Жіктелісі.
Кезеңін (ҿршу, сауығу), аурудың ауырлық дҽрежесін кҿрсетеді.
Целиакияның
клиникалық кӛрінісі
кезкелген жас шағында байқалуы мҥмкін.
Балаларда кҿбіне ауру, қҧрамында глютен бар тағам бере бастағанда, 9 -24 ай аралық-
тарында, ересек адамдарда 30 жастан кейін байқалады. Белгілері полиморфты жҽне кҿбіне
ішектен тыс иммунопатологиямен ассоцияланады. Негізгі белгілері болып келеді:
- полифекалия
– жеген тамақтың 5% артық болып келетін кҿп мҿлшерлі нҽжіс;
- стеаторея
– нҽжістің сасық шіріген иісті, сҧрғылт тҥсті, ҿзіне тҽн майлы жылты-
рауықты болуы, копрограммада бейтарап майлардың, ҽсіресе май қышқылдарының,
кҿп мҿлшерде кҿбеюі;
- айтарлықтай ару
– жайылған тері асты шел майының, ҽсіресе кеудесінде, аяқ-қолын-
да, қҧйрығында жойылуы;
- Дельбе псевдоасциті
– ауруға сҽйкес келетін атониялық ҥлкейген ішек ілмектірінің
ішіне сҧйықтық жиналуына жҽне гепатоспленомегалияға байланысты іштің ҥлкейіп
кебуі. Аяқтарында ақуызсыз ісіктер;
- Ауру ҧзақ дамыған жағдайда бойның ҿспей қалуы;
- науқастың мінезінің ҿзгеруі: кҿңілі жабыңқы, кҥйгелек, ашулаңшақ, невропатиялық
эгоистикалық кҿріністер – «бақытсыз бала синдромы»;
- поливитаминдер жетіспеушілігі белгілері: терісі қҧрғақ, атрофиялық глоссит, ангу-
лярлы стоматит; анемия (темір жҽне дҽрумендер жетіспеушілігі); рахит белгілері;
тістердің, тырнақтардың, шаштарының дистрофиялық ҿзгерістері; кенеттен сҥйек
сынуы байқалуы мҥмкін (кальций мен Д -дҽруменінің тапшылығы).
Аурудың ағымы толқын тҽріздес сауығу кезеңі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін
созылуы мҥмкін.
Диагностикасы
клиникалық белгілеріне негізделеді. Ҧзақ қайталайтын диарея
немесе іш қатуы байқалатын, иммунопатологиялық аурулары бар (тиреодит, қант диабеті
1 типі, коллагеноздар, васкулиттер, витилиго жҽне басқалар), бой ҿспей қалған, тіс
эмаліның дисплазиясы, кҿптеген кариес байқалатын, остеопороз, артралгиялар, алопеция,
қайталайтын анемия байқалатын балалар зерттелуі қажет. Жасҿспірімдік кезеңде бойының
ҿсуінің секірісі байқалмау, жыныстық жетілуі қалыс қалау, дисменорея байқалу тексеруге
кҿрсеткіш бола алады. Диагностиканың клиникалық сатысы қан анализінен (анемия),
копрологиялық зерттеуден (стеаторея ІІ тҥрі, креаторея, йодофильді микрофлора),
биохимиялық зерртеулерден (дис- жҽне гипопротеинемия, гипохолестеринемия,
сидропения жҽне басқалар), ішек дисбиозын анытаудан қҧралады.
Серологиялық тест жасалады:
антиглютенді антиденелер IgA жҽне IgG класстары,
тіндік трансглутаминазаға антиденелер, эндомизияға антиденелер анықталады.
Целиакияның генетикалық маркелерін (HLA- DQ2, DQ8) анықтайды. Нҽтижесі оң болса
диагнозды ащы шектің клегей қабытынан алынған биоптатқа морфологиялық зерттеу
жҥргізіп дҽлелдейді.
Целиакияның морфологиялық субстраты болып, гликокаликстің қалыңдығының
кішреюі, абсорбтивтік жасушалардың санының азаюы, бҥрлердің қалыңдауы немесе
жойылып кетуі, крипталардың (ҧңғылының) пролиферацияланған жетілмеген жасушала-
рының санының айтарлықтай артуы, крипталардың ҧзаруы, жасушалардың қалыпты
жағдайға қарағанда жаңаруы мен миграциясының жеделдеуі, жасушааралық
459
лимфоциттердің санының кҿбеюі. Иммуногистологиялық ҽдіспен биоптат тіндерінде,
текқана целиакияға тҽн γ/∂ - рецепторлары бар Т-жасушаларды анықтайды. Қатаң
аглютенді емдҽмді тағайындпаудың тиімділігініңде маңызы зор: нҽжісі 6-7 кҥнде жақ
арады, салмағының артуы 3-аптадан басталады, дене ҧзындығында ҿз қатарларын 1,5- 2
жылда қуып жетеді. Диагноз верификацияланған болса арандатушы сынамалар қоюға
болмайды. Кҥмҽнді жағдайларда аглютенді емдҽс қолдана бастағаннан кейін 6-12 айдан
соң араңдату жҥргізіп, ішек клегей қабатының биоптатын зерттеу мҥмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |