Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата19.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#21088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

құзыреттерді  қалыптастыру  бағытына  өту  мәселесі  қарастырылуда. 

Құзыреттілік  бағыт  –  межелеген  мақсаттарға  жету  үшін  оқушының  ішкі 

(білім, білік,  дағды,  құндылық,  психологиялық  ерекшеліктер  және  т.б.) және 

сыртқы  (ақпараттық,  адами,  материалдық  және  т.б.)  ресурстарды  тиімді 

ұйымдастырудағы дайындығының қалыптасуын көздейді. Мектепте берілетін 

білім,  ендігі  жерде,  негізгі  мақсатқа  жетудің  құралы  болуы  керек  деп 

тұжырымдалды.  Дәстүрлі  мектепте  білім  баланың  білімді  болуы  үшін  ғана 

беріліп,  сол  берілген  білімнің  болашақта  бала  өміріне  қаншалықты  қажет 

екендігі  қарастырылмады.  Педагогикалық  мақсат  нәтижесінде  бала 

түсініктерді,  мәліметтерді,  ережелерді,  заңдылықтарды,  біліктіліктерді  және 

т.б.  меңгеруі  тиіс,  ал  мұғалім  сол  білімді  меңгертуі  тиіс  болды.  Егер  оқу 

нәтижесі  құзыреттілік  деп  анықталса,  онда  пәнді  меңгертуден  күтілетін 

нәтижелер  оқушының  өмірлік  дағдыларымен  сабақтастырылуы  қажет  болып 

саналады.  

Сонымен,  функционалдық  сауаттылық  –  жеке  тұлғаның    әлеуметтік, 

мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы  және  өмір 

бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  факторы,  яғни  бүгінгі  жаһандану 

дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай  ілесе  отырып,  меңгерген  білімді  тұрмыс 

тіршілікте  қолдана  алуы  мен  жетілдіре  отыруы.  Сонда,  функционалдық 

сауаттылық  ұғымына  келесі  анықтаманы  беруге  болады:  адамның 

мамандығына,  жасына  қарамастан  меңгерген  білімді  сауатты  қолдана  алуы 

мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі. Мұндағы басшылыққа алынатын 

функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім 

қабылдай  алу,  өз  кәсібін  дұрыс  таңдай  алуға  қабілеттілік,  т.б.  Яғни,  жалпы 

білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және 

рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде 

әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін 

қанағаттандыру болып табылады. 

Осыған  орай,  Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың  

төмендегідей  негізгі  механизмдерін  бөліп  көрсетеді.  Ұлттық  жоспардың 

жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері 

нақтыланып,    мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.  

Олар:  


•білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 

•оқыту нысандары мен әдістері;  

•білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау 

жүйесі;  

•мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;  

•мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу  

жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);  

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы 

білім беру ортасының болуы;  




•ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді 

рөлі.  


Оның алғашқысы – оқыту  әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. 

Яғни  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту    жалпы 

білім  беретін  орта  мектептің    Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартын  (МЖБС)  жаңартудан  бастау  алуға  тиіс.  Ол  үшін  мұғалім  білім 

алушының  бойына  алған  білімін  практикалық  жағдайда  тиімді  және 

әлеуметтік 

бейімделу 

үдерісінде 

пайдалана 

алатындай 

негізгі 

құзыреттіліктерді  сіңіруі керек. Олар:   

− 

басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);  



− 

ақпараттық  (өз  бетінше  ақпарат  көздері  арқылы үнемі  білімін  көтеріп 

отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);  

− 

коммуникативтік  (үш  тілде:  қазақ,  орыс,  ағылшын  (шет)  ауызша, 



жазбаша қарым-қатынас жасау);  

− 

әлеуметтік  (қоғамда,  өзі  өмір  сүрген  ортада  іс-әрекет  жасай  алу 



қабілеті);  

− 

тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, 



дағдыларды  игеру,  болашақ  өзі  таңдаған  кәсібін  өзі  анықтау,  оның 

қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);  

− 

азаматтық  (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін 



терең меңгеріп, Қазақстанның  өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын 

түсінуі);  

− 

технологиялық  (әр  азамат  өз  мамндығына  қарай  ақпараттық 



технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты 

пайдалануы).  

Білім  алушы  осы  аталған  негізгі  құзыреттіліктермен  қатар  пәндік 

құзыреттіліктерді  (әр  пәннің  мазмұны  арқылы)  меңгеруі  тиіс.  Елбасы 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 

Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  атты  еңбегінде  оқулық 

мәселесіне ерекше тоқталған болатын. 

Жалпы оқулық жазу мәселесі күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің  

бастысы екендігі алаш арыстарының  ой-пікірлерінен анық аңғарылады. Атап 

айтар болсақ, Ж.Аймауытов: «...Тегінде оқу кітаптарын кеңседе отырып одан-

бұдан  құрастырылып  ойдан  шығарылып,  долбармен  жазу  керек  емес, 

мектептердің  программасына  жанастырылып,  сондағы  оқыту  тәсілдеріне 

сүйеніп жазылуы керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі мектептерде 

қолдануға  жарамсыз  болып  қалады.  Кітап  жазушылар  ауылдағы  мұғалімдер 

арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі, сол бастауыш мектепте бала 

оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап ете түскендей 

кітап шығуы қиын»

.

 



ЕлбасыН.  Назарбаев  «...Мектептердің  пән  сөздерін  кеңседе  жасау  дұрыс 

емес.  Пән  сөзін  пән  маманы,  кітап  жазушы  шығару  керек.  Ешбір  ғалым  пән 

сөздерін  кеңседе  шешкізіп,  жасамайды.  Кітап  жазушы  өзі  табады.  Бір 




жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау