Физикалық агрессия: «иә» - 1, «жоқ» - 0:1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68; «жоқ» - 1, «иә» - 0: 9,17
Жанама агрессия: «иә» - 1, «жоқ» - 0:2, 10, 18, 30, 34, 42, 56, 63; «жоқ» - 1,
«иә» - 0: 26, 49
Тітіркенушілік: «иә» - 1, «жоқ» - 0:3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72; «жоқ» - 1,
«иә» - 0: 11, 35, 69
Негативизм: «иә» - 1, «жоқ» - 0:4, 12, 20, 28; «жоқ» - 1, «иә» - 0: 36
Өкпелеу: «иә» - 1, «жоқ» - 0:5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58
Күдіктенушілік: «иә» - 1, «жоқ» - 0:6, 14, 22, 30, 38, 45, 52, 59; «жоқ» - 1,
«иә» - 0:33, 66, 74, 75
Вербальді агрессия: «иә» - 1, «жоқ» - 0:7, 15, 23, 31, 46, 53, 60, 71, 73; «жоқ» - 1, «иә» - 0:33, 66, 74, 75
Кінәні сезіну: «иә» - 1, «жоқ» - 0:8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.
А.Басс және А.Дарки өздерінің сауалнамаларын құру барысында келесі реакция түрлерін көрсетіп кетті.
1. Физикалық агрессия – басқа адамға бағытталған физикалық күш
2. Жанама агрессия – басқа адамға тікелей бағытталмаған, ешкімше бағытталмаған күрт туған агрессия
3. Тітіркенушілік – кішкентай тітіркену өзінде кері сезімдерді көрсетуге даярлық (ашуланшақтық, дөрекілік).
4. Негативизм – мінез-құлықтағы оппазициялық күй пассивті қарсылықтан қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерге қарсы күреске дейін жеткізетін күй.
5. Өкпелеу - қоршаған адамдарға деген нақтылы және ойдан шығарылған іс-әрекеттерге қызғанушылық пен жеккөрушілік.
6. Күдіктенушілік – адамдарға қатысты сенбеушілік және сақтықтан басқа адамдар зиян келтіруді жоспарлайды дегенге сенушілік.
7. Вербальды агрессия – негативті сезімдерді форма (айқай) арқылы және сонымен бірге сөздік жауаптар мазмұны арқылы (қарғау) көрсету.
8. Кінәні сезіну – субъектінің өзінің жаман адам екендігіне сенімділігі, сонымен қатар ар-ұятының жоқтығын сезінуі.
Өзіндік бағалау әдістемесі
Мақсаты: 6-7 сынып оқушыларының өзіндік бағалауын анықтау.
Нұсқауы: Сұрақтарға «иә» (+) «жоқ» (-) деп жауап береді.
Сұрақтары:
Сіз алдыңызда тұрған қиындықтарға қарамастан қабылданған шешімді жүзеге асырасыз ба?
Бағынғаннан гөрі жетекшілік еткен және бұйрық берген жақсы деп ойлайсыз ба?
Көптеген адамдарға қарағанда сіз қабілетті әрі зерексіз бе?
Сіз қандайда бір жұмыс, тапсырманы өзіңіз ойлағандай етіп орындайсыз ба?
Сіз әрқашан бірінші болуға ұмтыласыз ба?
Егер сіз ғылыммен шын айналысқанда профессор болатын ба едіңіз?
Сіздің құрдастарыңызға қарағанда сіз көп нәрсеге жетем деп ойлайсыз ба?
Сізге жоқ деп айту қиын ба, егер сіздің тілегіңіз орындалмайтын болса да?
Басқалардан қарағанда сіз көп нәрсені жасап үлгересіз ба?
Егер сізге қайтадан өмір сүру керек болса, көп нәрсеге жетер ме едіңіз?
Нәтижені өңдеу
«+» санын санаңыз
6-7 жағымды жауаптар (+) жоғары өзіндік бағалау
3-7 (+) адекватты (орташа)
2-1 (-) – төмен
2.2 Зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау
Зерттеу барысына Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №4 қазақ орта мектебінің 6 және 7 сынып оқушылары алынды.
Жалпыға бірдей мектеп оқушылары мен мiнез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы деңгейiн анықтауға байланысты келесi реттегi эксперименталдық әдiстемелер қолданылды:
Басс-Даркийдің агрессиялық күйді анықтауға арналған сауалнамасы, өзiн-өзi бағалаудың ерекшелiктерiн зерттеуге арналған өзіндік бағалау әдістемелері қолданылды.
Эксперимент барысындағы Басс-Даркийдің агрессиялық күйін анықтауға арналған сауалнамасының негізгі мәні: оқушылардың агрессия күйін диагностикалау. Сыналушыға: 75 сұрақтан тұратын сауалнама беріледі. Сол сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әдістемені орындауға 30-50 минут уақыт беріледі. Сауаланама 8 шкала бойынша бөлінген. Олар: физикалық, жанама, тітіркенушілік, негативизм, өкпелеу, күдіктенушілік, вербалды агрессия, кінәні сезіну.
Осы сауалнама бойынша зерттеуге 6 және 7 сыныптарының 30 оқушысы алынды. Олардың 15-ін қалыпты балалар, яғни бақылау тобы және 15-ін мінез-құлқы ауытқушы балалар, яғни эксперимент тобы деп екі топқа бөліп алдық. Бақылау тобы балаларының зерттеу нәтижесі бойынша физикалық агрессия – 13%, жанама агрессия - 0%, тітіркенушілік - 20%, негативизм – 13%, өкпелеу - 20%, күдіктенушілік - 7 %, вербалды агрессия - 7%, кінәні сезіну - 20 % болды.
Ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларда, яғни эксперимент тобының балаларында физикалық агрессия - 40%, жанама агрессия - 0%, тітіркенушілік - 7%, негативизм - 13%, өкпелеу - 7%, күдіктенушілік - 7%, вербалды агрессия- 26%, кінәні сезіну - 0% көрсеткішін көрсетт
Басс-Даркийдің агрессиялық күйін анықтауға арналған сауалнамасының нәтижес
Ал өзіндік бағалау әдістемесінің нәтижесі бойынша бақылау тобының балаларының өзіндік бағалау деңгейі 20%-ы төмен, 47%-ы орташа, 33%-ы жоғары деңгейді көрсетті. Эксперимент тобының балаларының өзіндік бағалау деңгейі 60%-ы төмен, 33%-ы орташа, 7%-ында ғана жоғары болды.
Өзіндік бағалау әдістемесінен алынған нәтиже Зерттеу нәтижелерінің қорытындысына келетін болсақ, біз 6-шы және 7-ші сынып оқушыларын эксперимент және бақылау деп екі топқа бөлген болатынбыз. Басс-Даркийдің агрессиялық күйді анықтау сауалнамасы бойынша бақылау тобындағы балаларға қарағанда эксперимент тобындағы оқушылардың агрессиялық күйлері басым болды. Ал өзіндік бағалау әдістемесінің қорытындысы бойынша эксперимент тобындағы балалардың өзіндік бағалаулары төмен көрсеткіш көрсетті.
Зерттеуден кейін алынған нәтижелерге қарай отырып сыныптағы өзіндік бағалауы төмен оқушылардың ортамен қарым-қатынасын және олардың өзіндік бағалауын жоғарылату мақсатында олардың оқушылармен достық қарым-қатынас орнату, өзіне сенімділігін дамыту, сонымен қатар агрессиялық күйін төмендетуге арналған тренинг бағдарламасын жасақтап, екі апталық тұлғалық даму курсын ұйымдастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: |