Кеңірдек
– жаңа туған баланың кеңірдегі оймыш (воронка) тҽріздес жҽне енсіз тар
болады. Шеміршегі жҧмсақ болып келеді. Кілегей қабаты нҽзік, қан тамырларына бай,
кілегей, бездері сҿлдің жеткіліксіз бҿлінуіне байланысты, неғҧрлым қҧрғақтау келеді.
Жарғақты бҿлігінің етті қабаты жаңа туған нҽрестеде ҿте жақсы жетілген, серпінді тканьді
болып келеді. Кеңірдек орнына ҽлсіз бекітілген, шеміршегі жҧмсақ, жеңіл болады.
Жаңа туған баланың кеңірдегінің ҧзындығы 4 см, 14-15 жаста – 7 см, ересек
адамдарда – 12 см. Жоғары ҧшы IV мойын омыртқасының тҧсында болса, ҥлкендерде VІІ-
де болады. Кеңірдек бифуркациясы (екі айырылуы) жаңа туған балада ІІІ-ІV кеуде
омыртқасының тҧсында, 5 жаста IV-V жҽне 12 жаста V-VІ омыртқаға сҽйкес келеді.
Бронхтар
– енсіз, жіңішке, шеміршектері жҧмсақ. Кілегей қабаты қан тамырларына
бай, аздап кілегеймен қапталған. Еті мен серпінді талшықтары ҽлсіз жетілген. Оң жақ
бронх барынша тіке орналасқан жҽне ол кеңірдектің жалғасы болып есептелінеді: оң жақ
бронх сол жақ бронхтан жалпақтау, кеңірек келеді. Сондықтан, бҿгде денелер кҿбіне оң
бронхта тҧрып қалады. Сол бронх бҧрыш жасап тіке бҿлінеді. Жасқа байланысты
бронхтар ҧзарып, қуысы кеңейе бастайды. Ҽсіресе, 1-ші жылы бронхтар тез ҿседі де,
сосын оның ҿсуі тежеліңкіреп қалады. Одан ҽрі жыныстық қалыптасу кезеңінде қайтадан
тез жетіле бастайды. 12-13 жаста бронхтардың ҧзындығы 2 есе ҧзарады. Жасы ҿскен
сайын бронхтың семуіне қарсылық ететін кҥште арыта тҥседі.
Ӛкпе.
Бала дҥниеге келгенде оның ҿкпесінің салмағы 50 грамм болады (дене
салмағының 1/50 бҿлігі). 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста – 3 есе, 12 жаста – 10 есе, ал
ҥлкен кісілерде – 20 есе жҽне одан да кҿп артады. Жас нҽрестелердің ҿкпесі дҽнекер
тканьге ҿте бай, серпінді (эластикалық) ткандері аз, ҽсіресе, альвеольдар маңында, қан
тамырларына бай, капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады. Сондықтан,
балалардың ҿкпесінде қанның іркілуі, ателектаз, эмфиземалар тез пайда болып, ҿкпенің
қабынуына, уытты заттардың ҿкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып, тарауына ҿте
қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады. Ересектерге қарағанда, баланың ҿкпесінің
тыныстық беті ҥлкен болып келеді. Ҿкпе арқылы 1 минутта, ҥлкендерге қарағанда, қан
кҿп мҿлшерде ҿтеді. Бала ҿмірге келерде ацинус
(49-сурет)
,
яғни, ҿкпенің тыныстық
бҿлігі (ол 3 қатарлы респираторлы бронхтардан, альвеол жолдарынан, альвеол қабынан
тҧрады), ҽлсіз дамыған. Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жҥреді. Ол
тыныстың негізгі функциясы болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |