Джоуль-Ленц заңы:
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток
күшінің квадартына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура
пропорционал болады:
Тақырыбы:Жылу құбылыстары. Электр құбылыстары.
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы.
Мақсаты:
Оқушылардың жылу құбылыстары мен электр құбылыстары туралы алған білімі мен дағды деңгейлерін анықтау.
Күтілетін нәтиже:
А.Оқушылар денені қыздырғанда, балқытқанда, сұйықты буландырғанда бөлінетін жылу мөлшері формуласын біледі;
В.Электр тогының жұмысы, қуаты формулаларын, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы формулаларын есептершығаруда қолданады;
С. Кестеден заттың меншікті жылу сыйымдылығы, заттың балқу жылуы, булану жылуы, өткізгіштің меншікті кедергілерін тауып, салыстырады.
I- нұсқа
А. Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса , онда массасы 4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?
В.Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Құралдың кедергісі қандай?
С. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?
II- нұсқа
А.Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?
В.Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.
С. Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы 20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?
Физика және астрономия 9-сынып.
І тарау. Кинематика негіздері. ІІ тарау. Динамика негіздері.
Жалпы тарауға шолу.
Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады. Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі. Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды, оларды динамика қарастырады.
Теңайнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады.
Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама; ал жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасына тең.
, , . ХБЖ-да үдеу бірлігі 1м/с2.
формуласынан жылдамдықты табайық:
-бұл бастапқы жылдамдығы бар, үдеуі оң таңбалы, яғни жылдамдығы артып отыратын қозғалыс теңдеуі.Енді бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал үдеу оң таңбалы болсын. Мұндай қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласы: бастапқы жылдамдық нөлден өзгеше және таңбасы оң болсын. Бірақ үдеу теріс таңбалы, яғни жылдамдық кеміп отырады делік.
Мұндай қозғалыс жылдамдығы
Достарыңызбен бөлісу: |