Барлығы – 135 сағат



жүктеу 1,21 Mb.
бет4/12
Дата14.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#19789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Өнімді сату сараптамасының әдістемесі мынадай екі нұсқада болуы мүмкін. Егер түскен түсім кәсіпорынның тиелеген тауарына байланысты анықталса онда тауарлы өнім келесі түрде болады:

ГПн+ТП=РП+ГПк

Онда

РП=Гпн+ТП-ГПк


Егер түскен түсім өнім тиелгеннен кейін анықталса, онда тауарлық баланс мынадай түрмен анықталар еді:
ГПн+ТП+ОТн=РП+ОТк+ГПк

Онда
РП= ГПн+ТП+ОТн-ОТк-ГПк

ГПн, Гпк- кезеңнің басы мен аяғына байланысты дайын өнімнің қоймадағы қалдығы

ТП-тауарлы өнімді шығару құны

РП- есепті жылға өнімді сату көлемі

ОТн ТОк- жылдың басына және жылдың соңына тиелген өнім қалдықтары

Өнімді сату көлемін берілген фактордың базалық көрсеткіштердің және олардың абсалютті және қатысты көрсеткіштермен салыстыруға болады. Бұл факторлардың әсер етуін тауарлы өнім балансымен анықтау керек.
Өнімнің сату көлемінің өзгерісін талдау


Көрсеткіш

өнімнің құны, базалық бағаасы тг

Сату көлемінің өзгерісі

T0

T1

тг

%

Жылдың басына дайын өнімнің қалдығы

4410

4500

+90

+4,6

Есептрі жылға өнімді шығаруы

80000

83600

+3600

+182,9

Жылдың соңына дайын өнімнің қалдығы

2000

7658

-5658

-287,5

өнімді сату

82410

80442

-1968

100

әсіресе бұл фактордың әсерін, өнім көлемін және өнімді сату арқылы анықтайды оларды үш топқа бөлуге болады:



  1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және тиімді қолданылуы.

ВП= ЧР*ГВ

РП= ЧР*ГВ*Дв

Мұнда ЧР- кәсіпорынның жұмысшыларының орташа тізімдік саны

ГВ- бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнімнің шығарылуы

ДВ- есепті жылға шығарылған өнім көлемінің сатудағы үлесі


  1. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі және тиімді қолданылуы.

ВП=ОПФ*ФО

РП= ОПФ*ФО*Дв

Мұнда ОПФ кәсіпорның негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық сомасы

Фо- негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығы

3.Өндірістік шикізат, материалдармен қамтамасыз етілуі және тиімді қолданылуы.

ВП=мЗ*МО


РП =мЗ*МО*ДВ

Мұнда мЗ өнімді өндіруге материалдық қорларды қолдану сомасы.

МО- материал қайтарымдылығы

(материалдық шығындардың бір теңгеге өнім өндіруі)


№7 дәріс
Тақырып: Кәсіпорын персоналының және еңбекақы қорының қолданылуын талдау.

Дәрістің мазмұны: 1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.



  1. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.

Кәсіпорын жұмысының тиімді сүруі көбінесе еңбек ресурстарын пайдалану деңгейіне тәуелді. Кәсіпорынның еңбек ресурстары қамтамсыз болуына: еңбек ресурстарын тиімділігіне, еңбек ресурстарының жұмыс өнімділігіне барлық жұмыстың дер кезінде орындалуы, машиналар мен құрылғыларды пайдалану тиімділігі, өнім шығару көлемі, сапасы, өзіндік құны, кәсіпорын табысы, т.б. экономикалық көрсеткіштер тікелей байланысты.

Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі мақсаттары:



  1. кәсіпорынның еңбек ресурстары мен қаншалықты қамтамасыз етілгенін білу, бағалау.

  2. кадрлар ағымдылығының көрсеткіштерін анықтау.

  3. еңбек ресурстарын анағұрлым тиімді, толық пайдалану жолдарын іздестіру.

  4. еңбек ресурстарының жастық құрамы мен біліктілік деңгейін анықтау.

  5. еңбек өнімділігін анықтау, оны арттыру жолдарын қарастыру.

  6. жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу.

  7. жұмысшылар санының, жұмыс уақытын пайдаланудың және орташа сағаттық өнімділіктің өнім шығару көлеміне әсерін анықтау.

Еңбек ресурстарын пайдалануды талдаудың ажырамас бөлігі жұмыс уақытын пайдалануды талдау болып табылады. Еңбек ресурстарын толық пайдалану деңгейін белгілі бір кезінде бір жұмысшының жұмыс істеген күндері мен сағаттары бойынша бағалауға болады, сонымен қатар жұмыс уақытының қорын пайдалануда маңызды роль ойнайды. Жұмыс уақытын пайдалануды талдау жұмысшылардың әр категориялары бойынша, кәсіпорынның әр бөлімшесі бойынша бөлек жүргізіледі.

Жұмыс уақытының қоры жұмысшылар санына бір жұмысшының бір жылда істеген жұмыс күндерінің санына және жұмыс күнінің ұзақтығына тәуелді.

ЖУҚ = Ж * К* Ұ

Мұндағы, ЖУҚ жұмыс уақытының қоры

Ж жұмысшылар саны

К жұмыс күндерінің саны.

Ұ жұмыс күндерінің ұзақтығы.


№8 дәріс

Тақырып: Кәсіпорын персоналының және еңбекақы қорының қолданылуын талдау.

Дәрістің мазмұны: 1. Еңбек өнімділігі мен кәсіпорын персоналын пайдалану тиімділігін талдау.

2. Еңбекақы қорының қолданылуын талдау.

Кәсіпорын персоналын пайдалану деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жалпы, жеке және көмекші көрсеткіштерін пайдаланылады. Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштеріне мыналар жатады: бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік, орташа сағаттық өнім шығару көлемі, сонымен қатар бір персоналға шаққандағы орташа жылдық өнім шығару көлемі. Жеке көрсеткіштер бұлар өнім бірлігін өндіруге жұмсалған уақыт шығыны. Ал көмекші көрсеткіштер бұл белгілі бір жұмыс түрін орындауға жұмсалған уақыт шығыны.

Еңбек өнімділігін талдағанда төмендегі мәселелер шешіледі:

1. еңбек өнімділігі жоспарының орындалуы бағаланады.

2. еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлармен олардың қаншалықты әрекет еткені анықталады.

3. еңбек өнімділігін өсіру жолдарын анықтау.

Еңбек өнімділігіне мына факторлар әсер етеді:

өнеркәсіптік өндірістік, персонал құрылымының өзгеруі бір жұмысшыға шаққандағы өнім шығару көлемінің өзгеруі.

Бір жұмысшының өндірген орташажылдық өнімі келесі факторлардың жиынтығы ретінде көрсетіледі.



Бір жұмысшының орташажылдық өндірісі (ГВппп)




Персоналдың жалпы санының жұмысшылардың үлес салмағы (Уд )




Бір жұмысшының(ГВ) орташажылдық шығарылымы



Бір жылда бір жұмысшының жұмыс жасаған күндері (Д)





Бір жұмысшының(ДВ) орташакүндік шығарылымы



Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат (П)




Бір жұмысшының(ЧВ) орташасағаттық шығарылымы


Техника, технология және өндірісті ұйымдастыру






Өндірістің автоматтандыру мен механизациялау деңгейі





Жұмысшылардың квалификация деңгейі





Жұмысшылардың Еңбек өтілі мен жасы





Еңбекті ынталандыру және т.б.


Еңбек өнімділігінің факторлық жүйесінің құрылымдық-логикалық моделі.


№9 дәріс

Тақырып: Негізгі құралдардың қолданылуын талдау.

Дәрістің мазмұны: 1. Кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау.

2.Негізгі өндірістік қорларды қолданудың интенсивтілігі мен тиімділігін талдау.


Дамыған өндірістік кәсіпорындарда негізгі құралдармен қамтамасыз етудің ең қажетті факторларының бірі өндірістік өнімнің көлемін ұлғайту және олардың саны мен ассортименті бойынша қолдану.

Талдаудың міндеттері:



  • Кәсіпорынды қамтамасыз ету және оның құрылымдық бөлімдерін негізгі құралдармен, олардың қолдану деңгейін және жеке көрсеткішін анықтау.

  • Олардың өзгеру деңгейін анықтау.

  • Өндірістік өнімнің, негізгі құралдарды қолданудың көрсеткішіне әсерін тигізетін көрсеткіштерді есептеу.

  • Кәсіпорынның Өндірістік қуаттылығын қолданудағы кезеңдерді оқыту.

  • Негізгі құралдарды қолданудағы резервтердің тиімділігін бекіту.

Ақпарат көзі: Кәсіпорынның бизнес-жоспары, техникалық даму жоспары, 1 форма «Кәсіпорын балансы», 5 форма «Кәсіпорынның қосымша балансы»(мүліктік амортизация), 11 форма «Негізгі құралдардың қозғалысы және қолма-қол есеп айырысу», форма БМ»өндіріс қуаттылығының балансы» негізгі құралдарды қайта бағалау, негізгі құралдар есебінің инвентарлы карточкасы, жобалау-сметалық, техникалық құжаттау т.б берілген.

Талдау негізінде негізгі құралдардың көлемін және олардың динамикалары мен құрылымдарын оқудан басталады.

Бухгалтерлік есепте (5 форма) негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен қозғалысын талдауға баса көңіл аударады. Осыған байланысты келесідей көрсеткіштер қарастырылады:

Жаңару коэфициенті (Кжаң)- негізгі құралдардың жылдың соңына үлес салмағын есептейді.



Кжаң = келіп түскен негізгі құралдардың құны / жылдың соңындағы негізгі құралдардың құны;

Негізгі құралдардың түрі

Алдыңғы жыл

Есепті жыл

өзгеріс (+,-)

сомасы

Үлес салмағы%

сомасы

Үлес салмағы%

сомасы

Үлес салмағы%

Ғимараттар

4900

28

6500

26

+1600

-2,0

Күш машиналары

210

1,2

250

1,0

+40

-0,2

Жұмыс машиналары

10850

62

16000

64,0

+5150

+2,0

өлшеу құралдары

280

1,6

400

1,6

+120




Алып тасталғаан техника

420

2,4

750

3,0

+330

+0,6

Транспорттық құралдар

490

2,8

650

2,6

+160

-0,2

Құрал-жабдықтар

350

2,0

450

1,8

+100

-0,2

Барлық өндірілген қорлар

17500

100

25000

100

+7500




өндірілмеген негізгі құралдар



















барлығы

17500

100

25000

100

+7500

100

Негізгі құралдапрдың жаңару ұзақтығы,мерзімі (Тжаң)

Тжаң = Жылдың басына НҚ құны / келіп түскен НҚ құны;

Шығу коэфициенті (Кш)

Кш = НҚ шығу құны / кезең басындағы НҚ құны;

Өсім коэфициенті (Кө)

Кө= НҚ өсім сомасы / жыл басындағы құны;

Тозу коэфициенті (Кт)

Кт = НҚ тозу сомасы / белгілі бір датаға НҚ бастапқы құны;

Техникалық жарамдылық коэфициенті (Ктж)

Ктж= НҚ қалдық құны / НҚ бастапқы құны ;


Жаңа техникаларды енгізу, жаңа объектілерді қосу, негізгі құралдарды жөндеу бойынша жоспардың орындалуы тексеріледі. Прогрессиялық құрал-жабдықтардың, олардың ортақ мөлшері мен әрбір ұйымның машина және құралдардың, сорндай-ақ автоматтандырылған жабдықтардың үлесін анықтайды.

Жастың құрамы мен моральдық тозуын сипаттау үшін қорлардың пайдалану ұзақтығы бойынша топтасып (5 жыл, 5-10,10-20 және 20 жылдан артық) және жабдықтардың орташа жасын есептейді.


НҚ-ң техникалық жағдайы және қозғалысы туралы мәлімет


Көрсеткіштер

Көрсеткіштер деңгейі

Өзгеріс (+,-)

Алдыңғы жыл

Есепті жыл

Жаңару деңгейі %

12,6

15,1

+2,5

Жаңару уақыты, жыл

7,4

6,1

-1,3

Шығу коэфициенті

0,05

0,07

+0,02

Өсім коэфициенті

0,086

0,093

+0,007

Тозу коэфициенті

0,38

0,365

-0,015

Тех.жаңару коэфициенті

0,62

0,635

+0,015

Жабдықтың орташа жасы

4,2

4,0

-0,2

Берілген кесте кәсіпорынның НҚ-ң есепті жылдағы техникалық жағдайы, интенсивті жаңару бірнеше жақсарғанын көреміз.

Кәсәпорынды қамтамасыз ету әртүрлі машиналардың түрлері, механизмдері, құрал-жабдықтар, өнімді щығару жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады

. Көрсеткіштің біріктірілуі, Кәсәпорындағы негізгі өндірістік қорлардың қамтамасыз етілу деңгейі қор жарақтандырылу және еңбекті техникалық жарақтандырылу болып табылады.

Еңбектің орташа қор жарақтылық көрсеткіші дамушы өндірістік қорлардың және күндізгі кезеңдегі орташа тізімдік санының, өндірістік құралдар құнының қатынасын анықтайды. Оның өсу қарқыны еңбектің өндірістік өсу қарқынымен есептеледі. Осындай жағдайда қор қайтарымдылық деңгейі төмендейді.

№10 дәріс

Тақырып: Негізгі құралдардың қолданылуын талдау.

Дәрістің мазмұны: 1. Кәсіпорынның өндірістік күштерді пайдалануын талдау.

2.Техникалық құрал-жабдықтың қолданылуын талдау.

Құрал жабдықтың қызметін талдау үшін оның жұмыс уақытын, қуаттылығын қолдануды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қолданады.

Құрал жабдықтардың келесідей топтары бар:


  • нақты;

  • бекітілген (эксплуатацияға тапсырылған);

  • өндірісте нақты қолданылатын;

  • модернизация және жөндеуде тұрған;

резервтік.

Егер алғашқы үш топтың көлемішамамен бірдей болса, жоғары эффектіге қол жеткізуге болады.

Өндірісте құрал жабдыққа көңіл аудару деңгейі келесідей көрсеткіштерді сипаттайды:

- нақты құрал жабдықтың паркін қолдану коэффициенті:


іс әрекет етіп отырған құрал жабдықтар саны

Кн = ----------------------------------------------------------

Нақты құрал жабдықтар саны
- бекітілген құрал жабдықтың паркін қолдану коэффициенті:
іс әрекет етіп отырған құрал жабдықтар саны

Кб = ------------------------------------------------------------

Бекітілген құрал жабдықтар саны

Өнімнің жоспарлы орташа жылдық түсімін құрал жабдықтың бірлігіне көбейткендегі нақты және бекітілген құрал жабдық саны арасындағы айырмашылық бұл іс әрекет етіп отырған құрал жабдық санының ұлғаюы есебінен өнім өндірісі өсуінің потенциалды резерві.

Құрал жабдықтың экстенситі жүктелімінің деңгейін сипаттау үшін оның жұмыс уақытының балансы зеріттеледі:


  • күнтізбелік уақыт қоры құрал жабдық жұмысына қажетті максималды мүмкін уақыт (есепті кезеңдегі күнтізбелік күндер санын 24 сағатқа және бекітілген құрал жабдықтардың бірлік санына көбейтеміз).

  • Режимдік (номиналдық) уақыт қоры ( бекітілген құрал жабдықтардың бірлік санын есепті кезеңдегі жұмыс күндер санына және ауысымдылық коэффициенті есебімен бірге күн сайынғы жұмыс сағат санына көбейтеміз)

  • Жоспарлы қор жоспар бойынша құрал жабдықтың жұмыс уақыты;

  • Жұмсалған уақыттың нақты қоры (есептің мәліметтері бойынша).

Құрал жабдықты уақыт бойынша қолдану көрсеткіштері:

    1. күнтізбелік уақыт қорын пайдалану коэффициенті:

Ккұқ = Тн/ Тк

    1. режимдік уақыт қорын пайдалану коэффициенті:

Круұ = Тн/ Тр

    1. жоспарлы уақыт қорын пайдалану коэффициенті:

Кжуқ = Тн / Тж

Мұнда, Тн, Тж, Тр, Тк – сәйкесінше, құрал жабдық жұмыс уақытының нақты, жоспарлы, режимдік, күнтізбелік қорлары.

Құрал жабдықтың интенсивті жүктелімі орташа бір мшинаға бір уақыт бірлігінде өнім шығарылымы. (бір машина сағат). Құрал жабдық жұмысының интенсивті көрсеткіші болып оның жүктелімінің интенсивті коэффициент табылады:

Киж = СТн / СТж,

Мұнда, СТн, СТж сәйкесінше бір машина сағат ішінде құрал жабдықтың нақты және жоспарлы түсімі.

Құрал жабдықты қолдануды кешенді сипаттайтын жалпылама көрсеткіш бұл интегралды көрсеткіш болып табылады.Ол экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициентінің көбейтіндісі арқылы анықталады:

Кинтег = Кэкс * Кинтен.

Талдау барысында бұл көрсеткіштердің динамикасы, жоспардың орындалуы және олардың өзгеруінің себептері зеріттеледі.

Біртекті құрал жабдық топтары бойынша олардың саны, эктенсивті және интенсивті қолданылуы есебінен өнім өндіру көлемінің өзгерісі есептеледі:

ӨШі =Сі *Кі *Кауі *Ұі *СТі


Мұнда, Сі –і-ші құрал жабдықтың саны;

Кі -құрал жабдық бірлігінің жұмыс жасаған күндер саны;

Кауі -құрал жабдықтың ауысымдылық коэффициенті (жұмыс жасалған ауысым санының жұмыс жасалған күндер санына қатынасы );

Ұі -ауысымның орташа ұзақтығы;

СТі- і-ші құрал жабдыққа бір машина сағат ішіндегі өнім шығарылымы.
№11 дәріс

Тақырып: Материалдық ресурстарды қолдануды талдау.

Дәрістің мазмұны: Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау.

1.Өнім өндірісі көптеген материалдық ресурстарды қажет етеді. Материалдық ресурстар – өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті кәсіпорынның пайдаланатын әр түрлі шикізаттар, материалдар, отын энергия және жартылай фабрикаттар, материалдық ресурстарды тиімді жұмсау арқылы, арзан әрі сапалы материалдарды пайдалану арқылы табысты көбейтуге, қаржылық жағдайды жақсартуға байланысты. Өндіріс кезенде материалдық ресурстар материалдық шығыс ретінде есепке алынады. Материалдық шығындар барлық өндірістік шығынды шамамен 70℅ құрайды.

Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі .


  1. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау

  2. Кәсіпорынның материалдық ресурстары мен қамтамасыздығын талдау.

Кәсіпорынның материалдық ресурстары мен қамтамасыздығын талдау үшін, төмендегідей құжаттар пайдаланылады:

1. бизнес жоспар

2. бухгалтерлік есеп беру құжаттары (баланс, накладной)

3. өнімді өндіру және өткізу шығындары туралы №5 форма.

Өнім көлемінің өсуі мен өнімнің сапасының жақсаруына кәсіпорынның материалдық ресурастары мен қамтамасыздығы әсер етеді. Бұл қатынасты мына формуламен бейнелеуге болады:

V = MC * МШ

V - өнім шығару көлемі

MC - материал сыйымдылығы

МШ - материалдық шығындар.

Кәсіпорын материалдық ресурстар мен дер кезінде қамтамасыз етілетін болса, өндіріс үздіксіз, бірқалыпты жұмыс жасайды.


№12 дәріс

Тақырып: Материалдық ресурстарды қолдануды талдау.

Дәрістің мазмұны: Материалдық ресурстарды қолданудың тиімділігін талдау

Материалдық ресурстарды талдаудың басты мақсаты материалдық шығындарды азайту арқылы өндірістің тиімділігін арттыру. Бұған қоса, материалдық ресурастарды пайдалануды талдаудың келесідей мақсаттары бар:

1. кәсіпорынның материалдық ресурстармен қандай деңгейде қамтамасыз етілгенін білу үшін.

2. өнімнің материал сыйымдылығының өзгеруін талдау үшін.

3. өнімнің материал сыйымдылығына әсер еткен факторларды зерттеу үшін .

4. материалдық шығындарды азайту жолдарын анықтау үшін.
2. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалануын талдағанда төмендегідей көрсеткіштер есептеледі:

1. өнімнің материал сыйымдылығы

2. өнімнің материал қайтарымдылығы

3. өнімнің өзіндік құнының құрамындағы материалдық шығындардың үлесі

4. материалдық ресурастарды пайдалану коэффициенті.

1. Өнімнің материал сыйымдылығы бұл тауарлы өнімнің әр теңгесіне шаққандағы материалдық шығындардың суммасын сипаттайтын көрсеткіш. Материал сыйымдылығын азайту ресурстардың көлемді пайдаланатынын білдіреді.

МС = МШ / ТӨ

2. Өнімнің материал қайтарымдылығы материалдық шығындардың әр теңгесіне шаққандағы ТӨ суммасын сипаттайтын көрсеткіш. Яғни, ол материалдық шығындайрдың теңгесінен қанша өнім өндірілгенін көрсетеді. Өнімнің материал қайтарымдылығы өнімнің материал сыйымдылығына қарама қарсы көрсеткіш:

МҚ = ТӨ / МШ
3. Өнімнің өзіндік құнының құрамындағы материалдық шығындардың үлесі өзіндік құнның құрамындағы барлық өндірістік шығындардың ішінде МШ нің алатын орнын көрсетеді:

ҮМШ = (МШ / ӨӨК) * 100%

4. материалдық ресурастарды пайдалану коэффициенті материалдардың өндірісте қаншалықты үнемді пайдаланатынын, нормадан ауытқулар бар ма екенін сипаттайды. Бұл коэффициент (Км.р.) >1 болса, онда материалдық шығындар артық жұмсалды деген сөз. Материалдық ресурста пайдалану коэффициенті келесі формуламен анықталады:

Км.р. = (МШф / МШқ.е. ) * 100%

МШф фактілі МШ.

МШқ.е. фактілі өнім шығару көлеміне шағылып қайта есептелген жоспарлы материалдық шығындар.

Жоғарыда аталған 4 көрсеткіштің арасында өнімнің материал сыйымдылығы жиі пайдаланылады. Себебі, ол өндірісте жұмсалатын материалдық шығындардың деңгейі дәл сипаттайды. Материал сыйымдылықты талдау үшін «өнімді өндіру және өткізу шығындары туралы» №5 форма пайдаланылады. Талдау кезінде материал сыйымдылықтың өзгеруіне әсер еткен факторлар анықталуы тиіс. Бұларға:


  1. шығарылатын өнімнің құрылымы мен ассортиментінің өзгеруі.

  2. материалдық ресурстардың бағалары мен тарифтердің өзгеруі.

  3. дайын өнімнің бағасының өзгеруі жатуы мүмкін.

№13 дәріс - №14 дәріс


Тақырып: Өнімнің өзіндік құнын талдау.

Дәрістің мазмұны: 1. Өнім өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасын талдау.

2.Өндірілген өнімнің бір теңгесіне кеткен шығынды талдау.


  1. Өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын талдау.

  2. Тікелей материалдық шығындарды талдау.

Өнімнің өзіндік құнын талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.Тауарлы өнімнің өзіндік құнын талдау.

2. ТӨ бір тг. жұмсалатын шығындарды талдау.

3. Өзіндік құнды ассортимент бойынша талдау.

4. Өзіндік құнның сметасы мен калькуляциясын талдау.

5. Өнім пайдасы мен рентабельділігін талдау.

Өзіндік құн дегеніміз өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалатын барлық шығындар. Өнімнің өзіндік құны кәсіпорындардың жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылдаы. Өнімнің өзіндік құнына кәсіпорындардың қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағлайына тәуелді. Өнімнің өзіндік құнын азайту пайданың көбеюіне әкеледі.

Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын талдау «өнімді өндіру және өткізу шығындары туралы № 5 форма бойынша, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялары бойынша т.б. құжаттар арқылы жүргізіледі. Өзіндік құн кәсіпорында шығындардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша жоспарланып есептеледі.

Өнімнің өзіндік құнын талдағанда, тұрақты және өзгермелі шығындарға көп көңіл бөлінеді. Өндіріс көлемімен өзіндік құнның арасында өзара байланыс болады. Бұл байланыс жалпы өзіндік құнды және өнімнің бір данасының өзіндік құнын талдағанда ескерілуі тиіс. Төмендегі кестеде өнімді өндіруге кеткен шығындар келтірілген.

2. Тауарлы өнімнің 1 тг жұмсалатын шығындар өзіндік құнды талдаудың маңызды көрсеткіші болып табылады. Ол өндірістің кез келген сомасында есептеледі және өзіндік құн мен пайданың арасындағы өзара байланысты анық көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формуламен есептеледі:

Ш1 тг = Шж / ТӨ

Шж жалпы шығын.

Тауарлы өнімінң 1 теңгесіне кететін шығындарға өнім өндіру шығындардың сметасы



Шығын элементтері



Суммасы млн тг.

Құрылымы %

жоспарлы

фактілі

+ --

Жоспарлы

Фактілі

+ --

Материалдық шығындар

28168

31746

3578

38,3

40,12

1,82


Еңбекақы шығындары

20500

21465

965

27,87

27,13

- 0,74

әлеуметтік салық

6150

6440

290

8,36

8,13

- 0,23

Амортизациялық аударымдар

3150

3500

350

4,28

4,42

0,14


Б. өндірістік шығындар

15564

15967

403

21,16

20,18

-0,98

өнідірістік шығындар

73532

79118

5586

94,3

94

-0,3

Коммерциялық шығындар

4420

5050

630

5,67

5,99

0,32


Толық өзіндік құн.

77952

84168

6216

100%

100%

-

Құрылымы %:

Жоспарлы (73532 : 77952) *100% = 94,3.

Фактілі (79118 : 84168) * 100% = 94.


Төмендегі факторлар әсер етеді:

  • өнім шығару көлемінің өзгеруі

  • өнім шығару құрылымының өзгеруі

  • өнім бағасының өзгеруі

  • тұрақты шығындар суммасының өзгеруі

  • өзіндік шығындар суммасының өзгеруі және т.б. факторлар.

№15 дәріс

Тақырып: Өнімнің өзіндік құнын талдау.

Дәрістің мазмұны: 1. Тікелей еңбекақыны талдау.

2. Жанама шығындарды талдау.

№16 дәріс

Тақырып: Бухгалтерлік баланстағы капиталдың қалыптасу көздері мен орналасуын талдау.

Дәрістің мазмұны: Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен шаруашылық операцияларды бейнелеу тәртібі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

Қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, түсініктерді жазуға болады.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.

“Қаржылық есептің мақсаты- бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс-есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Олар арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.

Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды.

Бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді.

Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі.

Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Бухгалтерлік баланстың бөлімдері мен элементтері келесідей анықталады:

актив дегеніміз- бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс. Пассив-бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына( сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал–бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.

«Активтер»- бұл құндылық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.

«Міндеттеме»- бұл тұлғаның(қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның(несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті- мүлікті беру, жұмыс атқару,ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

«Капитал»- бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтер.


№17 дәріс

Тақырып: Бухгалтерлік баланстағы капиталдың қалыптасу көздері мен орналасуын талдау.

Дәрістің мазмұны: Капиталдың қалыптасу көздерін талдау.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Кәсіпорынның мүлкі және қаражатына тоқталатын болсақ:

1. Кәсіпорынның мүлкі меншік құқығының объектісі болып табылады.

2. Кәсіпорынның мүлкі және кәсіпорынның балансында құны көрсетілген басқа мүліктер негізгі құралдар болып табылады.

3. Мүлік кәсіпорынның қызметіне тікелей байланысты болғандықтан кәсіпорын онымен пайдалану, оларды қажетіне қарай білуге құқылы.

4. Кәсіпорынның мүлкі мынандай жолдармен құралады: жеке меншік иелігінен өткен мүлік; жеке меншіктік қызмет нәтижесінде алынған мүлік (қаржылық түсімді қоса есептегенде); Заңмен тиым салынбаған көздерден түскен мүлік.

5. Кәсіпорынның мүлкінің құрамына оның қызметіне қажет барлық мүлік кіреді, яғни ғимараты, құралдары, жабдықтар, инвентарь, көлік, жерге иелік ету құқығы.

6. Кәсіпорын құрылтайшының келісімінсіз мүліктерді иесіздендіруге, келісімшарт негізінде сатуға немесе сатып алуға, ауыстыруға, сыйлауға немесе басқада келісімдерге келуге және банктің несиемен пайдалануға құқығы жоқ.

7. Кәсіпорынның қаражат көздері болып мыналар табылады: мемлекеттік және басқа да тапсырыстардан түскен қаражат көздері, жеке тұлға және заңды тұлғалардан түскен қайырымдылық көздері және ерікті жарна төлемдері, Заңмен тиым салынбаған басқа қаражат көздері.

Жалпы шаруашылық субъектілердің есебін жүргізу барысында істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетіледі. Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер болып екіге бөлінеді.

Ұзақ мерзімді активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, биологиялық активтерден т.б. құралады. Ал қысқа мерзімді активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

№18 дәріс

Тақырып: Бухгалтерлік баланстағы капиталдың қалыптасу көздері мен орналасуын талдау.

Дәрістің мазмұны: Капиталдың орналасуын талдау және кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңцерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктер-дің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
№19 дәріс

Тақырып: Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

Дәрістің мазмұны: 1.Табыстың құрамы мен өсіңкілігін талдау.

2.Капиталды пайдаланудың тиімділігінің көрсеткіштері.


Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізудеи алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнім-дер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушы-ның жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауар-лардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспар-ланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіщтеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерің ынталандыру жәңе оларды тиімді паддалану сиякты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметіңің тиімділігін сипаттайтың көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын баға-лаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі -берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

• басқару тиімділігінің көрсеткіштері;

• кәсіпорынның инвестицияшау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

• табысты болжау әдісі;

• шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде

пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.


жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау