Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 91,58 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі91,58 Kb.
#18299
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4


138 248

186 551


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 10 кіреберіс, 253 кабинет, анықтама үшін телефондар: (87172) 742-385, электрондық мекен-жайы: mazhitova.s@minagri.gov.kz, уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Мемлекеттік жер кадастры басқармасының бас сарапшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыста болу кезеңіне, 2019 жылғы 28 тамызға дейін), C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; жер кадастры бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; жерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау; жыл сайынғы Қазақстан Республикасының жер балансын жасау мен қабылдауға, Қазақстан Республикасындағы жерлердің сандық және сапалы жай-күйі туралы жинақ талдау есебін жасауға қатысу; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бонитировкалық, топырақтық, геоботаникалық іздестірулер мен басқа да зерттеу жұмыстарының көлемін анықтауға қатысу; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді ұймыдастыру, бюджеттік өтінімдерді ресімдеу, жұмыстарды орындауға шарттар жасау, атқарылған жұмыстарды қабылдап алу; жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-МЖК ААЖ) енгізуді ұйымдастыру; бағдарламалық-техникалық кешендер, электрондық жүйелердің жинағы мен кадастрлық ақпараттарды сақтау негізінде МЖК ААЖ жаңғырту, оңтайландыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу; бағдарламалық және техникалық жүйелерді таңдау бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу; МЖК ААЖ интеграциясы бойынша өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекет ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу; МЖК ААЖ бағдарламалық өнімдерді кеңейтетін әзірлеушілер үшін техникалық тапсырыстарды әзірлеуге қатысу; жер кадастрын жүргізетін кәсіпорындардың ақпараттық мұқтаждығы негізінде және МЖК ААЖ бизнес-процесстері мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, байланыс және ақпараттардыру салаларындағы заңнаманың талаптарына сәйкес МЖК ААЖ жаңғыртудың стратегиялық және техникалық жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау; мемлекеттік электронды қызметтерді, жер кадастры саласында бизнес процесстерді электронды түрде оңтайландыру мен автоматтандыруды іске асыруды ұйымдастыру; жер кадастрын жүргізу мәселесі бойынша консультативті көмек көрсету; жер туралы деректерді жинау мен жүйелендіру, зерттеу мен сақтауды жүзеге асыру; жер-2 нысаны бойынша есептер жасау мен талдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, мамандығы бойынша: Қызмет көрсету (Жерге орналастыру, Кадастр, Бағалау), Ауылшаруашылық ғылымдары (Агрономия, Топырақтану және агрохимия, Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау), Құқық (Заңтану), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Менеджмент, Финансы, есеп және аудит).
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

_______________________


      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      

__________                ________________________________


(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.


жүктеу 91,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау