Лауазымдық міндеттері. Ресми органдар белгілеген нысандар және мерзімдер бойынша ұйымның кезеңдік статистикалық есептілігін және бір жолғы есептерін даярлау бойынша жұмыстарды орындайды. Алғашқы құжаттардың, сондай-ақ ұйым бөлімшелері берген мәліметтердің, есептердің негізінде жүйелі түрде жоспарлы тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттарды, персоналдың, технологиялық жабдықтың, көліктің және басқалардың сапалық сипаттары бар мәліметтерді жинақтайды. Алынған ақпараттардың дұрыстығын тексеруді, олардың жеке бөлімшелер бойынша алдыңғы кезеңдерде тапсырылған ақпараттармен салыстырылуын жүзеге асырады. Сандық ақпараттарды жүйелейді және өңдейді (оларды топтауды жүзеге асырады, нәтижелерді есептейді, салыстырмалы көрсеткіштерді есептейді). Ұйымның өндірістік және шаруашылық-қаржылық қызметін талдау бойынша жұмысқа қатысады. Статистикалық есеп мәліметтерінің негізінде түрлі анықтамаларды даярлайды. Жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.
Білуге тиіс. Статистикалық есепті ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, экономикалық статистика, ұйымның және оның бөлімшелерінің жұмыс көрсеткіштерін техникалық-экономикалық талдау әдістері, статистикалық есеп және есеп жүргізу бойынша алғашқы құжаттардың нысандары, оларды толтыру бойынша ережелер және нұсқаулықтар, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздері, техникалық құралдарды пайдалану ережелері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен мамандық бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиіс.
240. Стенографист Лауазымдық міндеттері. Баяндамалардың, дәрістердің, конференцияда, семинарларда және тағы басқа сөз сөйлеулердің, отырыс пен мәжілістің хаттамаларын (хабарлама, ұсыныстар және шешімдер) стенографиялық жазбасын жүргізеді. Ұйым басшыларының және мамандардың айтып жаздырумен іскер хаттардың мәтінін, бұйрықтарды, қорытындыларды, нұсқаулықтарды, баяндама жазбаларын және телефон арқылы берілетін мәліметтерді басқа да қызметтік құжаттарды стенографиялайды, сонымен қатар үн жазба тасығышысынан (диктофон және үн жазба қолданумен) сөз жазады. Стенографиялық жазбаларды түсіндіреді, оларды жазатын машиналарда басады немесе машинка басушыға айтып жаздырады немесе деректер банкіне ақпараттарды кіргізеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, стенография, орфография мен тыныс белгілері ережесі, әр-түрлі құжаттарды басу кезінде материалдарды орналастыру тәртібі, жазба машинкасын, компьютерді, диктофонды және үн жазбасын пайдалану ережесі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
І санаттағы стенографист: негізгі орта білім және жұмыс стажына талап қойылмайды, минутына 110 сөзден кем емес жылдамдықпен стенографиялауды көздейтін белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс;
ІІ санаттағы стенографист: негізгі орта білім және жұмыс стажына талап қойылмайды, минутына 85-90 сөзден кем емес жылдамдықпен стенографиялауды көздейтін белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс.
241. Табель жүргізуші Лауазымдық міндеттері. Жұмысшылардың мекемеге келуінің нақты уақытына табельдік есеп жүргізледі, олардың уақытында жұмысқа келуін және жұмыстан кетуін, жұмыс орындарында болуын бақылауды жүргізеді. Табельге тиісті белгілер қояды және күн сайын жұмысқа келу, кешігу және олардың көрсетілген себептерімен келмеуі туралы рапорт (мәлімет) жасайды, жұмыс істейтіндердің тізімдік құрамын есептейді. Жұмысшыларды қабылдау ресіміне, ауыстыру, шығу, демалысқа шығу және тағы басқа байланысты жүйелі өзгерістер енгізеді. Жұмысшылардың уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды, науқастарды күту бойынша анықтамаларды және олардың жұмыста болмау құқығын растайтын басқа да құжаттарды уақтылы ұсынуын бақылайды. Белгіленген тәртіпте жұмыс істеген нақты уақыты, жұмыс мерзімінен тыс сағаттары, еңбек тәртібін және тағы басқа бұзу туралы мәліметтер мазмұндалған табелді ұсынады.
Білуге тиіс. Табельдік есепті жүргізу бойынша ереже, нұсқаулықтарды, басқа да басқарушы материалдар мен нормативтік құжаттар, ұйымдарда және оның бөлімшелерінде жұмыс ауысымының кестелері мен жұмыс уақытының тәртібі, ұйымдарда іс жүргізуді ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
242. Бағалаушы Лауазымдық міндеттері. Бастапқы құжаттарды бағалауды жүргізеді (берілген тапсырма, материалдық кіріс ордерлері, талаптар, тауар құжаттамалары және тағы басқа) және әр құжаттың түрі бойынша қорытындылар есебін шығарады. Заманауи техникалық құралдарды қолдану бойынша шаралар қолданады.
Білуге тиіс. Құжаттарды толтыру тәртібіне қатысты ереже, нұсқаулықтар, басқа да басқарушы материалдар мен нормативтік құжаттарды, бастапқы құжаттардың нысандарын (берілген тапсырма, материалдық кіріс ордерлері, талаптар, тауар құжаттамалары және тағы басқа) және оларды толтыру тәртібі, есептерді жасау тәртібі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, техникалық құралдарды пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |