Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 с



жүктеу 36,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі36,5 Kb.
#23742



Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі

10/03 қаулысы


Қарағанды облысы бойынша Әділет Департаментте 2012 жылғы

18 мамырдағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне

8-11-135 нөмерімен енгізілген
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 29 қарашадағы №34/06

«2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды

ұйымдастыру туралы» қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы №34/06 «2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №8-11-129 болып тіркелген, 2012 жылы 7 қаңтарда №1 «Сарыарқа» газетінде жарияланған), оған Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 02/04 «Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 34/06 «2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 8-11-131 болып тіркелген, 2012 жылы 25 ақпанда №8 «Сарыарқа» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының №2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.



Аудан әкімі Ш.Мамалинов

Аудан әкімдігінің

2012 жылғы «_19_» сәуірдегі

№ 10/03 қаулысына қосымша


Аудан әкімдігінің

2011 жылғы 29 қарашадағы

№34/06 қаулысына № 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

1. Жалғыз басты мүгедектерге және егде азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсету – сомасы 1760,0 мың теңге.

2. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және басқа да әлеуметтік көмек түрлеріне қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру - сомасы 1280,0 мың теңге.

3. Зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны қайта есептеуді жүргізуге құжаттар қалыптастыру - сомасы 352,0 мың теңге.

4. Жастар және жасөспірімдермен жұмыс ұйымдастыру – сомасы 4928,0 мың теңге.

5. Халықпен жұмыс, мүлікке, транспорт құралдарына салық төлеу жөніндегі хабарламалар мен квитанцияларды жеткізу – сомасы 1703,0 мың теңге.

6. Оралмандарды тіркеуге және құжаттандыруға қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу - сомасы 176,0 мың теңге.

7. Құжаттарды көбейту және тарату, хаттар мен шақыру қағаздарды жеткізу, құжаттарды өңдеуді жүзеге асыру – сомасы 528,0 мың теңге.

8. Көлік жабдықтарын тіркеу картотекасын енгізу, құжаттандыру номенклатурасын жинау – сомасы 176,0 мың теңге.

9. Құжаттарды өңдеу, электрондық базаны енгізу – сомасы 880,0 мың теңге.

10. Кадастрлық материалдарды қалыптастыру – сомасы 176,0 мың теңге.

11. Құжат айналымын жүргізу, мұрағаттық құжаттарды жөндеу – сомасы

352,0 мың теңге.

12. Құжаттандыру жұмысына көмектесу – сомасы 842,0 мың теңге.

13. Кент және селоларды көғалдандыру және абаттандыру – сомасы 6934,4 мың теңге.

14. Шақыру қағаздарын жеткізу, Қарулы Күштер тізіміне шақыру бойынша халықпен жұмыс жүргізу – сомасы 352,0 мың теңге.

15. Әділет органдарында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыс жүргізу – сомасы 704,0 мың теңге.

16. Электрондық деректер базасын техникалық өңдеу – сомасы 176,0 мың теңге.

17. Мұрағат құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу - сомасы 176,0 мың теңге.

18. Құжат айналымын және автоматтандырылған ақпараттық жүйе электрондық базасын жүргізу - сомасы 176,0 мың теңге.

19. Тұрғын үй инспекциясының жұмысына көмек - сомасы 176,0 мың теңге.

20. «Адресный регистр» электрондық базасын енгізу - сомасы 176,0 мың теңге.

21. Құжат айналымын, кіріс және шығыс корреспонденцияларын жүргізу – сомасы 176,0 мың теңге.

22. Өсімдік және мал шаруашылығынының деректерін шаруашылық кітабі бойынша салыстыру - сомасы 352,0 мың теңге.


Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары:

Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, алты сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбекақысы жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.



Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қаматмасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі, жұмыс шарттарына байланысты жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысаны қолданылады.

Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
жүктеу 36,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау