  сөздермен  өрнектелуі  МҮМІН  екенін  ескерген  жөн.  Бұл 

оқулықта біз негізінен БАЙТ-тармен пайдаланамыз. Сондықтан, 1 БАЙТ = 8 

БИТ  болғандықтан,  8  разрядтық  ықшам  ЭЕМ-нің  65  536  сөздік  жадысыннң 

көлемі 32 768 сөздік 16 разрядтық ықшам ЭЕМ-нің жады көлеміндей болады. 

Бұл  екі  жағдайда  да  жады  көлемі  65  536  БАЙТ-қа  тең.  Егер  бұл  салыстыру 

түсініксіз болса, сөздермен өрнектелген жады шамасын БИТ-термен берілген 

соң  ұзындығына  көбейтіп,  жады  көлемдерін  БИТ-термен  салыстыруға 

болады: 


65 536 сөз x 8 БИТ/сөз = 524 288 БИТ  

32 758 сөз x 16 БИТ/сөз = 524 288 БИТ 

Миропроцессордың  қуатын  өлшеу  үшін  пайдаланылатын  МП-нің 

үшінші сипаттамасы  -  бұл  оның  бұйрықтарды  орындау  жылдамдығы  болып 

табалады.  Ол  бағдарламаның  бір  қадам  үшін  алынған  "іріктеме  -  орындау" 

дүркінінің  уақыт  бойынша  ұзақтығымен  бағаланады.  Кейбір  МП-лердің 

жылдамдығы басқа бір МП-лердің жылдамдығынан 20-100 есе басым болада. 

"Баяу"  МП-лер  жиілігі  бірнеше  жүз  мегагерц  ырғақ  импульстерінің 

генераторымен  пайдаланады.  Бір  бұйрықты  орындау  үшін  оларға  10-нан  20 

наноосекундке  дейінгі  уақыт  керек  болады.  МП  жұмысының  жылдамдағы 




74 

 

ырғақ  импульстерінің  генераторының  төбелік  жиілігімен  байланысты 



болғандықтан,  МП-лерді  кейде  осы  жиіліктің  мәні  бойынша  салыстырады. 

Бірақ  бірдей  амалдарды  әр  түрлі  процессорлар  да  орындалу  ұзақтылығы 

салыстыру мағыналырақ. Осындай салыстыруларды оңаялату үшін тексеруді 

өткізу  (айдап  шығару)  бағдарламасы  деп  аталатын  арнайы  қысқа 

бағдарламалар  даярланады.  Әр  түрлі  МП-лердің  тезәрекеттілігін  бағалауды 

осындай бағдарламаның орындалу уақытын салыстырып жүргізеді. 

 


жүктеу 3,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау