Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу
тапсырмалар жиынтығы
Әдістемелік көмекші құрал
2
Пікір жазғандар: Халитова И.Р., п.ғ.д., профессор
Құдайбергенева Г.С, п.ғ.к., доцент
Рысқұлбекова А.Д.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар
жиынтығы. Әдістемелік көмекші құрал.
ISBN 978-601-224-169-3
Бұл әдістемелік көмекші құралда бастауыш сынып оқушыларының
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқу тапсырмаларының
мәніне, коммуникативтік тапсырмалардың түрлері және оларды қолданудың
әдістемелік
ерекшеліктеріне
сипаттама беріліп, бастауыш
сынып
оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға арналған
коммуникативтік
тапсырмалар
жүйесі
ұсынылады.
Оқу
үдерісін
ұйымдастыруда бұл көмекші құралдың практикалық көмегі зор.
Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім беру
жүйесінің қызметкерлеріне арналған.
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
4
1 Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық
негізі
2 Оқу тапсырмалары – оқушылардың коммуникативтік
құзыреттілігін дамыту құралы
ретінде
6
3 Коммуникативтік
тапсырмалардың
педагогикалық
құрал
ретіндегі мәні
13
4 Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағдарланған
тапсырмаларды пайдаланудың әдістемелік ерекшелігі
25
5 «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» оқу пәндері
бойынша коммуникативтік тапсырмалар үлгісі
31
Қорытынды
34
Әдебиеттер тізімі
35
4
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға
негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім
берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан
Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге
белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Оқыту жүйесінде оның ішінде бастауыш сатыдағы білім мазмұнын
жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін деңгейде өзгертумен қатар, оқу пәндері бойынша түйінді
құзыреттіліктерін
қалыптастырудың
басымдылығы
берілетін
білім
мазмұнына да өзгеріс енгізудің қажеттілігі артуда.
Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және
дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу секілді оқушының
дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
Н.Ә.Назарбаев
өзінің
Қазақстан
халқына
Жолдауында
«Бізге
экономикалық және қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа
білім беру жүйесі қажет» деп атап өтеді. Бүгінгі қоғамда оқушының
академиялық – энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен,
күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі байқалып
жатады. Бұл оның өмір сүру үдерісінде қажетті құзіреттіліктерінің
қалыптаспағанын айғақтайды.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін
анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі сынып-сабақ
жүйесінің орнына ізгіліктік философия, психология және педагогиканың
идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі келуде. Аталған
жүйе адамды субъект ретінде өз өмірін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
оқушыларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік,
шығармашылық және т.б.) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Білім
берудің жаңа сапасына 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер
жағдайында қол жеткізуге болады. Осыған сәйкес жалпы білім беретін
мектептің екінші сатысында оқушылардың ғылым жүйесінің базистік
негіздерін игеруі, олардың бойында адамдар арасындағы қарым-қатынастығы
биік мәдениетін, өзін-өзі тануды және кәсіби бағдарды қалыптастыруда
бастауыш мектеп қызметінің басым бағыттары болып табылады.
12 жылдық оқыту мерзімімен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті
жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке
ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге
бағдарланып белгіленген. Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың
шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі
құзыреттер түрінде берілген. Бұл нәтижелер жиынтығы оқушының оқу-
танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-
әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік