Барлығы – 45 сағат


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



жүктеу 1,13 Mb.
бет7/12
Дата02.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#27972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Сөздерді таптастырудағы неізі принциптер?

  2. Түркологтар мен орыс ғалымдарының пікірлері?

  3. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары қандай?

6.Пайдаланатын әдебиеттер

  1. 36. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.

  2. 37. Нұрмағамбетова Ә. Дағдыдан тыс тәуелдік жалғау. // Қазақстан мектебі. 1971. №7. 95-96 бб.

  3. 38. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі септік жалғауының берілетін мағыналары. // Труды научной конференции, посвященным 40-летию КазПИ им. Абая. - А., 1968.

  4. 39. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. – А., 1961.

  5. 40. Мұсабекова Ф. Сын есім, оның қолданылуы. // Қазақ филологиясы. 4-кітап.– А., 1977. 44-51 б.

  6. 41. Исаев С. И тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның рөлі туралы. // ҚазССР ҒА-ның хабарлары, 1965, 1-шығуы.

  7. 42. Шәкенов М. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. – А., 1961.

  8. 43. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. - А., 1993.

  1. Хасенов А. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. – А., 1957.



5.Тақырыбы: Зат есімнің категориялары.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Зат есімнің категориялары және ерекшеліктері.

  2. Септік категориясы оның ерекшелігі Тәуелдік және көптік категориялары.

3.Дәрістің мақсаты: Қазақ тілінде көптік категориясы және көптік жалғау категориясы деген ұғымдар бар. Ол ұғымдар бір-бірімен тең емес. Көптік категориясы деген жалпы да, көптік жалғау категориясы деген ұғым жалқы болып келеді.

Көптік жалғауларының беретін семантикалық мағынасы да, атқаратын стилистикалық қызметі де сан алуан.

4. Дәріс мазмұны: Қазақ тілінде көптік категориясы және көптік жалғау категориясы деген ұғымдар бар. Ол ұғымдар бір-бірімен тең емес. Көптік категориясы деген жалпы да, көптік жалғау категориясы деген ұғым жалқы болып келеді.

Қазақ тілінде көптік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы беріледі. Ал көптік жалғау категориясы осы көптік категориясының берілуінің бір жолы ғана. Яғни, көптік жалғау категориясы көптік категориясының құрамына кіреді.

Көптік категориясы үш түрлі тәсілмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы, синтетикалық тәсіл арқылы (морфологиялық), аналитикалық тәсіл арқылы (синтаксистік).

1. Лексикалық тәсіл. Кейбір сөздер ешқандай қосымшасыз, жеке тұрып-ақ, өзінің мағынасымен көптік ұғымды білдіре алады. Мысалы: тұз, ұн, сүт, шөп, арпа, бидай, алданыш, ізгілік, тары, ақыл, достық, қуаныш, жалқаулық т.б. Яғни, сөздің лексикалық мағынасы арқылы көптік ұғымның берілуін лексикалық тәсіл деп атайды.

2.Аналитикалық тәсіл. Зат есімдер сан есімдердің есептік, болжалдық түрімен, сондай-ақ көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар секілді сөздермен тіркесіп келіп те көптік ұғымда беріле алады. Мысалы: көп адам, екі адам, бірнеше адам, қыруар адам т.б.

Көптік ұғым сөздердің қосарлануы арқылы да беріледі. Мысалы: бала-шаға, кемпі-шал, жігіт-жеоең т.б. Бұл тәсіл көптік ұғымнан гөрі жинақтауу, жалпылау, топтау ұғымдарын береді.

3.Синтетикалық тәсіл. Көптік ұғым қазіргі қазақ тілінде морфологиялық тәсіл арқылы жиі беріледі. Көптік мағынасын беретін қосымшалардың қазақ тілінде үш түрі кездеседі:

1) –ыз, -із, -з формасы.

2) –к,-қ формасы.

3)-дар, -дер, -тар, -тер, -лар, -лер формасы.


1. –ыз, -із, -з формасы туралы. Бұл форма тілімізде көне заманнан қалған сарқыншақ форма ретінде, бірен-саран сөздерде ғана ұшырасады. Мысалы: біз, сіз деген жіктеу есімдіктерінің құрамында –ағы,-з формасы көптік мағынаны беріп тұрған форма. Ол форма көнеленіп, түбірдің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл форма қазақ тілінде біз, сіз көз, егіз деген жіктеу есімдіктерінің құрамында –ағы, -з формасы көптік мағынаны беріп тұрған форма. Ол форма көнеленіп, түбірдің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Бұл форма қазақ тілінде біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында ғана кездеседі. Ғалымдар бұл қосымшаны екеу, жұп деген түсінікті беруде пайдаланатын форма деп есептейді. Көбінесе, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына қосылып берілген деп топшылайды.

Қазақ тілінде бұл формаға омонимдес, тәуелдік жалғаудың сыпайы түрінің 2 жағы болып келетін форма да бар: -ің, -із, -ың, -ыз, -ң-із, -ң-ыз. Алайда, бұл қосымшаның мағынасы да, қызметі де басқа.

2. –к, -қ формасы туралы. Етістіктің ашық райының жедел өткен шағынан кейін, бұйрық райынан кейін, шартты райынан кейін 1 жақтың көпше түрінде –К,-Қ деген формалар жалғанады. Мысалы: айт-ты-қ, айт-ай-ық, айт-са-қ; кел-ді-к, кел-ейі-к, кел-се-к т.б. Бұл форма да ерте заманда көптік мағынаны білдірсе керек.

3. –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формасы туралы. Қазақ тіл білімінде бұл форманы заңды түрде көптік жалғаулары деп атайды.Бұл форма тілімізде, негізінен зат есімдерге, есімдіктерге және субстантивтенген басқа да сөз таптарына, етістіктің жіктелетін формасының 2 жақтарына жалғанып, көптік мағынаны білдіреді.

Көптік жалғауларының беретін семантикалық мағынасы да, атқаратын стилистикалық қызметі де сан алуан. Солардың кейбіріне тоқталайық:

1. Зат есімдерге жалғанып көптік мағынасын білдіреді. Көптік мағына сандық ұғымды білдірмейді, әрі нақты болмайды. Тек жалпы түрде ғана көптік ұғымды білдіреді.

2. Сын есімдерге , есімшелерге жалғанған кезде сол сөз таптарын зат есімге айналдырады, әрі көптік мағынасын үстейді. Мыс: жақсылар, келгендер т.б.

3. Сан есімдерге жалғанған кезде мөлшер не болжал мағынасын береді. Мыс: Мен сағат бестерде ораламын.

4. Көптік жалғаулары зат есімдерге жалғанып, көптік мағынасын емес, топтау, жинақтау мағынасын да бере алады.

5. Көптік жалғаулары сан жағынан бөлшектеп көрсетуге келмейтін бір текті нәрселердің жиынтығын білдіретін атауларға жалғанғанда олар заттың көптігін ғана емес, оның түрінің, сортының да әр түрлі екенін білдіреді. Мыс: нандар, тәттілер т.б. Көптік жалғаулары көп адамға ортақ бола алатын заттардың атауларына жалғанып, сол сөздің бірнеше адамға ортақтығын білдіреді. Мыс: Әкелерін қатты сағынды.

6. Көптік жалғаулары орын, мекен атауларына жалғанып, сол сөзге «сол жақ», «сол маңдай» деген сияқты тұспалмау реңін жамайды. Мыс: Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді.

7. Мезгіл атауларына жалғанып та тұспалдау, шамалау мағынасын береді. Мыс: Кешелер, ертеңдер, қыстың орталарында, марттың бастарында т.б.

8. Көптік жалғауларын керек етпейтін, зат есімдер тобы жалқы есімдер. Бірақ, көптік жалғаулары жалқы есімдерге де жалғанып келе алады. Ондайда көптік жалғауы «сол кісі» және «басқалар» деген түсінікті береді. Мыс: Әкемдер үйге кірді.

9. Көптік жалғаулары көмекші сөздер мен модель сөздерге де жалғанып келе алады. Ондай кезде к.ж-ры бүтін тіркестің ең соңғы сөзіне ғана жалғанады. Мыс: Нұржан мен Еркін сияқтылар көбейіп келеді. Көлігі барлар көше бастады.

10. Көптік жалғаулары даралап санауға болмайтын, көптік формада жұмсалмайтын сөздерге жалғанған кезде, ол сөздер өз мағынасында емес, ауыспалы мағынада қолданылады. Мыс: сақалдар, мұрттар, ішіктер, шаштар т.с.с.
3.Көптік жалғауларының қолданылуының да өзіндік кейбір ерекшеліктері бар. Мыс: сөйлемнің біріңғай мүшелеріне көптік жалғаулары екі түрлі сипатта жалған алады.

1. а) көптік жалғаулары біріңғай мүшелердің әрқайсысына түсірілмей жалғанады. Ол соңғы күндері көбінесе домбыра алып , мөлдір күйлер, сұлу әндер тартушы еді. (М.Ә)

б) көптік жалғаулары біріңғай мүшелердің тек ең соңғысына ғана жалғанып, алдыңғыларына жалғанбайды. Мыс: Тымақбайдың артынан Жүсіп, Қадырберген, Жақыптар сөз алып сөйледі. (Б.М.)

2. Бастауыш жіктеу есімдігінің 2 жағының анайы, сыпайы түрінің көптік формасында тұрса, онда баяндауыштар да көптік формасын қабылдап қиысып тұрады. Мыс: Сендер бүгін келіңдер т.б.

3. Бір сөзге бірнеше жалғау қабаттасып жалғанған кезде түбірге көптік жалғаулары бірінші болып жалғанады. Бірақ кейбір стилистикалық мақсатта қолдануда көптік жалғауы бірде тәуелдік жалғауынан кейін, бірде алдында келуі мүмкін. Ондайда әр қолданыстың өзіндік ерекшеліктері болады. Мыс: апаларым көптік мағынасын беріп тұр да, апамдар-апам және басқалар деген ұғымды беріп тұр.

Зат есімге тән категориялардың бірі – тәуелділік. Тәуелділік категориясы деп белгілі бір заттың кімнің меншігі екендігін білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз.

Қазақ тілінде тәуелдік категориясы үш түрлі тәсіл арқылы беріледі:


  1. Аналитикалық тәсіл арқылы,

  2. Аралас тәсіл арқылы (морфология-синтаксис)

3. Синтетикалық тәсіл арқылы.

5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Зат есімге қандай категориялар тән?

  2. Септелу мен септеудің айырмашылығы неде?

  3. Зат есімнің жіктелуіндегі айырмашылық?

  4. Тәуелдеудің неше түрі бар?

6.Пайдаланатын әдебиеттер

  • 49. Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. – А., 1957.

  • 50. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. – А., 1980.

  • 51. Оразов М. Семантика казахского глагола. Д.д. автореф. – А., 1983.

  • 52. Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – А., 1980.

  • 53. Әбілқаев А. Де етістігінің мағыналары мен қызметтері. – А., 1958.

  • 54. Қасымова Б. Қазақ тіліндегі күрделі етістіктердің тірек компоненттері. // Қазақстан мектебі. 1984. №5, 60-61 б.

  • 55. Әбдіғалиева Т. қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Докт. дисс. автореф. – А., 1998.

  • 56. Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы. – А., 1998.

  • 57. Омарова А. Осы шақтың Қ.Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы көрінісі // Проф. Н.Оралбаева және қазақ тілі білімінің мәселелері. – А., 1998.

  • 58. Ерғалиев Т. қазақ тіліндегі есімше категориясы. – А., 1958.


6.Тақырыбы: Зат есім.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Зат есімнің лексика–грамматикалық топтары, ерекшеліктері.

  2. Зат есімнің морфологиялық сипаты.

  3. Зат есімнің жасалу жолдары.


3.Дәрістің мақсаты: СӨЗ ТАБЫ деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.

Қазқ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау процесінде осы үш белгіні бәрін іздеп /яғни, лексика-сематикалық, морфологиялық және синтаксистік/, осы жоғарыдағы принципке үнемі сүйенудің қажеті жоқ. Себебі, кейбір сөздерден осы үш белгінің бәрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе үш белгінің бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип ретінде, тіпті кейде қолдануға да болады.

Мысалы, одағай сөздерді анықтауда оның морфологиялық белгісін іздеудің тіпті қажеті жоқ сияқты. Немесе көмекші сөздерді соның ішінде шылауларды анықтауда олардың семантикасын, сөзбен, сөйлеммен тіркесу ерекшеліктерін ған негізге алып, морфологиялық белгісін іздеудің қажеті жоқ секілді. Ал, кейде екі белгінің бірін ғана басшылыққа алу, яғни таңдау кезі де келіп қалатын уақыты болды.Мысалы, тілімізде омоним сөздер көп кездесіп отыратыны кім-кімге де белгілі жәй. Ондай кезде сөзді анықтайтын басты белгі оның мағынасы, яғни семантикасы болмақ.

4. Дәріс мазмұны:

Тіл білімінде ерте кезден бастап сөздерді атаушы немесе негізгі сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу дағдысы қалыптасқан.

Сөз таптарын анықтау әрі тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең, жете зерттеу үшін өте керек. Сондықтан сөздерді лексика-грамматикалық сыр-сипатын айқындау грамматиканың ең негізгі мәселесі болып табылады.

Атаушы сөздер қатарына заттар мен құбылыстардың, сапа белгілердің, іс-әрекеттің атаулары болатын толық лексикалық мағынасы бар сөздер жатады. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау, яғни тіреу есебінде қызмет етеді. Сондықтан оларды кейде негізгі сөздер деп те атайды.

Көмекші сөздерде атаушы сөздердегідей дербестік болмайды. Лексикалық мағыналарының әлсіреп күңгірттенуі және ондай мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес мүше бола алмауы көмекші сөздерді сипаттайтын және оларды атаушы сөздерден ажырататын белгілер болып табылады. Тіл білімінің тарихында сөз таптарының табиғаты туралы әр түрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары лексика-грамматикалық категория болып саналса, екіншісі бойынша сөз таптары формальдыграмматикалық категория, ал үшінші бір көзқарас бойынша, сөз таптары сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.

Сөз таптарының табиғатын толық тану үшін әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен дұрыс.

Енді осы пікірлердің әрқайсысына тоқталып өтейік. Сөз таптарын лексика-грамматикалық категорияға жатқызатындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілері бойынша топталып, соған сәйкес белгілі бі сөз табына телінеді деп түсіндіреді.

Бұл пікірді көпшілік белгілі ғалымдар мақұлдайды. Мысалы: орыс тілінің көрнекті маманы А.А. Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табы сөздің негізгі лексикалық мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, граммматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Зат есімдерге заттың атауы мағынасы және жекеше-көпшелік, септік, тәуелдік мағыналары тән. Ал, етістіктерге қимылдың атауы болатын лексикалық мағына мен грамматикалық мағына болып саналатын болымсыздық, етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар тән болып келеді.

Орыс тіл білімінде сөз таптарын формальды-грамматикалық категория деп санайтын пікірді қуаттайтын ғалымдар қатарында акад. В.В.Виноградов та бар. Бұл ғалымдардың осы пікірі сайып келгенде И.А.Бодуен де Куртенэ мен Л.В.Щербаның сөз таптары туралы көзқарасына барып тіреледі.

Акад. И.И.Мещанинов та сөз табын сөздердің мағыналары мен формаларының өзара ұштасуы деп қарайды. Осы пікірді Н.С.Поспелов та қолданды.

Сөз таптарын грамматикалық категория деп қарайтын ғалымдар да бар. Олардың қатарына О.П.Суникті, А.А.Реформатскииді жатқыызуға болады. Суник сөз таптарын ажыратуда негізге алынатын белгі лексикалық мағына емес, әр сөз табына тән жалпы грамматикалық мағына деп санайды. Оның пікірінше, заттылық зат есімге тән, оны басқа сөз таптарынан ажырататын басты, жалпы грамматикалық мағына болып саналады. Ал жалпы грамматикалық мағына сол сөз табының лексикалық мағыналарында да, синтаксистік қызметінде де көрінеді дейді.

Осындай пікір А.А.Реформатскийдің еңбектерінде де көрініс табады.

Біздің байқауымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалық категория деп санайтын пікір, ғылыми жағынан құнды сияқты көрінеді.

Сонымен, сөз таптарын бір-бірінен тек грамматикалық ерекшеліктері жағынан емес, сондай-ақ лексикалық мағынасы жағынан ерекшеліктерін ескере отырып ажырату керек деген бір топ ғалымдардың /басым көпшілігінің/ пікірін дұрыс деп есептеуге болады.

Орыс пікірдің негізінде, қазақ тіліндегі сөзқдерді топтастырудың принциптеері туралы мәселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуде бір-біріне таяныш болатын тірек- семантикалық белгі. Осы семантиккалық белгі сол сөздерді одан әрі іштей топтастыруға да бірден-бір сенімді тірек болады.

Тілдегі барлық сөздерді топтастырғанда мынадай екі принципті басшылыққа аламыз:

1. Барлық топтастыратын сөздер сөздік құрамға енеді. Қай сөз табына енсе де, сөздердің лексикалық жағы ескерілуі керек. Ал, сөздің лексикалық жағын ескеру деген сөз олардың семантикалық жақтарын еске алу дегенмен бірдей. Сондықтан, әрбір сөз табына енетін сөз лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс.

2. Сөздерді грамматикалық жағынан топтастыру, олардың түрлену, өзгеру жүйесін, сөздердің тіркесу мүмкіншіліктерін, сөйлемдегі синтаксистік қызметін, тағы басқа осы сияқты мәселелерді анықтау тәрізді міндетке бағытталу керек. Бұл принциптер тікелей грамматикада қарастырылатын мәселелер. Ендеше, қандай болмасын сөздің, сөз табына топтастырылғанда, грамматикалық жақтары ескерілуі керек.

Міне, сөздерді топтастыру принциптері дегеніміз- осылар. Яғни, тілдегі сөздер сөз табына топтастырылғанда екі белгісіне қарай басшылыққа алынып айырылады: лексика-семантикалық жағы және грамматикалық /морфологиялық және синтаксистік/ жағы.

Осы принциптен сөз табы деген ұғым лексика-грамматикалық деген қосарланған компоненттердің жиынтығы деген түсінікке алып келеді.

СӨЗ ТАБЫ деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.

Қазқ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау процесінде осы үш белгіні бәрін іздеп /яғни, лексика-сематикалық, морфологиялық және синтаксистік/, осы жоғарыдағы принципке үнемі сүйенудің қажеті жоқ. Себебі, кейбір сөздерден осы үш белгінің бәрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе үш белгінің бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип ретінде, тіпті кейде қолдануға да болады.

Мысалы, одағай сөздерді анықтауда оның морфологиялық белгісін іздеудің тіпті қажеті жоқ сияқты. Немесе көмекші сөздерді соның ішінде шылауларды анықтауда олардың семантикасын, сөзбен, сөйлеммен тіркесу ерекшеліктерін ған негізге алып, морфологиялық белгісін іздеудің қажеті жоқ секілді. Ал, кейде екі белгінің бірін ғана басшылыққа алу, яғни таңдау кезі де келіп қалатын уақыты болды.Мысалы, тілімізде омоним сөздер көп кездесіп отыратыны кім-кімге де белгілі жәй. Ондай кезде сөзді анықтайтын басты белгі оның мағынасы, яғни семантикасы болмақ.

Мысалы, Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Тойға барсаң тойып бар, деген халық арасына кең тараған екі сөйлемді алайық. Осы сөйлемдерде бір-бірімен омонимдес көш-көшкен, тойға-тойып сияқты сөздер бар. Әрқайсысы әр сөз табына жатады. Оны біз өте оңай ажырата аламыз. Себебі, әр сөз тек өзі жататын сөз табының грамматикалық категориясын қабылдап, түрленіп тұр.

Екінші мысал, Бөлмеге жарық түсті. Ол жарық бөлме. Түйеге ауыр тең буылған.Тең құрбының алды бол. Осы сөйлемдердегі тең, жарық сөздері бірде зат есім, енді бірде сын есім болып тұр. Оны біз мағынасынан, әсіресе семантикалық белгісінен ажырата аламыз.

Үшінші мысал, 1. Хасеннің басынан қалпағы ұшып түсті.

2. Қаратаудың басынан көш келеді.

3. Жұмысты басынан осылай ұйымдастыруы керек еді.

Осы сөйлемдерде үш басынан деген сөз бар. Бір жағынан, олардың арасында мағына байланысы бар секілді. Тереңірек анализ жасап көрелік. 1- сөйлемде басынан сөзі өзінің тура мағынасында қолданылып тұр. 2-сөйлемде мағынасы солғылданып, дербес сөйлем мүшесі болмай, күрделі мүшенің сыңары болып тұр. Яғни, осы сөйлемдегі басынан сөзі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал, 3-сөйлемдегі осы сөз лексикалық мағынасы жағынан, қызметі жағынан да өзгеріп, тіпті басқа сөз табына,



5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Зат есім тұлғалық жағынан нешее бөлінеді?

  2. Зат есім мағыналық жағынан нешеге бөлінеді?

  3. Зат есім қалайша жасалады?

6.Пайдаланатын әдебиеттер

  1. 59. Искакова А. Наречие в казахском языке. – А., 1960.

  2. 60. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. – А., 1982.

  3. 61. Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД. – А., 1965.

  4. 62. Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. – А., 1973.

  1. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. – А., 1959.

  2. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. // Қазақстан мектебі. №9. 1962.

  3. Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу аясы. // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1967, № 9, 77-80 бб.

  4. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. – А., 1959.

  5. Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы // Қазақстан мектебі, 1984. №8. 71 б.

  6. Қасабекова Қ. Негіз түбір салт етістіктер. А., 1998.

  7. .Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. А., 1999.

  8. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. А., 1996.

  9. Хасанова С., Әбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. А., 1996.



7.Тақырыбы: Сын есім.

2.Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Сын есім және оның жасалуы.

  2. Сын есімнің жасалуы, ерекшелігі, түрлері.

  3. Сын есімнің семантикалық сипаты.

3.Дәрістің мақсаты: Сын есім – семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән еркшелігі бар сөз табының бірі

4. Дәріс мазмұны: Сын есім – семантикалық жағынан заттың, құбылыстың түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер. Сын есімнің маңызды белгілері:

  • заттың түр-түсін білдіреді: ақ, қызыл, боз, сары.

  • Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: мол, ауыр, жүйрік, жуас, берік.

  • Заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді: ақ етті, ашаң жүзді, әдемі, надан.

  • Заттың дәмі, иісі және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: қалың, жұмсақ.

  • Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: нұрлы, білікті, атақты, биылғы, жылдағы.

Сын есімнің табиғи қызметі – ешбір өзгеріске түспй-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау. Абзал адам азбайды арын сүйген. Жақсы тәртіп әдетке айналса ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.

Морфологиялық жағынан сын есім – түрленбейтін сөз табы. Шырай тұлғалары жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, ал қатыстық сын есімге шырай тұлғалары жалғанбайды.

Сын есімге септік, тәуелдік, көптік жалғауларының бірі жалғанып қолданылса, онда ол заттанып, зат есімдердің орнына жұмсалады. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек ... (Абай). Балаға тең көрінер бай мен кедей (С.Торайғыров).

Сын есімнің синтаксистік қызметі – зат есіммен сөз байланыстырушы тұлғаларсыз, орын тәртібі арқылы қабыса байланысып, анықтауыш болуы. Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй (Абай). Сын есім етістікпен синтаксистік қатынаста жұмсалғанда адвербиалдық (үстеу) мәнде пысықтауыш қызметін атқарады. Арық сөйлеп, семіз шық.

Атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып заттанып толықтауыш қызметін атқарады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Сын есім жеке тұрып та, көмекші етістікпен тіркесіп те жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Бұл ауыл – малға бай.

Сын есімнің сөйлемдегі негізгі және басты қызметі – анықтауыш болу. Ол сын есімнің сөз табы ретіндегі маңызды семантикалық белгісі болып табылады.


5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Сын есімнің тұлғалық және мағыналық топтары қандай?

  2. Сын есімге тән категорияны ата?

  3. Сын есімді зерттеген ғалым кім?

6.Пайдаланатын әдебиеттер

1. Қазақ тілінің грамматикасы . - Астана, 2002.

2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991.

3. Қалыбаева А . Оралбаева Н . Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі . - А, 1986.

4. Аханов К . Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996.

5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007.

6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005.

7. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966.

8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. - А.,1998.

9. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002.

10. Кузнецов П . Ц . О принципах изучения грамматики М . 1961г. стр 25.

11. Қазақ тілі энциклопедия. – А., 1998.

12. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –А., 1992.

13. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – А., 1956, 1993.

14. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – А., 1999.

15. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. - А., 1953.

16. Исаев С. Етістіктің грамматикалық сипаты.- А., 1997.

17. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі зат есім категориясы. - А., 1971.

18. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. - М.,1933.

19. Сарыбаев Ш.Х. Табыс жалғаудың тасалануы. –Халық мұғалімі. - 194О.№3.

20. Төлеуов Ә. Кейбір көрсеткіштердің тасалануы, тасаланбауы. Қазақстан мұғалімі. 1960. 7 январь, № 2.


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау