Барлығы – 135 сағат


Мақсаты: таңдалған мамандыққа деген мотивацияны күшейту



жүктеу 1,19 Mb.
бет5/7
Дата07.12.2017
өлшемі1,19 Mb.
#3462
1   2   3   4   5   6   7

Мақсаты: таңдалған мамандыққа деген мотивацияны күшейту.
Жоспар

  1. Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі.

  2. Студенттердің өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудағы оқытушы шеберлігі.

  3. Студеттер ұжымындағы қатынастарды басқарудағы тәрбиеші шеберлігі.

  4. Тәрбие жұмысын жоспарлау шеберлігі.

1. Педагогикалық әрекет бірнеше әрекеттер жүйесін құрайды. Оның ең бастысы – оқытуды тікелей ұйымдастырушы оқытушы әрекеті. Оқу – бұл оқушы мен оқытушының белсенді түрде өзара әрекеттесуі. Нәтижесінде оқушының бойында өзінің белсенділігіне сәйкес белгілі бір білім мен іскерлік қалыптасады. Педагог оқушының белсенділігін тудыратын жағдай жасап, оны бағыттайды, бақылайды, оған қажетті құралдармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз етеді.

Оқу үрдісін басқару – бұл оқытудың берілген мақсатына қол жеткізу үшін оқытушының студенттер ұжымына немесе жеке студентке мақсатты, жүйелі түрде ықпал етуі. Басқарудағы оқытушының міндеті – басқарылатын процестің күйін өзгертіп отыру, оны белгіленген деңгейге дейін жеткізу, дамыту.

Сабақтың тиімділігі оқушылардың танымдық әрекетін және ақыл-ойын дамыту процесін басқарудың рационалды жолдарын қолданумен қамтамасыз етіледі. Оқу үрдісінде танымдық әрекетті басқару көптеген факторларға тәуелді. Соның бірі – оқытушының өз сабағына, пәніне оқушыларды қызықтыра білу іскерлігі. Себебі қызығушылық психикалық процестердің барлығына: қабылдауға, есте сақтауға, назар аударуға, ойдлауға, ерікке жағымды әсер етеді.

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тудырудың негізгі шарттары:


  1. Егер оқушы, студент оқу үрдісінде белсенді болса, өз бетімен іздену, «жаңа білімді табу» процесіне енгізілсе, проблемалық сұрақтарды шешетін болса, онда оның танымдық қызығушылығы, пәнге деген және ойлау еңбегі процесінің өзіне де махаббаты артады.

  2. Оқу еңбегі, басқа да еңбектің түрлері секілді, түрлендіріліп отырса қызықты болып келеді. Біртекті ақпарат және біртипті тапсырмалар зеріктіреді.

  3. Пәнге қызығушылықты тудыру үшін оның қажеттілігін, маңыздылығын, мақсатын түсіну қажет.

  4. Жаңа материал неғұрлым өткен материалмен байланысты болса, соғұрлым қызықты болады.

  5. Оқу материалының эмоционалдығы, ашықтығы оқушыға, оның пәнге деген қатынасы ерекше әсер етеді.

Адамның өзінің ішкі ресурстарын талдау және оларды өзі таңдаған мамандықтың талаптарымен салыстыру нәтижесінде мамандық таңдалады. Мамандықты таңдау – адам өміріндегі маңызды шешім, адамның қоғамда өзін бекітуінің негізі. Мамандықты таңдау – бір сәтті акт емес, ол ұзақтығы сыртқы жағдайларға және субъектінің жеке ерекшеліктеріне тәуелді бірнеше кезеңдерден тұратын процесс.

Кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңі жоғары мектеп жасына келеді. Оның бірнеше кезеңі бар:



  • мамандықты алғашқы таңдау. Бұл кезең мамандық жайында жалпы түсінік, кәсіби таңдаудың тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл кезең кіші мектеп жасына, кейде жасөспірімдік шаққа тән.

  • кәсіптік анықталу (жоғары мектеп жасы). Бұл кезеңде кәсіби бағытталу туындап, қалыптасады.

  • кәсіптік оқу. Мектеп бітірген соң алынатын мамандықты игеру процесі.

  • кәсіптік бейімделу – іс-әрекеттің жеке стилін жасау және әлеуметтік, өндірістік қарым-қатынастарға араласумен сипатталады.

  • еңбекте өзін-өзі жүзеге асыру.

Мамандықты таңдауға қандай факторлар әсер етеді? Е.А.Климов негізгі 8 факторларды атап көрсетеді: 1) ересектер, жанұя позициясы; 2) құрдастар позициясы; 3) педагогикалық ұжым (мұғалім, сынып жетекшісі және т.б.); 4) жеке кәсіби және өмірлік жоспары; 5) қабілеттер және олардың даму деңгейі; 6) қоғамдық танылуға ұмтылыс; 7) белгілі бір кәсіп жайында ақпаратқа иелену; 8) бейімділіктер.

Шебер педагог жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, оқушылардың кәсіптік қызығушылығын тудыру және мамандыққа деген мотивациясын күшейту мақсатында тестілеу, анкета, кездесулер ұйымдастырған дұрыс. Оған мектеп психологын, педагогикалық ұжымды, ата-аналарды қатыстырған жөн.


2. Маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып отырады. Студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қаланады. Студент өз бетімен білімін толықтырудың әдістемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін табудың жолын үйренуге тиіс. Студентке ондай мүмкіншілік олардың өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстары арқылы қалыптасады.Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі тиімді жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығушылықты тудыруға, таным үрдісінің әдіс-тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді.

Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қою, ізденушілік, қызығу және т.б.) қалыптасуына әсер етеді. Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мәнін, маңызы мен қажеттілігін саналы түрде түсінген студент оны қызыға орындайды.Өзіндік жұмысты берерде оқытушы студенттің бастапқы білімі мен іскерлік деңгейіне, материалдың (тапсырманың) түсініктілігіне, бірізділігіне, пәннің мазмұнын қамтитындай дәрежеде берілуіне үлкен мән береді.

Кейбір педагогтар студенттің өздігінен білім алуы оқытушының қатысуынсыз өтетін үрдіс деп есептейді. Алайда, өзіндік жұмысты оқу үрдісінің бір бөлігі десек, онда ол басқарылатын жүйе, яғни оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті. Өзіндік жұмыс тек қана үй тапсырмасы емес, ол – барлық сабақтардың жиынтығы. Өзіндік жұмыстың негізі дәрістерде, семинар сабақтарында беріледі. Сондықтан студенттің өз бетімен істейтін жұмысы оқытушы тарапынан қадағаланып отырады. Өзіндік жұмысты басқарудағы оқытушының әрекеті:


  • жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;

  • білімі мен тәжірибесін беру;

  • әрекетті ұйымдастыру;

  • өзіндік жұмысты жоспарлау;

  • оқу-әдістемелік нұсқаулар дайындау;

  • өзіндік жұмысты тексеру формасын анықтау және т.б.

Өзіндік жұмыстың нәтижелі болуы оны ұйымдастыра білумен тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысы ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік болып бөлінеді. Ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар: өзіндік жұмысты жоспарлау, кесте құру; оған жұмсалатын уақытты анықтау; оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету; техникалық құралдарды дайындау; тексеру формасын, мерзімін анықтау және т.б. Ғылыми-әдістемелік іс-шаралар: оқу материалымен жұмыс істеудің жолдарымен таныстыру; әдістемелік басшылық жасау; қажетті құжаттардың нұсқауын дайындау; нәтижеге талдау жасау және т.б.

Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, оны, ең алдымен, екіге бөліп қарастыру керек: дәрісханалық өзіндік жұмыс (дәрістік, тәжірибелік, зертханалық сабақтар) және дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс (дәріс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, үй тапсырмаларын орындау, бақылау, курстық, диплом жұмыстарын жазу және т.б.).

Ғылыми зерттеу жұмысы шындықтың құбылыстарын эмпирикалық және теориялық танудың, зерттеудің тәсілдері, іс-шаралары. Педагог студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруды былай жүргізеді:


  • ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлай білу дағдысын қалыптастыру,

  • қажетті әідстерді таңдай білу,

  • экспериментті өз бетінше ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сапалы қорытындылау,

  • студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, жоспармен зерттеу картасын құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру.

Ғылыми зерттеудің таным логикасымен, оның даму деңгейі, жаңа өзекті мәселелерді алға тартады. Сондықтан зерттеуді теориялық немесе практикалық іс-әрекеттен бастаған дұрыс. Зерттеушілік өз бетімен жұмыста студент зерттеудің өзектілігін, объектісін, болжамын, пәнін, мақсат-міндеттерін және зерттеу әдістерін белгілеуді үйренеді. Бұл бағыттағы жұмысқа оқу-ізденушілік тапсырмалары, курстық және дипломдық жұмыстар жатады.

Студенттердің танымдық іскерліктерін дамыту, оларды өз бетінше ойлана білуге дағдыландыру, ой түюге, қоырытындылар жасай білуге машықтандыру – қазіргі кезеңдегі оқыту процесіндегі ең өзекті мәселелер. Мұндай жұмыстарды іске асыру үшін оқытушылардың өзі ғылыми ізденіс әдістерінің қыр-сырларымен жақсы таныс болуы керек. Өзіндік, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында студенттер оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектермен танысады, олардың тұщымды тұстарын, байлам түйіндерін табуды үйренеді, тезистер, аннотациялар, рефераттар, баяндамалар жазуға машықтанады, берілген тақырып бойынша ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуге, оларды сыни електен өткізуге төселеді, нәтижеде ғылыми ізденістің әдіс-тәсілдерін ұғынады. Педагогикадан немесе дербес пәндерді оқыту әдістемесінен курстық және дипломдық жұмыстар жазу студенттерді ой түюдің индукциялық, дедукциялық әдістерін меңгеруіне көмектеседі, ғылымның зерттеу әдістерін өз тәжірибесінде қолдана білуге баулиды, зерттеу барысында пайымдалған ойларын тиянақтап, дәйектемелер арқылы жазбаша баяндауға жәрдемдеседі, зерттеу жұмыстарының сан қырлы сырларын ұғынуға мүмкіндік береді.

3-4. Оқу, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырумен қатар, мұғалім тәрбие жұмысын да бірге жүргізеді.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында маман дайындаумен қатар олардың жеке тұлға ретінде дамуы үшін жағдай туғызып, өз бетімен мамандық алуына, өмірде өз жолын табуына адамгершлік тұрғыдан жетілуіне көмек береді. Тәрбие – адамгершілікті, ізгі ниетті, отансүйгіш азаматтық, басқаны сыйлау қасиеттерінің иесі, саяси мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға қызмет етеді. Тәрбие жұмысының жылдық және алдағы жоспары жасалады. Жоспар төмендегі бағыттарды қамтуы қажет:



  1. Кәсіптік еңбек тәрбиесін қалыптастыратын қабілеттер мен қасиеттер: таңдаған мамандығына, еңбек қызметіне тұрақты қызығушылық, қиыншылықты жеңу қвбілеті, мақсатына жете білу, ерік-жігер, шыдамдылық, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, еңбек мәдениетінің дағдылары, материал мен жабдықтарды дұрыс және мұқият пайдалана білу, жұмыс орнын таза сақтау, еңбекке өз бастамасымен араласу, өзін қоршаған ортаға пайдасын тигізу, кәсіби еңбек этикасын меңгеру.

  2. Рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жеке адамды жан-жақты дамыту жүйесінің басты бөлшегі ретінде.

  3. Құқықтық тәрбие жеке адамды жан-жақты тәрбиелеудің өзіндік дара бір түрі есебінде жас ұрпақтың құқықтық білімін, құқықтық мәдениеті мен тәртібін қалыптастыруға тиісті.

  4. Дамыған экономика жағдайында психологиялық дайындық адамның еңбек қызметіндегі жеткізілген табысының басты құраушысы болып табылады.

  5. Діни тәрбие жас мамандардың діни құндылықтарды құрметтеуі.

  6. Көркемдік-эстетикалық тәрбиенің аумағы - әсемдікті түсіну, қабылдау сезімін, эстетикалық талғамын дамыту.

  7. Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының негіздерін меңгеру.

  8. Экологиялық тәрбие.

Тәрбиешінің негізгі іскерліктері:

  • түрлі педагогикалық ситуацияларда баланың бойында, балалар ортасында болатын процестерді дұрыс қабылдау;

  • балалардың өмірін ұйымдастыру;

  • талап қою және сенім арту;

  • зейінді тез шоғырландыру және бағытталу;

  • балалармен ойнау;

  • ситуацияны жан-жақты бағалау;

  • көптеген педагогикалық фактілер арасынан бастысын таңдау;

  • бір ситуацияда ықпал етудің түрлі тәсілдерін қолдану;

  • көңіл-күйін, сезімдерін, ойларын сөзбен, мимикамен, қимылмен көрсету;

  • оқу, еңбек, спорттық, көркемдік іс-әрекеті барысында балалармен қарым-қатынас орнату;

  • жеке тұрғыны жүзеге асыру;

  • балалардың белсенділігін дамыту;

  • қиын кезеңде балаларға көмек беру;

  • оқушылар ұжымының пікірін тыңдау, оқушылармен кеңесу, олардың пікірін есепке алу;

  • өзін-өзі басқарудың түрлі тәсілдерін орынды қолдану;

  • әрбір оқушының бойынан жақсы нышандарды іздеу, дамыту және т.б.

Педагогикада тәрбиеші шеберлігі тұтас жүйе ретінде технологиялық, әлеуметтік-психологиялық және этикалық компонентерден құралған. Технологиялық компонент – бұл формальды және шығармашылық жұмыстар

жүйесі.


Әдебиеттер тізімі


  1. Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Киев., 1987. – 113-164б.

  2. Абдуллина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки.//Высшее образование в России. 1993ү- №3.

  3. Ковалева В. Студент и преподаватель глазами друг-друга.//Высшее образование в России. – 1996. - №3.

  4. Биязбаев А. Студенттер – болашақ жетекшілер.//Қазақстан мектебі. – 2004. – №12.

  5. Үркінбаева Д. Студент жастардың эстетикалық қызығушылығының мәні және оның жастар өміріндегі жан-жақты қалыптасуының алатын орны.//Ізденіс. – 2005. -. №4

  6. Ерментаева А. Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұрғысы//Қазақстан жоғары мектебі. – 2005. –№ 3.

  7. Қалымбетова А. Студенттердің кәсіпке бейімдеу табыстылығының психологиялық ерекшеліктері.//Қазақстан жоғары мектебі. – 2005. – №3.

  8. Вайсеро К.И. О социально-культурной адекватности студентов. //Инновации в образовании. – 2002. – №4.

  9. Байжұманова Р. Студенттерді педагогикалық тәжірибеге әзірлеу.//Қазақстан мектебі. – 2004. – №7.

  10. Бабаева С., Беркінбаев К. Болашақ маман дайындығының студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны және сипаты. //Қазақстан жоғары мектебі. – 2005. – №2.

  11. Қаржаубаева А. Бүгінгі студент – болашақ маман. //Бастауыш мектеп. 2004. –№ 1.

  12. Молдахметова Г. Возрастные особенности студента и их учет в обучении языкам.//Ізденіс. – 2005. – №3.

  13. Абдуахитова О. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру.//Ізденіс. – 2005. - №11-12.

  14. Әбілдаев Е. Педагогикалық практиканың ролі.//Қазақстан мектебі. – 2005. - № 11-12.

  15. Қаженбаева А. Студенттермен өткізетін әлеуметтік-психологиялық тренинг – болашақ ұстаздарды тәрбиелеудің тиімді құралы.//Ізденіс. – 2001.- №6. - 202б.

  16. Сарсенбаева Б. Творческое обучение студентов.//Қазақстан мектебі. -2005. - №7. – 19б.

  17. Барменқұлова Б. Болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін педагогикалық пратика үрдісінде қалыптастыру.//Бастауыш мектеп. -2005.- №11. – 8б.

  18. Қарабаева Қ. Студенттердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыру.//Бастауыш мектеп.- 2005.- №8. – 19б.

  19. Головчун А. Организация самостоятельной работы студентов в информационной учебной среде. //Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. - №1. – 142б.

  20. Искакова А. Внешние стимулы познавательной мотивации студентов. //Қазақстан жоғары мектебі. – 2005. -№4.-122б.

  21. Құрманалина Ш. Педколледж студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктері.//Қазақстан жоғары мектебі. 1999. - №2. – 83б.

  22. Көшербаева г. Студенттік ұжымда субъектілердің өзара қарым-қатынасы. //Қазақстан жоғары мектебі. 2003. - №3. – 79б.

  23. Дүйсебаев С. Кеңесші, әдіскер, куратор.//Қазақстан мектебі.- 2004 -№11

  24. Балкенов Ж. Диплом жұмысына қойылатын талаптар.// Қазақстан мектебі. – 2004.-№ 10. –25-26 б.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Оқытушының моделін графикалық, символдық, сөздік формада бейнелеңіз.

  2. Оқушылардың кәсіптік қызығушылығын тудыру үшін мұғалімге қандай іскерліктер қажет?

  3. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.

  4. Жоғары оқу орнының тәрбиешісіне қойылатын талаптар?

  5. Тәрбие жұмысын жоспарлау қалай жүргізіледі?

6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ




Тақырыбы

Семинар сабағының мазмұны

Аптасы

Әдебиеттер

1

Педагог шеберлігі, оның компоненттері

  1. Педагогикалық қызметтегі шеберліктің алатын орны.

  2. Педагогикалық шеберліктің компоненттері.



1

1,3,5

2




  1. Шеберлік – психолог-педагог қызметінің биік деңгейі ретінде.

  2. Педагогтың шығармашылық өзін-өзі сезінуі.



2

1,2,4

3

Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері

  1. Озат педагогикалық тәжірибе ұғымы.

  2. Озат педагогикалық тәжірибені талдау принциптері.

3

3,4,5

4




  1. Педагогтың әрекетін талдау.

  2. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың озат педагогикалық тәжірибесімен танысу

4

2,3,8

5

Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері

  1. Театр және педагогикалық өнердегі жалпы және жеке ерекшеліктер.

  2. Театр және педагогика өнеріндегі ықпал ету құралдары.




5

3,6,4







  1. Педагогтың мимикасы және пантомимикасы.

  2. Жас мұғалімдердің бойындағы кемшіліктер




1,4,7

6

Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы

  1. Сөйлеу және оның қызметтері. Сөз – ақпарат алмасу құралы.

  2. Педагогикалық техниканың мұғалім қызметінде алатын орны.

6

1,16,23

7




  1. Сөйлеу техникасы, оның педагогикалық сипаты.

  2. Фонациялық тыныс алу. Тыныс алу түрлері. Диафрагмалық-қабырға демінің механизмі.

7

1,2,5

8




  1. Педагог дауысының негізгі ерекшеліктері. Педагог дауысының бұзылу себептері. Педагогтар дауысының кәсіби ауруларының алдын-алу.

8

1,3,8

9

Сөйлеу техникасының негіздері. Дикция.

  1. Дикция. Оның педагогикалық әрекеттегі орны.

  2. Сөйлеу аппаратының құрылымы. Артикуляция органдары.

9

2,4

10




  1. Педагог дикциясындағы негізгі кемшіліктер және оларды жою жолдары

10

1,5,3

11

Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.



  1. Сөздің қоғамдық қызметі. Оынң оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны.

  2. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзіне қоятын талаптары.




11

1,2,5

12




  1. Педагог сөзіндегі лексикалық талаптар.

  2. Сөзің грамматикалық сауаттылығы.

12

2,3,6

13




  1. Сөздің фонетикалық және орфоэпиялық нормалары.

  2. Сөздің мәнерлілігі

13

1,2

14

Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар.



    1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні.

    2. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастар.

    3. «Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастар.

14

1,3,6

15




    1. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізі.

    2. Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі.

Педагогтың өзара қызметтестігінің тәсілдері

15

2,5,

7. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Теориялық материалды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау
Семинар 1. Педагог шеберлігі, оның компоненттері.

Мақсаты: шеберлік жайында түсінік қалыптастыру

Жоспар

  1. Педагогикалық қызметтегі шеберліктің алатын орны.

  2. Педагогикалық шеберліктің компоненттері.

  3. Шеберлік – психолог-педагог қызметінің биік деңгейі ретінде.

  4. Педагогтың шығармашылық өзін-өзі сезінуі.


Негізгі ұғымдар: қызмет, қарым-қатынас, мазмұн, мақсат, пән, әдіс, шеберлік, шығармашылық, біліктілік, техника.
Қажетті құралдар: мұғалім тұлғасы бейнеленген суреттер, картиналар, фотосуреттер.
Семинар барысы.

  1. Теориялық білімді тексеру.

  2. Шығармашылық тапсырмалар орындау.


Тапсырма А. «XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы тиіс?» атты еркін жазу.

Тапсырма Б. Микроәңгіме. «Мен және мамандық». (3-5мин.).

Жоспары:

  1. Педагогикалық мамандықты неліктен таңдадым?

  2. Педагогикалық мамандыққа қалай дайындалдым?

  3. Қазір мен балаларға, оқушыларға не берер едім?

  4. Жоғары оқу орнынан не алар едім?

Тапсырма В. Педагогикалық қиялды дамыту жаттығулары.

  1. Мұғалім идеалын графикалық символдармен бейнелеу. Мысалы, педагогикалық шеберлік кафедрасының эмблемасы – күн астында күнге қарай бағытталған екі қол – баланың және ересек адамның қолдары.

  2. Осындай графикалық құралдарды пайдалана отырып, өзіңнің қазіргі уақыттағы педагогикалық іс-әрекетке дайындық деңгейіңді бейнеле.


жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау