Барлығы – 90 сағат


Тақырып 1. Инновациялық менеджмент – басқару процессі ретінде



жүктеу 0,91 Mb.
бет4/14
Дата01.01.2020
өлшемі0,91 Mb.
#25649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тақырып 1. Инновациялық менеджмент – басқару процессі ретінде


Тақырыптың мақсаты: Студенттерге инновация түсінігін, оның түрлерін, инновациялық процесс, технология түсініктерімен таныстыру. Жалпы тақырыптың мазмұнын ашу.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1.1. Инновацияның негізгі түсініктері және түрлері.

1.2. 1991-2001 жылдардағы қазақстан экономикасының даму тенденциялары.

1,3. Даму айналымы және заңдылықтары.

1.4. Басқарудағы артықшылықтар және даму түрлері.




    1. Инновацияның негізгі түсініктері және түрлері.

«Инновация» түсінігі жаңашылдық сөзінің синонимі бола отырып осы сөзбен бірге қолданылады.

Инновация дегеніміз- инновациялық қызметтің соңғы нәтежиесі. Инновация нарыққа немесе өндірістік процеске енгенде ғана жүзеге асырылған болып саналады. Технологиялық инновацияның екі түрін бөліп көрсетуге болады.: азық түлікті (продуктовый) инновация және процестік инновация.

Азық-түліктік инновация- жаңа немесе жетілдірілген азық-түлікті енгізуді қамтиды. Процестік инновация-өндірістік ұйымдардың жаңа немесе жетілдірілген өнімін меңгеру болып табылады. Мысалы АҚШ-та инновацияның 1/3 бөлігі процестік, ал 2/3 бөлігі азық-түліктік инновация болып табылады.

Инновация –ғылыми-техникалық процеспен тығыз байланысты. ҒТП-ғылымда жаңа заңдылықтар, құбылыстарды ашу негізінде өндіріс және технологиялық құралдарды жетілдіру есебінде қамтамасыз ететін өнім өндірісінің негізгі факторы болып саналады.

Инновацияның бірнеше түрі бар:


  1. Базистік инновация-ірі зерттеулерді жүзеге асырады және техниканың жаңа бағыттары мен буынын қалыптастырудың негізі болады.

  2. Жақсарту инновациясы-ұсақ және орта зерттеулерді шығаруға бағытталған.

  3. Псевдоинновация- ескірген техника-технологияларды жетілдіруге бағытталған.

Инновациялық процесс-ғылыми білімнің инновацияға айналу процессі, яғни идеяның нақты өнім, технологияға және қызметке дейін пісіп жетілуі және тәжірбие жүзінде қолданылу үшін таралуы.

Инновация нарыққа еніп қана қоймай , ол әрі қарай дамып жаңа тұтынушылық қасиетке ие болып тиімді бола түсуімен ҒТП тен айрмашылығы болады. Ал бұл өз кезегінде оған қолданылудың және нарықтардың жаңа салаларын ашады және оны өнім-технология немесе қызмет ретінде қабылдайтын жаңа тұтынушыларды тауып береді Инновациялық процесс нарық талап ететін өнімдерін шығаруға бағытталған және ол қоршаған ортамен тығыз бірлестікте болады: яғни оның бағыттылығы, жылдамғы, мақсаттары әлеуметтік ортамен тығыз байланысты..

Инновациялық процестің негізі- жаңа техниканы жасау және меңгеру процессі болып табылады. Техника- адамның білімі мен жаңа қабілеттері материалданған өндірістің заттай факторларының жиынтығы. Технология- техниканы жасау және қолдану әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы сонымен бірге табиғи заттардың өндірістік және тұрмыстық қолданылуына айналуы.

Инновациялық қызмет- шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту және жаңартып кеңейту үшін ғылыми зерттеудің нәтежиелерін қолдануға бағытталған қызмет түрі.

Инновациядағы капитал салымдарымен байланысты инновациялық қызмет түрін инновациялы-инвестициялық қызмет деп аталады. Инновациялық қызмет, инновацияға алып келетін коммерциялық, қаржылық, ұйымдастырушылық, техникалық және ғылыми кешенді ұйғарады.

Инновациялық қызметтің негізгі түрлеріне жататындар:



  1. өндірісті ұйымдастыру және дайындау , яғни өндірістік құрал-жабдықтарды және олардың өзгерістерін, сонымен бірге жаңа технологиялық процесс жасау үшін қажет сапаны бақылау және өндіріс әдістерін қамтиды.

  2. қайта өндірістік зерттеулер, яғни жаңа технология және құрал жабдықтардықолдану үшін персоналдарды қайта даярлау, өнім технологиялық процестік модификациялау.

  3. жаңа өнім маркетингі,яғни нарыққа жаңа өнімді шығарумен байланысты байланысты қызмет түрлерін қарастырады, сонымен бірге алдын-ала нарықты , өнімнің әртүрлі нарықтарға бейімделуін, жарнама кампанияларын зерттейді.

  4. патент, лицензия, сауда маркасы және технологиялық мазмұнды қызмет көрсету формасындағы сырттан заттай емес технологияны алу.

  5. заттай технологияларды-машина құрал-жабдықтарды алу.

Инновациялық қызмет негізіне ғылым мен техниканың барлық салаларында ғылыми-техникалық білімді тарату және қолдану, дамумен тығыз байланысты ғылыми-техникалық қызмет жатады. ҒТҚ түсінігін ЮНЕСКО- енгізді, ол ғылым және техника статистикасының халықаралық стандарттар категориясына кіреді.

ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша ҒТҚ статистиканың объектісі ретінде 3 түрге бөлінеді:



  1. ғылыми зерттеу және жасау (разработка)

  2. ғылыми техникалық білім және кадрларды даярлау

  3. ғылыми техникалық қызметтер.

1.2. 1991-2001 жылдардағы қазақстан экономикасының даму тенденциялары.

2001 жылы постдағдарыстық кезеңде пайда болған ел экономикасыың дамуыныңы маңызды көрсеткіштерінің оң динамикасын сақтауға мүмкін болды. Үш жыл қатарынан экономикалық даму созылды. Осы кезеңде ЖҰӨ 20 пайызға дейін өсті, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 30 пайызға дейін өсті. Қортындысында осы көрсеткіштердің деңгейінің көтерілуі 1991-1993 жылдары қол жеткізген нәтежиелерге дейін жетті. 2001 жылы ЖҰӨ 2000 жылмен салыстырғанда 5 пайызға дейін өсті, ал өнеркісіптік өндіріс көлемі 4,9 пайызға дейін көтерілді.

2001 жылдың маңызды нәтежиелерінің бірі экономикалық өсім өсім факторларының принципальді ауысу жағдайларында сақталып қалуы еді.

Өте тез темппен өнеркәсіптік салалар дамыды, олар ішкі сұранысқа сүйеніп отырды. Өнеркәсіптік өсуге өз үлесін инвестициялық салалар қосты. Ең жоғары көрсеткіштерге машина жасау және металлконструктор салалары болды.

1998 жылғы дағдарыстан соң экономиканың тұрақтануы елдің қаржылық жағдайын жақсартты.

1991-1998 жылдары өндіріс көлемінің төмендеуі, тұрғындардың өмір сүру қабілетінің төмендеуі, қаржылық және әлеуметтік жағайлардың шиеленісуі сипат алды. Содан кейінгі кезеңде дағдарыстан кейінгі қайта құру салдары пайда бола бастады.

Экономиканың қаржылық жағдайының жақсаруы кәсіпорын деңгейінде көрініс таба бастады. 1998 жылдары ұйымдар мен кәсіпорынар шығындары оларың алған табыстарын басып кетті, ал бұл өз кезегінде минусты қаржылық нәтежиелерге әкелді. 1999 жылдардан бастап сальдолы қаржылық нәтежиелер оң нәтежие әкеле бастады. 1999 жылдардан бастап шығынды кәсіпорындар мен ұйымдардың саны азая бастады.

Жалпы 2001 жылы экономиканың монитизациясының көтерілуі жалғастырыла берді. Ақша есебінің көлемі жақсарды.




    1. Даму айналымы және заңдылықтары.

Инновациялық процестер айналымды сипаты және оның жеке кезеңдер бойынша дифференциациясы экономикалық даму процессінің жалпы заңдылықтарымен, сонымен бірге нақты бұйымның өмірлік циклінің ұзақтылығымен байланысты. Осындай циклдерге жататындар: технологиялық толқындар циклдері, жеке елдердің экономикалық даму циклдері, жеке салалар циклдері және кәсіпорынның экономикалық даму циклдері және нақты өнімнің өмірлік циклі.

ҒТП- техникалық толқындар

Әлемсдік экономикалық даму проблемаларын зерттеитін ғалымдар мынадай қортындыға келді: біріншіден даму толқын түрінде жүреді(Кондратевтің ұзын толқындар теориясы), екіншіден әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі саяси, техникалық, әлеуметтік, мәдени сияқты көптеген факторлардың ықпалы арқылы анықталады, үшіншіден дамудың негізгі күші ретінде технологиялық және ақпараттық даму деңгейі саналады.

Кондратевтің ұзын толқындар ілімі бойынша ғылыми-техникалық революция әлемдік масштабта толқын тәріздес дамып келе жатыр. Осыған сәйкес келесі бес технологиялық толқын эволюциясын қарастыруға болады. ( 1 сурет)

Бірінші толқын (1785-1835 ж) су энергиясын пайдалану, текстилді өндірісті жаңа технология пайдалануға негізделген толқынды қарастырады.

Екінші толқын (1830-1890 ж) алғашқы двигатель негізінде механикалық өндірістің және теміржол транспортының дамуымен байланысты.

Үшінші толқын (1880-1940 ж) өндірісте электр энергиясын қолданумен, ауыр машина құрастыру және электро-техникалық өндірістің дамуымен және химия саласында жаңа зерттеулердің ашылуымен байланысты. Осы кезеңде радиобайланыс, телеграф, автомобильдер, самолеттер шығарыла бастады. Ірі фирмалар, картельдер пайда болды. Нарықта монополия мен олигополия бастамдық алды.

Төртінші толқын (1930-1990 ж) Мұнай және мұнай өнімдерін, газ, байланыс құралдарын қолдану арқылы энергетика саласы дамыды. Бұл автомобиль, трактор, самолет, әртүрлі қару-жарақтар, халық тұтынытан массалы өндіріс эрасы болып саналады. Компъютерлер әртүрлі программалы өнімдер кеңінен тарап шығарылып тарай бастады. Атом алдымен әскери, соңынан бейбіт мақсатында қолданылды. Нарықта олигополиялы бәсекелестік орын алды.

Бесінші толқын (1985-2035 ж) Микроэлектроника, информатика, биотехнология, энергияның жаңа көздеріне, спутникті байланыс, ғарыш кеңістігін меңгерудегі жетістіктерге сүйенеді. Әртүрлі жеке фирмалар интернет арқылы электронды желімен ұсақ және ірі фирмалармен желісі пайда болды. (1 сурет.қара)

Әртүрлі толқын өзінің дамуында әртүрлі бірнеше кезеңдерден өтті.

Ал бұйымның өмірлік циклін түсіну үшін оның келесідей кезеңдерін қарастырған жөн:



  1. жаңашылдық жасау (создание) ,яғни зерттеу нәтежиелерін жаңа бұйым үлгілеріне айналдыру бойынша жұмыстар кешенінен тұрады. Осы кезеңде маркетингтік зерттеу басталады.

  2. Сату көлемінің өсуі,өндірісті меңгеру және экономикалық нәтежиелерді өсірумен байланысты. Бұл кезең өнімнің өмірлік циклінің маңызды этапы, осы кезеңде циклдің материалды-заттай негізі жасалады.

  3. Кезеңнің мәнін қарастырғанда массалы масштабта жаңа өнімді шығару ұзақтылығы, оның тиімділігіне үлкен ықпал ететіндігін айта кеткен жөн, яғни бір жағынан ұзақ мерзім экономикалық нәтежиелер береді, сұранысты қанағаттандырады, ал екінші жағынан тұтынушылар үшін өнімді жаңартып отыру қажет. Себебі ол тауар нарығында орнын ұсап қалу үшін және бәсеке қабілеттілігін көтеру үшін қажет. Тиімділіктің өсуінің төмендеуі-яғни 4 кезең-өндірісте толықтай өзгерісті, немесе өнімнің тұтынушылық сипатын жақсартуды қажет ететіндігін білдіреді.

5 кезеңде нарықта жаңадан басқа өнімдердің пайда болуына байланысты өнім моалді ескіреді, яғни оған сұраныс төмендейді, соған байланысты экономикалық нәтежиелері және сату көлемі төмендейді.

Осы қарастырылған толқынды циклдер бір кешенді жүйені құрайды, олар нақты уақыт кезеңіндегі жеке алынған кәсіпорынның технико-экономикалық деңгейін анықтайды.


1.4. Басқарудағы артықшылықтар және даму түрлері.

Дамудың қарастырылған стадияларының негізінде келесі экономикалық дамуының құрлымдық көздерін бөліп көрсетуге болды:

1. өндіріс факторларының негізінде даму.

2. инвестиция негізінде даму.

3. инновациялық қызмет негізінде даму.

Кез келген ел бір мезгілде дамудың барлық көздерін қолданады. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі және тиімділігі осы көздер құрлымымен анықталады.

Инвестиция негізінде даму бағыты капиталды салумен елдің жеке салаларындағы бәсеке қабілеттілігін көтерумен сипатталмайды, ол экономиканың даму двигателі болып табылатын халық шаруашылық ғылым салаларының инновациялық қызметін жетілдіру негізінде дамуы болып табылады. Инвестиция және өндіріс факторлары ғылыми негізделген инновациялық қызмет құралдары.

20-21 ғасырларда дамыған елдердің экономикасын шамамен бағалағанда келесідей даму тенденцияларына ие болады: (1 кесте)



Дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар,


1-сурет. Технологиялық толқындар эволюциясы

Өнеркәсіптік дамыған елдердің экономикасының дамуының стратегиялық тенденциялары.

1 кесте



сипаттамасы

20 ғасырдың соңы

21 ғасыр басы

1

2

3

1. Қоғамның даму стратегиясы

Әртүрлі формадағы капитал жинау, өмір сапасын жақсарту

Интелекті дамытуға қаражат салу

2 Идеология

Тұлғаның ролі және орны жүйе арқылы анықталады.

Тұлғаның гормонды дамуы

3. экономиканы мемлекеттік реттеу артықшылықтары

Елдің бәсекеқабілеттілігін арттыру, инновациялық қызметті жетілдіру

Қоғамның тұрмысын жақсарту, экожүйені сақтап қалу.

4. Ақпараттық технологиялар.

Микроэлекторника, спутниктік байланыс, интернет негізінде

DVD, Интернет-2 оптико-электронды сақтау жаңа ақпарат тасушылары негізінде

5. Шығарылатын тауарлар номенклатурасы

Кеңейтілген диверсификация

Жалпы саны және корпорациялар шегінде кеңейту

6. Тауардың өндірілетін және өмірлік циклі

2 жылдан-5 жыл ға дейін (компъютер бойынша 1 жыл)

2 есе қысқарту

7. Стандартизация

Барлық деңгейде тауар сапасын және басқару қауіпсіздік процестерін экономика-құқықтық реттеу

Халықаралық, еуропалық, ұлттық және фирмалық стандарттардың санын және жүйесін кеңейту.

8. Инновациялық қызметті интеграциялау

Тауардың өмірлік циклі бойынша интеграциялау, технопарктер, технополистер құру

Ғаламды инновациялық жобалар жасау, ғаламды стратегия негізінде халықаралық интеграция

9. Бәсеке түрі

Таза бәсекелестік артықшылық

Гипербәсекенің дамуы

10. НИОКР шығындары

ЖҰӨ-нен 2,5-3,5 пайыз

ЖҰӨ-нен 3-7 пайыз, сату көлемінің өсуі және патенттер айырбастау

11. Өндіріс түрі

Күрделі сервисті, массалы автоматтандырылған өндіріс

Интеграцияланған өндірістік автоматтандырылған модулдер мен жүйелер

12. Өндіріс технологиялары

ГПС негізіндегі дискретті процестер артықшылықтары

Микроэлекторника, биотехнология, генді инженерлік негізіндегі үздіксіз процестер

13. Өндірісті ұйымдастыру формалары.

Иерархияның барлық деңгейлерінде өндірісті концентрация, кооперация және комбинациялаудың барлық түрлерінің дамуы.

Өндірісті ғаламдандыру.

14. Тауар сапасы

Жоғары. Тауар сапасын көтеру- фирма, корпорация, өндірушілердің мақсаты.

Тауар сапасын әріқарай жақсарту.

15. Менеджмент жүйесі

Құру және даму.

Басқару шешімдерінің сапасын жақсарту мақсатында жүйені автоматтаандыру



Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

    1. «Инновация» және «Инновациялық процесс» түсініктеріне анықтама беріңіздер.

    2. «Өнімді» және «процестік» инновацияның айырмашылығының мәні неде?

    3. «Базисті» инновация, «жақсартушы» инновация және «псевдоинновация» негізгі айырмашылықтары.

    4. Экономикалық дамудың жеке циклдерін ата.

    5. Әлемдік экономикада ұзын толқындар (Н.Кондратьев) ілімінің мәні.

    6. Салалар мен кәсіпорындар дамуындағы толқынды циклдер.

    7. Нақты өнім түрінің өмірлік циклінің кезеңдері.

Тақырып 2. Инновация басқару объектісі ретінде.



    1. Фирманың инновациялық дамуы

    2. Ұйымның инновациялық дамуының негізгі бағыттары.

    3. Инновацияны басқару механизмі.


2.1. Фирманың инновациялық дамуы

Инновация- басқару объектісін өзгерту және экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық нәтежие алу мақсатында жаңашылдықты енгізудің соңғы нәтежиесі.

ҒТП- ғылыми-техника, технология, еңбек құралдарын жетілдіру, еңбек және өндірісті ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін үздіксіз дамыту процессі. Ол сонымен бірге әлеуметті-экономикалық міндеттерді шешудің маңызды құралы болып саналады. ҒТП өзінің дамуында бір-бірімен байланысты формада көрініс табады. (2 кесте)

Ұйымның инновациялық дамуының тиімділігі тиімділіктің шығындарға қатнасы арқылы анықталады. Тиімділік- өндірістік шығындардың нәтежиелерін сипаттайтын прцент немесе бірлік арқылы өлшенетін прцент немесе бірлік арқылы өлшенетін өлшем. (2.1 сурет)

Ұйымның инновациялық дамуы оның инвестициялық қызметімен тығыз

байланысты. Инвестиция ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтежиелерін өнеркәсіптік дайындығына дейін жеткізу үшін және дайын өнеркәсіптік технологияны сатып алу үшін қажет.

Инновацияны тиімді енгізу кәсіпорынға жаңа бағыттарға шығып тиімді қызмет етуіне мүмкіндік береді.

Ұйымда инновацияны жүзеге асыру жетістігіне көптеген факторлар ықпал етеді, соның ішінде: ғылыми-техникалық потенциал, өндірістік техникалық базалар, ресурстардың негізгі түрлері, күрделі инвестициялар және сәйкесті басқару жүйесін атап айтуға болады.

Осы факторларды дұрыс сәйкестендіріп және қолдану, сонымен бірге басқару жүйесі арқылы инновациялық, өндірістік және маркетингтік қызметтері арасындағы байланыс инновациялық стратегияны жүзеге асыруға оң нәтежие алып келеді.

Инновациялық стратегияны қалыптастыру негізінде ұйымның инновациялық міндеттері және әлеуметтік- экономикалық мақсаттары жатады. Табыс алу ұйымның нарық жағдайындағы басты мақсаты. Оған қолжеткізу үшін ұйым нақты төмендегі мақсаттарды анықтайды:



  • өндіріс масштабының өсімі;

  • нарық бөлігінің өсуі;

  • нарықта жағдайдың тұрақтануы;

  • жаңа нарықты меңгеру. (2.2 кесте)

Сондай-ақ иннвациялық стратегияны енгізу ұйымның сыртқы орта факторларына да байланысты. Стратегиялық жоспарлауда бәсекелестердің инновациялық потенциалын және мемлекеттің инновациялық қызметіне қатнасын және жалпы ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси және елдің әлеуметтік атмосферасын ескерген жөн.


    1. Ұйымның инновациялық дамуының негізгі бағыттары.

Қазіргі экономикада ұйымның инновациялық дамуының негізгі бағыттарына жататындар:

- кешенді механизация және автоматтандыру;

- химияландыру;

- электрофикация;

- электронизация;

- жаңа материалдар енгізу;

- жаңа технологиялар енгізу.

1. Өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандыру бір-бірімен байланысты машина аппарат, жабдықтарды өндірістің барлық учаскелеріне кеңінен енгізуді ұйғарады. Ол еңбек өнімділігін жоғарлатуға, қол еңбегінің қысқаруына, еңбек жағдайын жеңілдетіп және жақсартуға мүмкіндік береді. Яғни механикаландыру қол еңбегін азайтп оны негізгі және қосымша технологиялық операциялы машиналарға ауыстыру.

Өндірісті автоматтандыру материалдар немесе ақпараттарды энергияны қолдануда толықтай немесе жартылай адам еңбезін қолдану мақсатында техникалық құрал-жабдықтарды қолдануды білдіреді.

Автоматтандырудың келесі түрлері бар:



  • жартылай ( жее операция және процестерді қамтиды);

  • кешенді (жұмыстың толық циклін қамтиды);

  • толық ( автоматтандыру процессі адам қатысуынсыз жүреді).

2. Өндірісті химияландыру өндірістік процестерге жаңа өнім алу және сапасын жоғарлату мақсатында шикізаттарын, материалдарын енгізу нәтежиесінде жетілдіру. Бұл өндіріс шығындарын азайтып, нарықта ұйым қызметінің тиімділігін арттырады. Мыс: қазіргі лактар, химиялыөқ қоспалар, мықты пластмассалар.

3. Өндірісті электрофикациялау өндірістік күш аппараттарын қоректендіру көзі ретінде электроэнергияны кеңінен енгізу процесін білдіреді. Электрофикациялау негізінде өндірісті кешенді маханизациялау және автоматтандыру жүзеге асырылады. Қайта өңдеудің электрофикациялық және электрохимиялық әдістері күрделі геометриялық формадағы бұйымдар алуға мүмкіндік береді.

4. Өндірісті электронизациялау ұйымның барлық бөлімшелерін жоғары тиімділікті электроника жабдықтарымен-ақпараттың және байланыс жүйесінің дербес компъютерден спутникті жүйеге дейінгі жабдықтармен қамтуды ұйғарады. ЭЕМ және микропроцессорлар негізінде технологиялық кешендер, машиналар, өлшейтін, реттейтін, ақпараттық жүйелер жасалады, жобалы-конструкторлы жұмыстар және ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді, ақпарат алу уақытын қысқартады және өндіріс процесін жылдамдатады.

5. Жаңа сапалы тиімді қасиеттері бар материалдарды енгізу шығарылатын өнімдердің бәсекеқабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ұйымның табысының көрсеткіштеріне оң әсер етеді.

6. Жаңа технологияларды игеру көптеген өндірістік, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Өндірістік процесте жаңа технологиялар шығарылатын өнім көлемін қосымша өндіріс факторларын тартпай-ақ өсіруге мүмкіндік береді. Экономикалық реформалар кезеңінде өндірістің төмендеу шарттарында отандық кәсіпорындар инновациялық дамуыдың күрделі проблемаларымен кездеседі. Негізгі қиындық НИОКР-ды мемлекет тарапынан қаржыландырудан бас тарту болды, ал бұл қызмет түрінің тұрып қалуына алып келеді.




    1. Инновацияны басқару механизмі.

Микродеңгейде инновацияны басқару процесін ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

- инновацияны басқару мақсатымен ұйымды және қалыптастыру сәйкестендіру (мысалы белгілі бір нарық сегментін жаулап алу үшін сапалы жаңа тауар шығару);

- өзінің бәсекелестік артықшылықтары мен кемшіліктерін шығару (мысалы жоғары квалификациялы тәжірбиелі – конструкторлы персонал, бірақ әлсіз инвестициялы базаның болуы);

- инновацияны басқару әдісін анықтау;

инновацияның басқару механизмін құру (2.3 сурет)

1. Ұйымдағы инновацияны болжау техника саласындағы перспективті даму жолын табу. Ол болашақты болжап, техника және технология саласында мүмкін болатын өзгерістерді болжауға және шығарылатын өнім ұйымның бәсекеқабілеттілігіне қалай ықпал ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Инновацияны болжау келесі 3 кезеңнен тұрады:

- болжау объектісін бекіту;

- болжау әдістерін таңдау;

- болжау жасау және оның мүмкін болар бағасы;

2. Инновацияны жоспарлау келесі принциптерді сақтауды ұйғарады:

а) приритеттік; болжау кезінде қарастырылатын инновацияның перспективті маңызды бағыттарын жоспарларға қосу керек.

б) жоспарлаудың үздіксіздігі-инновациялық дамудың ұзақ, орта және қысқа мерзімді зерттеулердің реттілігі және заңдылығы;

в) «ғылым-өндіріс» циклінің барлық кезеңдерін жоспарлау;

г) жоспарлаудың кешенділігі- ұйымның әлеуметтік және экономикалық жоспар бөлімдерімен, өндірістік бағдарламалармен, инвестициялық жоспарлармен инновациялық жоспардың тығыз байланысы;

д) экономикалық негізділік және ресурстармен қамтылу- қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген, экономикалық тиімді шаралардың жоспарын қосу;

3. Жағдайларды талдау – ұйым ішіндегі іс-әрекет жағдайларын, сыртқы ортаның тікелей және жанама факторларының жағдайлары туралы мәліметтерді жинаудан тұрады. Содан жиналған ақпараттарды әртүрлі деңгей менеджерлері талдайды, топтастырады. Бақыланатын инновациялық параметрлердің нақты мағнасын жоспарланған параметрлермен салыстырады, бұл проблемалардышығаруға мүмкіндік береді.

4. Инновациядағы қажеттіліктердің идентификациясы. Инновациядағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда ұйым қалыптасу тиімділігін көтеретін шаралар жиынтығын жасауға мүмкіндік беретін анықтамасын білдіреді. Инновациядағы қажеттілік тұтынушылар және өндірушілер нарығымен тығыз байланысты.

5. Инновациядағы баламаларды таңдау критерилерін анықтау, инновация баламалары және оның ең жақсысын таңдауды салыстыру жүргізілетін критерилерді таңдауды ұйғарады.

6. Альтернативаларды жасау-инновацияның жаңаруын және мүмкін болатын варианттарын, сонымен бірге оларды енгізу жолдарын жасау.

7. Ең жақсы альтернативаларды таңдау- альтернативалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру, сонымен бірге оларды қолдану ықтималдығын талдау.

8. Басқару шешімдерін жасау-инновациялық бөлімнің , ұйымның басқару персоналдарымен және бөлімшелерінің қызметтес болуын білдіреді, яғни инновацияны квалификациялы мамандандырылған қызметкерлер жасағанмен оны енгізу жоспарын бекітіп және шешім қабылдайтын менеджерлер болып табылады.

9. Инновациялық, басқарушылық шешімді жүзеге асыруды басқару жұмыстар және ресурстар жиынтығын, орындаушыларын және мерзімін анықтаудан басталады. Содан соң инновациялық басқарушылық шешімді жүзеге асыру бағдарламасы жасалып, мақсаттар терегіне сәйкес бөлімшелер орындауы тиіс.

10. Нәтежиелерді бақылау және бағалау. Инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде кез-келген деңгей менеджерінің міндеті басқару шешімдерінің орындалуын бақылап, қадағалау. Себебі әртүрлі қателіктерді анықтағанда түзетулер енгізу үшін квалификациялы мамндардың көмегі немесе басқарушылық көмек жасалауы керек. Сонымен инновация- инвестиция, квалификациялы ғылыми-техникалық персоналды, күрделі маркетингтік шараларды қажет ететін басқарудың ерекшелінген объектісі.
Дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар.
2.1 кесте
ҒТП түрлері.


Түрлері

Мерзімі және мәні

Сипаттамасы

Эволюциялы

Ұзақ мерзімге созыла алады және экономикалық нәтежиелер береді

Дәстүрлі техникалық құралдар және технологияны үздіксіз жетілдіру

Революциялы



Қысқа мерзімде өндірісте материалды-техникалық сапалы өзгерістер жүргізеді

Ғылым және техниканың жетістіктеріне сүйенеді.Энергияның жаңа көздерін, электрониканы, жаңа технологияны, прогрессивті материалды қолданумен сипатталады



Ұйымның инновациялық дамуының тиімділігі

2.1 сурет



Инновациялық даму тиімділігі- шығындар және тиімділіктің қатнасы




Инновациялық даму эффекті- ғылыми-техникалық қызмет нәтежиесі ұйым деңгейінде-табыс.




Техникалық эффект

Ресурсты эффект

Экономикалық эффект

Әлеуметтік эффект

Жаңа техника, технология, зерттеулер ашылуы

Кәсіпорында ресурстарды босату

Еңбек өндірісінің өсуі және табыс пен рентабелділіктің өсуі

Тұрғындардың мәдени және матералды деңгейін көтеру, адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыру, еңбек жағдайын және қауіпсіздігін жақсарту

2.2 кесте


Ұйымдағы инновациялық старатегияның қалыптасуы.


Ұйым мақсаттары

Ұйым міндеттері

Ұйымның инновациялық стратегиясының мәні

Өндіріс масштабының өсуі:

  1. жылдам өсім (жылына 20 пайыздан жоғары

  2. өте жоғары (20 пайыз), жоғары (10 пайыз);

  3. орта (5 пайыз) төмен )5 пайыздан төмен)

Күрделі қайта құру, жаңа құрлыс немесе оны кеңейту

Жаңа өнім нарығына шығу .

Дамудың бастапқы кезеңіндегі өнім өндіру.


Жаңа жабдықтар алу немесе жобалау: жаңа өнімдер және жаңа технологиялық процестер жасау.

Жұмыс жасап тұрған технологиялық процестерді жетілдіру және өнімді модификациялау; болашақ үшін ғылыми-техникалық дайындық
Жаңа өнімнің нарыққа шығару да өнімді жақсарту, өзіндік құнды төмендету мақсатында технологиялық процестерді жетілдіру.


Нарық та бөлігінің өсуі.

Бір-бірімен байланысты өнім өндіру; өндіріс көлемінің өсуі; нарықтан бәсекелестерді шығару.

Бәсекелестерден артық тауарлар шығару, өндірістің техникалық деңгейін жақсарту

Нарықтағы жағдайын тұрақтандыру

Тауарды уақытында нарыққа шығару

Өнім және технологияның жоғары техникалық деңгейге жеткізу

Жаңа нарықтарды меңгеру.

әртүрлі нарықтардың қажеттілігін қанағаттандыратын жаңа өнім өндірісін меңгеру

Диференциалды өнімдер және ппроцестерді жасау; нарққы тауарды шығару процессін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.



Инновацияны басқару механизмі

2.3 сурет




Инновацияны болжау




Инновацияны жоспарлау




Жағдайларды талдау




Инновациядағы қажеттіліктер идентификациясы




Инновациялық альтернативаларды таңдау, критерилерді анықтау




Баламалар (альтернативалар) жасау




Ең жақсы баламаны таңдау




Басқару шешімін жасау




Жүзеге асыруды басқару




Нәтежиелерді бақылау және бағалау

Тақырып бойынша сұрақтар:



      1. Инновацияның басқару объектісі ретінде ерекшелігі не?

      2. Инновация және ғылыми-техникалық прогресс түсінігіне анықтама беріңдер. Осы екі түсінік қалайша бір-бірімен байланысты?

      3. Фирманың инновациялық дамуының тиімділігін қалай анықтауға болады? Мұнда мееджмент қандай роль ойнайды?

      4. Ғылыми-техникалық прогресс формаларын сипаттаңдар.

      5. Ұйымдағы инновацияны жүзеге асыру процесіне қандай факторлар ықпал етеді?

      6. Ұйымның инновациялық стратегиясын қалыптастыру негізінде қанай мақсаттар жатыр?

      7. Ұйымның инновациялық дамуының негізгі бағыттарына қысқаша сипаттама беріңдер.

      8. Нақты мысалда инновацияны басқарудың механизмін қарастырыңдар, тура және кері байланыстарын көрсет.

      9. Ұйымдағы инновацияны болжау қандай кезеңдерден тұрады?

      10. Инновацияны жоспарлау кезінде қандай қағидалар ұстанады?

      11. Топтық инновациялық шешім қабылдауға мысал келтір.



Тақырып 3. Инновациялық менеджмент жүйесі.

    1. Инновациялық- технологиялық қызмет мәні.

    2. Инновациялық менеджмент жүйесінің түсінігі мақсаты, міндеттері.

    1. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің ұлттық жүйесі.

    2. Инновациялық менеджментті мемлекеттік реттеудің механизмі.

    3. Инновациялық менеджменттің негізгі функциялары.




    1. Инновациялық- технологиялық қызмет мәні.

Тұрғындардың сапалы өмірін көтеру және экономикалық өсімді

қамтамасыз етудің бәрі инновациялық қызметпен байланысты.

Инновациялық кәсіпкерліктің екі түрін бөліп көрсетуге болады: кәсіпкерлік инновация, яғни экономикалық айналымда жаңалықтарды қолдану, жасау және өндірістік маркетинг (нарықтық кәсіпкерлік).

Жоғары экономикалық потенциал, инновацияның жекелілігі, тәуекелдің жоғары деңгейі осы қызмет түрін жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Сондықтан инноватика деген жеке ғылым саласы пайда болды, мұнда негізгі роль инновациялық менеджментке экономикалық дамуды басқарудың жүйесі ретінде беріледі, ал инновация басқару объектісі ретінде болады.

Инноватиканың пайда болуы қоғамдық өндірістің дамуымен байланысты. Инновациялық ілімнің негізін қалаушы орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев, ол 1925 жылы қоғамдық өндірісте толқынды тербелістер ілімін ашты.

Кондратьевтің ілімін австрия ғылмы экономикст Шумпетер әрі қарай дамытты. Яғни мультициклді толқынды тербелістерілімін, бәсекелестік және тиімді монополия тұжырымдамасын ұсынды.

Кез-келген өндірістік-шаруашылық ұйымның бәсекеқабілеттілігі және даму деңгейі оның технологиялық базасының жағдайымен анықталады. Яғни сәйкесті өндірістік және басқарушылық(ақпараттық) технологияны қолдау және персоналдардың дайындығымен анықталады.

Бұл технологияның кез-келген түрі ұйымның өндірісіне, еңбегінің сапасына, шығындарына, ұйымдағы ресурстарды оңтайлы қолдауына ықпал етеді. Сондықтан перспективті ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешу технологиялық даму яғни-прогресивті технологияларды кеңінен қолдану, жасау, және игерусіз технологиямен қамтуды жетілдірусіз мүмкін емес.

Инновациялық процесс жаңашылдықты игеру және таратумен және нарыққа оны енгізумен байланысты. Инновациялық қызмет- жұмыс және қызмет көрсету, шығатырылатын өнімдердің номенклатурасын жаңарту және кеңейту үшін ғылыми зерттеулерді қолдануға бағытталған қызмет түрі.

Инновациялық процестің үш түрін бөліп көрсетуге болады: жай ұйымішіндегі инновациялық процесс, жай ұйымаралық инновациялық процесс және кеңейтілген инновациялық процесс.



Жай ұйымішіндегі инновациялық процесс жаңашылдықтың бір ұйым ішінде жасалып қолданылады және тауарлық формаға ие болмайды.

Жай ұйымаралық инновациялық процесс кезінде жаңашылдық сату және сатып алу құралы ретінде болады.

Кеңейтілген инновациялық процесс кезінде өндірушінің технологиясының бұзылуын және жаңашылдықтың жаңа өндірушісін құруды ұйғарады.

Жай инновациялық процестен тауарлыққа өтуі екі фазадан тұрады:

1) жаңашылдықта жасу және тарату;

2) жаңашылыдқ диффузиясы.

Бірінші фаза ғылыми-зерттеулер, тәжірбиелі конструкторлы жұмыстардан тұрады. Екінші фаза кезінде қоғамдық пайдалы нәтежие жаңашылдықты өндірушілері және өндірушілер мен тұтынушылар арасында таратылады.


    1. Инновациялық менеджмент жүйесінің түсінігі мақсаты, міндеттері.

.Инновациялық менеджмент қызмет түрі және шешім қабылдаудың процессі ретінде басқару қызметінің әртүрлі бағыттары функцияларынан тұратын қызмет түрі болып табылады. Сонымен қатар ол инновацияларыды басқарудың инновациялық жүйесінің деңгейін анықтайтын жалпы технологиялық функциялар мен міндеттердің жиынтығы.

Әр бағыт рет бойынша орындалатын жеке этаптардан тұрады. Функциялар мен міндеттердің құрамы инновациялық жүйенің деңгейімен анықталады.

Инновациялық менеджмент жүйесі (ИМЖ) экономикалық өсімнің негізгі факторы кезінде елдің инновациялы-технологиялық потенциалын дамытуды қолдауға бағытталған шешім қабылдау және дайындау жүйесі.

ИМЖ күрделі ұйымдастырушылық-тартылған технологиялық жүйені көрсетеді. Ол белгілі бір өндірістік ортада қызмет етеді.

ИМЖ жалпы моделін құру үшін оның жеке элементтерін қарастырамыз:


  1. жасау және қалыптастырудың мақсаты;

  2. Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі міндеттері;

  3. ИМЖ-нің негізгі функцияларының құрамы;

  4. ИМЖ-нің функционалды міндеттерінің тізімі;

  5. Инновациялы технологиялық қызметті басқару үшін қажет шешім қабылдау және дайындау технологиясы.

ИМЖ стратегиялық мақсаты – ұлттық инновациялық жүйенің дамуы және оның қалыптасуы оны қолдау. Соның ішінде:

а) шағын және орта инновациялық кәсіпорындардың дамуы үшін бағытталған ұйымдастырушылық- экономикалық механизмдерді құру;

б) инновациялық-технологиялық орталықтардың дамуы және оны қолдау.

в) жаңа технологияларды және ғылыми-техникалық нәтежиелерді қолдау, тарату, алу.

Ғылыми-зерттеу жүйесінің негізгі міндеттері:


  • инновациялық жүйенің негізгі элементтернің дамуымен жиынтығын , сонымен бірге оның инфрақұрлымын қамтамасыз етуге байланысты негізгі шаралардың жиынтығын жүзеге асыру ;

  • инновациялық жүйенің дамуына бағытталған қаржылық ресурстарды тарату;

  • ИМЖ барлық элементтерін біріктіру және үйлестіру;

Ғылыми-зерттеу жүйесінің дамуы және экономикадағы құрлымдық қайта құруды қамтамасыз ету үшін келесі шаралар қажет:

  • лдің тұрақты дамуы және оның қауіпсіздігін қаматамасыз ету үшін ғылыми-техникалық қызметті құру мақсатында мемлекеттің қоғамның және адамдардың маңызды тұрмсын қамтамасыз ету үшін қызмет саласында зерттеулер жүргізу;

  • халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу нәтежиелерін қолданылуын қамтамасыз ететін инфрақұрлым құру және жетілдіру;

  • ғылымның дамуына қажет кадрларды дайындаудың отандық жүйесін құру;

Осы бағыттарды жэүзеге асыру үшін келесі міндеттерді шешу керек:

а) технологияның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зерттеулердің кей бөлімеріне негізделегн зерттеулерді мақсатты-бағдарламалы жоспарлауды тәжірбие жүзінде қолдану;

б) нақты ресурсты шектеулер есебінде приориттеті зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ғылыми ұйымдар желісін құру;

в) ғылыми-техникалық және білім беру қызметін интеграциялау бойынша шараларды жүзеге асыру;

ғылыми жұмыстарды жетілдіру мақсатында жағдайлар жасау, салалы ғылымды дамыту, ғылым саласына жастарды тарту және ғылыми қызметкерлер мен мамандарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.

д) ғылыми зерттеулер үшін экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіріп, жаңарту.




    1. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің ұлттық жүйесі.

Инновациялық қызметті белсендіру бір жағынан ҒЗЖ барлық субъектілерінен іс-әрекеттерін дұрыс үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді екінші жағынан инновацияны жүзеге асыруда барлық құрлымдарды шоғырландыруды талап етеді.

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаты – экономиканың дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ететін белгілі бір жағдайларды құру және елдің кәсіпкерлерінің еңбекті халықаралық бөлуде тұрақты қатысуын және одан оңтайлы табыс алуды қамтамсыз ету болып табылады.

Мемлекеттің инновациялық саясаты жаңа өнім және технология түрлерін шығару мақсатында өндіріске мемлекеттің ықпалының бағыты, әдістері мен формаларының жиынтығын білдіреді.

ҒТҚ реттеудің әдістері мен құралдарына жататындар:



  1. құқықтық қамтамасыз ету,

  2. нормативті - әдістемелік қамту,

  3. қаржылық-экономикалық қамту,

  4. материалды қамту

  5. ақпараттық қамту және инновация статистикасы.

ИМЖ құқықтық қамту аймақтық деңгейде қабылданған жүйенің дамуы мен қызмет етуі бойынша нормативті актілер мен заңдылықтардан тұрады. Осы актілерге жататындар заңдылықтар, үкіметтің шешімдері, мемлекеттік стандарттар.

Құқықтық қамту келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

а) ел экономикасының құқықтық сауалдары;

б) мыналар бойынша заңдылықтар мен нормативті актілер:

- стандартизация;

- метрология;

- тауарлар мен қызмет көрсетулердің сертификациясы;

- антимонопольді саясат;

- тауарлар сапасын басқару.

в) тауарлардың қауіпсіздігі мен бірін бірі ауыстыруы, ресурстарды сақтау, өндірістің дамуы, қоршаған ортаны қорғауды реттеу бойынша заңдылықтар мен нормативті актілер;

г) фирмалардың қалыптасуы мен қызмет етуін құқықтық реттеу.



    1. Инновациялық менеджментті мемлекеттік реттеудің механизмі.

Инновациялық қызметті реттеу әртүрлі деңгейлерде жүзеге асырылады: жалпы мемлекет деңгейінде, аймақтық деңгейде, жеке ұйым еңгейінде.

Инновациялық жобаларды басқарудың негізін инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу құрайды. Мемлекет инновациялық болжам және стратегия, инновациялық саясатты жасау негізіндегі барлық реттеу түрлерін жүзеге асырады

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжаудың негізгі бөлігін құрайтын инновациялық болжауда инновациялық қызметтің негізгі параметрлерін алын – ала болжау жасалады. Инновациялық стратегияларда инновациялық қызметтің приоритеттті бағыттары анықталады.

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмдері болып кәсіпкерлікті белсендіру, бәсекелестікті болдырмау, салық саясаты мен бағақалыптастыру саясатын жүргізу саалады.

Инновациялық қызметті мемлекеттің ұйымдастырушылық реттеуі аймақтық және мемлекеттік инновациялық бағдарламалар құрамына кіретін инновациялық жобаларды қолдаудан көрініс табады.

Инновациялық қызметті реттеудің маңызды механизмі болып оны мемлекеттің ақпараттармен қолдау табылады., мысалы инновациялық салада мемлекеттік саясаттың артықшылықтары туралы ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету.



Инновациялық қызметті қаржылық реттеу мемлекеттің бюджет саясатын жүргізуге негізделеді.

    1. Инновациялық менеджменттің негізгі функциялары.

Менеджменттің құрамдас бөліктері болып оның функциялары табылады. Қазіргі кезде әдебиеттерде ұйымның менеджмент жүйесінде функцияларың жіктелуінде әртүрлі бағыттар кездеседі. Көптеген мамандар инновациялық менеджменттің келесідей негізгі функциялардыбөліп көрсетеді: болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, есеп, бақылау, талдау, бағалау және үйлестіру. Осы көрсетілген функциялар бір –бірімен тығыз байланыста бола отырып Инновациялық менеджмент жүйесінің басқарушылық циклін білдіреді. Осы көрсетілген функциялар инновациялық менеджмент жүйесінің функционалды құрлымының құрамдас бөлісінің жиынтығында инновациялық менеджменттің міндеттерін жүйелендіруге және құрлымдауға мүмкіндік береді.

        1. Болжау. Болжау дегеніміз болашақтағы объектінің мүмкін болар жағдайы туралы пікірлердің ғылыми негізделуі. Басқару жүйесінде болжау басқару объектісінің дамуының көпвариантты модельдерін жоспаралды жасау болып табылады.

        2. Жоспарлау – қызметтің мақсаттары мен міндеттері анықталатын басқару процесінің стадиясы. Нақты жағдайларда тиімді әдістер мен құралдар жасалады.

        3. Ұйымдастыру. ИМЖ бұл функцияларының негізгі міндеттері болып ұйым құрлымын қалыптастыру мен оның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет ресурстармен қамтамасыз ету. Яғни жоспарланған мақсаттарға жету үшін дұрыс жағдайлар жасау болып табылады.

        4. Мотивация- бұл ұйымда жұмыс істейтін адамдарды белсендіруді мақсат тұтатын, мақсатқа жету үшін тиімді қызмет етуге оларды ынталандыратын қызмет. Ол үшін экономикалық және моральді ынталандыру жүзеге асырылады.

        5. Есеп-менеджмент жүйесінің кез келген параметрлері ресурстарды шығындау, уақытты фиксациялау бойынша инновациялық менеджмент функциясы.

        6. Бақылау-басқару шешімдерін жүзеге асыратын бағдарамаларды, жоспарларды, жазбаша немесе ауызша тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету бойынша менеджмент функциясы.

Қарастырылатын сұрақтар:

          1. Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз не?

          2. Ұйымның инновациялы-технологиялық қызметінің мәні мен мазмұны неде?

          3. Инновациялық менеджмент жүйесінің мақсаты неде?

          4. Ұйымның жалпы менежмент жүйесіндегі инновациялық менежмент жүйесінің орнын анықта.

          5. Инновациялық менеджмент жүйесінің негізгі функцияларын ата.

          6. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесінің мәні неде?

          7. Инновациялық менеджмент жүйесіндегі оның функциялары мен мемлекеттің ролі неде?


Тақырып 5. Жаңалық енгізу жобалары мен бағдарламаларын жасау.

5.1. Инновациялық жоба түсінігі және негізгі элементтері.

5.2. Инновациялық жоба түрлері және мазмұны.

5.3. Инновациялық жобаларды жасау реті.

5.4. Инновациялық жобаны аяқтау.

5.5. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру және басқарудың бағарлама – мақсаттық әдістері.
5.1. Инновациялық жоба түсінігі және негізгі элементтері.

Инновациялық жоба – инновацияға алып келетін сандық көрсеткіштер көрінісіндегі нақты ғылыми-техникалық міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін және жобалы құжаттар арқылы толтырылған, ғылыми-зерттеу, тәжірбиелі – конструкторлы , өндірістік, қаржылық және т.б шараларды білдіретін бір-бірімен тығыз байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүйесі.

Инновациялық жобаның негізгі элементеріне жататындар мыналар:


  • жобаның негізін көрсететін мақсаттар мен міндеттер;

  • көзделген мақсатты жүзеге асыру және инновациялық проблеманы шешу бойынша жобалы шаралар кешені;

  • жобалы шараларды орындауды ұйымдастыру; яғни шектеулі уақыт ішінде және белгіленген құн мен сапада жобаның мақсатына жету үшін оларды ресурстар мен орындаушылар арасында байланыстыру;

  • жобаның негізгі көрсеткіштері соның ішінде оның тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер.

Инновациялық жобалар бағдарламалардың жеке бағыттарының міндеттерін жүзеге асыру үшін және ғылым мен техниканың дамуының приоритетті бағыттарына нақты проблемаларды шешу үшін ғылыми-техникалық бағдарламалар құрамында қалыптасуы мүмкін.
5.2. Инновациялық жоба түрлері және мазмұны.

Инновациялық жоба түрлері. Ғылыми-техникалық даму мақсаттары мен мүмкін болар міндеттерінің алуан түрлілігі инновациялық жобаның көптеген түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Инновациялық жобаларды жобаны жүзеге асыру кезеңі, жоба мақсатының сипаты, қажеттілікті қанағатандыру түрі, инновация және оған байланысты қабылданатын шешім еңгейі сияқты белгілері бойынша жіктеуге болады.

Жобаны жүзеге асыру және оның мақсатына қол жеткзу уақытына байланысты инновациялық жобалар стратегиялық, орта мерзімді және қызқа мерзімді болып бөлінеді. Жоба мақсатының сипаты тұрғысынан олар аяқталмаған, яғни инновациялық проблемаларды шешудің жалпы мақсатын көрсетеді, немесе аралық яғни күрделі проблемаларды шешуің аралық нәтежиелеріне қол жеткізумен байланысты болады.

Қажеттіліктерді қанағаттандыру түрлері бойынша жобалар қолд бар қажеттіліктерге немесе жаңа қажеттіліктерді қалыптастыруға байланысты болуы мүмкін.

Инновация типі бойынша инновациялық жобаларды жіктеу оларды келесідей бөлуді көздейді: жаңа (радикалді) немесе жетілдірілген (инкрементальді) өнімді енгізу; өндірістің жаңа немесе жетілдірілген әдістерін енгізу; жаңа нарық құру; шикізат немесе жартылай фабрикатты жеткізудің жаңа көздерін игеру; басқару құрлымын қайта құру.

Инновациялық жобаға байланысты шешім қабылдау деңгейі және саласы бойынша оларды мемлекетаралық және президенттік инновациялық жобалар; аймақтық инновациялық жобалар; салалық және жеке кәсіпорындардың инновациялық жобалары болып бөлінеді. (5.1 сурет.)

Инновациялық жобалар мазмұны. Инновациялық жобаның мазмұнын қарастырудың үш аспектісін бөліп көрсетуге болады: инновациялық қызмет стадиялары бойынша, қалыптасу және жүзеге асу процессі бойынша, ұйымдастыру элементтері бойынша.

Инновациялық жоба инновациялық қызметтің барлық кезеңдерін қамтиды. Инновациялық қызметті жүзеге асыру кезеңі тұрғысынан жоба ҒЗЖ-нан жобалы-конструкторлы және тәжірбиелі-эксперименталді жұмыстардан, жаңа өнім маркетингі сонымен бірге қаржылық шаралардан тұрады.

Инновациялық жобаның қалыптасуы және жүзеге асыру процессі бойынша мазмұнын қарастыру негізінде инновациялық жобаның өмірлік циклінің тұжырымдамасы жатады, яғни инновациялық жоба уақыт соңғы аралық ағымында өтетін процесс. Мұндай процесте келесідей уақыт кезеңін бөліп көрсетуге болады:


  • инновациялық жобаның қалыптасуы. Бұл инновациялық идеяның және жобаның басты мақсатын қалыптастыру процессі. Бұл кезеңде жобаның соңғы мақсаты және оған қол жеткізу жолдары, инвестиция объектілері мен субъектілері, олардың формалары мен көздері анықталады.

  • Жобаны жасау жобаның мақсатын жүзеге асыру шаралары мен. Тапсырмаларының кешенін орындаушылар мен ресурстары уақыты бойынша қалыптастыру және жобаның соңғы мақсатына қол жеткізу бойынша шешімдерді іздеу процесі. Бұл кезеңде жобаның мақсатына жетудің әртүрлі варианттарын салыстырмалы түрде талдау және оны жүзеге асыру үшін ең тиімді вариантын анықтайды; инновацияны жасау жоспары орындалады, жоба жұмыстары үшін аранйы мәселелер шешіледі, жобаны орындаушыларды кешенді түрде іріктеу жүргізіледі, келісімді құжаттар жасалады.

  • Жобаны жүзеге асыру. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру кезіндегі ресурстардың шығындалуы ме,н күнтізбелік жоспардың орындалуын бақылау, пайда болған кемшіліктерді, ауытқуларды дұрыстау, оперативті реттеу жүзеге асырылады.

  • Жобаны аяқтау. Бұл тапсырыс берушілерге жобаның нәтежиелерін тапсыру және келісімшарттарды жабу процессі. Осымен инновациялық жобаның өмірлік циклі аяқталады.

Ұйымдастыру элементтері бойынша инновациялық жобаны қарастырғанда оның негізгі екі бөлімін бөледі: оның қалыптасуын басқару органдары және оның қатысушыларын жасау.
5.3. Инновациялық жобаларды жасау реті.

Жобаның инновациялық идеясын және мақсатын қалыптастыру. Инновациялық идеяның пайда болуы – инновациялық жобаны жасауды бастаудың негізі. Инновациялық идеяның қалыптасуы екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден жобаның бас мақсатын қоюда көрініс табатын инновациялық жобаның негізін құрайды. Мысалы жаңа өнім немесе қызмет көрсету идеясы, кәсіпорын салаларында ұйымдастырушылық қайта құру т.б. Екіншіден инновациялық иеяны қалыптастыру іс-әрекетінің алдын-ала ойластырылған жоспары, яғни жобаның мақсатына жету әдістері немесе жолдары. Осы кезеңде-ақ проблеманы шешудің балама варианттары анықталады. Идея ойламаған жерден немесе ұзақ процесс нәтежиесінде, сондай-ақ коллективті экспертиза немесе жеке талдау нәтежиесі болуы мүмкін.

Жобаның идеясын маркетингтік зерттеу. Жобаның инновациялық идеясын қалыптастырумен бірге оған маркетингтік зерттеу жүргізіледі. Бұл кезеңнің мақсаты халық шаруашылығының дамуына жобаның тигізетін ықпалын анықтау және жеке кезеңдер бойынша міндеттерді және жобаның мақсатын сандық айқындау нәтежиесі болып табылады.

Инновациялық жобаның соңғы мақсаты және міндеттері проблемаларды негіздеу мен таңдау стадияларында сандық нақты көрсеткіштер түрінде бекітілмеуі мүмкін, сондықтан жобаны жасау жобаның соңғы мақсатын сандық айқындаудан және жүзеге асырудың ағымды міндеттерін қоюдан басталады.

Осы мақсатта келесідей іс-әрекеттер жүргізіледі:


  • жобаның мақсаты өнімнің мүмкін болар тұтынушылары анықталады;

  • жобаны шикізатпен, энергоресурстармен, кешенді бұйымдармен қамтамасыз ететін сала құрлымдары зерттеледі;

  • жобаның соңғы өнімі қолданылатын жаңа салалар талданады;

  • жобаны жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік салдары зерттеледі.

Инновациялық жобаны жоспарлау. Жобаны басқаруда жоспарлау маңызды болып табылады. Ол жобаны жасау процесінің ұйымдастырушылық бастамасынан тұрады. Жоспарлаудың негізгі мақсаты-жобаның соңғы нәтежиесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін кешенді жұмыстарды орындау үшін жобаға қатысушылардың барлығын шоғырландыру. Инновациялық жобаны жасау жоспары қойылған міндеттерді шешу немесе жалпы мақсатқа жетуге бағытталған бір-бірімен байланысты ғылыми-техникалық, өндірістік, ұйымдастырушылық және басқа да шараларды орындаушылар және ресурстар бойынша балансталған детальді уақытты білдіреді. Яғни жоспар кімге қай уақытта қандай міндеттерді жүктеу керектігін, сондай-ақ әр міндетті шешуде қандай ресурстарды бөлу керектігінен тұрады. Ол кешенді инновациялық бағдарлама түрінде толтырылады.

Жоспарлар жүйесі. Инновациялық жобаны басқаруда мынадай жоспарлар жүйесін бөліп көрсетуге болады. (5.2 сурет)

Мақсаты бойынша жобаны жасаудың стратегиялық және оперативті жоспарлар болып бөлінеді. Стратегиялық жоспар жұмысты дайындау мерзімі, өнімді жеткізу мерзімі, жұмыс кешенін аяқтау мерзімін сипаттайтын жобаның негізгі мақсатты кезеңдерін; ұйымдастырушы-орындаушылардың кооперациясын; жылдар кварталдар бойынша бөлінген материалдық техникалық және қаржылық ресурстарға қажеттіліктерді анықтайды. Стратегиялық жоспардың негізгі міндеті-жобаны жасаудың ағымды этаптары оның соңғы мақсатына бағыты бойынша қалайша логикалық түрде келісетіндігін көрсету. Оперативті жоспар жұмыстар кешенін орындау мерзімін және ресурстарға деген қажеттіліктерді айқындайды.

Жоспарлар жоба деңгейі бойынша бөлшектенеді: яғни жобаның жалпы жоспары, ұйымдастыру жоспары-жобаға қатысушылар, жұмыстың жеке түрінің жоспары болып бөлінеді. Жобаның жоспары сводный немесе кешенді деп аталады. Және жобаның барлық жұмыстарын қамтиды.

Мазмұны бойынша жоспарлар өнімді-тақырыптық, күнтізбелік, технико-экономикалық және бизнес-жоспар болып бөлінеді.

Өнімді-тақырыптық жоспар ҒЗҰКЖ-дың кешенді тапсырмаларын жүзеге асыруды ресурстар, орындаушылар және мерзімі бойынша байланысты, сондай-ақ жобаның мақсатын тиімді жүзеге асыру үшін байланысты білдіреді.

Жобаға кірістірілген тапсырмалар бойынша өнімді-тақырыптық жоспарлау процесінде келесідей параметрлер мен материалдар анықталады және дайындалады:


  • жұмыс кезеңдерінің құрамы және оны орындау мерзімдері;

  • кезеңдер бойынша жауапты орындаушылар құрамы;

  • әр кезеңнің сметалы құны, соның ішінде ҒЗҰКЖ-ға кеткен шығындар, капитал салымдары және жылдар бойынша бөлінген басқа да шығындар;

  • экономикалық тиімділігінің есебі;

  • жаңа өнім түрі және жаңа техникалық процесс бойынша техникалық деңгей карталары.

Күнтізбелік жоспар жобаны орындау үшін қажет уақыт резервтері мен ресурстар көлемі, проблемалы-тақырыптық жоспар тапсырмалары, жұмысты орындаудың басы мен соңының күндері, жұмыс ұзақтығы мен көлемін анықтайды. Күнтізбелік есептер өзінің мақсаты ретінде жеке ұйым -орындаушылары мен проблемалы-тақырыптық жоспардың әр тапсырмасы бойынша жұмыстардың реті мен байланысын регламенттеуді санайды. Инновациялық жобаларды басқару жүйесіндегі күнтізбелік жоспарлау кезінде желілі жоспарлау мен басқару әдісін қолдану ұсынылады.

Технико-экономикалық жоспар инновациялық жоспарды ресурстық қамтамасыз ету жоспарын білдіреді және ол ресурстарға деген қажеттілікті, оның құрамын потенциалды жеткізушілердің мердігерлік жеткізу мерзімін анықтайды. Ресурстарды жоспарлау процесінде ресурстарды жеткізуге мердігерлік саудалар жүргізіледі, келісімшарттар жасалады.

Ресурстарды жеткізу келісімі-ресурстарды жеткізу мерзімін, көлемі мен шарттарын реттейтін негізгі құжат. Ресурстардың маңызды түрі ретінде ақша саналады. Шығындарды жоспарлау жобаны жүзеге асыру уақытының ағымында қаржы ресурстарына қажеттіліктерді қанағаттандыратындай болып жүзеге асырылуы керек. Ол үшін жоба бюджеті құрылады. Инновациялық жоба бюджеті-қойылған мақсатқа жету үшін қажет шығындарды көрсеетін және сандық көрсеткіш түріндегі жоспар. Жалпы бюджет жобаны жүзеге асыру кезіндегі жыл сайынғы шығындарды көрсетеді. Бюджетте жеке орындаушылар жоспары негізделеді. Жоба бюджеті екі мағынаға ие: біріншіден бұл іс-әрекет жоспары, екіншіден – жетекшілік және бақылау құралы. Жобаның дұрыс құрастырылған бюджеті екі негізгі міндетті шешуге бағытталған:

- уақытты қаржылық шектеулерге сәйкес жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сәйкесті инвестиция динамикасымен қамту;

- максимальді салық жеңілдіктері мен сәйкесті инвестиция құрлымы есебінен жобаның тәуекелі мен шығындарының көлемін төмендету.



Бизнес-жоспар инновациялық жобаның күтілген нәтежиелері мен оны жүзеге асыру әдістері, мақсаты туралы мәлімет беретін қысқаша бағдарламалы құжатты білдіреді. Ол бәсекелестік жағдайында жобаның өмір қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді., ол жобаның даму критерилерінің бағдарынан тұрады және сыртқы инвесторлар жағынан қолдайтын маңызды құрал болып табылады.


5.4. Инновациялық жобаны аяқтау.

Жоба жоба бойынша барлық жұмыстар орындалғаннан кейін ғана аяқталған болып саналады. Жобаның аяқталуының негізгі кезеңдері – жобаны тапсыру және келісімшартты жабу болып саналады.

Жобаны тапсыру. Инновациялық жобаны тапсыру-жобаны жасау кезінде алынған нәтежиелер, жоба концепциясын жасау кезінде тапсырыс берушінің қабылдаған шешіміне байланысты сәйкестікті орнату. Жұмысты тапсыру және оны қабылдауға байланысты қойылатын барлық талаптар келісімшарта көрсетіледі. Егер жобаны жүзеге асыру нәтежиесі ретінде дайын өнім болса онда қабылдау (немесе эксплуатациялы) сынау жүргізу қажет. Егер қабылдау сынағы нәтежиесінде жоба талаптарына сай өнім алынған болса, дайын объектілерді қабылдау бойынша комиссиялар хаттамасы толтырылады.

Келісімшартты жабу. Келісімшартты жабудың негізгі кезеңдері болып табылатындар: қаржылық есепті тексеру; паспортизация; орындалмаған міндеттерді анықтау; орындалмаған міндеттерді аяқтау. Қаржы есебін тексеру тапсырыс беруші мен ұйым орындаушы есебіне жатады. Мұндай тексеру нәтежиесі жоба бойынша соңғы қаржы есептерін дайындау үшін мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Осы кезеңде орындаушылар мен соңғы есеп берулер жүргізіледі. Паспортизация келісімшартты жабуды ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі. Оны жүргізу үшін мысалы қолданылатын материалдардың техникалық жағдайларын сипаттайтын сәйкесті құжаттарды көрсету қажет. Бұл өнім аттестацияланатын сертификаттар болуы мүмкін. Барлық құжаттар тапсырыс берушіге тіркеу үшін беріледі.


Қосымша сұрақтар:

  1. «Инновациялық жоба түсінігі.

  2. Түрлері бойынша инновациялық жобаларды жікте.

  3. Инновациялық жобаның қалыптасу процесінің кезеңдері.

  4. Инновациялық жобаның күнтізбелік бағдарламасы.

  5. Инновациялық жобаның технико-экономикалық бжоспары.

  6. Инновациялық жобаның бизнес жоспары.

  7. Инновациялық жобаны аяқтау кезеңдері..


Тақырып 6. Жаңалық енгізуде жақсы жағдайлар жасау.

жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау