Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы



жүктеу 2,48 Mb.
бет92/117
Дата26.01.2020
өлшемі2,48 Mb.
#27371
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.




217. Инкассатор



Лауазымдық міндеттері. Ұйым кассасында белгіленген тәртіпке сәйкес ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды алады, олардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, есеп шотының немесе ағымдағы шоттың орналасқан жері бойынша банк мекемелеріне жеткізеді.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары, ақша қаражаттарын қабылдау, тасымалдау және тапсыру мерзімдері мен тәртібі, тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету ережелерін белгілейтін еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.



218. Калькулятор



Лауазымдық міндеттері. Қолданыстағы рецептуралар негізінде қоғамдық тамақтану ұйымдарында сатылатын өнімге калькуляцияның сатып алу бағаларын және үстеме сауда бағаларын орындайды. Қоғамдық тамақтану ұйымдары сататын өнімге (тағам, жартылай шикізаттар, аспаздық және кондитер тағамдары) бағаны белгілейді. Рецептуралардың, сату бағалары мен сауда-саттық үстемелерінің өзгеруіне сәйкес дайын өнімге баға белгілейді және калькуляциялық карточкаларға тиісті түзетулер енгізеді. Калькуляциялық карточкаларды тіркеуді белгіленген нысан бойынша жүргізеді. Өндіріс меңгерушісінің (шеф-аспазшының) өтінімі негізінде тағам, жартылай шикізаттар және аспаздық тағамдар үшін өнімдердің қажетті санының есебін жасайды. Тауарлық есептерден іріктеулерді және шығарылған тағамның және меншік өнімінің жедел есебін жүргізуді жүзеге асырады. Материалдық жауапты тұлғаларға бағаның жапсырмаларын жазады. Тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының қоғамдық тамақтану ұйымдарында сатылатын өнімге қатысты заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар, тағам және аспаздық тағамдардың рецептуралар жинақтарын пайдалану ережесі, дайын өнімді жайып салу және шығару нормалары, сауда-саттық бағалары және оларды пайдалану ережесі, қоғамдық тамақтану өнімінің сату бағасын есептеу (калькуляциялау) тәртібі және ережесі, калькуляциялық карточкаларды ресімдеу және есепке алу тәртібі, есептеу техникасын пайдалану ережесі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.




219. Кассир



Лауазымдық міндеттері. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді міндетті түрде сақтай отырып, ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды қабылдау, есебін жүргізу, беру және сақтауы бойынша операцияларды жүзеге асырады. Белгіленген тәртіп бойынша ресімделген құжаттар бойынша банктардан жұмысшыларға жалақы, сыйақы, іссапар және басқа да шығындарды төлеу үшін ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарды алады. Кіріс және шығыс құжаттарының негізінде кассалық кітапты жүргізеді, ақша қаражаттарының және бағалы қағаздардың іс жүзіндегі бар болуын кітаптағы қалдығымен салыстырып тексереді. Тозығы жеткен купюралардың тізімін, сондай-ақ оларды жаңа купюраларға айырбастау мақсатында банкқа тапсыру үшін тиісті құжаттарды жасайды. Белгіленген тәртіпке сәйкес ақша қаражаттарын инкассаторларға береді.Кассалық есептілікті даярлайды.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының кассалық операцияларды жүргізу бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары, кассалық және банкілік құжаттардың нысандары, ақша қаражаттары және бағалы қағаздарды қабылдау, беру, есепке алу және сақтау ережелері, кіріс және шығыс құжаттарын ресімдеу ережелері, ұйым үшін белгіленген кассадағы ақша қалдығының лимиттері, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері, касса кітабын жүргізудің, кассалық есептілікті жүргізу тәртібі, еңбекті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе негізгі орта білім және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.



220. Қоймашы
Лауазымдық міндеттері:

отынды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді, бөлшектерді, аспаптарды, заттарды және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды қоймаға қабылдауды, таразыға тартуды, сақтауды және беруді жүзеге асырады;

қоймаға түскен құндылықтардың сүйемелдеуші құжаттарға сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді;

материалдық құндылықтарды олардың түрлері, сапасы, мақсаты және басқа да белгілері бойынша сұрыптай отырып, сақтау орындарына қолмен немесе механизм көмегімен тасымалдауды ұйымдастырады;

материалдардың, жабдықтың және өнімнің бүлінуі мен ысырабын болдырмау мақсатында оларды ұтымды сақтауды қамтамасыз етеді;

тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауды, сақтау режимдерін, кіріс-шығыс құжаттарды ресімдеу мен тапсыру ережесін сақтауды қамтамасыз етеді;

тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады;

тауарлардың, жабдықтың сақталуына материалдық жауаптылықта болады;

материалдық қалдықтардың ведомосын жасайды, сүйемелдеуші құжаттарды, тауар сату туралы есептерді ресімдейді;

электрондық құжат айналымын, тауарлық-материалдық құндылықтарды оперативті есепке алуды (кіріс, шығыс, есеп) жүргізеді, сондай-ақ арнайы журналға тіркейді;

өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды қамтамасыз етеді, өрт сөндіргіштерді уақтылы зарядтайды, өртке қарсы жабдық ақаусыздығын, құрылыстын, шаруашылық керек-жарақтың сақталуын, оларды қалпына келтіруді, толықтыруды және уақтылы жөндеуді бақылайды, үй-жайлардың, аумақтың және жабдықтың жай-күйінің санитарлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді;

электр қондырғылары мен электр сымдарын, жерлендіруші құрылғыларды оқшаулаудың кедергілерін жыл сайын өлшеуді, су қыздыратын аспаптарға мерзімді сынақ жүргізу мен куәландыруды ұйымдастырады;

электр энергиясын есепкеалуды жүргізеді және тиісті ұйымға бұл туралы мәлімет береді, мүлікті түгендеп, есепке алады (мүліктің бір бөлігін түгендейді және есептен шығаруға дайындайды), қажетті есептеу-есепке алу құжаттамасын жүргізеді, оны орталықтандырылған бухгалтерияға және қойма меңгерушісіне уақтылы ұсынады;

қосалқы және қызмет көрсетуші персоналдың (жүкшілердің, қоймашылардың, жұмысшылардың) жұмыс уақытын кесте бойынша бақылауды жүзеге асырады, олармен жұмыс орнында нұсқама жүргізеді;

ауыр заттарды тасу, жүк түсіру-тиеу жұмыстары, қойма аумағында көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілердің талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Мыналарды:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» Заңын, қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдарды;

стандарттарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған стандарттар мен техникалық талаптарды;

тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлерін, өлшемдерін, маркаларын, сұрыптылығын және басқа да сапалық сипаттамаларын және олардың шығыс нормаларын;

жүк түсіру-тиеу жұмыстарын ұйымдастыруды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау мен қоймалау қағидалары мен тәртібін және оларды есепке алу ережесі мен нұсқаулығын;

жүктерді тасымалдау мен сақтауға, қоймалық үй-жайлар мен жабдықты жалға алуға арналған шарттардың талаптарын;

қойма шаруашылығын жүргізу ережесін;

сақтаудағы материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен түрлерін, олардың ерекшеліктері мен мақсатын;

тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу қағидаларын;

өнімдерді ауыстыру нормасын, өнімдерді сақтау қағидаларын;

есептеу техникасын, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану қағидаларын;

бухгалтерлік есеп негіздерін, «1:С Сауда және қойма» мамандандырылған бағдарламасын, кассалық операциялар жүргізу негіздерін, компьютерде (Word, Windows, Exel бағдарламалары) оперативті есепке алу тәртібін;

гигиена негіздерін, санитарлық-эпидемиологиялық қағидаларды;

еңбек заңнамасының негіздерін;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және қойма шаруашылығында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

221. Кодификатор
Лауазымдық міндеттері. Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарды іріктеу, сақтау, жүйелеу және есеп жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ұйым қызметкерлеріне қажетті заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді береді. Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің нұсқаларына қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес қажетті белгілер енгізеді. Заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді көбейтуге өтінімдер дайындайды және оларды ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне жібереді. Күші жойылған құжаттардың тізбесін жасайды. Құжаттардың берілуіне - қайтып келуіне есеп жүргізеді. Жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.

Білуге тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілері, іс қағаздарын жүргізу мәселелеріне қатысты әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдары, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды сақтау ережесі, сыныптауышты әзірлеу қағидаттары мен оларды пайдалану тәртібі, техникалық құралдарды пайдалану ережесі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.


жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау