Баспасөз хабарламасы "Астана" Халықаралық қаржы орталығының делегациясы Қхр қаржы институттары өкілдерімен кездесті



жүктеу 38,84 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі38,84 Kb.
#17058



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

"Астана" Халықаралық қаржы орталығының делегациясы ҚХР қаржы институттары өкілдерімен кездесті
16 мамыр 2017 ж. Пекин қ.

"Астана" Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің басқаруымен қаржылық ұйым делегациясы Қытай Халық Республикасының (ҚХР) қаржы институттары өкілдерімен кездесті.

ҚХР құнды қағаздары нарығын реттеу Комиссиясының Төрағасы Ли Шиюй, Шанхай қор биржасының Төрағасы У Цинмен, Инфрақұрылымдық Инвестициялар Азиялық банкінің вице-президенті, Қытай Өнеркəсіптік жəне коммерциялық банкінің (ICBC) өкілдерімен кездесу "Жібек жолының Экономикалық белдеуі" Саммитіне қатысу аясында өтті.

Кездесу аясында АХҚО мен Қытай реттеушілері арасындағы ынтымақтастық, қытайлық инвесторлардың қазақстандық капитал нарығына енуі, АХҚО биржасын құру жəне дамыту бойынша Шанхай Қор биржасымен стратегиялық ынтымақтастық, Қазақстандағы қытай банктерінің АХҚО базасындағы есептік-клирингтік қызметтің дамуы мəселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстанның құнды қағаздары нарығының АХҚО базасында дамуына деген айтарлықтай əлеуеті бар екендігін айтты, сонымен қатар, реттеушілердің ынтымақтастығы мен АХҚО биржасын дамытуға деген стратегиялық серіктестігі, АХҚО-ның "Жібек жолының экономикалық белдеуі" бағдарламасы аясында қаржы қызметін көрсететін орталық ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретініне тоқталды.

Ақпарат үшін:



АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
Қытай құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі Комиссиясы - Қытайдағы құнды қағаздар айналымын реттейтін, ҚХР-дегі қор биржалары қызметі мен фьючерлік ресурстарды басқаратын негізгі реттеуші орган.

1992 жылы құрылған жəне АҚШ-тағы Құнды қағаздар мен биржалар комиссиясы ( SEC) аналогы.

Құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі Комиссия елдің əртүрлі географиялық аймағын қамтитын 30-дан астам нормативтік бюро, сонымен қатар, елдің ең ірі қор биржалары - Шанхай мен Шэньчжэнь қор биржаларын бақылау бюросына ие.
Шанхай Қор биржасы 1990 жылы 26 қарашада құрылған. Осы жылдың 19 жетоқсанынан бастап жұмыс істеп бастады. Қытайдың құнды қағаздарын реттейтін Агенттікке қарайды. Шанхай Қор биржасы тиімді, ашық, сенімді нарық құру үшін заңдылық, дисциплина, ережелерге бағыну принциптерін ұстанады.

Нарыққа құнды қағаздармен сауда жасау мүмкіндіктері, бизнес-ережелерді құру, листингтерді ұйымдастыру жəне қабылдау, құнды қағаздар саудасын ұйымдастыру жəне мониторинг, листингтік компанияларды реттеу, нарықтық ақпаратты басқару жəне тарату секілді функцияларды атқарады
Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі - Қытай тарапынан құрылған халықаралық қаржы ұйымы. Негізгі мақсаты - Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қаржылық ынтымақтастыққа дем беру, Азиядағы əуежайдан бастап, жол, экономкласс үйлері құрылысы секілді инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру. Бұл банктің мүшесі ретінде 57 банкті айтуға болады, барлығы Ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Қазақстан Банк жүйесіне 2014 жылы 24-қазанда қосылды.
Қытайдың өнеркəсіптік жəне коммерциялық банкі (ICDB) - 1984 жылы құрылған. Ең ірі Қытай банктерінің бірі. Қытайдың "Алғашқы төрттігі" атанған ірі мемлекеттік банктері құрамына енеді, осы елдің банк саласының бестен бір бөлігін бақылауда ұстайды. Банк акциялары мемлекетке тиесілі. 2006 жылы қазан айының соңында банк өз акцияларын тұңғыш рет қор биржасына шығарып, 22 млрд.АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны (əлем тарихындағы ең ірі IPO) тартты. Банктің капитализациясы 270 млрд.АҚШ долларынан асады. Financial Times-тің нарықтық капитализациясы бойынша рейтингісіне сай ICBC ең мықты ондықтың қатарына енеді. Банк 5 млн.корпоративтік жəне 465 млн.жеке клиенттерге қаржылық қызмет көрсетеді. ICBC-дің 17 500 бөлімінде 462 000 адам жұмыс істейді.
жүктеу 38,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау