«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды



жүктеу 187,03 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі187,03 Kb.
#12838
түріКонкурс

«Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

090006 БҚО Орал қ. Х.Чурина көшесі,116 үй 3-қабат, 304-бөлме, анықтама алу үшін телефон: 87112-50-43-24, e-mail: zko.agis@bko.gov.kz



1. Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары – 1 бірлік (D-О-2, индексі №01-01-2) санаты, жалақысы қызмет өтіліне қарай 163 233 теңгеден 220 697 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың бухгалтерлік есеп және қаржы, ұйымдастыру бақылау жұмыстары және іс жүргізу, құқықтық жұмыстар және келісімшарт құжаттамалары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру және жалпы басшылық.Облыс аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты құруға және жүргізуге қатысу; жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтау, авторлық және техникалық қадағалау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс нысандары бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарттарының уақытылы жасалуын бақылау; басқармада тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы жоспардың орындалуын бақылау; басқармадағы шарттық және еңбек тәртібін нығайту бойынша іс-шаралардың жасақталуын және жүзеге асырылуын бақылау; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, әкімдіктің заңнамалық актілерін, мекеме басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің уақытылы және сапалы орындауын бақылау; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң қадағаланылуын бақылау; шағымдану-талап арыз жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуді, Басқарма қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауды бақылау; сәулет және қала құрылысы саласы бойынша регламенттердің уақытылы жасақталуын бақылау; басқарманы кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарының жүргізілу барысын қадағалау, іс қағаздарымен жұмыс жасау барысын қадағалау. Ақпараттық-аналитикалық сипаттағы үлгілерді меңгеру, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау. Қарауындағы қызметкерлердің жұмысын болжамдау, жоспарлау, бақылау және дәлелдеу қабілетінің болуы, ұжымда қызмет атқара білу, адаммен қарым-қатынасы және тілтабысу, психологиялық үйлесімді болу.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары. Мамандығы–«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдарының өндірісі, құрылыс), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы, есеп және аудит), «Құқық» (құқықтану), «Өнер» (дизайн, сәулет).

D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:



  • мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
          Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  3. А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тзіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде электрондық почтаға немесе «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке құражаттары есебінен жүргізеді.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.




жүктеу 187,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау