№
6 (1713) СӘ
РСЕНБІ
4 АҚПАН 2015 ЖЫЛ
ЖАНА ЗЕН
2
Лауазымы
Аты – жөні
Қабылдау
күні мен
уақыты
Орналасқан орны
Қызметтік
телефо-
ны
Жаңаөзен қаласы бойын-
ша Мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
Қожахметов
Бисен
Қожах-
метұлы
Бейсенбі
11.00 ден
17.00-ге
дейін
Жаңаөзен қаласы бойынша
Мемлекеттік кіріс басқармасы
Сарбөпеев көшесі 15 ғимарат
№1-кабинет
31-1-33
Жаңаөзен қаласы бойын-
ша Мемлекеттік кірістер
басқармасының басшы
орынбасары
Жанаев
Еркін
Жаналық-
ұлы
Сейсенбі
11.00 ден
17.00 – ге
дейін
Жаңаөзен қаласы бойынша
Мемлекеттік кіріс басқармасы
Сарбөпеев көшесі 15 ғимарат
№2-кабинет
31-6-34
Жаңаөзен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
2015 жылдың І жарты жылдығына арналған Жаңаөзен қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалар
мен заңды тұлғалар өкілдерін
ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
Қиындыққа мойымаған Люда
• ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫНА - 20 ЖЫЛ
А
лла тағала біреуге батпандай
бақ береді. Ал біреуге тауқы-
метін арқалатады. Екеуін де кө-
тере білу - ақылды, иманды адамның ісі.
Байлық пен мансапты, атақ пен абыройды
көтере алмай, көлгірсіп жүрген жандар да
бар. Керісінше, соншалықты бейнеттерге
тап болса да, мұқалмай, сынбай өмір сүріп
жүрген адамдар қаншама. Сондай жанның
бірі - қос аяғынан басуға дәрменсіз болса
да, жанарынан от ұшқындап отыратын қыз -
Людмила Башкенова.
Людмиланы 24 жасында жұмысқа
бара жатқан жерінен көлік қағып, омырт-
қасына зиян келеді. Автобус күтіп аялда-
мада алаңсыз тұрған оны ішімдікке бой
алдырған көлік жүргізушісі жарымжан
күйге түсіреді. Содан бері аттай 10 жыл
ауруханаға мен арбаға тәуелді. Көкірегі
сайрап, екі қолы қызметке жарамды болып
тұрған ол осы күйіне шүкір етіп, төсекке
таңылған екінші жылында-ақ тоқыма тоқуды
үйренеді. Түрлі киім-кешек тоқиды, сатады.
Людмиланың бүгінгі негізгі жұмысы да -
осы. Тіпті «Вконтакте» желісінен парақша
ашқан. Бұйымдарын сол арқылы да жарна-
малайды, тапсырыс қабылдайды. Тапқан-
таянғанын тырнақтап жинайды. Себебі
жылына бір рет шетелге барып емдом
алуы керек. «Жасымыз бірталайға келген
соң, ата-анадан ақша сұрау да ыңғайсыз.
Осы еңбегім арқылы тапқан табысымды
күнделікті жүріс-тұрысыма, қажеттіліктеріме
жаратамын. Ауысқанын депозитке салып
еміме жинаймын», - дейді ол.
Людмила бұйымдарының негізгі тұты-
нушылары - әкесінің, апасының ұжымдас-
тары және өзінің бұрынғы жұмыстастары.
Еңбекқор жанның қолынан шыққан киім-
кешектері адамға қонымды, сапалы, ерек-
ше. Біздің мекемедегі барлық қызметкер
Людаға тапсырыс береді, - дейді тапсырыс
берушісі Жұпар Демегенова.
Қиын күндерге тап болғанда Людмила-
ның ұлы бар-жоғы екі жаста еді. Төсекке
танылып жатқанында құлдыраңдап жүгіріп
жүрген бауыр еті баласын жетектеп жүре
алмағаны ана жүрегін сырқатынан бетер
сыздатты. Амал жоқ, сабырға жүгінді, тірі
қалғанына тәубе деді. Ал бүгін қара жерді
өз аяғымен баса алмағанын жаратқанның
жіберген сынағы деп ұғынатын Людми-
ла ұнжырғасын түсірмейді. Күйзеліске көп
түспеу үшін той-томалақтан қалмауға тыры-
сады. Бастапқыда ұялып, далаға шығудан
бас тартқан. Бірақ қазір өзімді көпшілік ара-
сында емін-еркін сезінемін, қысылмаймын
дейді. Людмиланың арбадағы бұл бейнесіне
таныстары да үйренген. «Оның салмақты,
ақылды мінезін жақсы көреміз. Барлық
жұмыстастар болып Люданы айтып отыра-
мыз. Той-мерекемізге шақырып отырамыз»
дейді Жұпар.
Кәсібінің нәсібін қайсар қыз көріп
те отыр. Жұмысқа өз аяғыммен барып-
келмегені болмаса, жетістіксіз де емес.
Өткен жылдың аяғында өткен облыстық
«Сырлы әлем» атты мүмкіндігі шектеулі
жандар арасында өткен байқаудан «Қол-
өнер» номинациясы бойынша 2-ші орынды
иемденді. Жуырда ғана мүмкіндігі шектеулі
жандар арасындағы «Жүректен шыққан
жылу» атты концерттің жүргізушісі бол-
ды. «Бойымдағы жылт еткен талантым-
ды танытуға тартынбаймын. Бізде арбада
отырғандарды биге үйрететін адам бол-
са, үйренер едім. Маңғыстаудың, Қазақ-
станның атын шығарудан аянып қалмас
едім» деп талаптанады ол.
Баспана дені сау адамдардың өзінің
бас ауруына айналып отырған мына заман-
да мүгедектерге тіптен қиын. Людмиланың
арманы да, мәселесі де осы - өз үйінің бол-
мауы. Қазір 10 адам болып әкесінің үйінде
тұрады. Жоғарғы қабатта. Людмилаға арба-
мен кіріп-шығуына ыңғайлы бірінші қабаттан
баспана қажет-ақ. Өрісімді кеңейтер ме
еді, қоғамға етене араластырар ма еді деп
толғанады ол. Жігерін жасытпай қаншама
еңбектенгенмен, азғантай қаражаттың бұл
арманына жеткізе алмайтынын біледі.
Тапқаны дәрі-дәрмегі мен ем-домынан ауы-
спайды. Сол себепті бірнеше жылдан бері
үй кезегінде тұр. Еңбекқор қыз жақсылықтан
үмітті. Біздер жарқын жүзді жанның қос
аяғына мініп, өз үйінде ұлымен қоныс тойын
тойлауына тілектестік білдірейік.
Индира СӘТЕНБАЕВА.
• РЕДАКЦИЯҒА ХАТ
сын қазақстандық барлық мұнай өндіруші
кәсіпорындар атқаратын жұмысының күрделілігіне
байланысты әрбір мамандық, әрбір разраяд бой-
ынша мұнайшыларға бірдей жалақы береді. Мы-
сал ретінде айтайықшы, ақтөбелік, атыраулық,
қызылордалық немесе маңғыстаулық болсын, кез-
келген 3 дәрежелі мұнай газ өндіру операторы біп-
бірдей жалақы алады.
- Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне өту ба-
рысында ескі жүйе бойынша жалақы алып кел-
ген мұнайшылардың жалақысы азайып кеткен
жоқ па? Жаңа жүйеден зардап шегіп қалған ма-
мандар болған жоқ па?
- Жаңа жүйеге өту кезінде біз мұнайшыларға
мынаны түсіндірдік: Бірыңғай еңбекақы төлеу
жүйесіне өту жалақыны көтеру емес, бұл - осы
саладағы ретсіздікті жою. Осы жүйеге өту ба-
рысында бірде-бір мұнайшының жалақысы тө-
мендеген жоқ. Керісінше өсті. Жаңа жүйеге өту
барысында Компания мұнайшыларының орташа
жалақысы 22 пайызға өсті. Бұл жоба өте сәтті
іске асты. Жаңа жүйе бойынша осы саладағы
ретсіздікті шешуге мүмкіндік алдық және мұнай-
шылардың еңбекақысының өсуіне қол жеткіздік.
- Мақсат Оңғарбайұлы, нарықтағы мұнай
бағасына байланысты сарапшылардың бол-
жамы әртүрлі. Бағаның нақты болжамсыз
күйде тұруы Сіз басқарып отырған ұжымдағы
мұнайшылардың әлеуметтік пакетіне қанша-
лықты әсер етеді?
- Біз 2013 жылдың күзінде Кәсіподақ коми-
тетінің өкілдерімен бір үстелдің басына жиналып,
2014-2016-жылдарға арналған Ұжымдық шарт-
ты қабылдадық. Шыны керек қой, жаңа құжатты
әзірлеу барысында мейлінше мұнайшының
мүддесіне жұмыс істейтін өзгерістерді көптеп
енгіздік. Жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында
бекіген осы келісімді біз қалай болғанда да орын-
даймыз. Оның үстіне Ұлттық Компания басшы-
сы Сауат Мыңбаев жыл басында осы мәселеге
байланысты арнайы жиналыс жасап, дағдарыс
кезінде қиындықты желеу етіп әлеуметтік пакетті
қысқартуға жол берілмейтінін қадап айтты. Яғни,
дағдарыс жұмыс орнына, еңбекақыға осыған қоса
жұмысшыларға берілетін әлеуметтік пакетке әсерін
тигізбейді. Жоғардағы сөзімде де айтып өттім, біз
шығыстарымызды қысқартамыз. Бірақ, оны әлеу-
меттік пакет пен еңбекақы есебінен жүргізбейміз.
- Әне-міне, дегенше 2015 жылдың алғашқы
айы да артта қалды. Осы жылға арналған
жоспарларыңыз қандай?
- Дәл қазіргі таңда Компания сатып алатын
тауарлар мен қызметтердің келісімшарттарын
жасақтау үстінде. Ең маңызды, кезек күттірмейтін
жұмыстар бойынша келісімшартқа отыруды өткен
жылдың соңында бастап кеттік. Әрине, осы жыл
біз үшін өте сындарлы жыл болғалы отыр. Басты
мұратымыз - 2015 жылға арналған өндірістік жо-
спарды орындау. Барлық іс-шарамызды, әреке-
тімізді, күш-қуатымызды осы мақсатты орындауға
арнаймыз. Ықшамдалған бюджетпен мейлінше
тиімді жұмыс істеудің тетігін таңдадық. Алла жаз-
са, жаңаөзендік мұнайшылар осы сенімнің үдесінен
шығады деп сенемін. Сындарлы кезеңде барлық
маңғыстаулық мұнайшыларға сәттілік тілеймін.
- Сұхбатыңызға рахмет!
Закария НАЗАР.
Соңы. Басы 1-бетте.
Жұмыс орны, еңбекақы және
әлеуметтік пакет сақталады
Газет-журнал
уақытылы келмейді
Ө
ткен жылдан бері «Өркен» шағын-
ауданындағы пошта бөлімшесінің
басылым тарату бөлімін «Шұғыла»
шағынауданындағы орталық пошта бөліміне
қосып жібергелі жазылған газет-журналдары-
мыз уақытылы келмейді.
Былтыр пошта басшыларына әлденеше рет
бардым. Бірде пошта қызметкері жетіспейтінін,
бірде пошташының ауырып жатқанын, енді
бірде беріп жібергенін айтатын. Қала әкімдігіне
де жазбаша шағымданғанмын. Жаңа Жыл-
дан жақсылық күтіп едім, алайда өзгерген
ешнәрсе жоқ, баяғы жартас - бір жартас. Амал-
сыз, жақында пошта басшысына тағы бардым.
Пошта қызметкерлеріне ескертетін болып
шығарып салды.
Қаладағы орталық поштаның өзі - құрқыл-
тайдың ұясындай. Тар, қапас бөлмеде адам
айналар жер жоқ. 130 мыңнан астам халқы бар
мұнайлы қалаға талапқа сай бір пошта сала-
тын уақыт жеткен сияқты...
Шабай ЖОЛЫМБЕРДИЕВ,
қала тұрғыны.
Өткен жұма күні Жаңаөзен
қаласы әкімінің аппараты және
Жаңаөзен
аймағы
бойынша
ауданаралық мемлекеттік қызмет
істер және сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы іс қимыл бөлімімен
бекітілген «Мемлекеттік қызмет-
керлер арасында сыбайлас жем-
қорлықтың алдын алу мақсатында
2015 жылдың І жарты жылдығына
арналған профилактикалық жұ-
мысының іс-шаралар жоспарына»
сәйкес семинар өткізілді.
С
еминарға Жаңаөзен аймағы
бойынша ауданаралық мемле-
кеттік қызмет істер және сы-
байлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл
бөлімінің басшысы Қайырбек Құрманов,
Қазақстан Республикасы Бас прокура-
турасының құқықтық статистика және
арнайы есепке алу басқармасының
Жаңаөзен қаласы бойынша бөлімінің
аға прокуроры Ғалымжан Анарқұлов,
мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық
кәсіпорындардың бірінші басшылары,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін тіркеуге жауапты мамандар
қатысты.
Семинар Ғалымжан Анарқұловтың
жасаған баяндамасымен ашылды. Ол
кеңеске жиналған мемлекеттік қызмет-
керлерге заң бойынша жеке және заңды
тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен қатар,
жалпы бөлім басшысы Айымгүл Миро-
ва, қала әкімі аппаратының персоналды
басқару бөлімінің басшысы Дариға Са-
рыева, мемлекеттік-құқық бөлімінің бас
маманы Лаура Чаканова баяндама жа-
сады. Олар өз баяндамаларында қала
әкімі аппаратына келіп түскен өтініштер,
қызметтегі сыбайлас жемқорлық пен
онымен қарсы күрес жүргізу жөніндегі
мәселелерді қозғады, семинарға жинал-
ғандардан қойылған сұрақтарға жауап
берді.
Жазира АҚБЕРГЕНОВА.
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес тақырыбында
семинар өтті