Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4


ДИФФУЗДЫ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ ПЕН ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет487/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   772
tusipkaliev pediatria

ДИФФУЗДЫ ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ ПЕН ПИЕЛОНЕФРИТТІҢ 
АЖЫРАТУ ДИАГНОЗЫ 
Белгілері 
Жедел гломерулонефрит 
Пиелонефрит 
Арудың басталуы 
Дизурия 
Белдің ауырсынуы 
Дене қызуы 
Зҽр синдромы:
Зҽр анализі 
Диурез 
Салыстырмалы тығыздық 
Зҽр себуі 
Қан креатинині, мочевинасы 
Ісіктер 
Гипертензия 
Бҥйрек сҥзу функциясы 
Бҥйрек морфологиялық 
ҿзгерістері
Стрептококкты инфекциядан, 
скарлатинадан, ОРЗ-дан 
кейін 2-3 аптадан соң 
басталады. 
Тҽн емес 
25-30% науқастарда
Қалыпты немесе
субфебрильді 
Гематурия, цилиндрурия, 
алғашқы 2-3 кҥнде 
лейкоцитоурия 
Олигоурия 
Қалыпты немесе жоғары 
Ҽрқашан стерильді 
Жоғары 
Тҽн 
Науқастардың кҿбінде 
Тҿмен 
Шумақ капиллярларының 
зақымдалуы, шумақ 
капсуласы жасушаларының 
пролиферациясы 
Жедел бактериялық жҽне 
вирустық инфекциялар 
фонында басталады 
Тҽн 
Науқастардың кҿбінде 
Фебрильді немесе 
субфебрильді 
Лейкоцитоурия, 
бактериоурия 
Қалыпты немесе полиурия 
Қалыпты немесе тҿмен 
85% -да оң 
Қалыпты 
Болмайды 
Тҽн емес 
Қалыпты 
Негізінен бҥйрек 
интерстициальды 
тіндерінің зақымдалуы 
Пиелонефрит, кҿбіне зҽрмен аминоқышқылдардың (тҽулігіне қалыпты – 0,001-0,005 
г\кг), кальцийдің (қалыпты 0,004-0,008 г\кг, тҽулігіне 300 мг-нан артық емес),
фосфаттардың (тҽулігіне қалыпты 0,01-0,04 г\кг, 1 граммнан тҿмен), оксалаттардың 
(тҽуліктік қалыпты – 0,001 г\кг, тҽулігіне 40 мг-нан тҿмен), зҽр қышқылының (1 жастан 
асқан бала-ларда тҽулігіне 0,09-0,12 ммоль\л, тҽулігіне 20 мг\кг-ден артық емес) тҽуліктік 
экскрециясының артуы тҽн болып келетін, тҧқым қуалайтын тубулопатиялардың асқынуы 
болып келеді.

Емі.
 
Тҽртібі: Жедел кезінде тҿсек тҽртібін сақтап, жылы жерде болуы керек, 
аэрация (ашық дҽлізде ҧйықтау, ҧзақ уақыт таза ауада болу), мҧқият кҥтіну, тыныштық 
сақтау керек. Дене қызуы қалпына келіп, жалпы жағдайы тҥзелгесін массаж бен ЕДТ 
тағайындалады. Кеңеюі жҽне айналу. 


478 
Диета: Тағайындалғанда, пиелонефриттің активтілігін ескеру керек. Қызба, 
дизуриялық бҧзылыстар жҽне интоксикациямен жҥрген созылмалы пиелонефриттер жҽне 
жедел пиелонефритте 7-10 кҥн бойына белогы шектелген сҥт-ҿсімдік диетасы /1,5-2,0 
г/кг/ тағайындалады жҽне тҧздар тҽулігіне 2-3 г-дай болуы керек. Аурулардың жағдайы 
жақсарған соң, диетаны белок-май, кҿмір-су қҧрамын жасына сҽйкес етіп, тағайындайды. 
Тҧзды, қуырылған тағамдар, бҧрыш, қыша беруге болмайды. Тамақты кҥніне 5-6 рет 
ішу керек. Жасқа дейінгі балаларда ана сҥтімен тамақтандырып, жеміс-жидек, кҿкҿніс 
берген дҧрыс. Жастан асқан балаларға сҥт, сҥзбе, айран, қаймақ, сыр, піскен сиыр етін, 
тауық етін, сорпа, ботқалар, жеміс-жидек, компот, морстар беру керек. Ҿсімдік 
тағамдарын ҽрбір 5-7 кҥн сайын тағамдармен алмастырып берген дҧрыс. 
Зат алмасу бҧзылыстары кезінде дамыған пиелонефриттің диетасының орны бҿлек. 
Оксалуриядан кейін қымыздық қышқылына бай тағамдарды бермей, диетаға піскен ет, 
балық, картофель, капуста, жарма қосу керек. Бҧндай науқастарға В
1

6
витаминдері, 
минеральды сулар /Смирнов, Славяндық, Ессентуки/ берген дҧрыс. 
Несепқышқылы диатезінде (уратурияда) пурин негіздері аз тағамдар беріледі: бауыр, 
ми, бҿтеке т.б. беруге болмайды. Сҥт-ҿсімдік диатезі тағайындалады, себебі бҧндай 
тағамдар несептің сілтілігін қамтамасыз етіп, тастың пайда болуына жол бермейді. 
Фосфатурияда – сары май, капуста, помидор итмҧрын тҧндырмасы, «Нафтус» 
минеральды суы тағайындалып, сҥтпен жҧмыртқаның сарысын беруге болмайды. 
Соңғы жылдары антибиотиктерді жалпы ереже бойынша қолданады: антибиотиктер-
ді микробты қоздырғышына қарсы ҽсер етуіне байланысты іріктеу, несептегі микрофлора-
ларға сезімталдығын, фармакокинетикалық ерекшеліктерімен, олардың нефротоксикалы-
ғына байланысты ҽсерінің болмауы жатады, себебі дҽрінің бҧндай ҽсерінен абактериальды 
интерстециальды нефрит дамуы мҥмкін. Нефротоксикалық антибиотиктерге: монамицин, 
полимиксин, канамицин, стрептомицин, метицилин жатады.
Антибиотиктерді 
сезімталдығына байланысты тағайындау керек. Аурудың ауыр 
тҥрлерінде емді атибиотиктерді (бактерицидті ҽсерлілері дҧрыс) парентеральды қолда-
нудан бастаған дҧрыс. Кҿп жағдайда антибиотикотерапия шамалап басталады. Себебі 
микробтар сезімталдығы 48-72 сағаттан кейін белгілі болады, ал емді мҥмкіндігінше ерте 
бастау керек. Тағайындалған антибактериальдық емнің 3 кҥннен кейін тиімділігі 
байқалмаса, оны антибиотикограммаға сҽйкес ҿзгерту керек. Аурудың жедел кезінде ауыр 
жҽне орташа ауырлықтағы ағымдарында келесі антибиотиктер қолданған жҿн: 
• «Қорғалған» пенициллиндер [амоксициллин+клавуланды қышқыл (мысалы, амок-
сиклав, агументин), ампициллин + сульбактам (мысалы, уназин)]: 
• Цефалоспориндердің ІІ ҧрпақтары (цефураксим жҽне басқалар). 
• Цефалоспориндердің ІІІ ҧрпақтары (цефотаксим жҽне басқалар). 
• Аминогликозидтер (амикацин жҽне басқалар).
Дҽрілер парентаральды енгізіледі, процесстің активтілігінің тҿмендеу барысында 
пероральды енгізуге ауыстыруға болады. Антибиотикер курсынан кейін уросептиктер 
қолданылады. 
Нейтрофуранды дәрілер
– оң жҽне теріс граммды бактерияларға, стафилококқа ішек 
таяқшасына, сальмонеллаға, протей жҽне т.б. қарсы ҽсер етеді. 
Кристаллизация болмау жҽне тҥтікшелер бітеліп қалмау ҥшін, суды кҿп мҿлшерде 
ішу керек. 
Қолдаушы антибактериальды терапия ҥшін антибиотиктерді немесе уросептиктерді 
(нитрофурандар – фуроддонин, фурагин, Фуразолидон, фуразолин, тҽулігіне 5-7 мг\кг 
солафур, налидксин қышқылы препараттары – невиграмон, неграм 50-60 мг\кг тҽулігіне, 
5-НОК жҽне нитроксилин 8-10 мг\кг 4 рет қабылдауға, никодин (0,05 -0,07 г\кг тҽулігіне 4 
рет қабылдауға), фенилсалицилат (салол), грамурин, триметоприм (биспетол) 
тағайындалады.
Антибактериальдық терапияның
ҧзақтығы ҽр ауруға жеке анықталады, жедел 
пиелонефритте ҽдетте қамтиды: 


479 
7-10 кҥндік антибаткриялық курс (зҽр анализі қалыптасқаннан кейін 3-5 кҥн бойына 
беріледі); 
Содан соң уросептиктермен 10-14 кҥндік курс; 
Одан ҽрі 2-3 апта бойына фитотерапия.
Созылмалы пиелонефриттің ҿршуінде антибиотикатерапия дҽрілерді ауыстырып 
отырып, 1-1,5 айға созылып, одан ҽрі уросептиктермен рецидивке қарсы емге айналады 
Пиелонефриттің емін 2 сатыға бӛледі: 
1. Қҧбылыстың толық жҽне тҧрақты басылу ҥшін жҽне несеп кҿрсеткіштері толық 
қалпына келгенге дейін, дҽрілік ем ҥзіліссіз жҥргізіледі 1,5-2 ай. 
2. Жергілікті санаторияда нефрологтың бақылауымен дҽрілік емдердің аралығында-
ғы ҥзілістерді бірте-бірте ҧзарта отырып, ҥзік ем жҥргізу. Ҧзақтығы 4-6 ай, ал созылмалы 
пиеонефритте 6-12 айға созылады. Антибиотиктерді ҽрбір 2-3 апта сайын, несептің 
антибиотикограммасына сҽйкес, алмастырып отырады.
Токсикоз белгілері бар науқастарға, ҽсіресе бір жасқа дейінгі балаларға, қҧрамында 
белокты қан алмастырушы, глюкоза, Рингер ертінділері бар дезинтоксикациялаушы ем 
жҥргізіледі. Ҽсіресе, бҧл емді эксикозды токсикозда қолданады. 
Қазіргі кезде емдік шҿптер кеңінен қолданылуда. Емдік шҿптерді тағайындағанда, 
олардың организмге қалай, қаншалықты ҽсер ететінің ескеру қажет: Мысалы несептің 
бҿлінуіне ҽсер ететін дҽрілердің ҽсері шҿптің қҧрамындағы арбутрин, танинге байланысты 
болады. 
3. Литолитикалық ҽсерлі мочевина, тҧздар бҿлініп, су балансына ықпал еткенде 
байқалады. 
Шҿптердің фармакологиялық қасиеттерін біле отырып, антисептикалық қабынуға 
қарсы ететін тонусқа, регенерация жҽне несептің бҿлінуіне ҽсерлік қасиеттеріне 
байланысты қосындылар тағайындауға болады. 
Айқын активтілік кезеңінде емдік қосындылары уродинамиканы жақсартуға ҽсер 
етуші кҿмекші дҽрі болып саналады жҽне бактериурияға аз ҽсер етеді, ал тоқтау кезеңінде 
қабынуға қарсы ҿте жақсы ҽсер етеді жҽне антибиотиктермен бірге қолданылады. 
Витаминдер – С, В топтары зат алмасу, қорғану қҧбылыстарын қалыптастыруға 
ықпал етіп, антибиотиктердің ҽсерін, науқастың жағдайын жақсартады. 
Физиотерапиядан – жылыту процедуралары /жалпы жылы бҧлаулар, жартылай 
бҧлаулар, парафин, озакерит немесе белге балшық емдері/ жҽне т.б. қолданылады. 
Ҿршу сатысынан 6 айдан кейін санаториялық-курорттық ем жҥргізілу керек. 
(Трускавец, Железноводск, Ессентуки, Ижевск, Сары-Ағаш, Байыром-Али). Емдеу ҥшін 
минеральдық сулар мен емдік дене тҽрбиесін пайдаланған жҿн. 
Созылмалы инфекция ошақтарын тазартудың маңызы зор. 
Екінші ретте дамитын пиелонефритпен ауыратын балалардың емін коррекциялап, 
хирургиялық ем мен зат алмасуды қалыптастыратын дҽрмектерді тағайындап отыру керек. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау