Тьютор:магистр Өмірзақов Бауыржан Есенжолұлы
Пән:Морфология Кредит саны:2
№
|
Әдебиет атауы
|
Кітапханада
|
Кафед рада
|
Студенттердің қамтылу пайызы
|
Электронды түрі
|
Ескерту
|
1
|
Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.
|
5
|
3
|
5
|
-
|
Негізгі оқулық
|
2
|
Қазақ грамматикасы. А.,2002
|
2
|
-
|
2
|
-
|
-
|
3
|
Ысқақов Қазіргі қазақ тілі А.,1991
|
2
|
-
|
2
|
-
|
-
|
4
|
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы А., 2002
|
4
|
-
|
3
|
-
|
-
|
5
|
Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1983
|
2
|
-
|
2
|
-
|
-
|
6
|
Кузнецев П.Ц О принципах изучения грамматики
|
2
|
-
|
2
|
-
|
-
|
7
|
Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А.,1986
|
4
|
-
|
3
|
-
|
-
|
8
|
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А.,1989
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
9
|
Байтұрсынов А.Тіл тағлымы.-А.,1992
|
3
|
2
|
6
|
-
|
-
|
10
|
Оралбаева Н Қазақ тіліндегі етістік категориялары.А, 1980
|
3
|
-
|
2
|
-
|
-
|
11
|
Болғанбайұлы Ә.,Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы–А., 1997
|
2
|
-
|
2
|
-
|
-
|
12
|
Жексенбаева Г.Е Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасам қызметі А.,1992
|
3
|
3
|
6
|
-
|
|
13
|
Жұбанов қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –А., 1966
|
3
|
3
|
6
|
-
|
|
14
|
Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. –А.,1988
|
2
|
2
|
5
|
-
|
-
|
15
|
Қордабаев Т Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. А.1993
|
3
|
3
|
3
|
-
|
-
|
16
|
Қалыбаева А., Оралбаева Н., Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.-А.,1986
|
1
|
1
|
1
|
-
|
-
|
17
|
Қасабекова Қ. Негізгі түбір салт етістіктері., А.,1998
|
3
|
3
|
3
|
-
|
-
|
18
|
Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір етістіктері,1999
|
3
|
3
|
3
|
-
|
-
|
19
|
.Қайдаров А.Т.,Структура односложных корней и основ в казахском языке. А.,1986
|
3
|
3
|
3
|
-
|
-
|
20
|
Манкеева Ж. Реконстукция первичных глагольных основ казахского языка. –А.,1991
|
-
|
1
|
1
|
-
|
-
|
21
|
Муртазин К. Күрделі сөздердің түркологиялық әдебиеттерде зерттелу тарихынан. –қазақ тілі мен әдебиет мәселелері, 1969
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
22
|
Мұсабаев Ғ.Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары,1951
|
1
|
-
|
1
|
-
|
-
|
23
|
Оразов М.Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – А.,1980
|
2
|
2
|
2
|
-
|
-
|
24
|
Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер, 1959
|
5
|
5
|
20
|
-
|
-
|
25
|
Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А., 1961
|
2
|
-
|
2
|
-
|
-
|
26
|
Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А.,1988
|
5
|
5
|
20
|
-
|
-
|
27
|
Балақаев М. Күрделі сөздердің сипаттамасы. 1987
|
5
|
5
|
20
|
-
|
-
|
28
|
Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А,1958
|
4
|
4
|
10
|
-
|
-
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиеттер)
1.Тақырыбы: Грамматика туралы түсінік.
2.Қарастырылатын сұрақтар:
Грамматиканың екі саласы, морфология, синтаксис.
Қазақ тілі грамматикасының бірліктері.
Қазақ тілі грамматикасының зерттелуі.
Грамматикалық мағына және лексикалық мағына.
3.Дәрістің мақсаты: Грамматика – сөздің құрылысын, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің және сөйлемнің құрылысын зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы.
Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Зерттеу нысанының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөзбен оның формалары туралы ілім. Сөйлеу кезінде әр сөз сөйлем құрамында келіп, өзге сөздермен белгілі бір заңдар бойынша әр түрлі қарым-қатынасқа түседі. Әр түрлі қызмет атқарып, соған сәйкес форма жағынан да сан алуан өзгерістерге ұшырайды. Осы өзгерістердің бәрі де қалай болса солай, жүйесіз туа салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады.
4. Дәріс мазмұны: Қандай болмасын тіл туралы ғылым бірнеше салалардан тұрады және ол салалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келеді. Тілді терең түсіну үшін, оны зерттеу үшін тілдің осы салалары өте қажет болып келеді. Қазақ тілі - сондай тілдердің бірі. Оның да бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше салалары бар: фонетика, фонология, морфофонология, лексика, лексикография, грамматика, морфология, синтаксис, диалектология, ономастика, стилистика т.б.
Бұлардың өздерін екіге бөліп қарауға болады: тілдің ішкі заңдылықтарын зерттейтін салалары және тілдің сыртқы салаларын зерттейтін салалары. Оны біз басқа пән бойынша оқимыз.
Сөзде лексикалық мағынамен қатар грамматикалық мағына да болады. Мен, ауыл, машина, бар деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысы жеке-жеке ұғымдарды білдіреді. Бірақ олардың осы жиынтығынан ешқандай хабар берілмейді.
Адам сөйлескен кезде жеке лексикалық сөздер арқылы білдіруге болмайтын неше түрлі мағыналардың бәрін тек грамматикалық амал-тәсілдер арқылы ғана түсінікті етіп айтуға болады. Яғни, жоғарыдағы сөздерді грамматикалық тәсілдер көмегімен «Мен ауылға машинамен бардым» деп хабарлауға болады.
Тілдегі грамматикалық амал-тәсілдердің барлығын грамматикалық құрылыс деп атайды. Оны тілдің грамматика саласы зерттейді.
Грамматика – сөздің құрылысын, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің және сөйлемнің құрылысын зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы.
Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Зерттеу нысанының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөзбен оның формалары туралы ілім. Сөйлеу кезінде әр сөз сөйлем құрамында келіп, өзге сөздермен белгілі бір заңдар бойынша әр түрлі қарым-қатынасқа түседі. Әр түрлі қызмет атқарып, соған сәйкес форма жағынан да сан алуан өзгерістерге ұшырайды. Осы өзгерістердің бәрі де қалай болса солай, жүйесіз туа салмайды, тілдегі қалыптасқан белгілі жүйе бойынша жасалады.
Морфология тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру жүйесін анықтайды. Жалпы сөз атаулыны топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Сөзді сөз таптарына ажыратады, әр сөз табының категорияларын анықтайды. Осының нәтижесінде сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуін, қолдану ерекшеліктерін, грамматикалық мағыналарын анықтайды.
Синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын қарастыратын ілім. Сөйлеу процессі кезінде сөздер өзара белгілі бір жүйе бойынша тіркеседі. Сол сөз тіркестерінің де, сөйлемдердің де өзіне меншікті жүйесі болады.
Морфология сөздің құрамын, мағыналарын және қыызметін талдаса, синтаксис сөйлемді, оның құрамындағы сөз тіркестері мен сөздерді, олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипатын талдайды.
Грамматиканың бұл салалары екі сала болып бөлінгенімен, бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Грамматика – тілдегі грамматикалық бірліктерді ұйымдастыратын, байланыстыратын, оларды бір-бірінен ажырататын құралдарды зерттейді. Грамматикалық негізгі бірліктер ( единицалар) мыналар: Морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
Морфема – сөздің әрі қарай бөлшектенуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі, грамматикалық единица.
Сөз – морфемалардан құралып, заттың атын, сынын, түсін, түрін, санын, қимылын, ісін т.б. қасиеттерін білдіретін, түрлі құрамда болып келетін, дыбысталу мен мағынада тұратын единица.
Сөз тіркесі – кемінде екі дербес сөздің еркін тіркесінен жасалып, құбылыстарды бірімен- бірі байланыста атайтын грамматикалық единица.
Сөйлем – сөздерден құралып, аяқталған ойды білдіретін грамматикалық единица.
Грамматикалық единицалардың арақатысы мен байланысын анықтауға және оларды тіркестіретін, жалғастыратын, сондай-ақ бір-бірінен шегін ажырататын құралдарды айқындауға қатысты грамматикалық ұғымдар бар. Олар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл, грамматикалық категория. Енді біз олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталамыз.
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Грамматика нені зерттейді?
Лексикалық мағына мен рамматикалық мағынаның айырмашылығы неде?
Грамматиканың салаларын ата?
6.Пайдаланатын әдебиеттер
Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.
2 . Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.
3 . Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.
4. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005.
5. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.
6. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.
7. Искакова А. Наречие в казахском языке. – А., 1960.
8. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. – А., 1982.
9. Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД. – А., 1965.
10. Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. – А., 1973.
2.Тақырыбы: Грамматикалық ұғымдар.
2.Қарастырылатын сұрақтар:
Грамматикалық мағына және лексикалық мағына.
Грамматикалық форма және грамматикалық мағына.
Грамматикалық тәсілдер.
3.Дәрістің мақсаты: лексикалық мағына әрбір сөзге ғана меншікті болса, грамматикалық мағына сөздердің тобына ортақ болады. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса өмір сүріп, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін не сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынаны грамматикалық мағына деп атайды.
Грамматикалық мағына грамматикалық формамен беріледі. Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына болмайды. Бірақ қазір тілімізде айтылып жүрген нольдік форма деген түсінік бар. Кейде грамматикалық мағына ешбір формасыз да берілетін кезі болады. Оны нольдік форма деп атайды. Мысалы, Ауыл баласы деген сөз тіркесін алайық. Осы тіркестегі «ауыл» сөзінде ілік септіктің меншіктік мағынасы бар. Ол мағына форма арқылы көрініп тұрған жоқ, жасырын беріліп тұр. Оны ілік септіктің нольдік формасы деп атаймыз.
4. Дәріс мазмұны: Тіліміздегі әрбір сөз айналамыздағы зат не құбылыс туралы ұғымның атауы болса, онда ол сөздің өзіне телінген мағынасы болады.
Сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке дара тұрған күйіндегі негізгі мағынасын лексикалық мағынасы деп атаймыз.
Сөзде лексикалық мағынамен қатар бірнеше грамматикалық мағына ұштасып, қатар өмір сүруі мүмкін. Мысалы, тас, ағаш, көмір деген сөздерді алып қарайық. Осы үш сөздің үш лексикалық мағынасы бар. Олар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Бірақ осы үш сөзде ортақ белгілер де жоқ емес. Осы үшеуі де заттың атауы, сондықтан грамматикалық белгісіне қарай бөлсек бір сөз табына (зат есімдерге) жатады. Үш сөзде де жалпы затттың атауын білдіретін жалпылық қасиет бар.
Сөздер басқа сөздермен қарым-қатынасқа түскен кезде өзінің лексикалық мағынасынан басқа қосымша грамматикалық мағынаға да ие болады.
Мысалы, Жер жырттық. Егін салдық. Қайнады еңбек. (Жамбыл).
Осы мысалда 6 лексикалық мағына бар. Осы лексикалық мағыналардан басқа бірнеше грамматикалық мағыналар бар.
Жырттық, салдық деген сөздерге ортақ мынадай грамматикалық мағыналар
Іс - әрекет өткен мезгілге қатысты (Бұл - шақтық мағына);
Іс - әрекетті бір адам емес, бірнеше адам істеген (Бұл - көптік мағына);
Іс - әрекет 1 жаққа қатысты істелген(Бұл – жақтық мағына).
Белгілі бір грамматикалық мағына бір топқа (сөз табына) жататын сөздердің барлығына ортақ болып келеді. Мысалы, септік категориясының, етіс категориясының мағынасы барлық етістік атаулыға ортақ болады.
Сонымен, лексикалық мағына әрбір сөзге ғана меншікті болса, грамматикалық мағына сөздердің тобына ортақ болады. Сөздің лексикалық мағынасымен жарыса өмір сүріп, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін не сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынаны грамматикалық мағына деп атайды.
Жығылсаң нардан жығыл деген сөйлемді алайық.
«Жығылсаң , жығыл» деген сөздерде бір ортақ лексикалық мағына бар. Ол – жық. Ол сөздердің грамматикалық мағыналары әр түрлі.
Жық – түбір ;
-лы –етіс категориясының жұрнағы;
- са - шартты рай категориясының жұрнағы;
- ң – 2- жақтың жекеше түрін көрсетіп тұрған жіктік жалғау.
Осы талдауларға сүйене отырып, мынандай қағидалар туғызуға болады.
1) Сөз тек мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да аса күрделі категория,
2) Сөз қолданылғанда, әр алуан өзгеріске ұшырап отырады. Ондай өзгеріс, ең алдымен, сөздердің морфологиялық құрамында болады.
3) Сөздің тұлғалық өзгерісіне орай, бірде сөздің лексикалық мағынасы өзгерсе, енді бірде семантикасы басқа реңке көшеді.
4) Осындай ерекшеліктерге орай, сөздің грамматикалық мағынасы да түрленеді.
Грамматиканың өте маңызды, әрі күрделі мәселелерінің бірі- грамматикалық форма. Әрбір сөздің лексикалық мағынасы да, грамматикалық мағынасы да оның тұлға – тұрпатына , яғни формасына байланысты болып келеді.
Граммтикалық форма грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл ұғымымен тығыз байланысты болады. Жоғарыда келтірілген жырттық, салдық сөздеріндегі грамматикалық мағыналар белгілі бір формалар арқылы беріліп тұр:
өткен шақтық мағына –ты, -ды формасы арқылы;
көптік және жақтық мағына –қ формасы арқылы.
Грамматикалық мағына грамматикалық формамен беріледі. Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына болмайды. Бірақ қазір тілімізде айтылып жүрген нольдік форма деген түсінік бар. Кейде грамматикалық мағына ешбір формасыз да берілетін кезі болады. Оны нольдік форма деп атайды. Мысалы, Ауыл баласы деген сөз тіркесін алайық. Осы тіркестегі «ауыл» сөзінде ілік септіктің меншіктік мағынасы бар. Ол мағына форма арқылы көрініп тұрған жоқ, жасырын беріліп тұр. Оны ілік септіктің нольдік формасы деп атаймыз.
Грамматикалық тәсіл. Грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы берудің жолын грамматикалық тәсіл деп атайды.
Грамматикалық мағыналар тіл-тілде түрлі-түрлі грамматикалық құралдар, амал-тәсілдер арқылы беріледі.
Грамматикалық тәсілдердің үш түрі бар:
А) семантикалық тәсіл, не лексика-грамматикалық тәсіл;
Б) синтетикалық тәсіл, кейде морфологиялық тәсіл десе;
В) аналитикалық тәсіл, кейде синтаксистік тәсіл деп беріледі.
А) Семантикалық тәсіл немесе лексика-грамматикалық тәсіл. Кейде грамматикалық мағына сөздің семантикасы арқылы да берілуі де мүмкін. Мысалы: шаш, сүт, су сияқты сөздер жеке-дара тұрып-ақ көптік ұғымды бере береді.
Кейбір сын есімдер қолданылу ерекшелігіне, контестегі семантикасына сай бірде зат есім, бірде үстеу болып келуі мүмкін. Осындай құбылыстарды семантикалық тәсіл арқылы болған өзгерістер деп айтуға болады.
1. Синтетикалық тәсіл немесе морфологиялық тәсіл. Бұл тәсілдердің үш түрі бар:
А) аффиксация тәсілі.
Б) ішкі флекция тәсілі.
В) екпін тәсілі.
Әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік:
А) Аффиксация тәсілі. Сөздің түбіріне немесе сөзге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағыналарды білдіруді аффиксация тәсілі деп атайды. Мысалы: жолдастарыма сөзінде 4 аффикс бар. Осының біреуі сөз тудырып, ал қалған үшеуі 4грамматикалық мағына тудырып тұр.
Аффикстер префикс, постфикс (жұрнақ және жалғау), инфикс болып бөлінеді. Қазақ тіліне постфикс арқылы мағына тудыру тәсілі тән. Префикс арқылы грамматикалық мағынаны беру қазақ тілінде мүлде кездеспейді.
Б) Ішкі флекция тәсілі. Түбірдің дыбыстық құрамы өзгеруі арқылы грамматикалық мағыналардың берілуін ішкі флекция тәсілі деп атайды. Мысалы: неміс тілінде mitter-шеше – (жекеше)- mitter деген сөз бар. Егер осы сөздің бір дыбысын өзгертсе, шешелер (көпше) мағына пайда болады. Немесе ағылшын тілінде foot-аяқ дегенді білдірсе, feet-аяқтар деген көптік мағынаны көрсетіп тұр. Көптік грамматикалық мағынасы екі дыбыстық өзгеруі арқылы жасалып тұр. Ішкі флекция тәсілі көбінесе неміс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ орыс және араб тілдерінде кездеседі.
В) Екпін тәсілі. Кейбір тілдерде екпін сөздің грамматикалық мағыналарын ажырататын тәсіл ретінде екпін тек соңғы буынға түседі.
Ал кейбір тілдерде мысалы: орыс тілінде екпін жылжымалы, ауыспалы болады. Екпін ол тілде кейде сөздің лексикалық мағынасына әсер ете алатынын бәріміз білеміз.Мысалы, мынадай екпіні екі түрлі сөздерді алайық:
Руки (атау септік, көпше) руки (ілік септік, жекеше)
Ноги (атау септік, көпше) ноги (ілік септік, жекеше)
Яғни, алғашқы сөздер аяқтар, қолдар деген грамматикалық мағынаны білдірсе, кейінгілері аяқтың, қолдың деген грамматикалық мағынаны білдіріп тұр.
Ішкі флекция мен екпін тәсілі қазақ тіліне тән емес.
3) Аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл. Бұл тәсілдің мынадай түрлері бар:
А) сөздердің қосарлану тәсілі;
Б) көмекші сөздердің тіркесуі арқылы;
В) сөздердің орын тәртібі арқылы;
Г) интонация тәсілі;
А) Сөздердің қосарлану тәсілі. Грамматикалық мағына сөздердің қосарланып айтылуы арқылы беріле алады. Мысалы: қайықтар, шеоектер сөздеріндегі көптік мағынаны Затты қайық-қайық қылып тастады, шелек-шелек сүт сауды деп те беруге болады. Бұл – көптік мағынаның берілу жолы. Тағы бір мысал: көре-көре, сөйлей-сөйлей, бара-бара деген сөздер қайталану мағынасын беріп тұр. Яғни, сипат категориясының мағынсаы. Немесе әп-әдемі, қып-қызыл, көп-көркем деген қайталаулар шырай мағынасын беру үшін қолданылып тұр.
Сөздердің қосарлану тәсілі түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де бірден – бір тән құбылыс.
Б) Көмекші сөздер тәсілі. Көмекші сөздер атауыш сөздермен тіркесіп келіп сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды, алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдіреді. Көмекші сөздер кейде аффикстердің орнына қолданыла алады. Мысалы, оқуға келдім – Оқу үшін келдім.
Қазақ тілінде шылаулар түрлі қызмет атқарады. Орыс тілінде көмекші сөздердің предлог деген түрі қолданылады.
Етістікте болатын жекеше – көпше, жақ, шақ етіс мағыналарын беруде көмекші етістіктер үлкен қызмет атқарады. Көмекші етістіктер арқылы грамматикалық мағыналардың берілуі де қазақ тілінде жиі кездесетін құбылыс.
В) Сөздердің орын тәртібі тәсілі. Кейбір тілдерде сөз түрлендіретін формалар аз болып келеді, сондықтан, түрлі грамматикалық қатынастар сөздердің орын тәртібі арқылы беріледі. Сөздердің орын тәртібі тәсілі қытай, ағылшын, француз тілдерінде айрықша қызмет атқарады. Бұл тәсіл қазақ тіліне тән емес, тек кейбір бірен-саран жағдайда ұшырасуы мүмкін.
Г) Интонацич тәсілі. Сөйлемнің түрлері, сондай-ақ сөйлемдегі түрлі мағыналар (таңдану, күдіктену, қуану т.б.) интонация арқылы ажыратылады. Мысалы, Сен кітапханаға барасың ғой деген сөйлемді екі түрлі интонациямен айтып, екі түрлі сөйлем қатарына жатқызуға болады. Немесе Әні қандай деген сөйлемді де интонациясына орай сұраулы-лепті сөйлемдердің біріне жатқызуға болады.
Интонация тек сөйлемнің түрлерін ажырату үшін ғана қолданылмайды. Сондай-ақ, сөз тіркесі мен сөйлемнің жігін ажырату үшін де пайдаланылады. Мысалы, Ол оқушы-Ол оқушы, Мынау дәптер- Мынау дәптер.
Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма ұғыммен ұштасып жатады, олар әрқашан тығыз байланыста болады. Оның мынадай себептері бар:
1) грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс, оған байланыссыз өмір сүрмейді. Керісінше, грамматикалық мағына ктегорияның элементі ретінде, оның құрамында өмір сүреді.
2) грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты. Қандай грамматикалық ктегория болмасын, тек грамматикалық мағыналар арқылы білініп, кемінде 2 түрлі формада көрінуі қажет. Мысалы, салыстырмалы шырай тек жалғыз өзі шырай категориясы бола алмайды. Ол үшін басқа да шырай түрі болуы қажет.
Сонымен, грамматикалық категория дегеніміз не? Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы, тәсілі бар грамматикалық мағынаны грамматикалық категория деп атаймыз.
Грамматикалық категориялар жалпы сипатта болады. Олар морфологиялық категориялар және синтаксистік категориялар болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес, морфология саласы мрорфологилық категориялардың, ал синтаксис саласы синтаксистік категориялардың ерекшеліктерін тексереді. Тілден тыс ешбір грамматикалық құбылыс болмайтыны секілді, тілдегі сөздерден тыс грамматикалық категориялар өмір сүрмейді. Сондықтан, грамматикалық категориялар тілде топ-топқа бөлініп, белгілі бір сөз таптарына тән, телулі болады. Мысалы, септік, тәуелдік, көптік категориялары зат есімге , шырай категориясы сын есімге, шақ, етіс, болымды-болымсыздық, рай есімше, көсемше категориялары етістікке тән болады.
Грамматикалық категориялардың өресі мен өрісі біркелкі болмайды. Кейбір категориялар тым жалпы әрі өрісті, әрі қарымды болып келсе, енді бірінің өрісі тым тайыз, қарымы аз, тіпті жалқы да болып келуі мүмкін.Мысалы, тым жалпы категорияға сөз тартары категориясы жатса, ол бөлшектеніп жалқы категорияларға ( есімдер, етістер, көмекші сөздер категориясына ) бөлшектенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |