Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды: Құжаттар 2019 жылғы 28 тамызға дейін қабылданады



жүктеу 87,5 Kb.
Дата28.12.2019
өлшемі87,5 Kb.
#25320
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-02-97,
факс: 72-04-05, электрондық пошта:
zh.askarov@mfa.gov.kz,
бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға
барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

жариялайды:
Құжаттар 2019 жылғы 28 тамызға дейін қабылданады

1. Әкімшілік жұмыс және бақылау департаменті директорының орынбасары,
С-2 санаты (1 б.)


Функционалды міндеттері: Құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру, мемлекеттік тіл құжаттарын қалыптастыруға, құқықтық сараптама жасауға, дипкурьерлік байланыс және мобилизациялық жұмысқа, Министрлікте іс-қағаздарын жүргізуге, мұрағатқа, құжаттардың орындалу мерзімінің сақталуына бақылау жасауға, ақпаратты қорғауға жауапкершілік, мемлекеттік және шет тілдерін оқыту жөнінде курстар ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.


2. Консулдық қызмет департаменті Қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу басқармасының кеңесшісі С-4 санаты ( 1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Іссапарларды, лауазымдық құжаттарды, баяндамаларды, тезистерді, ведомстваның құзыретіне кіретін сілтемелерді дайындау және енгізу.

Әртүрлі деңгейдегі кездесулерге арналған материалдар, шет елдердің аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктеріне және шетелдегі Қазақстан мекемелеріне ноталар мен хаттарды жіберу. Ақпаратты, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығының дипломатиялық корпуспен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу.

Қазақстанның ДСҰ, ЕурАзЭҚ (ДСҰ бөлігінде) аясындағы өзара іс-қимылы. 2014-2020 жылдарға әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіру туралы тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Сауда саясаты және еуразиялық интеграция мәселелері бойынша СЭСД құзыреті шеңберінде көмек.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар), педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

3. Инвестициялық преференциялар басқармасының екінші хатшысы, С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және басқа да қажетті материалдарды дайындау; Басқарманың құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; инвестициялық келісім шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету: инвестициялық келісім шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша инвесторлармен ұсынылған есеп материалдарын тексеру; Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасымен көзделген инвестициялық келісімшарттар қолданысының мерзімі аяқталуы бойынша және бақылау нәтижелері бойынша шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасымен көзделген инвестициялық келісімшарттардың қолдану мерзімінің өтуі бойынша және бақылау нәтижелері бойынша шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызмет объектілеріне барып, тексерудің нәтижелері негізінде инвестициялық келісімшартқа өзгертулер және/немесе толықтыруларды енгізу үшін шарт жобасын дайындау; инвестициялық келісімшарттарды және инвестициялық келісімшартқа енгізілген өзгертулер және/немесе толықтырулар туралы шарттарды сақтау; инвестициялық қызмет объектілеріне тексеру жүргізуді тіркеу туралы журнал жүргізу және сақтау; инвестиция мәселелері бойынша инвесторлармен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара әрекеттесу; инвестициялық келісімшарттар бойынша міндеттемелерінің орындалуы мәселелері бойынша сотта және өзге мемлекеттік органдарда Комитет мүдделеріне өкілдік ету; инвестиция саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу; инвестицияларды мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; инвестицияны мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; Комитет, басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.


4. Инвестиция комитетінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс басқармасының екінші хатшысы, С-4 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Басқарма құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және басқа да қажетті материалдар дайындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын және басқа да құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; Комитеттің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыру; инвестициялық жобаларды, инвестицияны мемлекеттік қолдау,арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Комитет қызметінің ұсынысы мен үйлесімін өңдеу; Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу; Комитет құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттар жобаларын келісу; инвестициялық келісім-шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы инвестициялық шарттарға және инвестициялық келісімшарттарға, нормативтік құқықтық актілер жобаларына, Комитет бұйрықтарының жобаларына, құқықтық сараптаманы жүзеге асыру; Комитет мүдделерін сотта және өзге де мемлекеттік органдарда өкілдік етуге, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша құқықтық мәселелерді қарастыру; инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер пайда болғанда сотқа дейінгі қарастыруға қолдау көрсету; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: педагогикалық (шетел тілі: екі шет тілі) немесе өнер және гуманитарлық (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шетел филологиясы, лингвистика, қолданбалы лингистика, шығыстану, түркітану) немесе бизнес, басқару және құқық (халықаралық экономика, әлемдік экономика, құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану, аймақтану, елтану, халықаралық журналистика) немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.



Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-2 санаты үшін:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

С-4 санаты үшін:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-2

204 041

275 664

С-4


138 248

186 551

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.


Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Әңгімелесу өткізу уақыты: 2019 жылғы 2 – 4 қыркүйек аралығында.

Әңгімелесу өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

___________________________________


      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 87,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау