4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
Кітапханада
|
Кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Элек-тронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Практикум по анализу финансово-хозяйственной деятельности. Р-на Дону, «Феникс»,2001.
|
15
|
|
93.3
|
|
|
2
|
Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами. – А.; «Экономика»,2000.
|
8
|
|
57.1
|
|
|
3
|
Ефимова О.В. Финансовый анализ. – М.; «Бухгалтерский учет», 2002.
|
1
|
|
7.1
|
|
|
4
|
Под редакц. П.П. Табурчака., Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия. Р-на Дону, «Феникс»,2002.
|
3
|
|
21.4
|
|
|
5
|
Селезнева Н.Н., Ионова А.Ф., Финансовый анализ .- М.; «Юнити»,2003.
|
3
|
|
21.4
|
|
|
6
|
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.; «Инфра-М», 2003.
|
5
|
|
35.7
|
|
|
7
|
Под редакц. В.В. Осмоловского., Теория анализа хозяйственной деятельности. Минск. ООО «Новое знание», 2001
|
5
|
|
35.7
|
|
|
8
|
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.; «Инфра-М», 2002
|
4
|
|
28.5
|
|
|
9
|
Пястолов С.М. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия, - М.; «Академа», 2004
|
5
|
|
35.7
|
|
|
10
|
Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. –А.; «Экономика», 2001
|
1
|
|
7.1
|
|
|
11
|
Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности. –М, Экономистъ, 2004
|
4
|
|
28,5
|
|
|
12
|
Любушин Н.П., Лещева В.Б., Анализ финансово-экономической деятельности предприятия
|
10
|
|
71,4
|
|
|
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
№1 дәріс
Тақырып: Экономикалық талдаудың мазмұны мен әдістемесі
Дәрістің мазмұны:. 1.Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты.
2.Экономикалық талдаудың негізгі түрлері
1.Экономикалық талдау шаруашылық қызметті басқаруда маңызды орын алады. Ол шаруашылық қызметті білу үшін қажет және басқарудың басты құралы болы табылады. Экономикалық талдау жоспарлау мен тығыз байланысты. Талдаудың материалдары жоспар құру кезінде, жоспардың орындалуын бағалау кезінде, қателерді анықтау кезінде пайдаланылады. Экономикалық талдаудың көмегімен шаруашылық қызметті тану кезінде әр түрлі экономикалық шаралардың кәсіпорын қызметіне тигізетін әсері анықталады. Талдау материалдарына қарап, кәсіпорынның жұмысын жақсарту бойынша шаралар дайындалады.
Экономикалық талдау бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беру формаларымен өте тығыз байланысты. Осы есеп берулердің арқасында талдау жүргізуге қажетті ақпараттар, материалдар жиналады.
Экономикалық талдау дегеніміз – шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін басқарудың бір қызметі.
2. Шаруашылық қызметті талдау кезінде талдаудың әр түрлі жолдары қолданылады. Талдау төмендегідей белгілерге қарап жіктеледі.
I. Шаруашылық қызметті қамту деңгейіне қарай талдау былай бөлінеді.
А) кешендік талдау
Б) тақырыптық талдау
Кешендік талдау дегеніміз- шаруашылық қызметтің барлық жақтарын толық қарастыратын талдау.
Тақырыптық талдау дегеніміз – кәсіпорын қызметінің белгілі бір элементін қарастыратын талдау.
II. Зерттеу обьектілеріне қарай талдау былай бөлінеді:
А)ішкі талдау
Б)сыртқы талдау
Ішкі талдау дап кәсіпорынның ішкі құрылымын, мысалы: цехтарды, бөлімшелерді, олардың қызметін талдауды айтады. Сыртқы талдау деп зерттеліп жатқан кәсіпорынның сыртқы қызметін, яғни оның басқа субьектілерінің қарым-қатынасын талдауды айтады.
III.Шаруашылық қызметтің кезеңдеріне қарай талдау төмендегідей болып бөлінеді.
А) жедел талдау
Б) кезекті талдау
Жедел талдау дегеніміз –кәсіпорын қызметінің нәтижелерін білу үшін пайдаланылатын талдау. Ол көбінесе қысқа мерзімді қамтиды.
Кезекті талдау дегеніміз – белгілі бір уақыт мерзімінде қайталанып отыратын талдау.
3. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау келесідей мақсаттармен жүргізіледі:
1.Шаруашылық қызметтің жүруі кезеңдегі теріс құбылыстарды анықтап, кәсіпорын экономикасының дамуына әсер ету.
2.Кәсіпорынды басқару деңгейі мен тиімділігін көтеру, жұмыстың сапасын жоғарлату.
Бұған қоса экономикалық талдау төмендегі қызметтерді жүзеге асырады.
1.Орындалатын жоспарлар мен өндіріс көлемінің өсуін тексеру.
2.Шаруашылық қызметке әсер ететін факторларды анықтау.
3.Кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін анықтап экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру.
4.Шаруашылық қызметтегі кемшіліктерді жою.
5.Жоспардың орындалу барысын күнделікті бақылап отыру.
6.Жоспардың және жұмыстың тиімді жүруін қадағалау.
Экономикалық талдау бұл экономикалық процестер мен құбылыстарды құрамдас бөліктерге бөле отырып олардың өзара байланысын, өзгеруін зерттейтін ғылым.
Экономикалық талдаудың макроэкономикалық талдау және микроэкономикалық талдау деген 2 түрі бар.
Макроэкономикалық талдау д.ж. және ұлттық экономиканың, олардың жекелеген салаларының экономикалық құбылыстар мен процестерін зерттейді.
Ал микроэкономикалық талдау жеке шаруашылық жүргізуші субьектінің, яғни кәсіпорынның қызметін қарастырады.
Экономикалық талдау жеке ғылым ретінде XX-ғасырдың I-ші жартысында пайда болды. Ол көптеген басқа ғылымдар сияқты өндіргіш күштердің дамуына байланысты, өндіріс қатынастардың жетілуіне байланысты пайда болды. Экономикалық талдау болмаса, күрделі экономикалық процестерді басқарып, тиімді шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Экономикалық талдау кәсіпорынның басқару жүйесінде басты орындардың біріне ие. Басқару жүйесі келесідей өзара байланысты қызметтерден тұрады:
Болжау
Жоспарлау
Есеп және бақылау
Талдау
Шешімдер қабылдау
Басқару жүйесінің қызметі ретінде талдау жоспарлу мен болжаумен тығыз байланысты. Себебі оларсыз талдауды жүзеге асыру немесе талдаусыз болжау мен жоспарлауды жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономикалық талдау арқылы жоспарлауға қажетті материалдар дайындалады, жоспардағы көрсеткіштер бағаланады, олардың дұрыстығына тексеру жүргізіледі.
Экономикалық талдау өндірістің тиімділігін арттырады, ол ресурстарды үнемді пайдалануға, жұмыстағы кемшіліктерді анықтауға, еңбекті тиімді ұйымдастыруға жаңа техника мен технологияны өндіріске еңгізуге өз септігін тигізеді.
№2 дәріс
Тақырып: Экономикалық талдаудың мазмұны мен әдістемесі
Дәрістің мазмұны: 1. Экономикалық талдаудың ақпараттық базасы
2. Экономикалық талдаудың әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы.
Кәсіпорынның экономикалық талдауын жүзеге асыру үшін белгілі бір ақпараттар мен мәліметтер керек. Талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету ғылыми жүйеге сәйкес болуы тиіс. Ақпараттарды жинау келесі принцептерге сүйенеді:
1. Ақпаратқа деген қажеттілікті анықтау
2. Осы ақпаратты алу жолдарын анықтау
3. Осы ақпаратты алудың материалдық қаржылық және еңбек ресурстарына тигізетін әсерін анықтау
4. Әр түрлі ақпарат көздерінен түскен мәліметтердің бір-біріне сәйкес болуы
5. Түскен ақпараттардың шынайы болуы
6. Ақпаратты түсіру жолдарын таңдау
Экономикалық ақпараттарға қарап талдау кезінде экономикалық көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Экономикалық талдауға керекті ақпараттар мыналардан келіп түседі:
Жоспарлы мәліметтер
Бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есептің мәліметтері
Кәсіпорын тұрған аймақтағы әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер
Арнайы жүргізілген зерттеудің мәліметтері.
2.Қандайда бір пәннің әдісі деп сол пәнді зерттеу жолдарын түсінуге болады. Экономикалық талдаудың ең көп тараған әдісі – салыстыру. Көрсеткіштерді өзара салыстыру арқылы көптеген маңызды ақпарат алуға болады. Мысалы: қандай да бір кәсіпорынның фактілі мәліметтері өткен жылғы мәліметтері мен, жоспарлы мәліметтер мен, басқа кәсіпорындардың көрсеткіштері мен салыстырылады.
Экономикалық талдау кезінде қолданылатын 2 негізгі зерттеу тәсілдері бар:
Индукция
Дедукция
Индукция дегеніміз – жеке бөлшектерден бір қорытынды шығару үшін жасалатын зерттеу түрі, яғни жеке фактілерден қорытынды шығарылады.
Ал дедукция бұл үлкен құбылысты жекелеген бөлшектерге бөліп қарастыру тәсілі.
Экономикалық талдауда индуктивтік тәсіл дедуктивтік тәсілмен біріктіріліп қолданылады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары мен процестері өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Бұл тәуелділік тікелей түрде немесе жанама түрде болуы мүмкін. Мысалы: негізгі қызметтен түскен табыстың көлеміне өнімді өнімді сату көлемі, өнімнің бағасы, шығындарға тікелей әсер етеді. Ал, басқа факторлардың әсері жанама түрде болуы мүмкін.
Яғни экономикадағы әр көрсеткіш көптеген факторларға байланысты өзгереді. Қандай да бір көрсеткішке факторлардың қаншалықты әсер ететінін зерттеу тәсілі факторлық талдау деп аталады.
Факторлық талдаудың келесідей түрлері бар:
Детерминирленген және стохастикалы
Дедуктивтік және лендуктивтік
Бір сатылы және көп сатылы
Статикалық және динамикалық
Ретроспективтік және перспективтік
Әр ғылымның өз зерттеу пәні болады сонымен қатар бір обьект бірнеше ғылымдар мен зерттелуі мүмкін. Мысалы: кәсіпорынды оның шаруашылық қызметін көптеген экономикалық ғылымдар, соның ішінде экономикалық теория немесе макроэкономика, микроэкономика, статистика, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және т.б. зерттеледі.
Экономикалық талдау экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысын зерттейді. Экономикалық талдаудың зерттеу обьектілеріне шаруашылық қызметтің нәтижелері жатады. Мысалы: кәсіпорындағы өнім өндіру көлемі, өнімді өткізу көрсеткіштері, өнімнің өзіндік құны, материалдық ресурстар, еңбек ресурстары, қаржылық ресурстар, кәсіпорынның қаржы жағдайы және т.б. қарастырылады.
№3 дәріс
Тақырып: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
Дәрістің мазмұны: 1. Өнімді өндіру мен өткізудің өсіңкілігін және жоспар орындалуын талдау.
Өнім ассортименті мен құрылымын талдау.
Өнеркәсіп кәсіпорынның негізгі мақсаты тұтынушылардың сұранысын сапалы өнімдер мен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта кәсіпорында шығарылған өнім көлеміне қарағанда өткізілген өнім көлемі үлкен рол ойнайды. Себебі бұл көрсеткішке кәсіпорынның табысы тәуелді.
Өнім өндіру көлемі мен өткізу көлемінің өсуі, өнім сапасының жақсаруы кәсіпорынның пайдасы мен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорын қызметі минималды шығындар кезінде максималды өнім көлемін өндіріп стуға негізделуі тиіс. Сондықтан өнім өндіру мен өткізуді талдау үлкен маңызға ие. Бұл талдаудың басты мақсаты – өнім шығару көлемін ұлғайту мен сапасын арттырудың анағұрлым тиімді жолдарын анықтау.
Өнім өндіру мен өткізуді талдудың басты обьектілері мыналар:
Өнім өндіру мен өткізу көлемі
Өнім ассортименті мен оның құрылымы
Өнім сапасы
Өнім өндірісінің ырғақтылығы
Өнім өндіру мен өткізуді талдау барысында өнім өндірісіне кедергі келтіретін себептер ашылуы тиіс.
Бұл себептерге мыналар жатуы мүмкін:
1.Өндіріс пен еңбектң ұйымдылығы кемшіліктер
2.Материалдық, ақшалай және еңбек ресурстары үнемсіз, тиімсіз жұмсау.
3.Өнімнің бұзылуы.
Кәсіпорында өндіріс көлемін сипаттайтын 2 көрсеткіш бар:
Жалпы өнім
Тауарлы өнім
Жалпы өнім дегеніміз – барлық өндірілген өнім көлемінің жасалған жұмыстардың сонымен қатар аяқталмаған өндірістің құны.
Тауарлы өнім дегеніміз – барлық өндірілген өнім мен жасалған жұмыстардың құны, бұған аяқталмаған өндіріс құны кірмейді.
Жалпы өнім, тауарлы өнім және өткізілген өнім көлемі есепті кезеңдегі көтерме сауда бағаларымен есептеледі.
Кәсіпорын өнім өндірмес бұрын тұтынушының сұранысын зерттейді, сұранысқа қарап өндірістік бағдарламаны құрады.
Өндірістек бағдарлама - бұл кәсіпорынның барлық ассортимент бойынша шығаратын өнімнің көлемі. Өндірістік бағдарлама натуралды (тонна, кг, дан, және т.б.) және құнды өлшем бірліктермен есептеледі.
Талдау кезінде көбінесе құнды көрсеткіштер пайдаланылады, ал натуралды көрсеткіштер жекелеген өнім түрлерінің көлемін сипаттау үшін қажет.
2.Тұрғындардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін көлемнің жоспары ғана емес, сонымен бірге әр ассортимент бойынша жоспар орындалуы тиіс. Өнім ассортименттін дер кезінде жаңартып отыру кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен бәсеке қабілетінің басты құралы болып табылады. Өнім шығару ассортиментті мен құрылымын қалыптастыру кезенде кәсіпорын 1-ден өнімге деген сұранысты, 2-ден еңбек ресурстарын, материалдық шикізат ресурстарын, техникалық, технологиялық, қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануды ескеруі тиіс.
Номенклатура дегеніміз – тауарлардың атаулары мен кодтарының тізімі. Бұл кодтар ТМД елдерінің аумағындағы тауарларға қолданылады.
Ассортимент дегеніміз – өзара ұқсас тауарлардың тізімі.
Кәсіпорын өнім ассортименттін өзгертіп отырады. Бұл өнімге деген сұраныстың өзгеруі мен қажетті шикізат материалдардың тапшылығы мен т.б. себептер мен түсіндіріледі. Өнім ассортиментті бойынша жоспардың орындалуын талдау ассортимент бойынша жоспардың орындалу коэффицентті арқылы жүзеге асырылады. Бұл коэффицент ассортимент құрамына енетін тауарлы өнімнің жоспарлы тауарлы өнімге қатынасы мен анықталады.
Өнім ассортиментті жоспарының орындалмауының 2 түрлі себептері бар:
1.сыртқы себептер бұған нарықтағы жағдай, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныстың өзгеруі жатады.
2.ішкі себептер бұларға өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктер, құрылғының нашарлығы, басқару жүйесіндегі кемшіліктер және т.б. жатуы мүмкін.
3.Тауарлы өнім көлемі мен өткізілген өнім көлемінің өсу – кемуін талдаудың 2 варианты бар:
1.Базистік вариант кезінде әр кезекті жыл 1 базистік жылмен салыстырылады.
2.Тізбектік вариант кезінде әр тізбекті жыл өз алдындағы жылмен салыстырылады.
Өнім өндіру мен өткізу көлеміне динамикасын, жоспармен орындалуы, зерттеген соң оның көлемінің өзгеруіне әсер еткен факторлар анықталады.
Бұл факторларды 3 топқа жіктеуге болады:
Еңбек ресурстарымен қамтамасыздау және оларды тиімді пайдалану. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалана отырып, соның ішінде: а)қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы ә)жұмыс уақытын үнемді пайдаланау арқылы б)еңбек өнімділігін өсіру арқылы өнім шығару көлемін өсіруге болады.
Негізгі өндірістік қорлар мен қамтамасыздық және оларды тиімді пайдалану. Өнім өндіру көлемін өсіру үшін: а)қосымша (материалдар) машиналар мен құрылғылар қажет ә)машиналар мен құрылғыларды жұмыс уақытында толық пайдалану қажет б)машина мен құрылғылардың сапасы, өнімділігі жоғары болуы керек.
Шикізат материалдар мен қамтамасыздық және оларды тиімді пайдалану. Материалдарды тиімді пайдалану арқылы, яғни: а)шикізат материалдарды нормативтен тыс шығындарды жою арқылы ә)өнім бірлігіне жұмсалатын шикізат материалдар шығынын азайту арқылы өнім шығару көлемін көбейтуге болады.
№4 дәріс
Тақырып: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
Дәрістің мазмұны: 1. Өткізу нарығында тауарлардың орналасуын талдау.
2. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
Сату көлемі, бағаның орташа деңгейі, өнімді сатудан түскен табыс, алынған табыс сомасы және т.б. өткізу нарығына тәуелді. Ең бірінші соңғы 3 – 5 жылдағы өткізу нарығындағы әрбір өнім түрінің динамикасын білу керек.
Кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы 2 жылда Б өніміне деген сұраныс және оның рентабельділік деңгейі төмендей бастаған, ал ішкі нарықтағы секілді, сыртқы нарықта да А бұйымы бойынша табыстылық және сату көлемі ұлғайған.
Өнімді өткізу нарығының динамикасын талдау.
Көрсеткіштер
|
Ішкі нарық
|
Экспорт (сыртқы нарық)
|
жылдар
|
жылдар
|
|
ХХХ1
|
ХХХ2
|
ХХХ3
|
ХХХ1
|
ХХХ2
|
ХХХ3
|
А бұйымы
|
Өнімді өткізу көлемі, дана
|
7000
|
6000
|
6900
|
3000
|
4000
|
5646
|
Өнім бірлігінің бағасы, мың тг
|
3,4
|
4,4
|
5,8
|
3,7
|
5,2
|
6,5
|
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың тг
|
2,8
|
3,6
|
4,6
|
3,2
|
4,2
|
5,0
|
Түсім, мың тг
|
4200
|
4800
|
8280
|
1500
|
4000
|
8470
|
Рентабельділік,%
|
21,4
|
22,2
|
26,1
|
15,6
|
23,8
|
30,0
|
Б бұйымы
|
Өнімді өткізу көлемі, дана
|
10200
|
9000
|
5904
|
-
|
-
|
-
|
Өнім бірлігінің бағасы, мың тг
|
2,2
|
2,7
|
3,5
|
-
|
-
|
-
|
Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың тг
|
1,9
|
2,4
|
3,1
|
-
|
-
|
-
|
Түсім, мың тг
|
3060
|
3000
|
2360
|
-
|
-
|
-
|
Рентабельділік,%
|
15,8
|
12,5
|
12,9
|
-
|
-
|
-
|
Бәсекеге қабілеттілік деп өнімнің оны бәсекелес тауардан нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкестіе деңгейі бойынша да, сондай – ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындар бойынша да ерекшілендіретін сипаттамасын түсіндіреді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұтынушының қажеттілігін және нарық талаптарын зерттеу негізінде жасалады. Тауар тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ол белгілі бір параметрлерге сәйкес келуі керек:
техникалық;
эстетикалық (тауардың сыртқы түрі);
эргономикалық (тауардың адам ағзасының қасиеттеріне сәйкес келуі);
нормативтік (тауардың әрекет етіп отырған нормаларға және стандарттарға сай келуі);
экономикалық (тауарға баға деңгейі, оның сервистік қызмет көрсетуі т.б.).
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін талданатын бұйымның және бәсекелес тауардың параметрлерін салыстыру керек. Осы мақсатпен бәсекеге қабілетті өнімнің бірліктік, топтық және интегралдық көрсеткіштері есептеледі.
Талдау қорытындысына сүйене отырып, 4 категориялы тауар шығарылады:
«Жұлдыз», кәсіпорынға негізгі пайда әкеледі және экономикалық өуіне ықпал етеді.
«Сауынды сиыр», жетілу процесінде маңызды емес кезеңнің экономикалық өсуіне ықпал етеді және «қиын балаларды» қаржыландыру кезінде өз пйдасын тигізеді.
«қиын балалар»- бұл нақтысында жарнаманы қажет ететін тауарлар, нарыққа шығады бірақ уақытша табыс әкелмейді, болашақта «жұлдыз» болуы мүмкін.
«өлі жүк» немесе «жолы бомағандар» өмір сүру қабілеті төмен тауарлар, экономикалық өсуге ықпал тигізбейді және пайда әкелмейді.
Кәсіпорынның өнімдерді бұлай топтастыруы дұрыс стратегия тандауына үлесін тигізеді. «қиын балалрға» бағытталған қаржыландыру, жақын арада «жұлдыз» болуы әбден мүмкін, жұлдыз категориясын нақты қолдану керек кәсіпорынның ұзақ өміршеңдігін қамтамасыз етеді және «сауынды сиырлар» «қиын балаларды» қаржыландыруға, жеткілікті санын қолдауға және қиын балаларды қаржыландыруға сауын сиырларды қолдауға бағытталған дұрыс стратегияны таңдау. Әр нарықтық сигменттерде орналасқан тауарлар қандай өмірлік цикл кезеңінде тұрғанын ескеру керек.:
А) нольдік саты- жаңа тауарды жасаудың және содан кейін сол тауарды зерттеумен акробция жасау
Б) бірінші саты- тауарларды нарыққа шығару және енгізу, тауар жетістікке ие болатын мүмкіндігін анықтау бұл сатыда пайда жоғары болмайды, өйткені жарнамаға айтарлықтай қаржы жұмсалмайды
В) екінші саты- нарықта жоғары жылжу үшін үлкен шығынды қажет етеді, бірақ ол барлық шығындарды жауып пайда көзі болып есептелінеді, тауар табыс әкеле бастайды.
Г) үшінші саты- тауар нарықта тұрақтанып, оған деген сұраныс көбейіп және жақсы пайда әкеледі, ашып айтсқ тауар табысты кезеңде тұрақтап, нарыққа шығу үшін шығынданбайды, бірақ жарнамаға оның атағына шығындану керек.
Д) төрітінші саты- сату деңгейі бастапқы кезеңде байқалмай, бірақ соңынан күрт төмендеп кетуі мүмкін, ол алдын ала болжалған және болжанбаған түрде болуы мүмкін.
Нарықтық канъюктура қажет ететін және оның стратегиясына сәйкес келуі , ол кәсіпорын басшылығының сараптама қорытындысы жаңа тауар шығаруға үлкен үлес қосады.
Сараптама процесі кезінде сонымен қатар жақын және потенциялды канъюктуралар шығару керек, олардың қызметінің көрсеткіштерін талдау керек, олрдың бизнесті мықты және әлсіз жақтарын анықтау, қаржылық мүмкіндіктерін, нарықтық экспанция төңірегінде мақсаты мен стратегиясы, өндіріс техникасын, өнім сапасын және баға саясатын талдау керек. Осылардың барлығы бәсекелестердің іс әрекетін және бәсекелестікке қабілетті стратегия жасауға өз үлесін қоспақ.
№5 дәріс
Тақырып: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
Дәрістің мазмұны: 1. Өнім сапасын талдау.
2. Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығын талдау
Өнеркәсіптік кәсіпорынның басты қызметтік көрсеткіші өнімнің сапасы болып табылады. Оның жоғарлауы бәсекелестікке қабілетті фирманың бірі, нарықтағы өз орнын жаулап алу және ұстап тұру. Өнімнің жоғарғы сапада болуы өнімге деген сұраныстың өсуіне және сатудан түскен пайда құнымен ғана емес бағаның жоғарлауынанда болады. Өндірілген өнімнің барлық сапасына деген мінездеме көрсеткіші оның түріне және пайдалылғына тәуелсіз болып келеді.
А) жаңа өнімнің жалпы шығарылымының үлес салмағы.
Б) өнімнің жоғарғы сапасы категориясының үлес салмағы.
В) өнімнің орташа құндық балы
Г) орташа коэфицентінің сорты
Д) өнімнің атестацияланаған және атестатцияланбаған үлес салмағы
Е)өнімнің сертефикатталған үлес салмағы
Ж) өнімнің дүниежүзілік стандартқа сәйкес үлес салмағы
Экспорттық өнімді соның ішінде шаруашылығы жоғары дамыған елдердегі үлес салмағы:
А) пайдалы (сүттің майлылығы, аққуызыдың тағам өнімдеріндегі құрамы)
Б) сенімділік ( өміршендік, жұмысқа деген жауаптылық)
В) технологиялық, соның ішінде конструкторлық және технологиялық шешімдердегі пайдалылығ)
Г) өнімдердің эстетикасы
Жанама көрсеткіштер-сапасы төмен өнімдерге деген айыппұл, дұрыс шығарылмаған өнімнің көлемі және үлес салмағы, өнімнге деген тұтынушылырдан түскен келіспеушіліктер және дұрыс шығарылмаған тауарлардан келген зияндардың үлес салмағы және т.б.
Сараптаманың бірінші тапсырмасы- көрсетілген динамиканың көрсеткіштерін оқып ұғыну, орындалған жоспар деңгейі, өнімнің қол жеткізілген сапсасын деген кәсіорынның баға беруі және олардың ауысып кетуінің себебі.
Қозғалыс- бұл өнімнің ассортиментіне және графиктік көлемімен сәйкес, жоспарда қарастырылған бір қалыпты өнімнің шығуы жәнетиеліп жіберілуі.
Қохзғалыстық қызмет ол өнімінң уақытылы шығарылуы және сатылуының ең негізгі шарты болып табылады. Қозғалыс тық емес ол экономикалық көрсеткіштерді төмендетеді: өнімнің сапасын төмендетеді, өндірістің аяқталмааған көлемі жоғарлайды және қоймадағы өнімдердің доспардан тыс қалдықтары және капитал айналымын баяулатады.; келісім шар т бойынша жеткізулер орындалмайды, және кәсіпорын уақытылы жеткізлмеген өнімдер үшін айыпұлдар төлейді; уақытылы пайдада түспейді, осындай жағдайлардың кесірінен ақша ағымының жоқтығы пайда болады.
Қызметтік қозғалысты бағалауға тіке немесе жанама көрсеткіштер қолданылады.
Тікелей көросеткіштер- бұл қозғалыс коэфиценті, вариациялық коэфицент, өндірістің жылдық көлемі бойынша өнімнің 1-ші периодтағы шығарылу үлес скалмағы.
Қозғалыс тың жанама көрсеткіштері- жұмыста қосымша жұмыс жасағаны үшін төлем, кәсіпорын кесірінен тұрып қалғаны үшін төлем, уақытыл жеткізілмеген өнімдер үшін айыппұлдар және т.б.
Көп таралған көрсеткіштердің бірден бірі –ол қозғалыс коэфиценті-әр периодқа деген шығарылған өнімнің н,ақты үлес салмағы, бірақ базалық көрсеткіштен төмен емес. Берілген кесте бойынша нақты көрсеткіштері.
К қозғалыс =25+22+21+25=93 %
Өнімнің тоқсанға байланысты шығарылған қозғалысы
Тоқсан
|
өнімнің шығарылуы, мың, тг
|
өнімнің үлес салмағы, %
|
T0
|
T1
|
T0
|
T1
|
Бірінші
|
20000
|
24244
|
25,0
|
29
|
Екінші
|
20000
|
18392
|
25,0
|
22
|
Үшінші
|
20000
|
17566
|
25,0
|
21
|
Төртінші
|
20000
|
23408
|
25,0
|
28
|
Барлығы 1 жылға
|
80000
|
83600
|
100
|
100
|
Вариация коэфиценті (Кв) тәулікке деген қатынастың орташатоқсаны ретінде берілген тапсырмалардың орындалуы арқылы анықталады (декаду, ай, тоқсан) орташа тәуілікке (орташа декада, орташаайлық, орташа тоқсан) өнімнің жоспарға сай шығуы:
√∑(Х-Х)2\Π √ [(29-25)+(22-25)+(21-25)+(28-25)]/4 3,54
Кв=——————— = ————————————————— = ————=
Хη 25 25
= 0,14
(х-х)2- орташатоқсандық (орташа айлық) тапсырма
Π- период саны
Хη- орта тоқсандық жоспарланаған өнімді шығару
Біздің мысалда вариациалық коэфицент 0,14 құрайды. Бұл шығарылған өнімнің тоқсандық ауытқуы орташа 14 пайызды құрайды.
Аритмитикалық себеп- өнімді шығару қиындығы, кәсіпорынның төменгі деңгейі, өндірісті технологиялық және материалды техникалық қамсыздандыру, сонымен қатар бақылау және жоспарлау.
Өнімді сатудан және жүктеудің қозғалысы аналогиялық жағдайға байланысты талднады.
№6 дәріс
Тақырып: Өнім өндіру мен өткізуді талдау
Дәрістің мазмұны: Өнімді өндіру мен өткізу көлемін көбейту жолдарын және факторларын талдау.
Структуралық – логикалық сатылған өнім көлемінің факторлық моделі.
Достарыңызбен бөлісу: |