Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы


ІІІ Коммуникативтік тапсырмалардың педагогикалық құрал ретіндегі



жүктеу 445,77 Kb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата20.05.2018
өлшемі445,77 Kb.
#14808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 

13 


ІІІ Коммуникативтік тапсырмалардың педагогикалық құрал ретіндегі 

мәні

  

 

      Қазіргі білім беру мен оқыту балалар өмірінде үлкен маңызға ие. Оқи білу 

қабілеті қарым-қатынас жасай білу қабілеті секілді қажеттілігі күннен күнге 

арта  түсіп,  соның  арқасында  адам  өзінің  тұлғалық  мәнін  көрсетіп,  оның 

өзіндік  жекелігі,  көзқарасы,  көз  жетушілігі,  сана  сезімін  қалыптастырады. 

Шығармашылық,  бейімделе  білу,  бір  нәрсені  білуге  деген  құшттарлық 

қабілеттер  –  бұл  тілді  меңгеру  құндылығының  қажеттілікпен  тең  дәрежеде 

болуын білдіреді. Сондай – ақ, мектеп – бұл білім алудың жалғыз ғана орны 

емес.  Бұқаралық  ақпараттар  мен  ақпарат  құралдары  қазіргі  жаңа  білімнің 

қайнар  көзін  құрап,  оған  оны  түсініп,  меңгере  алатындар  ғана  қолжеткізеді. 

Сондықтан,  қоғамның  қазіргі  даму  кезеңін  коммуникативті-ақпараттық  деп 

аталуда.  Бүгінгі  қоғам  бейімделуге  және  ықпалдасуға  қабілетті,  кездескен 

қиындықтарды өз бетінше шеше алатын, топта бірлесіп жұмыс істей алатын, 

тәуелсіз, коммуникабельді, дамудың жоғары деңгейін меңгерген жас ұрпақты 

талап етеді.  

      Адамның  қарым-қатынас  жасай  білу  біліктілігі  оның  қоршаған  ортамен 

нәтижелі  байланысқа  түсуін  қамтамасыз  етеді.  Мұнымен  қатар  бұл  жердегі 

мәселе бастауыш сынып кезеңіне сай қолданылатын, оқыту үдерісіне оларды 

меңгерудің  құралы  ретінде  қызмет  ететін,  баланың  коммуникативтік 

біліктілігі мен құралдары жайлы болуы керек.  

      Бастауыш  сыныптарда  баланы  оқыту  тәжірибиесі  көрсетіп  отырғандай, 

бастауыш  сынып  оқушыларының  мұғаліммен,  сыныптастарымен  объективті 

және субъективті себептерде олардың қиындық салмақтарын көруге болады. 

К.Фопель  «...қазіргі  балалар  бір-бірімен,  сондай  –  ақ,  ата-аналарымен  де  аз 

қарым-қатынас жасайды», деп өзінің пікір айқын білдірген. Отбасы мүшелері 

өздерінің  бос  уақыттарын  телебағдарламалар  мен  видеофильмдерді  көруге, 

сондай ақ компьютер арқылы түрлі ойындарды ойнауға арнайды.  

      Бастауыш  сынып  оқушыларын  қарым-қатынас  жасау  үдерісін  меңгерту 

үшін  қандай  тапсырмаларды  шешуді  үйренуі  тиіс?  Психологиялық  және 

педагогикалық әдебиеттерде тапсырма деп нені түсіндіреді? Бастауыш сынып 

оқушыларының қарым-қатынас жасау біліктілігін дамытуда коммуникативтік 

тапсырмалардың  ролі  қандай?  Оқыту  үдерісінде  коммуникативтік 

тапсырмаларды  қолданудың  мүмкіндіктері,  қағидалары  мен  оны  өңдеу 

тәсілдері  нені  білдіреді?  деген  бірізді  заңды  сауалдарға  жауап  іздеуді  талап 

етеді. 

      Алдымен  «тапсырма» ұғымын психологиялық  және педагогикалық  дерек 



көздерінен  қарастырудан  бастайық.  Тапсырма  ұғымы  тек  шектеулі  көлемде 

ғана: ғылыми (математикалық, физикалық және т.б.) тапсырмалар, білім беру 

тапсырмалары,  саяси,  техникалық  тапсырмалар  ретінде  ғана  қолданылды. 

Г.А.Валитованың айтуынша тапсырма оқытудың қарапайым бөлшегі ретінде 

танылып, мынадай: мақсат, мазмұн, құрал, шешу әдістері  секілді белгілерге 

ие.  Ғылыми  әдебиеттерге  талдау  жасау  барысында,  тапсырманы  жіктеу 

жөнінде  біржақты  пікірдің  жоқ  екендігін  нақты  көз  жеткіздік  деп  айтатын 



 

14 


болсақ,  онда  бұл  мәселені  (кең  психологиялық  түсінікте)  біздің  зерттеу 

мақсатымызға  енбейтін  ескере  отырып,  бұл  сұрақты  тек  осы  жұмысқа 

қатысты аспектілеріне ғана тоқталамыз.  

      Ғалымдар:  Г.А.Баллдың  құрылымдауы  бойынша  –  ойлау  тапсырмалары

И.Я.Лернердің  –  танымдық  тапсырмалары,  А.М.Матюшкиннің  және 

М.И.Махмутовтың  түсіндірмесі  бойынша  –  интеллектуалдық  тапсырмалар 

секілді  тапсырмалар  түрлерін  бөліп  көрсетті.  Психолог  Я.А.Понамарев 

«...Жағдаят  тапсырма  секілді  қажеттіліктің  жиынтығы  және  оны 

қанағаттандырудағы  мәлімет  болып  табылады.  Бұл  мәліметтер  оған  қол 

жеткізудегі мақсаттар мен мүмкіндіктерден құралады» деп түсіндіреді. 

      Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  анықтамаларды  қамту 

барысында және психологиялық түсініктемелерде «тапсырма» ұғымы, мақсат 

пен  мүмкіндікті  анықтап  алу  тапсырманың  жетекші  құрастырушы  деген 

қорытынды жасауға болады. П.Я.Гальперин «Тапсырма – нақты жағдайдағы 

әрекет  мақсаты,  ол  белгілі  бір  тәртіпке  сәйкес  осы  мүмкіндіктерді  қайта 

жасауда 


қол 

жеткізуге 

тиіс 

мәлімет» 



деген 

анықтама 

береді. 

С.Л.Рубинштейннің 

пікірі 

бойынша 


тапсырманы 

«мақсаттың 

мүмкіндіктермен қатынасы» деп анықтаған. Ал А.М.Матюшкин тапсырманы 

түсіндіру  үшін  «тәсіл»  ұғымын  пайдаланып:  «Тапсырма  –    бір  адамның 

екінші адамға (немесе өзіне өзі) тапсырманы ұсынудағы, мақсатқа және оған 

жетудегі нұсқауды қамтитын таңбалық тәсіл» деген анықтама берген.  

      Көпшілік 

психологтар 

тапсырманы 

бір 


жағынан 

интеллектіні 

қалыптастырудың    ең  тиімді  құралы  ретінде,  ал  екінші  жағынан  – 

интеллектуалдық 

әрекеттің 

көптеген 

түрлері 

мен 


қабілеттерге  

психодиагностика ретінде қолданған.  

      Біздерді  «тапсырма»  ұғымының  бастауыш  мектеп  оқушысына  қатысты 

қалай  қолдануға  болатындығы,  сондай-ақ,  оның  оқу  әрекеті  контексінде 

қарастыру  қажеттілігі  қызығушылық  тудырады.  Ол  үшін  оқыту  үдерісіндегі 

тапсырма деп нені түсінуге болатындығын ұғыну қажет.  

      Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалардың психологиясы мен олардың оқу 

әрекеті,  оның  құрылымы,  қалыптастыру  заңдылықтары  және  бастауыш 

мектеп  оқушыларының  психикалық  дамуымен  байланыстары  анықталып, 

зерттеу мақсатында  оның негізгі әдісі ретінде тек оқушылардың оқу әрекетін 

қалыптастырудың  белсенді  әдістері  болуы  мүмкін  деген  тұжырым  жасауға 

болады.  

      Д.Б.Элконин  және  тағы  басқа  ғалымдар  оқу  тапсырмасын  оқу  әрекетінің 

негізгі  бөлігі  ретінде  бөліп  көрсете  білді.  Д.Б.Элконин  оқу  тапсырмасы  деп 

«оқушылардан  оқу  әрекетінің  барлық  негізгі  тәсілін  анықтап    және  оны 

меңгеруді,  кең  ауқымды  мәселелер  мен  нақты-тәжірибиеге  қатысты 

тапсырмаларды  шешуді  талап    ететін  тапсырма»  деген  анықтама  берді.  Ал, 

тапсырманы  қою  –  дегеніміз  оны  шешуде  оқушылардың  барлық  жеке  және 

нақты 

мүмкіндік 



нұсқалардағы 

тәсілдердің 

мазмұнына 

толықтай 

бағдарлануын  талап  ететін  жағдаятпен  таныстыру.    В.В.Давыдов  оқу 

тапсырмасын – оқушылардың оқу әрекетіне мақсат қоюы және сол мақсатқа 

жету үшін белгілі бір мүмкіндіктерді орындап, қабылдай білу деп дәлелдейді. 



жүктеу 445,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау