Өздік жұмысы №6
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:
Көбейту кестесін;
Аудан өлшем бірлігі және оны табу;
Қолдана алуы керек:
Жазбаша амалдап шығару;
Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;
Берілген өлшем бірліктері салыстыру;
Геометриялық фигураны сызу, № № №
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
№1 .Өрнектің мәнін тап.
800 80 – 6004 х 6 + 4521
450065 : 5 + 5467 -134245 : 5
|
№1.
80000 – 4785 + 245126 : 2
98624 : 4 + 89457 - 94578
|
№2.Тосап қайнату үшін 2 кг қарақатқа 3 кг қант қосады. 12 кг жидекке неше килограмм қант салу керек?
|
№2.Токарь 6 сағатта 90 бөлшек жасауы тиіс.бірақ сағатына жоспарланғаннан 3 бөлшек артық жасады. Ол бұл жұмысты неше сағат ерте бітірді?
|
№3.Радиусы 6см 5мм болатын шеңбер сыз.
|
№3.Радиусы 2 см 8 м болатын шеңбер сыз.
|
№4.Салыстыр.
8т 245 кг + 5т 854кг * 21т 548кг
2т 546кг + 9т 548кг * 64587кг
|
№4.Салыстыр.
4ссағ 54 мин – 45 мин * 2 сағ 90мин
5 сағ 45 мин – 54 мин * 9сағ 54 мин
|
3 тоқсан
Өздік жұмысы №7
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:
Көбейту кестесін;
Аудан өлшем бірлігі және оны табу;
Амалдарды жазбаша орындау;
Өлшем бірліктері (масса, уақыт, ұзындық)
Қолдана алуы керек:
Жазбаша амалдап шығару;
Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді шығару;
Берілген өлшем бірліктері салыстыружәне өрнектеу;
Тіктөртбұрыштың ауданын табу.
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
№1.Арман бір сан ойлап, оны 2-ге бөлді.Нәтижені 302 есе арттырып, 82748 санын алды.Арман қандай сан ойлады?
|
№1.асқар бір сан ойлап, оны 2 есе арттырды, нәтижеден 20-ны алды, бәрін 5 есе арттырғанда , 50 саны шықты.асқар сан ойлады?
|
№2.Фермадан сүт зауытына цистернамен 208 л сүт және әрқайсысында 36 литрден 15 бидон сүт жіберілді.Фермаға барлығы қанша литр жіберілді?
|
№2.Қоймадан мектепке 36600 оқулық жіберілді.Бірінші мектепке осы оқулықтардың 6дан бір бөлігі , екіншісіне 9900 оқулық, ал қалған оқулық төрт мектептің әрқайсысына теңдей бөлініп, жіберілді.Әр мектепке қанша оқулық жіберілді?
|
№3.Ұзындығы 68мм,ені одан 15мм кем тіктөртбұрыш сыз.Осы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.
|
№3.Ұзындығы 84мм,ені одан 28 мм кем тіктөртбұрыш сыз.Осы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап.
|
№4.Кему ретімен жаз.
9дм, 9900м, 900мм, 9 км 8м
|
№4.Өсу ретімен жаз.
8мин, 700с, 9сағ, 5с.,2 тәул.
|
Өздік жұмысы №8
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:
Көбейту кестесін;
Аудан өлшем бірлігі және оны табу;
Амалдарды жазбаша орындау;
Қозғалысқа берілген есепті шығару.
Қолдана алуы керек:
Жазбаша амалдап шығару;
Қозғалысқа берілген есепті шығару;
Өрнектің мәнін табу.
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
№1.
474250 : 875 275427: 303
457х468 958х 654
|
№1
219816: 852 119727 : 963
652 х 245 785 х 654
|
№2.Мотоциклшілердің арасы 50 км. Біріншісі 50км/сағ, екіншісі 40км/сағ жылдамдықпен қозғалды.Екінші мотоциклші неше сағаттан кейін бірініш мотоциклшіні қуып жетеді?
|
№2.Бір қаладан екі мотоциклші бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты.Біріншісінің жылдамдығы 50км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 40 км/сағ.Неше сағаттан кейін олардың арасы 270 км болады?
|
№3. Теңдеуді құрып, оны шеш.
Әлия бір сан ойлады, ол оны 16 есе кемітіп, нәтижесін 15473-ке арттырды, сонда 27857 саны шықты.Әлия қандай ойлады?
|
№3.Теңдеуді құрып, оны шеш.
Айдын ойлаған санын 1000 есе арттырды, оның нәтижесін 25000 мен 750 000 сандарының қосындысына тең.Айдын қандай сан ойлады?
|
№4.Өрнектің мәнін тап
8² -56 9² -67 40²+351
4² + 300 2²+879 20 ²+548
|
№4.Өрнектің мәнін тап.
5² + 879 12² + 546 40 ² - 124
4² + 6598 50² -854 30² - 854
|
Өздік жұмысы №9
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:
Көбейту кестесін;
Аудан өлшем бірлігі және оны табу;
Амалдарды жазбаша орындау;
Қолдана алуы керек
Жазбаша амалдап шығару;
Қозғалысқа берілген есепті шығару;
Өрнектің мәнін табу.
№9
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
№1.
(234 +566) х ( 346 + 234 ) х 0
26 х 6 : 3 + ( 203 – 78 ) х 2 + 300 : 10
|
№1.
399 : 7 + 67 – ( 271 + 194 ) : 5 + 81 : 9 х27
78 . 3 – 95 : (82 : 63) + 56 х 3 + 1000 : 200
|
№2. Екі айлақтан бір мезгілде бір-біріне қарама –қарсы катер мен қайық шығып, 3 сағаттан кейін кездесті.Қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ, ал катердің жылдамдығы одан 4 есе артық.Екі айлақтың арақашықтығын тап.
|
№2.автомобиль мен автобустың арасы 60км.автомобиль 70км/сағ жылдамдықпен, автобус 50 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.Автомобиль неше сағаттан кейін автобусты уып жетеді?
|
№3.Теңдеуді шеш
9410 - 220 – а =232
555 + х + 595= 40000
|
№3.Теңдеуді шеш
1256 + у =3020 -856
500 х 9 х с = 45000
|
№ 4.Бос орындарды толтыр.
: 98 = 3090 (54 қалд.)
: 32 = 7120 (24 қалд.)
|
№4.Бос орындарды толтыр
: 40 =48 79 (39 қалд.)
: 207 = 48 79 ( 79 қалд.)
|
4 тоқсан
Өздік жұмысы №10
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:
Көбейту кестесін;
Аудан өлшем бірлігі және оны табу;
Амалдарды жазбаша орындау;
Қолдана алуы керек:
Жазбаша амалдап шығару;
Қозғалысқа берілген есепті шығару;
Өрнектің мәнін табу.
№10
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
№1.Амалдардың орындалу ретін анықтап,есепте.
( 542944 : 893 х 3010 -1 755859) х ( 329 х 95 :35)
|
№1.Амалдардың орындалу ретін анықтап,есепте.
520 х ( 75 + 33480 :62) :205 -535095 : (549900:780)
|
№2.Биіктігі 12м, ені 6м, ұзындығы 15м бөлменің көлемін тап.
|
№2.Биіктігі 15 м, ені 7 м, ұзындығы 20 м бассейннің көлемін тап.
|
№3.Радиусы 5см 6мм болатын шеңбер сыз.
|
№3.Радиусы 6 см 8мм болатын шеңбер сыз.
|
№4.Теңдеуді шеш
а - 15 х 15= 30
12090 –х = 3090 : 30
|
№4.Теңдеуді шеш
( х+240) х3 -360= 540
х : 30= 768 +987
|
Өздік жұмысы №11
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:
Көбейту кестесін;
Аудан өлшем бірлігі және оны табу;
Амалдарды жазбаша орындау;
Қолдана алуы керек :
Жазбаша амалдап шығару;
Қозғалысқа берілген есепті шығару;
Өрнектің мәнін табу.
№11
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
№1.Амалдарды орында
(3мин48с + 16 36с – 6мин 54с) х 120
|
№1.Амалдарды орында
(4 тәул.6сағ 15с – 16сағ 28мин + 3тәул12 сағ 14мин) х 2
|
№2.Бақшаның ұзындығы 60м, ені 20м.Оның ⅓ бөлігіне картоп егілді.қалған жердің ½ бөлігіне қызанақ, одан қалғанына қияр егілді.Қияр қандай аумақты алып жатыр?
|
№2.Мектепте 3000кг қағаз қалдығы жиналды.Бастауыш сынып оқушылары 1/6 бөлігін, 5-8 сынып оқушылары бастауыш сыныптан 278 кг артық, ал қалғанын жоғары сынып оқушылары жинады.Жоғары сынып оқушылары қанша қағаз қалдығын жинады?
|
№3.Теңдеуді шеш
3879 – а = 545 х 4
у + 261 х 78 = 32000 -1989
|
№3.Теңдеуді шеш
876 + у + 9869 = 78000
( х- 240) х 3 – 360 = 540
|
№4.Өрнектердің мәнін тап
с - d:713, мұнда с =82896 d= 182 528
(а-с) :721. мұнда а =56959 с= 25956
|
№4Өрнектердің мәнін тап.
(w -485)х 124 ,мұнда w=789, 1000,897
|
Өздік жұмысы №12
Мақсаты: Өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру
Білуі:
Көбейту кестесін;
Аудан өлшем бірлігі және оны табу;
Амалдарды жазбаша орындау;
Қолдана алуы керек:
Жазбаша амалдап шығару;
Қозғалысқа берілген есепті шығару;
Өрнектің мәнін табу.
№12
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
№1.Өрнектерді ықшамда
(234+ 124) х а + 237 х с
(а+в) х 235 + 349 х а +35
|
№1.Өрнектерді ықшамда
569 х а + (69 +77) х а
15 х ( а +в +с) + 32 х в
|
№2.Бассейн екі құбырдығ көмегімен суға толды.Бірінші құбыр суды 50м³/сағ, екінші құбыр 40м³/сағ жылдамдықпен құяды.Неше сағаттан кейін бассейндегі судың көлемі 270м³ болады?
|
№2.Бассейнде 270м³ су бар. Екі құбырда да бір мезгілде ашылды.Біреуі арқылы 40м³/сағ жылдамдықпен су құйылып жатыр, ал екіншісі арқылы 50м³/сағ жылдамдықпен су сыртқа ағып жатыр.2 сағаттан кейін бассейнде қанша су болады?
|
№3.Есепте
8кг 250г х 32 24 ц 36кг : 6
9 м 90 см х 41 4т : 250 кг
|
№3.Есепте
140кг200г х 7 205т 2ц х 25
6 м : 30см 6350 кг : 25
|
І. ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.
Қазақ тілі пәнінде қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту;
оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:
4–сыныпта – аптасына 4 сағат, жылына - 136 сағат.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру қажет. Мәселен:
4-сынып «Грамматика әлемі», «Мәтін және грамматика».
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
4-сынып оқушылары:
ауызекі және жазба тілді;
буын және дыбыс үндестігін;
мәтіннің құрылымы мен түрлерін;
cөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін
және бірыңғай мүшелерді;
жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
сөз тіркесін;
синоним, антоним, омонимдерді;
күрделі сөздерді, олардың түрлерін;
сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін біледі.
жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды;
жай сөйлемді құрмаласқа айналдырады;
мәтіннен қыстырма сөздерді табады;
сөз таптарын ажыратады, талдайды және оларды топтастырады,
өзара салыстырады;
мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрауға
дағдыланған.
Қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;
түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті
жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);
өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;
берілген мәтінге жоспар жасайды;
түрлі жанрда шығарма құрады (әңгіме, хат, өтініш, хабарландыру).
Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:
Оқушылардың каллияграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 4 сыныпта әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.
4 сыныпта жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллияграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.
Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары- көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.
Диктант
Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант әр сыныпта шамамен 4 рет (әр тоқсан сайын 1 рет) алынады.
Бақылау диктанты әр сыныпта шамамен 5 рет (әр тоқсан сайын- 1 рет, оқу жылының қорытындысы бойынша – 1 рет) алынады.
Диктантқа арналған сөз саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:
Сөздік диктанты:
4 сыныпта 15-20 сөз.
Бақылау диктанты:
4 – сынып- I жартыжылдықта 65-70 сөз, жыл аяғында 75-80 сөз.
Мазмұндама және шығарма.
Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама жұмысы 4 сыныпта жыл бойына барлығы шамамен 4 рет (әр оқу тоқсаны сайын 1 рет) алынады. Мазмұндамаға арналған сөз саны:
4 сыныпта 70-90 сөз
Үйрету мақсатындағы шығарма жұмысы 4 сыныптарда шамамен 3 рет (әрбір сынып сайын I жартыжылдықта – 1 рет, II жартыжылдықта – 2 реттен) алынады.
Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының нормасы
-
Сыныптар
|
I тоқсан
|
II тоқсан
|
III тоқсан
|
IV тоқсан
|
Қорытынды бақылау диктант
|
Бақылау диктанты
|
|
4
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Сауаттылығын тексеруге арналған диктант
|
4
|
1
|
1
|
1
|
1
|
|
Мазмұндама
|
4
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Шығарма
|
4
|
|
1
|
|
2
|
Диктантты бағалау критерийлері:
«5» - қатесі мүлде жоқ, таза, барлық қаллияграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
«4» - а)1 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе,б) 1 емле, 2 тыныс белгісі қателері болса, бірақта жұмыс таза орындалу керек;
«3» - а)3 емле, 2-3 тыныс белгісі,б) 4 емле, 2 тыныс белгісі,в)5емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.
Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн:
бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса- 1 қате болып есептеледі;
бір ережеге байланысты әртүрлі сөздерде жіберген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі;
тасымал кезінде сөздің бұрыңғы жолда қайталанып кездесуі. Сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды: а)өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілері болса, б) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен бастап жазса.
Қате болып есептеледі:
сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылуы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою;
сынып бағдарламасына енетін сөздердің жазылуында жіберілген қателер;
бағдарлама бойынша өткен тақырыпқа байланысты тыныс белгілері қойылмаса;
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау критерийлері:
«5» -түгелдей қатесіз орындалған тапсырмаға;
«4» - 1 қатесі бар түгел орындалған тапсырмаға;
«3» - тапсырма толық орындалмаса;
«2» - тапсырма мүлдем орындалмаса.
Диктант және грамматикалық тапсырмалардан құрылған бақылау жұмыстарына екі баға қойылады, жеке баға диктантқа және жеке баға тапсырмаға.
Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:
мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген: толық, негізгі
көріністерді қалтырмай, бұрмалаусыз);
мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)
сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы (сөздерді өз мәнінде қолдана білу)
емлелік және пунктуациялық сауаттылық
Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма) бағалау критерийлері:
4 сыныпта үйрету және бақылау мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).
Мазмұнына байланысты бағалау критерийлері:
«5» -автор мәтінінің толық жеткізгені, тақырыптың ашылуы, сөз қорының байлығы, мазмұнға байланысты қателері жоқ;
«4» - автордың мәтіні бойынша дұрыс мазмұндалған, бірақта мазмұндау барысында кейбір олқылықтар бар, тексті құрастыруда 2-3 сөйлем құрамында нақтылық болмағанда;
«3» - тақырып дұрыс ашылмаса, тіл байлығы орташа, сөйлемдерді құрастыруда мазмұнына байланысты қателер болса, автордың текстінен өзгеше болған жағдайда;
«2» - мазмұны автордың мәтініне сәйкес келмесе, сөз қоры нашар, сөйлемдері дұрыс құрастырылмаған жағдайда.
Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:
«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақта 1-2 түзетушілік болса;
«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік болса;
«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;
«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс белгілерінен қателер, 3-4 түзетушілік болса.
Тестік тапсырмаларды бағалау критерийлері:
Тест тапсырмаларын бағалауда жинаған ұпай сандары саналады.Оларды төрт баллдық шкала бойынша бағалауда мынадай кестеге сүйенеді:
100-95 % балл- «5», 94-75% - «4», 74-50 % - «3», 49 %- төмен – «2».
Көшіріп жазуды бағалау:
«5»- түзетулері жоқ, мінсіз орындалған жұмыс;
«4» - 1 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«3» - 2-3 қатесі, түзетуі бар жұмыс;
«2» - 3 және одан да көп қателері бар жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |