Баспа №1 11. 09. 2014 Бет тен


ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



жүктеу 0,54 Mb.
бет4/5
Дата25.05.2018
өлшемі0,54 Mb.
#17134
1   2   3   4   5


3. ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар студент онымен танысқанда, пәнді оқу процесін тиімді ұйымдастыра алу мүмкіндіктерін жетік білу үшін дұрыс құрылуы керек.

ҚР Білім және Ғылым министрлігімен бекітілген оқулық бағдарламасымен сәйкес әртүрлі экономикалық мамандықтағы студенттер оқитын барлық сұрақтарды қамтиды. Онда корпорация қаржыларын ұйымдастыру және оның қаржылық ортасын, мазмұны, мақсаттары мен функциялары жазылған. Корпорацияның инвесторлармен, жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, жұмысшылармен, қаржылық делдалдармен, мемлекетпен қаржылық қатынастар жүйесі қарастырылған. Корпорация қаржысын ұйымдастыруда корпорацияның меншікті капиталының, табыстарды қалыптастыру мен тарату процесін заңды реттеу маңызды орынға ие.

«Қаржы» оқу барысында қаржылық-несиелік сұрақтары бойынша ҚР үкіметінің экономикалық саясатының білімін, шаруашылық субьектілерінің даму жағдайын талдау, кәсіпорынның бизнес жоспарын құру, қаржылық жоспарды құрастыруды жетік білуі қажет.


  • дәріс және тәжірибе сабақтарына дәптер бастау;

  • Тәжірибе сабақтарында калькулятор болуы тиіс;

  • 1-3 тақырыптар теориялық болып табылады, сондықтан оқу барысында заңдыдық және нормативті-құқықтық базаны, сонымен қатар экономикалық газет-журналдардан экономикалық мақалаларды пайдалану керек;

  • 4-15 тақырыптар теориялық-әдістемелік және практикалық сипатта,тәжірибе сабақтары ауызша және жазбаша жауаптарды қарастыратын интенсивті режимде болады. Сондықтан негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, төменде көрсетілген барлық нұсқауларды орындау қажет.

Әдістемелік нұсқаулар: берілген курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану керек, ауызша сұрауға арналған сабақ мазмұнына сәйкес сұрақтар, бақылау жұмыстарының сұрақтарын, есептерді тәжірибелік сабаққа арналған дәптерге жазу керек.

Студенттерге жеке тапсырмалар мен есептер шығаруға беріледі. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау топ бойынша жүргізіліп тапсырылады. Әрбір топ курс барысында бір ауызша презентация тапсыруы керек. Әрбір жұмыс және тәжірибелік сабақтың талдауын әрбір студентпен жеке орындалуы тиіс.

Аудиторияда берілген есеп сабақ барысында есептелуі тиіс. Бұндай есептер күтпеген жерден болуы мүмкін және қайта қарастыруға болмайды. Бұндай есептерді шығару үшін калькулятор қажет.

4 КУРС ФОРМАТЫ


Қатысу - дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда таңдалмаған мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында бұзылған тәртіп үшін студент аудиториядан шығарылып және курс бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып , белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек. Сабаққа кешігіп қалған немесе дәріске қатыспаған студенттер автоматтыы түрде 0 балл алады.

Тапрсырмаларды дайындау:

0 балл, кем тапсырғандардың баллдары кемітіледі.



Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, студенттің өздік жұмысымен уақытында тапсырылған, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруіне, межелік бақылаудың қорытындысын есепке ала отырып, шығарылады. 5семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.

Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттенрдің дайын жұмыстарын көшіріп алу) аудиториядан шығарып жіберу немесе бүкіл курс бойына қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.

Ұялы телефондар – сабақтың өтуі барысында өшіріліп тастауы керек.

Емтихан – қорытынды емтихан «Қаржы » курсы бойынша билет негізінде емтиханға жіберілген барлық студенттер, тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде рұқсат етілмейді.

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмысының мазмұны келесі кестеде көрсетілген.


Кесте 4 – ОӨЖ, ООӨЖ тапсырмалары



Сабақ тақырыбы

Аудиториялық сабақтардың нысаны

ООӨЖ нысаны

ОӨЖ нысаны

1.

Кiрiспе. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен ролі.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

2.

Қаржы жүйесi.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

3.

Қаржылық саясаты және қаржы механизмі.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

4.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қаржысы.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

5.

Мемлекеттік қаржы.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

6.

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

7.

Мемлекеттiк бюджет.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

8.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

9.

Мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк борыш.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

10.

Үй шаруашылығының қаржысы.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

11.

Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

12.

Экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеу.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

13.

Қаржы рыногы.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

14.

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесiндегi қаржы.

Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру

15.

Қаржы және инфляция.


Ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тест жүргізу

Аудиториялық бақылау жұмысын орындау, ғылыми жұмыс жазу

Реферат, слайдтар, кроссвордтар құру


Студентерінің өздік жұмысқа арналған тақырыптарының тізімі

  1. Ұдайы өндірістегі қаржының рөлі

  2. Басқа құндық экономикалық категориялармен қаржының өзара іс-әрекеті

  3. Қаржы ресурстары мен ақша қорлары

  4. Қаржылық жоспарлаудың объектісі, мақсаты, міндеттері және қағидаттары

  5. Қаржы жоспарларының негізгі түрлері, олардың сипаттамасы

  6. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау органдары

  7. Негізгі үйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының ерекшеліктері

  8. Негізгі өндірістік капиталдар, олардың толық айналымы

  9. Өндірістік капиталдарды қалыптастырудың және олардың өсімдерін қаржыландырудың көздері

  10. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары

  11. Кәсіпорынның шығындары

  12. Шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстарын қалыптастыру және бөлу

  13. Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдары қаржысының ерекшеліктері

  14. Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының кірістерінің көздері және негізгі шығыстары

  15. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер

  16. Жанама пайдаларды реттеу

  17. Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттамасы және құрамы

  18. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстардың сыныптамасы

  19. Әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру

  20. Инновациялық дамуды қаржыландыру

  21. Қорғаныс пен басқаруды қаржыландыру

  22. Салықтардың экономикалық мәні, қағидаттары және функциялары

  23. Салықты алудың амалдары және салықтық есептердің әдістері

  24. Тура салықтар, олардың сыныптамасы

  25. Корпорациялық табыс салығы

  26. Жеке табыс салығы

  27. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

  28. Меншік салықтарының (жер,мүлік,көлік құралдарының) қысқаша сипаттамасы және маңызы

  29. Жанама салықтар және олардың сипаттамасы

  30. Қосылған құн салығы

  31. Акциздер, олардың фискалдық және реттеуші рөлі

  32. Алымдардың, төлемақылардың арналымы және рөлі

  33. Салықтарды аударып салу үдерісінің ерекшелеліктері

34 Салық салудан жалтарыну

35. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары , экономиканы басқару механизмі ретінде



  1. Бюджет тапшылығымен байланысты бюджет саясатының тұжырымдары

  2. Бюджет жүйесіндегі бекітіп берілген және реттеуші табыстар

  3. ҚР жергілікті бюджеттерінің табыс бөлігінің құрамы

  4. ҚР жергілікті бюджеттерінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрлымының ерекшеліктері

  5. Бюджет жүйесіндегі субвенциялар және алынымдар

  6. Бюджеттік үдерістің кезеңдері ( республикалық, жергілікті деңгей)

  7. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы

  8. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз етудің ерекшеліктері

  9. Жинақтаушы зейнетақы қорларын қалыптастыру және пайдалану

  10. ҚР Ұлттық қоры: қордың қалыптасуы және миссиясы

  11. Инвестициялық қор, оларды пайдаланудың бағыттары

  12. Инновациялық қор, Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы оның рөлі

  13. Ішкі және сыртқы мемекеттік борыштың проблемалары

  14. Ұдайыөндірістік үдерістегі үй шаруашылықтарының рөлі

  15. Үй шаруашылықтарының бюджеті, оның кірістері мен шығыстары

  16. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі

  17. Халықтың тұрмыс деңгейін реттеу

  18. Халықтың тұрмыс деңгейінің қаржылық және әлеуметтік индикаторлары

  19. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер кедейлікті төмендетудің фаторы ретінде

  20. Респупликаның сақтық рыногы, оның даму бағыттары

  21. ҚР-дағы қаржы рыногының ерекшеліктері

  22. Бағалы қағаздардың негізгі түрлері олардың қысқаша сипаттамасы

  23. Қаржы рыногының инфрақұрылымы,оның құрамы

  24. Кеден баждары, олардың арналымы, түрлері

  25. Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың проблемалары

  26. Инфляцияның тұрпаттары, түрлері және олардың қаржылық аспектілері

  27. Инфляцияға қарсы саясаттың шаралары

  28. Шығындар инфляциясын жою

Курстық жұмыс тақырыптарының тізімі

  1. Қаржының мәні мен объективті қажеттігі

  2. Мемлекет қаржысының орталық идеясы ретіндегі «қоғамдық тауар» тұжырымдамасы

  3. Қаржылық проблемалар мен үдерістердің әдістері мен әдістемесі

  4. Қаржы мәнінің көрінісі ретіндегі оның функциясы

  5. Тауар-ақша қатынастары және қаржы

  6. Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау

  7. Қаржының ұдайыөндірістік тұжырымдамасы

  8. Ұлттық шоттар жүйесінің қаржылық аспектілері (Қазақстан мысалында)

  9. Қаржылық қатынастардың материалдық-заттай көрінісі ретіндегі ақша қорлары

  10. Қаржы ресурстары, олардың динамикасы мен құрылымын талдау

  11. Қазақстан Республикасының қаржысын тұрақтандырудың эволюциясы

  12. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара іс-әрекеті және өзара байланысы

  13. Қазақстан Республикасын орнықты дамытудың қаржылық бағдарламасы

  14. Рыноктық экономика жағдайында қаржылық қатынастардың дамуы

  15. Қаржының қоғмдық ұдайыөндірістегі рөлі

  16. Қаржының әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы рөлі

  17. Қаржының макроэкономикалық реттеудегі рөлі

  18. Экономиканың бәсекеге жарамдылығын арттырудағы қаржының рөлі

  19. Қаржы саясаты қаржылық қатынастарды жүзеге асырудың субъективтік мүмкіндігі ретінде

  20. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика

  21. Қаржы саясаты қаржылық қатынастарды жүзеге асырудағы субъективті мүмкіндіктер ретінде

  22. Мемлекеттің фискалдық саясаты, қазіргі кезеңдегі оның ерекшеліктері

  23. Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржы механизмі

  24. Рыноктық экономикада қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері

  25. Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі

  26. Қазіргі жағдайларда қаржыны басқару

  27. Үй шаруашылықтарының табыстары мен шығыстары және оларды мемлекеттік реттеу

  28. Қаржылық қызметті және қаржылық есеп-қисаптарды басқарудың автоматтандырылған жүйелері

  29. Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету

  30. Үй шаруашылықтарыныңқаржысы, қаржы жүйесінің буыны ретінде

  31. Рынок жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні

  32. Қаржылық бақылау: теориясы, практикасы және шетелдік тәжірибесі

  33. Аудит шаруашылық органдардың қаржы ахуалын зерттеу мен бағалаудың нысаны ретінде

  34. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

  35. Меншікті өзгертудің қаржылық аспектілері және оны қайта ұйымдастыру

  36. Коммерциялық емес (өндірістік емес) сфера мекемелері мен ұйымдарының қаржысы

  37. Кәсіпорындардың бюджетке төлейтін төлемдері: Қазақстандағы эволюциясы және қазіргі практикасы

  38. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қорланымдары және оларды бөлу

  39. Табыс қаржылық бөлудің объектісі ретінде

  40. Өндірістік қорлардың толық айналымын қамтамасыз ету

  41. Меншіктің түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

  42. Табысқа салық салу шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік бюджетпен қатынастарының нысаны ретінде

  43. Жекеменшік бюджетті венчурлік қаржыландыру

  44. Экономиканың нақты секторында өндірісті кластерлік ұйымдастыруды қаржылық қамтамасыз ету

  45. Қазақстанның индустриальды- инновациялық дамуының іс-шараларын қаржыландыру

  46. Қазақстандағы шағын бизнестің дамуын қаржыландыру

  47. Акционерлік қоғамдардың қаржысы: Қазақстан қаржысы рыногының шектеулімдігі жағдайындағы проблемалары мен басымдықтары

  48. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі

  49. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтыну қорын қалыптастыру және пайдалану

  50. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлану қоры, оның инвестициялық үдерістегі рөлі

  51. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің өнірістік және әлеуметтік дамуын өзін-өзі қаржыландыру

  52. Айналым активтерін қаржыландырудың көздері жіне оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау

  53. Фермер шаруашылықтардың қаржысын ұйымдастыру

  54. Қазақстандағы шағын бизнестің дамуын қаржыландыру

  55. Қаржы менеджментінің мазмұны және оның эволюциясы

  56. Мемлекет кірістерінің экономикалық мазмұны

  57. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі: қалыптасу және даму кезеңдері

  58. Қазақстан Республикасы салық саясаты ерекшеліктері

  59. Қосылған құн салығы: жұмыс істеу механизмі және оны жетілдіру жолдары

  60. Мемлекеттің салық саясатындағы акциздер

  61. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын төлемдер жүйесінің дамуы

  62. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыруда салықтар мен міндетті төлемдердің рөлі

  63. Ресурстар үшін төлемдер және мемлекеттің кірістері жүйесіндегі олардың орны

  64. Салық кодексі салық жүйесінің жұмыс істеуінің негізі ретінде

  65. Корпорациялық табыс салығы және оның бюджет кірістерін қалыптастырудағы рөлі

  66. Қаржы жүйесіне халықтың табыстарын жұмылдырудың әдістері

  67. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

  68. Қазақстан Республикасында мемлекеттік баланстаудың жаңа тұжырымдамасы

  69. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі

  70. Қазақстанның бюджет жүйесінің дамуы (тарихи аспект)

  71. Республикалық бюджет –мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандырудың нысаны

  72. Бюджет жүйесінің буындар арасында кірістер мен шығыстарды бөлу механизмі

  73. Мемлекеттік бюджетке табыстарды жұмылдырудың нысандары мен әдістері және оларды жетілдірудің міндеттері

  74. Жергілікті бюджеттер және аумақтарды дамытудағы олардың рөлі

  75. Бюджет аралық қатынастар: жай-күйі мен дамуы

  76. Бюджеттен тыс қорлар: қаржы жүйесіндегі олардың орны мен рөлі

  77. ҚР Ұлттық қоры: қалыптасу мен пайдаланудың өзіндік ерекшелігі

  78. Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны

  79. Экономикалық дамуды қаржыландырудағы жұмсалатын мемлекет шығындары

  80. Қаржы резервтерін қалыптастырудың нысандары мен әдістері

  81. Негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялардың тиімділігін арттырудың қаржылық проблемалары

  82. Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын мемлекет шығыстары

  83. Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар:қаржыландырудың көздері, нысандары және әдістері

  84. Жинақтаушы зейнетақы қорлары: жай-күйі және дамуы

  85. Қазақстанда зейнетақы мен қамтамасыз етудегі қаржының рөлі

  86. Білім беруге жұмсалатын шығыстар, рынок жағдайларында білім беру мекемелерін қаржыландырудың ерекшеліктері

  87. Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстар, денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландырудың проблемалары

  88. Мәдениет мекемелерін қаржыландыру: жай-күйі мен проблемалары

  89. Қайрымдылық қорлар жүйесін қалыптастырудағы қаржының рөлі

  90. Ғылыми –техникалық прогресс және қаржы

  91. Рынок жағдайында қаржы мен сақтандырудың өзара байланысы

  92. Әлеуметтік сақтандырудың қаржылық аспектілері

  93. Сақтандырудағы тариф саясаты

  94. Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы: оның жай-күйін талдау және даму перспективалары

  95. Қазақстанның қаржы жүйесіндегі Ұлтық әл-ауқат қорының рөлі

  96. Рынок жүйесінде жеке сақтандыру

  97. Мүлікті сақтандыру: теориясы, практикасы, шетелдік тәжірибесі

  98. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін ұйымдастыру

  99. Сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу

  100. Қаржы рыногының қалыптасуы: жәй-күйі, мүмкіндіктері, проблемалары

  101. Бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттің қызметі

  102. Қазақстан Республикасында қаржы рыногын ұйымдастыру

  103. Қазақстан қор рыногының пробемалары

  104. Мемлекеттік кредит: жұмыс істеуінің алғышарттары, шарттары және факторлары

  105. Мемлекеттің қажеттерін қаржыландырудағы қарыздардың рөлі

  106. Сыртқы экономикалық қатынастардың валюта-қаржы механизмі

  107. Экономикалық интеграцияны жүзеге асырудағы қаржының рөлі

  108. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері

  109. Үш Евразиялық мемлекеттің Кедендік Одағы қызметінің қаржылық аспектілері

  110. Валюта қорлары мен резервтерін қалыптастыру және пайдалану

  111. Мемлекеттің төлем балансы: Қазақстанда құрамы мен құрылымын талдау

  112. Қаржы және инфляция: өзара байланысы және өзара іс әрекеті

  113. Мемлекеттік борышты басқару: нысандары, әдістері, құқықтық қамтамасыз ету

  114. Экономикалық ғылыми бағыттарда классикалық, институционалдық және олардың түрленулеріне қаржы теориясын әзірлеу

  115. Исламдық қаржыландыру ҚР-ның қазіргі қаржы жүйесінің маңызды толықтыру құралы ретінде.


5. КУРС САЯСАТЫ

Қатысу - дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда таңдалмаған мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында бұзылған тәртіп үшін студент аудиториядан шығарылып және курс бойынша қанағаттанарлықсыз деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып , белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа студенттер әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек. Сабаққа кешігіп қалған немесе дәріске қатыспаған студенттер автоматтыы түрде 0 балл алады.

Тапрсырмаларды дайындау:

0 балл, кем тапсырғандардың баллдары кемітіледі.



Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, студенттің өздік жұмысымен уақытында тапсырылған, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруіне, межелік бақылаудың қорытындысын есепке ала отырып, шығарылады. 5семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.

Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагиат (басқа студенттенрдің дайын жұмыстарын көшіріп алу) аудиториядан шығарып жіберу немесе бүкіл курс бойына қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады.

Ұялы телефондар – сабақтың өтуі барысында өшіріліп тастауы керек.

Емтихан – қорытынды емтихан «Қаржы » курсы бойынша билет негізінде емтиханға жіберілген барлық студенттер, тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде рұқсат етілмейді
6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Пән бойынша амтихан бағасы 100%-ды құрайтын модульдер, қорытынды бақылау ( 60%) максималды көрсеткіштердің көлемі ретінде анықталады.

Бақылау түріне байланысты және апталар бойынша баллдардың бөлінуі 5- кесте көрсетілген

«Қаржы» пәні бойынша баллдардың бөлінуі

Кесте 5



Апта

Бақылау түрі

Балл

Ескерту

1

2

3

4

1

1 және 7 апта аралығында аудиториялық сабақтарға қатысу

Ауызша сұрау



30
5




2

Ауызша сұрау

15




3

Ауызша сұрау

ОӨЖ ( үй тапсырмасын орындау, эссе жазу)



15

40





4

Жазбаша сұрау. Экономикалық диктант. Тесттер.

20




5

Үй тапсырмасын қорғау. Кейстар. Дискуссия.

20




6

Жазбаша және ауызша сұрау. Тесттер.

ОӨЖ ( үй тапсырмасын орындау, эссе жазу)



25
40




7

1 Межелік бақылау

90




1 және 7-ші апты бойынша балдар

300




8

8 және 15 апта аралығында аудиториялық сабақтарға қатысу

Ауызша сұрау



30
5




9

Ауызша сұрау

10




10

Ауызша сұрау

ОӨЖ ( үй тапсырмасын орындау, эссе жазу)



10

40





11

Жазбаша сұрау. Экономикалық диктант. Тесттер.

15




12

Үй тапсырмасын қорғау. Кейстар. Дискуссия.

15




13

Ауызша сұрау. Дискуссия.

20




14

Жазбаша және ауызша сұрау. Тесттер.

ОӨЖ ( үй тапсырмасын орындау, эссе жазу)




25
40




15

2 Межелік бақылау

90




8 және 15-ші апты бойынша балдар

300




Емтихан бойынша

400




Академиялық кезең үшін

1000



Кесте 6 – Пән бойынша студенттердің білімі аттестация (межелік бақылау) келесі шкаласы (балл түрінде) бойынша анықталады






1

2

3

4

5

6

7

P

8

9

10

11

12

13

14

15

P

Дәріс























(30)

























(30)

Практика

5

15

15

20

20

25

0

100

5

10

10

15

15

20

25

0

100

ОӨЖ орындау

0

0

40

ОӨЖ №1


0

0

40

ОӨЖ №2


0

80

0

0

40

ОӨЖ №3


0

0

0

40

ОӨЖ №4


0

80

Компьютерліктестілеу



















-

-






















-

-

Межелік

бақылау




















90

90






















90

90

Бардығы:






















(300)

270

























(300)

270

Р1- бірінші межелік бақылау

Р2 – екінші (нәтижелі) межелік бақылау

Р1 max = 300 балл и Р2 max = 300 балл, семестрде 600 балл жиналған кезде – қорытынды рейтинг студенттердің білімі 100 %.пайызға сәйкес келеді


Кесте 7 – Емтиханда студенттердің білімі келесі жүйе бойынша бағаланады

Баға

Әріп. эквивалент

%

Балл

Өте жақсы

А

А-


95-100

90-94


4,00

3,67


Жақсы

В+

В

В-



85-89

80-84


75-79

3,33

3,00


2,67

Қанағаттандырлыған

С+

С

С-



Д+

Д


70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

2,33

2,00


1,67

1,33


1,00

Қанағаттадырылмаған

F

0-49

0,00

Аяқталмаған

I

-

NA

Пәнді өрындаған

Р

Өтті

-


7. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

7.1.1.Қазақстан бликасының Конституциясы.

7.1.2.Қазақстан Республикасыныңң Азаматтық Кодексі

7.1.3.Қазақстан Республикасындағы жалры мемлекеттік басқару туралы.

7.1.4.Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі.

7.1.5.Елдегі жағдай туралы және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы (тиісті жылға арналған), Республика Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы.

7.1.6.2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустралдық-инновациялық дамуының стратегиясы.

7.1.7.Республикалық бюджет туралы. (тиісті жылға арналған.)

7.1.8.Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі.

7.1.9.Шаруашылық серіктестері туралы.

7.1.10.Акционерлік қоғамдар туралы.

7.1.11.Бағалы қағаздар нарығы туралы.

7.1.12Инвестициялық қорлар туралы.

7.1.13.Қазақстанның инвестициялық қоры туралы.

7.1.14.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау.

7.1.15.Жеке кәсіпкерлік туралы.

7.1.16.Мемлекеттік кәсіпорынтуралы.

7.1.17.Өндірістік кооперативтер туралы.



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау