УДК
Дакенов М.,
т.ғ.к., профессор
Алматы энергетика және байланыс университеті
Батыс елдеріндегі әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
тәжірибесінің маңыздылығы
Түйін
Мақалада қазіргі өркениетті батыс елдеріндегі әлеуметтік
жұмыстың түрлі формалары, олардың қоғамда алатын орны, атқаратын
қызметтері және оның тиімділігін арттыру жолындағы мемлекеттің
жүзеге асырған іс-шаралары, қабылданған заңдары, соның негізінде бұл
елдердің бай тәжірибесі қорытындыланып, оның басқа елдер үшін
маңыздылығы көрсетілген.
Кілтті сөздер: әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік жұмыс тәжірибесі,
әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік қызмет теориялары.
Батыс елдеріндегі әлеуметтік жұмыс, оның түрлі формалары,
әртүрлі ұсыныстары, тиімділіктері ерекшелікті құбылыс. Ол елдерде
халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің айрықшалылығы оның
бөлшектенуінде. Бұл әртүрлі әлеуметтік бағдарламалардың түрлі
деңгейлерінің жүзеге асуынан байқалады: федералды, штаттық,
жергілікті. Зерттеушілердің айтысына қарағанда бұл жүйенің
артықшылығы, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін елдің әрбір
аймағында толық және оперативті жүзеге асыруына мүмкіндік береді
екен.
Әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек көрсету
мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің 2 негізгі формасы
болып табылады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық әртүрлі
қаржылану
көздерінде.
Сақтандыру
қорлары
жұмысшылар
салықтарының есебінен (жалақыдан пайыздық үлеспен), кәсіпкерлерден
(жалақы төленетін қордан пайыздық үлеспен), және еркін мамандардан,
дәрігерлер, діни қызметкерлер және т.б. (табыстың 14% -нан жоғары)
мемлекеттік, штаттық және жергілікті билік органдарының қаржы бөлу
қорларының есебінен іске асырылды.
1935 жылы АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру Заңы бойынша
сақтандырудың екі түрі қабылданды – қартаюы бойынша зейнетақы
және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы кейбір кедей категорияларға
(ең бірінші кезекте мүгедектер және жетімдер) көмек көрсету шаралар
кейін біртіндеп – асыраушысынан айырылуы бойынша зейнетақы,
жұмыссыздық бойынша, жәрдемақылар (өндірістік жарақаттармен
байланыссыз),
65
жастан
жоғары
адамдарға
медициналық
сақтандырулар қабылданды. Көрсетілген заңның күші жеке меншік
секторларының қызметшілеріне де қатысты. Темір жолшылар,
федералды азаматтық қызметкерлер үшін әлеуметтік сақтандырудың
ерекше жүйесі қалыптасқан. Сонымен қоса, ауылшаруашылық
жұмысшылары, шағын кәсіпкерлер және тағы басқа еңбек етуші
категориялар мемлекеттік сақтандырумен қамтылмаған.
Штат деңгейінде жалпы федералдық бағдарламадан басқа
өндірістік жарақат немесе кәсіби ауру жағдайларына байланысты
сақтандыру түрлері бар. Компенсация (өндірістік жарақат бойынша,
қайтыс болу және т.б.) жалақының 2/3 бөлігін құрайды және ол
(компенсация) жеке сақтандыру компенсацияларымен төленеді. [1].
Кедейлерге көмек көрсетуге келетін болсақ, ол елде ХХ ғ. 60-шы
жылдарында
таралды
және
де
ол
кепілденген
табыспен
қамсыздандыруға азық-түліктік, тұрмыстық және медициналық көмекке
мұқтаж балалы отбасыларға және толық емес отбасыларға (отбасы
басшысы әйел немесе жұмыссыз адам) қолдау көрсетуге бағытталған.
АҚШ- тағы мемлекетпен кепілденген табыс «кедейшілік шегіне»
сәйкес. Ол жүйелі түрде инфляция деңгейі есебінен реттеліп отырады
және де штаттардың бюджет қорларының есебінен ұлғая алады.
Азық-түлік көмегінің басты жолы мұқтаж адамдарға азық-түлік
талондарын берумен жүзеге асырылады. Оларды «Кедейшілік шегі»
табысының 125% -нан аспайтын табыс көзі бар адамдар мен отбасылар
алады. Талондар оларға тегін немесе төмен бағамен беріледі. Азық-тұлік
көмегінің басқада түрлері – мектеп шығындары, 1 жасқа дейінгі баласы
бар аналарға көмек және т.б. [2]
Елдегі мемлекеттік сақтандыру жүйесі жеке сақтандыру
жүйелерімен толықтырылады, оның екі түрі бар – жұмыс орны
бойынша ұжымдық және индивидуалдық.
Елдің көптеген қызметкерлері үшін маңызды мәні бар. Жеке
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесімен 40 миллионға жуық
жұмысшылар
мен
қызметкерлер,
кәсіподақтар,
ұйымдаспаған
жұмыскерлер мен қызметкерлер жарналарынан жиналады. Жеке
зейнетақының мемлекеттіктен айырмашылығы, ол жұмысшыларға бір
фирмада үздіксіз 10 жылдық стажы бар жұмыскерлерге төленеді, ал
мемлекеттік зейнетақы – жұмыс орнына байланысты емес.
АҚШ-та сонымен қатар қосымша төлемдер (демалысқа төлеу,
жұмыссыздық бойынша қосымша жәрдем ақылар, білімін жалғастыру
үшін және заң қызметтері үшін субсидиялар) кеңінен таралған.
АҚШ, Германия және басқа елдермен ортақ сонымен қатар жеке
әр түрлі халық категорияларымен әлеуметтік жұмыстың тәсілдері және
түрлерін атап кетуге болады.
Қамсыздандырудың белгілі бір үлесін елдің жергілікті органдары
алады. Шефтік көмек берілуі, еріктілер үшін жұмыс және т.б. Басқа
елдердегі сияқты АҚШ-та да үйде қарттарға көмек көрсету түрі
тәжірибелену үстінде. Соңғы жылдары интернат үйлерінде, күндізгі
ауруханалар, кезеңдік емдеу курстары сияқты жаңа қызмет көрсету
түрлері жиі тәжірибеленуде.
Американдық зерттеушілер көрсеткендей, тағы бір мәселе – қарт
американдықтар (халықтың 12%) денсаулығына барлық ұлттық
шығынның үштен бірі кететіндігі. Ал 30 миллионнан астам жасырақ
азаматтардың денсаулық қамсыздандырулары жоқ. Сондықтан аға буын
өкілдері не кететін шығынды (ол шын мәнінде қажет) тағы да көбейтуге
талпыныс ұрпақтар арасындағы тартысты тереңдетуі мүмкін, ал бұған
жол беруге болмайды.[3].
Егер толық емес отбасымен әлеуметтік жұмысты алсақ, онда
мемлекеттегі «әріптессіз ата-аналар» ұйымына біріккен қолдау топтары
мен өзара көмек топтарының кеңінен дамуы адамдарды біріктіреді,
олардың көбі- (65%) қоғамның орта қабатындағы ажырасқан әйелдер.
Әлеуметтік-аймақтық қоғамдастық деңгейіндегі қолдау топтары 12-15
адамнан тұрады. Көрсетілген топтар жұмыстарының басты бағыты –
педагогикалық тәжірибе алмасу, демалыс күндері мен демалыстарды
өткізуге көмек көрсету, түрлі мәселелерді шешуде заңгерлік көмекті
ұйымдастыру және т.б.
Америка қоғамының маңызды мәселелерінің бірі мемлекеттік
нәсілдік пен аз ұлттықты (этникалық азшылық) әлеуметтік қорғау
болып қала бермек. Бұған әлеуметтік өмірдің төмендегі сатысында
тұрғандар жатады, олар, негізінен алғанда, қара нәсілді американдықтар,
латиноамерикандық және азиаттық американдықтар. Халықаралық
конференцияда (ГАСБУ, ақпан 1993 ж.) көрсетілгендей тәуелсіздікті
жариялаған уақыттан бері экономикалық өмірдің «бағаналы жолынан»
жүйелі кемсіту (дискриминация) мен бөлектеу, әсіресе, негрлерді
бөлектеу мен кемсіту бар. Көпшілік қара нәсілділердің өмір сүру
жағдайы ерлер, сонымен қатар сәбилер мен балалар арасында өлімнің
көбеюіне алып келеді. ХХ –шы жүзжылдықтың 90-шы жылдарына
қарай, осы топ тұрғындарындағы жалғыз басты аналар отбасының үлесі
анағұрлым өсті – 1960ж. 22% -дан 1990 ж. 44%-ға дейін. Әрине, ақ
нәсілділер арасында жалғыз басты аналар саны да өсті, бірақ олар
негізінен ажырасу салдарының нәтижесі болды. Ал қара нәсілді
аналардың балаларын жалғыз тәрбиелеуінің себебі, көбіне, олардың
некесіз тууларымен байланысты.
Нәсілдік, ұлттық және діни азшылықтарда кеңінен таралған
кедейлік және жұмыссыздық өте жағымсыз жағымен отбасы
құрылымына осы топтардағы балалар жағдайына әсер етуде. Отбасының
бұзылуы, жұмыссыздық әсерінен алған стресс, маскүнемдік, психикалық
ауру, өзін-өзі өлтіру, қашқындық, жасөспірімдер жүктілігі, жезөкшелік
және т.б. сияқты теріс көріністерге түрткі болды.
Ұлттық азшылықпен жүргізілетін тәжірибелік жұмыс «қос тәсіл»
тұжырымына негізделген. Оның мәнін, бір жағынан, ірі қоғам
құрылымына сәйкес құндылықтар, көзқарастар мен мінез-құлық
ерекшеліктері ашады, ал екінші жағынан, оларды клиенттің жақын
отбасылық және қоғамдық ортасына қатысты аналогиялық мінезімен
салыстыру айшықтайды.
АҚШ-тағы ұлттық топтармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс,
біріншіден, жалпы әлеуметтік жұмысқа тән құндылықтардан, екіншіден,
ұлттық шындылықты түсінуден, үшіншіден, кәсіби тұрғыдан
жақындаудан, төртіншіден, тәжірибеден құралады. Басқаша айтқанда,
бұл тұжырымдар ұлттық шынайылықтарға деген әлеуметтік жұмыстың
негізі мен әдістерін үйренудің қажеттілігін білдіреді.[4].
Америка Құрама Штатында мемелекеттік қолдау кедей топтарына
арналған бағдарлама деңгейінде іске асырылады, сондықтан бұл елде
мемлекеттік емес құрылымдарда қайырымдылық бастапқы деңгейде
көптеп дамыған.
Көптеген қазіргі зерттеушілер үшін әлеуметтік жұмыстың мәнісін
айқындауда АҚШ әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық ассоциациясы
берген анықтамасына жақын: әлеуметтік жұмыс – жеке адамға, топқа
немесе қауымға берілетін көмек немесе олардың әлеуметтік қызмет
етуге қабілеттілігін қайта өркендету және осы мақсаттарға жетуге жақсы
қоғамдық шарттарды құруға бағытталған кәсіби қызмет.
Америка Құрама Штатында әлеуметтік жұмысты, халықтың
өнегелілігінің әлеуметтік негізіне қызмет ететін мамандықпен
байланыстырады. Әлеуметтік жұмыс саласы үнемі жылдан-жылға кеңіп
келеді, дегенмен, бүгінде АҚШ әлеуметтік қызметкерлер қызметі
көптеген салаларды қамтиды. Олардың қатарында мемлекеттік
денсаулық сақтау ұйымдары, мектептер, денсаулық күту орталықтары,
бала мен отбасын қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық
орталықтары, бизнес және өндіріс реттеу орталықтары мен жеке іс-
тәжірибе бар. Әлеуметтік қызметкерлер – ұлтына, әлеуметтік-
экономикалық деңгейіне және нәсіліне қарамай балаларды және одан
үлкен жастағы адамдарға қызмет көрсетеді.
АҚШ- тағы әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқадағы тәжірибесі оны
қолдануда түрліше көрініс табатын қызметтің көптеген түрлерін
қамтиды. Әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқалылығы мен кешенділігі
көптеген анықтамасы бар деп топшылауға болады.
Кез келген әлеуметтік қызмет негізінде келесі төрт тұжырымдық
облысты қамтитын құрамдық элементтерден тұрады: мамандықтың
мақсаты және арнаулары; құндылықтар жүйесі, тәжірибелік бағыттың
этикасы мен философиясы; тәжірибелік бағыттар этикасын білу;
жұмысқа қолданылатын әдістер мен тәсілдер.
АҚШ- тағы әлеуметтік қызметкерлер Ұлттық Ассоциациясы,
мысалы, олар әрбір адамның өмірінің жақсаруы үшін адамдар, жеке
тұлғалар және қоғам арасындағы өзара пайдалы өзара әрекетті
қалыптастыру
немесе
көмектесу
мақсатында
қызметкерлердің
тағайындалғанын бақылайды. Әлеуметтік қызметкер қоршаған ортадағы
жағдайға сәйкес әрекет ете отырып, әрбір тұлғаның ұмтылысы мен
қорларының, мүмкіндіктерінің іске асуына барынша себепші болуы тиіс
және
халықтың
жалпы
адамдық
қызметтерін,
олардың
бақытсыздықтарын немесе қиындықтарын жеңілдету мақсатында
көмектесуі қажет. Клиент жеке адам, отбасы, топ, қоғам немесе ұйым
болуы мүмкін.
Келтірілген анықтамадан шығатыны, кәсіби қызмет өзіне жеке
адамдардың, топтардың немесе ұжымдардың функционалды өмір сүруі
үшін олардың қабілеттіліктеріне дем беруге көмектесу мен әрбір
адамның өмір сүру сапасын оның әлеуметтік және жеке (физикалық)
ортамен байланысын қалпына келтіру жолы арқылы жақсарту
көмектерін кірістіреді. Әлеуметтік жұмыстың ажырағысыз сипаты-
әрбіреудің өзінің іске асыру жағдайымен анықталатын әлеуметтік
әділдікті қамтамасыз ету.
Барлық қоғамда қазіргі кейбір әлеуметтік ілімдерден белгілі
болғандай, адамдар мүмкіндігінше өздерінің және өздерін қоршаған
ортаның әлеуметтік тұрмысының жақсаруына жәрдем беруге тиіс, бұл
барлық қоғамға пайдасын тигізеді. Жеке тұлға мен оны қоршаған орта
арсындағы өзара қарым-қатынас жеке бастың мәртебесін, даралығын
бекітуі тиіс. Адамдар иманды және әділетті болуы қажет.
Жалпы айтқанда, әлеуметтік қызметкеркерлердің қызметі мынадай:
- адамдарға жеке бас мәселелерін шешу қабілеті мен олардың
компоненттілігін кеңейтуге көмектесу;
- адамдарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесу;
- адамдардың қайымдылығын ынталандыру;
- жекелеген адамдардың және олардың қоршаған ортамен өзара
байланысына жәрдем беру;
- ұйымдар, әлеуметтік, экономикалық, саяси институттар мен қоғам
мүшелерінің өзара әсеріне ықпал ету;
- әлеуметтік саясат пен қоршаған ортаны қорғау саясатына ықпал ету.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру үшін, әлеуметтік жұмыскер
көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды; оған клиенттердің
әлеуметтік қалыптасуына жағдай жасауына көмектесетін білім мен
тәжірибелік жігер керек.
АҚШ- та кәсіби әлеуметтік жұмыс студенттік немесе аспиранттық
жоғарғы білім деңгейінде оқытылады. Студенттік деңгейдегі оқу
жоспарының мақсаты студентті келесі деңгейге өтуге мамандық алуға
дайындау. Студенттердің агенттіктер мен ұйымдарда жаттығуға,
тәжірибелі мамандардың бақылауында болуға мүмкіндіктері бар. Кез
келген пән бойынша негізгі студенттік дайындық аяқталған соң,
аспиранттық білімнің мақсаты- адамды ерікті практик, тәжірибелі маман
етіп шығаруға дайындау. Аспиранттық білім әдетте екі жылға созылады.
Бірінші жыл мамандық тәжірибесі мен теориясын тереңдетіп оқытуға
арналады. Екінші жыл әдіс бойынша мамандандыру мен олардың
тәжірибе жүзінде апробациялау (ресми рұқсат) үшін қолданылады.
Кейбір кәсіпкерлер ары қарай мамандануды таңдайды. Әлеуметтік
жұмыс бойынша докторлық диплом дайындауға да мүмкіндік бар.
Докторлық бағдарламалар үшін ресми стандарттар жоқ. Докторлық
оқыту кәсіби тәжірибелі адамды зерттеу қызметі үшін мол мүмкіндіктер
бере отырып, ары қарай мамандандыруға және басқа колледждер мен
университеттерде оқуға дайындайды.[5].
АҚШ- та әлеуметтік қызметкер мамандығына тәжірибелік
әдістердің көптеген теориялары бар. Түрлі теориялар мен әдістердің
артықшылықтары, қатыстылық еңбектері ұзақ уақыт бойы академиялық
форумдарда айтыс туғызып келді. Әлеуметтік қызметкерлер мектептері
өз бағыттарын немесе мамандандыруын өзгерте алғанымен, олардың
барлығы жоғарыда айтылған негізгі элементтерді оқу жоспарынң алты
саласында да сақтауға тиіс. Әлеуметтік жұмыс мектептеріндегі білім
сапасының жақсаруын Әлеуметтік Жұмысқа Оқыту Кеңесі (ӘЖОК)
қадағалайды. Бұл ұйым өзіндік теориялар немесе әдістерді ұсынбайды.
Дегенмен, ӘЖОҚ әлеуметтік жұмыс мектептері ұсынған оқу
жоспарларды және курстарды, оларда барлық қажетті элементтердің
қатысқанын, мектептегі оқыту ӘЖОҚ қабылдаған стандартқа, содай-ақ
жоғарғы кәсіпкерлікке сәйкестіктеріне көз жеткізу үшін, жиі-жиі
тексеріп отырады.
Оқу жоспары негізін алты саладағы - әлеуметтік ортадағы
адамның іс-әрекеті, әлеуметтік саясат, мамандық теориясы мен
тәжірибесі, зерттеу, құндылық пен этика, тәжірибелік ол- білім мен
тренинг құрауға тиіс.
Сонымен қатар АҚШ-та табысы төмен отбастарына тұрмыстық
жәрдемақы беріледі, олардың мөлшері жылына отбасына орташа
алғанда 2010 доллар. Қосымша төлемдер (демалыс, сырқаттану
қағаздарының
төлемдері),
жұмыссыздық
жөнінде
қосымша
жәрдемақылар барынша көп таралған. Қазіргі уақытта мемлекет
балалардың жоғарғы мектепте оқуын жалғастыруға жәрдемақыны өте
көп береді. АҚШ-та федералды деңгейде қорлар мен қызметтер
құрылуда. Бұлар қарттығы бойынша зейнетақы, медициналық қызмет,
мұқтаж адамдарды азық-түлікпен, арзан үймен қамтамасыз ету және т.б.
Отбасындағы қарттарға, мүгедектерге тұрғын-үй беруге, тұрмыстық
қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.
АҚШ-та
жарымжанды
отбасылармен
әлеуметтік
жұмыс
жүргізумен айналысатын, «Серіксіз ата-аналар» ұйымына біріккен өз-
өзіне көмек көрсететін топтар мен қолдау топтары кең дамыған. 1960
жылы осындай отбасылар 22% болса, 1990 жылы 44% жеткен.
АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін практикалық жұмыс
отбасындағы ұқсас сипаттамаларды салыстырғанда, қоғамдағы тәртіп
ерекшеліктерін, көзқарастарын, мәнділіктерді үйретуге жасалатын
тұжырымдамаға негізделмейді.
Қазіргі уақытта АҚШ-та үлкен жоспарлы мемлекеттік «Отбасына
қайту» бағдарламасы өте белсенді. Түрде насихатталып отыр. Мұның
мәні мынада: мүнда отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мамандар,
әлеуметтанушылар, отбасы жөніндегі кеңесшілер өз қызметін белсенді
көрсетеді.
АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар туралы
айтылғандар осы жоғары дамыған елде әлеуметтік өмір және қорғалу
дәрежесі туралы белгілі бір ұғым жасауға мүмкіндік береді.
Көп жылғы тартыстан соң, Америка Құрама Штаттары мамандары
(кәсіпкерлері) әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі бар, ол жай ғана
модификация емес деген тұжырымға келді. Бұл да солардың ішіндегі
мамандық. Тек осы мамандық қана жеке тұлға мен оның әлеуметтік
ортасының жақсы өмір сүруін қамтамасыз ететіні анық.[5].
Әдебиеттер
1. Сарсенова Ж.Н. Әлеуметтік жұмыс – Алматы, 2014ж.
2. Агафанов А.Н., Менлибаев К.Н. Социальная работа с
молодежью – Караганда: Издательство КарГу, 2013г.
3. П.Ф. Павленок. Теория история и методика социальной
работы. Москва; 2013г.
4. Тетерский С. В. Введение в социальную работу. – Москва 2013г.
5. Мельников В.П., Холостова Е.И. История социальной работы.
2-е изд. – М.: Издательско – книготорговый центр «Маркетинг»; 2012г.
Достарыңызбен бөлісу: |