Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата19.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#21088
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі 

 

Әдістемелік құрал 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Астана 



2013 


Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесінің 

шешімімен  баспаға ұсынылған (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама). 

 

 

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 



қалыптастыру  әдістемесі.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б. 

 

«Бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 



қалыптастыру  әдістемесі»  атты  әдістемелік  құралда  оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың  мазмұны қамтылған. 

Әдістемелік құрал мектеп басшыларына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, жалпы 

білім беру саласының мамандарына арналған.  

 

 

 



 

 

 



 

                                  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

© 



Ы.Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2013 

 




Кіріспе 

 

Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 

үстіміздегі  жылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  жоспар  қабылданды.  Бұл  – 

Н.Ә.  Назарбаевтың  білім  саласын  жаңарту  туралы  бастамаларын  іске 

асырудағы  маңызды қадам болып табылады. 

Елбасының  көрсеткен  бағыттары  Қазақстан  халқына  Жолдауында,  жаңа 

Мемлекеттік бағдарламада, «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» 

атты  мақаласында,  Назарбаев  Университетінде  оқыған  дәрісінде  ерекше  мән 

беріліп айтылған.  Олар өз нәтижесін бере бастады.  

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 

оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған 

білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде 

«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 

өзектілігін арттырып отыр. 

Функционалдық сауаттылық  –  адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа 

түсе  алу  қабілеті  және  сол  ортаға  барынша  тез  бейімделе  алуы  мен  қарым-

қатынас  жасай  алу  деңгейінің  көрсеткіші.  Олай  болса,  функционалдық 

сауаттылық  тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп 

саналатын  және  оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын  қамтамасыз  ететін 

білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек 

білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе 

жеке  адамдар  тобының  мәдени  және  әлеуметтік  дамуының  өлшемі.  Осындай 

сапалық  сипаты  тұрғысынан  қарағанда  функционалдық  сауаттылық  жеке 

адамды дамытудың  тетігі ретінде қолданылады.  

Жалпы білім беру жүйесіне құзыреттілік  бағытты енгізу мәселесі бойынша 

көптеген  еңбектер  жарыққа  шықты  (В.А.Болотов,  Г.К.Селевко,  В.В.Сериков, 

Л.В.Трубайчук, А.В.Хуторской, М.Ж.Жадрина, Ф.Ш.Оразбаева, С.Д.Мұқанова, 

Ж.Т.Дәулетбекова, Б.А.Әрінова, А.Магауова және т.б.).  

Сауаттылық  тұлғаның  тұрақты  қасиеті  болып  табылатындықтан, 

функционалдық  сауаттылық  сол  тұлға меңгерген  белгілі  бір білім-біліктерден 

көрініс  табады.  Өйткені  функционалдық  сауаттылыққа  адам  нақты  білім  алу 

кезеңдерінен  өткеннен  кейін  қол  жеткізеді.  Бұл  орайда  білім  белгілі  бір 

сауаттылық  деңгейін  қамтамасыз  ететін  құрал  және  нақты  іс-әрекеттердің 

нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің 

түпкі  нәтижесі  деп  саналатын  құзыреттіліктердің  біртұтас  бірлігі  ретіндегі 

функционалдық  сауаттылықтың  мәнін,  рөлін  айқындаудың,  оны  мектеп 

тәжірибесіне  ендірудің  уақыт  талабымен  толық  сай  келуі  де  зерттеу 

тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.  

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас 

жасау  қабілеті,  оқушылардың  өзгермелі  өмірге  бейімделуінің  шарты, 

оқушылардың  жеке  бас  қабілеттерін  дамытудың  тетігі,  оқушылардың 

әлеуметтік  дағдыларын  дамытудың  негізі,  әлеуметтік-мәдени    дамуының 

өлшемі,  білім,  білік,  дағдыларының  құзыреттілікке  ұласу  жолы.  Ол  




оқушылардың  қатысымдық,  ақпараттық,  проблемалардың  шешімін  табу 

құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. 

Оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылық 

мазмұны 


келесі 

құзыреттіліктерден көрінеді:   

 

оқу, жазу сауаттылығынан; 



 

жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан; 

 

математикалық сауаттылығынан; 



 

компьютерлік сауаттылықтан; 

 

денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан; 



 

құқықтық сауаттылығынан. 

Сонымен,  педагогикалық-психологиялық,  лингвистикалық  және  ғылыми-

әдістемелік  әдебиеттерді  талдау  негізінде  бұл    ғылыми-зерттеу  жұмысының 

тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

қалыптастырудың әдістемесі» деп атаумызға тура келді. 



Әдістемелік  құралды  жазу  мақсаты:  Бастауыш  мектеп  оқушыларының 

функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістемесін ұсыну. 

 

Міндеттері: 

1) 


Бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырудың  әдіснамалық,  ғылыми-әдістемелік,  психологиялық  және  

педагогикалық негізін талдау; 

2)  Бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау.  

Кіріспе    зерттеуге  алынған  мәселенің  көкейтестілігінен,  қарама-

қайшылығы,  проблемасы,  мақсаты,  объектісі,  пәні,  ғылыми  болжамы, 

міндеттері,  әдіснамалық және теориялық негіздерінен тұрады.  

Бірінші  тарау:  «Бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын   қалыптастырудың теориялық негізі» деп аталса, екінші тарау 

«Бастауыш 

мектеп 


оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастырудың әдістемесі» деп аталады. 



Қорытынды: теориялық қортындылар мен ұсыныстардан тұрады. 

 




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау