М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Педагогикалық институт
директоры Ботагариев Т.А.
______________________
“____”___________2008ж
“ Математика және информатика” факультеті
Физика кафедрасы
050110 - Физика
...................................
...................................
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
ІІ курс студенттеріне арналған
Электрдинамика және арнаулы салыстырмалық теориясы
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – ІІІ
Семестр –5
Кредит саны -2
Дәріс – 15 сағат
Практикалық сабақ– 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 5 -ші семестрде
Барлығы – 90 сағат
Орал- 2008 ж.
Пәннің оқу әдістемелік кешені Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде дайындалып, енгізілген типтік оқу бағдарламасы (Алматы, 2005)
(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)
негізінде құрастырылған.
Құрастырушы: Сырым Ж.С.- оқытушы
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Физика кафедрасының отырысында бекітілді.
“____” ________________2008 ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ Жусупкалиева Ғ.Қ.
(қолы) (аты-жөні)
Педагогикалық институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
“___” ___________ 200_ ж. № __ хаттама.
Институттың оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Кіріспе
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) пәннің мазмұнын ықшамдау, студенттердің оқу-танымдық қабілеттерін күшейту және пәннің мазмұнын практикалық жұмысқа максималды жақындатуға, қайталауды алдын алуға, студенттерді даярлау сапасын басқару үшін құрылады.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін электронды нұсқауға айналдыру үшін (HTML форматы) БҚМУ-дың инновациялық технологиялар бөліміне (қағаз және электронды түрде) тапсырылады. ПОӘК келесі құрамдас бөліктерден тұрады:
Типтік бағдарлама
Курс бағдарламасы – SYLLABUS Силлабус келесі құрылымнан тұрады:
2.1 Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет.
2.2 Пән туралы мәлімет.
2.3 Кіріспе.
2.4 Сабақ мазмұны және кестесі.
2.5 Әдебиеттер тізімі.
2.6 Білімді бағалау жөнінде мәлімет.
2.7 Курс саясаты және процедурасы.
2.8 Аралық тексеру және қорытынды аттестациялау (емтихан) сұрақтары.
2.8.1 1-7 апталардағы тақырыптар (немесе модулдар) бойынша тексеру сұрақтары.
2.8.2 8-15 апталардағы тақырыптар (немесе модулдар) бойынша тексеру сұрақтары.
2.8.3 Қорытынды аттестациялау (емтихан).
2.9 Курс бойынша жазба жұмыстардың тақырыптары (реферат, курстық жұмыс т.б.).
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
Пән тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
Глоссарий.
Дәріс конспектісі және басқа дидактикалық құжаттар (слайдтар, графикалық материалдар т.б.).
Әдістемелік нұсқаулар:
8. Студенттің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар (дидактикалық).
9. Студенттердің білімін тексеруге арналған материалдар.
1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Электродинамикасы және арнайы салыстырмалық теориясы
Салыстырмалықтың арнайы теориясының негіздері.
1.Релятивистік кинематика. Арнайы Салыстырмалық теориясының эксперименттік негіздері. Эйнштейн постулаттары. АСТ-дағы кеңістік, уақыт, АСТ-дағы санақ жүйелері. Лоренц түрлендіруі, оның кинематикалық салдары.
Жылдамдықтың түрлендірілуі. Салыстырмалылық жылдамдық.
Минковский кеңістігі. Минковский кеңістігінде Лоренц түрлендірулері санақ координаттарының айналуы ретінде. Төртөлшемді векторлар мен тензорлар, физика заңдарын коварианттық түрде жазу. Оқиғалардың арасындағы интервал, оның инварианттығы. Интервалдардың классификациясы және оқиғалардың арасындағы себептілік-салдарлық байланыстар. Өзіндік(меншікті) уақыт. Төртөлшемді жылдамдық.
Релятивистік динамика. Бөлшектің инварианттық массасы. Бөлшектің төртөлшемді импульсы, оның құраушылары (үш-өлшемді импульс және релятивистік энергия). Бөлшектің өзіндік энергиясы мен массасының байланысы (Эйнштейн формуласы) (Нольдік массалы бөлшек, бөлшекке арналған Гамильтон функциясы).
Әсерлеспейтін бөлшектер жүйесі, оның төртөлшемді импульсы. Өзара әсерлеспейтін бөлшектер жүйесінің инварианттық массасы.
Релятивистік физикада өзара әсерлесетін бөлшектерді сипаттау ерекшеліктері. Физикалық өріс, оның энергиясы және импульсы туралы ұғымдар. Допплер эффектісі.
Байланысқан бөлшектер жүйесі, оның массасы және байланыс энергиясы. Асимтотикалық әсерлеспейтін бөлшектер жүйесі, төртөлшемді импульстің сақталу заңы. Бөлшектердің ыдырауы, ыдыраудың энергетикалық шарты. Серпімді және серпімсіз соқтығысу.
Электр динамикасы
Кіріспе. Электрмагниттік әсерлесу, оның сипаттамалары. Классикалық электродинамиканың пәні және әдістері, басқа физика пәндердің арасындағы оның орны.
Электрлік заряд және вакуумдағы электрмагниттік өріс. Электр заряды. Заряд және ток тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Вакуумдағы электрмагнит өрісі, оның зарядталған бөлшектерге әсері, өріс көздері. Электр және магнит өрістері. Электр өрісінің кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, суперпозиция принципі. Лоренц күші. Электрмагниттік өрістің электр және магнит өрістеріне жіктеуінің салыстьырмалығы. және векторларын электрмагниттік өріс күйінің айнымалы сипаттамалары ретінде қарастыру. Классикалық электродинамикада себептілік принципі.
Электр динамикасының эксперименттік негіздері. Кулон заңы және вакуумдағы электрстатиканың теңдеулері. Био-Савар –Лаплас заңы және вакуумдағы стационарлық өрістің теңдеулері. Электр магниттік индукция және Фарадей заңы. Электр зарядының сақталу заңы және Максвелдің ығысу ток туралы гипотезасы.
Вакуумдағы электростатикалық өрісінің теңдеулері. Вакуумдағы электростатикалық өрісінің теңдеулері. Электростатикалық потенциал. Пуассон теңдеуі, оның жалпы шешімі.
Үлкен арақашықтықтағы заряд жүйесінің потенциалы, мультипольді жіктеу. Электростатикалық өрісті дипольді жуықтаумен қарастыру, дипольді момент. Квадрупольді момент туралы ұғым.
Вакуумдағы стационарлық магнит өрісінің теңдеулері. Вакуумдағы магнитостатиканың теңдеулері, оларды түсіндіру. Векторлық потенциал. Векторлық потенциалға арналған Пуассон теңдеуі, оның толық шешімі. Үлкен арақашықтықтағы заряд жүйесінің векторлық потенциалы. Стационарлық магнит өрісін магниттік дипольді жуықтаумен қарастырылуы. Магниттік момент.
Вакуумдағы электромагниттік өрістің жалпы қасиеттері. Вакуумдағы электромагниттік өріске арналған Максвелл теңдеулері жүйесінің интегралды және дифференциалды түрлері. Максвелл теңдеулерінің физикалық мағынасы. Максвелл теңдеулер жүйесінің қасиеттері.
Электр магниттік өрістің потенциалдары. Үлгілік инварианттық. Лоренц шарттары. Потенциалдарға арналған теңдеулер. Электрмагниттік өрістің энергия ағынының тығыздығы және энергиясының тығыздығы. Өріс-бөлшек жүйесіндегі энергияның сақталу заңы.
Электр магниттік өрістің импульсінің сақталу заңы.
Электр динамикасының релятивистік тұжырымдамасы. Ток тығыздығының төрт өлшемді векторы. Санақ жүйелері өзгергенде оның түрлендірілуі, өріс көздерін зарядтарға және токтарға бөлудің салыстырмалылығы. Зарядтар сақталу заңының инварианттық түрі.
Төрт өлшемді потенциал, санақ жүйесі өзгергенде оның түрлендірілуі. Лоренц шарты.
Электр магниттік өрістің тензоры. Санақ жүйесі өзгергенде электр және магнит өрістерін түрлендіру, осы ұғымдардың салыстырмалылығы. Сыртқы электрмагниттік өріске зарядталған бөлшектің қозғалыс теңдеуінің коварианттық түрі. Вакуумдағы Максвелл теңдеулерінің коварианттық түрі.
Электрмагниттік толқындар.Толқындық теңдеу. Электромагнитік толқындар, олардың таралу жылдамдығы. Жазық толқындар. Электромагниттік толқынның үйектелуі (поляризациясы).
Еркін қозғалыстағы зарядтардың электр магниттік өрісі. Даламбер теңдеулері. Кешігетін потенциалдар, олардың физикалық мағынасы. Дипольді жуықтаудағы заряд жүйесінің электрмагниттік өрісінің толқындық аумағы. Электрмагниттік толқындардың сәулеленуі, сфералық толқындар. Сәулеленудің қарқындылығы. Қарапайым сәулелену жүйелері. Электрдинамика және атомның классикалық планетарлық моделінің қанағаттанғысыздығы. Еркін зарядтың электрмагниттік толқындарды шашыратуы. Томсон формуласы.
Заттағы электр магниттік өріс. Микроскоптық өріске арналған Максвелл-Лоренц теңдеуі, оларды макроскоптық орташалау. және макроскоптық өрістер. Заряд тығыздығын және ток тығыздығын орташалау мәселесі.
Еркін және байланысқан зарядтар, өткізгіштік, магниттелгендік және үйектелімдік (поляризациялану) токтары. Үйектелімдік және магниттелгендік векторлары. және өрістері. Заттағы Максвелл теңдеулерінің формальді жүйесі, шекаралық шарттар. Материалдық теңдеулер. Тұтас орталардың электродинамикасының жуықтауы. Өрістің потенциалы, оларға арналған теңдеулер. Заттағы электрмагниттік өрістің энергиясының және энергия ағынының тығыздығы.
Заттағы электр магниттік толқындар. Идеалды біртекті диэлектриктегі электрмагниттік өрістің толқындық теңдеуі. Жазық монохроматтық толқындар, олардың сипаттамалары. Электрмагниттік толқындардың шағылуы және сынуы. Өткізгіш ортадағы электрмагниттік толқындар. Диэлектрлік өтімділіктің дисперсиясы.
М.Өтемісов атындағы Батыс Ќазаќстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Педагогикалық институт
директоры Ботагариев Т.А.
______________________
“____”___________2008ж
Достарыңызбен бөлісу: |