Бастауыш сыныптарда сындарлы оқыту негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту Тақырыбы



жүктеу 0,51 Mb.
бет2/4
Дата13.11.2017
өлшемі0,51 Mb.
#48
түріСабақ
1   2   3   4

Мақсаты: Оқушыларды интеллектуалды дамыту, экологиялық іс-әрекетке тән және қоғамға толыққанды қызмет етуге қажетті логикалық қабілеттерін қалыптастыру, арттыру.
Міндеті:

  • Математика сабағында қабілеттерін арттыру.

  • Оқушылардың алған білімін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету.

  • Республикалық, облыстық баспасөздерге

мақалалар жазу, семинарлар өткізу, әдістемелік нұсқау әзірлеу.
Зерттеу нысанасы: ......... сынып
Күтілетін нәтиже: Өздігінен іздену оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырып, сөз қорларын дамытады.
Күтілетін болжам:

  • Тәжірибе тарату.

  • Облыстық баспасөздерге мақалалар ұсыну.

Қорытынды кезеңінің жұмыс жоспары.



Тақырыбы

Мерзімі

Жауапты

1.


2.

3.
4.

5.



Қорытынды кезеңінің жұмыс жоспарын әдістемелік отырысында бекіту.


Семинар өткізу «Оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру жолдары»
Мектепішілік тәжірибе тарату
Әдістемелік нұсқау әзірлеу.

Тақырыбы: «Оқу үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру жолдары»

Әдістемелік бірлестіктің отырысында жұмысты қорытындылау.

2009 ж.


тамыз

қазан

желтоқсан
мамыр







Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін

дамытудың маңыздылығы
"Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет", - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Жалпы әдіс дегеніміз - мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы.

Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарында қолданып жүрген "сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Оның мақсаты - оқушылардың ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйрету қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасы бойынша ол:



  • шындалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • күрделі мәселерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джейнни Л..Стиль, Куртис.С, Мередит, ЧарльзТемпл. Жоба негізі Ж.Пиаже, Л.С Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

"Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері математика пәні барысында оқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сондықтан да оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі анағұрлым жақсы болатынына көзіміз жетті.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Сол себепті, бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер барысында оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Бастауыш сыныптың математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу және дүниетану пәндерін оқытқанда сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:


  • Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

  • Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

  • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

  • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

  • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

  • Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет;

Тек сонда ғана олар: Мен осы мәселе туралы не ойлаймын? Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе? Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері баршылық. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болуы үшін мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерінің дұрыс қалыптасуына көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды математика сабақтарында біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айта білуге, мәселені нақтылы шешуге үйрету керек.

Негізінен сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық оқыту барысында қолданылатын үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.

"Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясын бастауыш сыныптың математика, қазақ тілі және ана тілі сабағында қолдану арқылы оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады.

Мінекей, осы үрдісті басшылыққа ала отырып, бастауыш сыныптарда өтілетін сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану арқылы уақыт оқушылардың сабаққа деген белсенділігі мен қызығушылығын, тақырыпты толығымен меңгеру қабілеттерін қалыптастыралы екенбіз.

Математика сабағында қолданылатын логикалық есептер мен тапсырмалардың ерекшеліктері
Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу. Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп қабырғасынан бастау керектігі баршамызға белгілі.

Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т.б кең қолданылуы, түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.

Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек.


  1. Ақыл-ойды дамыту.

  2. Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.

  3. Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.

  4. Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.

  5. Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.

  6. Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.

Осы мақсатты ескере отырып, оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру барысында ойлау қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешудің маңызы зор екеніне көзіміз әлдеқашан жеткен.

Жалпы логикалық есептерді көбінесе математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданады. Сол себепті арнайы оқушыларыма жинақтаған төмендегі логикалық есептер мен олардың шығару жолдарын ұсынбақпын.


Логикалық есептер және оларды тез есептеудің

жолдары.
Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз. Логикалық есептерді түрлі тәсілдермен шешудің жолдары бар.

• Логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешу

Ребус түрінде шешу

• Сіріңке шырпысын қолданып шешу

• Әр түрлі есептер

Мысал: Есеп шартында Анар мен Маралдың көйлегі көк емес, олай болса Анар, Марал, Нұргүлге (-) қоямыз. Көк көйлекті Гүлнар. Олай болса Гүлнардың көйлегі көгілдір, қызғылт, ақ емес. Маралдың көйлегі көгілдір(+) қоямыз. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Маралдың арасында тұр. Демек есеп шартынан ақ көйлекті Анар (+), қызғылт көйлекті Нұргүл (+) қоямыз. Есеп шешілді.

Логикалық есептерді таблициалық тәсілмен шешу.



Мысал: Көшеде төрт қыз Анар, Марал, Нұргүл, Гүлнар дөңгелене тұрып әңгімелесті. Көк көйлекті қыз (Анар Марал емес) көгілдір көйлектегі қызбен Нұргүлдің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Гүлнардың арасында тұр. Әрбір қыз қандай көйлек киген?


Түсі

Көк

Көгілдір

Қызғылт

Ақ

Аты

Анар

-

-

-

+

Марал

-

+

-

-

Гүлнар

+

-

-

-

Нұргүл

-

-

+

-

Ребус түрінде шешу



Ребус шешу дегеніміз мысалдың алғашқы жазылған қалпына келтіру. Ребустың түрлері:

1. Арифметикалық ребус

2. Әріпті ребус

3. Жұмбақ суретті ребус

Ребустарды алғашқыда ақсүйектердің ермек ойыны ретінде ΧVI ғасырда Францияда шыққан. Ресейде бірінші рет «Иллюстрация» журналында «Жұмбақтар» деген атпен 1845 жылы басылып шықты.

1. Арифметикалық ребус

Кейбір цифрлары жұлдызшалармен, әріптермен алмастырылған амалдар қолданылатын есептеулерді арифметикалық ребус деп атаймыз. Ребустың бұл түрде арифметикалық амалдарға ерекше назар аударуды және логикалық ойлаудың белгілі бір жүйесіне сүйенуді талап етеді.


1- мысал: Жұлдызшалардың орындарындағы цифрларды табыңдар

**

+



*8

__________

*97

Шешуі: Теңдік бойынша екі таңбалы санның қосындысы 200-ден кіші. Демек *97=179.Біздің ізден отырған қосылғышымыз 98+99=197

2- мысал : Әріптердің мәндерін табыңдар : А

АБ

АБВ



_______

БВБ


Шешуі: 6

67

674



________

747
2. Ребус түрінде шешу



Мысал: Ребусты шешіңдер:

* *


х

* *


______

* *


* * *

_______


9 * * *

Шешуі: Көбейткіштер 90 санынан үлкен. Шынында да, көбейткіштер 90 санынан кіші болса, онда олардың көбейтіндісінен 9000-нан кіші сан шығады, бірақ көбейткіш 90-нан үлкен болса, онда көбейткіштің 1 цифры 9. Егер 1 цифрды 8 десек, онда 81-ге көбейтіп 8100 кіші сан аламыз. Сонымен, бұл мысалдағы бір көбейткіш үшін 98 алсақ онда 98x91=8118 шығады. Демек, екі таңбалы көбейткіш 98-ден үлкен

99: (99x91)=9009

Сіріңке шырпысын қолданып шешу.

Төмендегі теңдік сіріңке шиі арқылы жазылған.

YI­IY=IΧ Тек бір шиді қозғау арқылы дұрыс теңдікті қалай алуға болады?

Шешуі: Ол үшін Y+IY=IΧ

Әр түрлі есептер

Бір тонна мақта ауырма әлде бір тонна темір ауыр ма?



Шешуі: Екеуі тең, себебі бір тоннадан

Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешудің

жолдары мен тәсілдері
Математика пәніне қызығушылықты арттырудың негізгі бір жолы –ұлттық мазмұнды есептерді шығару. Жүйелі түрде ұлттық мазмұнды есептерді шығару ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстырып, салыстыратын асыл қазынамыз. Ендеше, ұлтық мазмұнды есептерді шығару - бұл адамның ойлау қабілетін дамытып, логикасын жетілдіріп, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді.
Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару үшін:


  1. Есептің шартымен танысып, оны элементар шарттарға ажыратып, қандай талаптар қойылғанын анықтап есепке толық талдау жасау;

  2. Берілген есепті схема түрінде жазу;

  3. Есепті шығару тәсілін іздеу;

  4. Табылған тәсіл бойынша есепті шығару;

  5. Есептің нәтижесін тексеру;

  6. Есепті зерттеу;

  7. Есептің жауабын тұжырымдау керек.



Мысалы-1 «Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсасы алтыдан балалады. Олардың бәріде мысық болып өсті де, тағыда алты- алтыдан балалады, т.с.с. осылайша әр керегенің түбіне барып балалап шықты».Сонда киіз үйден неше мысық өсіп шығады?


  1. Есепті талдау

а)Алты қанат киіз үй туралы түсінік.

ә) Мысықтардың өсімталдығы туралы

б) Әр кереге түбіне әрқайсысы алтыдан мысық шығаратыны туралы түсінік беру.


  1. Есепті схема сурет түрінде жазу.




  1. Шығару тәсілі – әр керегенің түбіне 6-дан балалайтын болғандықтан, әр керегедегі мысықтар санын 6-ға көбейту.




  1. Есепті шығару: Әр керегедегі мысық саны.

12+72+432+2592+15552+93312=111972


  1. Есептің нәтижесін тексеру:

2·6=12 432·6=2592

12·6=72 2592·6=15552

72·6=432 15552·6=93312


  1. Есепті зерттеу: Әр керегеде мысықтар саны өсіп 6 есеге көбейіп отырады.




  1. Есептің жауабы: алты қанат киіз үйден барлығы 111972 мысық өсіп шығады.


Мысалы-2 «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»

Шешуі:2·8=16+8+6+6=36=6·6

Ұлттық мазмұнды есептер адамдарды аңғарымпаздыққа, алғырлыққа, ой ұшқырлыққа тәрбиелейді.

Ұлттық мазмұнды есептер шығаруда теңдеу құру арқылы

шығаратын есептерді шығару алгоритмі:


  1. Есептің құруға берілген есептерді шығару үшін;

  2. Белгісіз шамаларды анықтау.

  3. Теңдеу құру;

  4. Теңдеуді шешу;

  5. Теңдеудің шешімдерін зерттеу.

  6. Есепті тексеру;

  7. Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет.

Мысалы: 7- сыныптағы: Тендеулер жүйесін құру тақырыбына: «Қаз бен түлкі» ертегісін оқи отырып, мына теңдеуді шешеміз:
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,

Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.

Балапан, көжек санын өзің тапшы

Аяқтарды 94, басы 35»




  1. Есептің мәтінін түсіну.

Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда- 2 аяқ,

көжекте -4 аяқ.



  1. Теңдеу құру: Балапан саны – х.

Көжек саны - у

Балапанда 2 аяқ – 2х.

Көжекте 4 аяқ – 4х.

Сонда  Теңдеулер жүйесі шығады.




  1. Теңдеулер жүйесін шешу.


 
  


  1. жүктеу 0,51 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау