Өскемен қаласындағы балалар өмірі сапасының интегралды индексі – 1,68
11. ҚОРЫТЫНДЫ
Балалар өмірі сапасының интегралды индексінің мәні (1,63) орташа деңгейдің орталық тұсына орналасқан. Бағалауда аса үлкен ауытқу жоқ. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, қала өміріндегі ең қолайлы сала – тұратын жер. Өскемен қаласындағы балалар өмірінің ең осал тұсы - экология және ерекше мұқтаждықтары бар балалар.
(« Сала бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Өскемен қаласы» кестесін қараңыз).
«Салалар бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Өскемен қаласы»
№
|
Сала, бала өмірінің облысы
|
Индекстің мәні
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Қалалық орта
|
2,5
|
1
|
2
|
3
|
2
|
Балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа және басқаруға қатысуы
|
1,5
|
3
|
Тұратын жер
|
2,12
|
4
|
Қоршаған орта, экология
|
1
|
5
|
Жол қозғалысы
|
1,5
|
6
|
Денсаулық сақтау
|
2
|
7
|
Демалыс саласы
|
1,5
|
8
|
Білім беру
|
1,2
|
9
|
Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы
|
1
|
10
|
Материалдық игіліктер (балаларға арналған тауарлардың саналуандығы)
|
2
|
Балалар өмірі сапасының интегралды индексі
|
1,63
|
Өскемендегі балалар өмірі сапасының профилі мынадай :
11.3 АЛМАТЫ БАЛАЛАРҒА МЕЙІРІМДІ ҚАЛА
11.3.1 Ресми анықтама
Алматы - Қазақстанның ең ірі қаласы. Саяси-әкімшілік астана статусынан айырылып қалғанына қарамастан, қала елдің мәдени және қаржы-экономикалық орталығы және елдегі жалғыз миллион тұрғыны бар қала болып қалып отыр.
2007 жылғы маусым айында қала әлемдегі ең қымбат қалалардың тізіміне ілініп, осы тізімде 30-шы орынды иемденген еді. 90 жылдардың соңынан бастап 2008 жылдың ортасына дейін қала экономикалық және инвестициялық өрлеумен, сондай-ақ құрылыстың қарқындылығымен ерекшеленді.
Алматы қаласы Еуразия құрлығының ортасында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Тянь Шаньның шалғай солтүстік шатқалындағы Іле Алатауының етегінде теңіз деңгейінен 600 ден 1650 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Қаладағы ауа райы қатаң континентті, жыл бойы ғана емес, сонымен қатар тәулік бойында да құбылып, температура жиі ауытқып отырады. Алматы маңайы Іле Алатау ұлттық саябағының бөлігі болып табылады, аумағында табиғи заказник пен қорық ұйымдастырылған. Қаланың 8000 га жерін бақтар мен саябақтар, баулар мен бульварлар алып жатыр. Қала Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бастау алатын көне және жаңа арналары мен атырабында жатыр. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етудегі негізгі көз болып табылады.
Алматының тау аңғарында, ойыс жерде орналасуы күрделі экологиялық жағдай туғызып отыр. Осы тәріздес сипаттағы рельефі бар Афины мен Лос-Анджелес сияқты Алматы да ауаның шамадан тыс ластануынан, тұрғындардың шеткі аймақтарда емес қала орталығына жақын тұруға ұмтылуынан, халықтың тығыздығынан, ауыл халқының қалаға жаппай қоныс аударуынан және т.б. зардап шегіп отыр. Жобалаушылар 400 мың тұрғынға ғана жоспарлаған қалада қазір 1,343,518 адам тек ресми тіркеуде тұр. Сонымен бірге обылыстан және Қазақстанның басқа өңірлерінен келген уақытша тұратын және тіркелмеген көшіп қонушыларды қоса есептегенде Алматыдағы тұрғындар 1,5 миллионды құрайды.
Елорданы Астанаға ауыстыру жаңа астанаға 300 мың ішкі мигранттардың бағытталуына жол ашып, Алматыдағы диспропорциялық миграциялық қысымды тежеуге мүмкіндік туғызғанымен, мәселені толық шешпеді.
2003 жылы қаланың ауданы 320 шаршы км. астам аймақты қамтыды. Қала аумағы 7 ауданға бөлінді:
Алмалы - 19,0 км²
Әуезов - 77,2км²
Бостандық - 27,3 км²
Жетісу - 51,0 км²
Медеу - 83,8 км²
Түрксіб - 66,5 км²
Алатау (2008 жылы Әуезов ауданынан бөлінген).
Қала аудандары географиялық, тиісті аумақтардың қала құрылысына тән ерекшеліктері, тұрғындар саны, әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, транспорттық коммуникациялардың орналасуы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды ескеріле отырып құрылған.
2008 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтер бойынша қала тұрғындарының саны 1 343,5 мың адамға жеткен және жыл басындағымен салыстырғанда 18,8 мың адамға немесе 1,4%-ға өскен. Халықтың жалпы санының артуы табиғи өсім есебінен 9,8 мың адамға және миграциалық сальдо есебінен 9,0 мың адам болған.
2008 жылдың қаңтар-маусым айларында 2007 жылдың осы кезеңдерімен салыстырғанда, бала шетінеуінің көрсеткіші 1,8 есе өсіп, 357 адамды құраған. Бала шетінеуі көрсеткішінің өсуі қала аудандарының барлығында байқалған, оның ішінде, Әуезов (2,2 есе), Түрксіб (1,9 есе), Алмалы (1,7 есе) аудандарындағы көрсеткіштер өте жоғары. Баланың шетінеуі коэффициенті 1000 туылғандарға 18,02 көрсеткішті құраған.
Бір жасқа дейінгі бала өлімінің негізгі себептері: перинаталды кезеңде болатын жағдайларға байланысты шетінегендер 74,8% құраған; туа біткен ауытқулар салдарынан қайтыс болғандар 16,2% ; сепсистен қайтқандар- 4,2%.
2008 жылдың қаңтар-маусым айларында 5 155 неке мен 2 244 ажырасу тіркелген, 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда неке саны 3,6%-ға төмендеген, ажырасу 2,9%-ға өскен. Некеге тұру мен ажырасудың жалпы коэффициенттері 1000 адамға шаққанда 10,35 неке мен 3,35 ажырасуды құраған.
11.3.2 Тұрғындар сипаттамасындағы қала
Тұрғындарының пікірінше, Алматы - өзінің қайталанбас көркімен, көпқырлығымен және қарама-қайшылықтарымен ерекшеленетін қала. Зерттеуге қатысушылардың айтуынша, қаланы қанша әлеуметтік топтар (ұлттар, кәсіптер, жас ерекшеліктері бойынша топтар, бұрынғы халық пен жаңа қоныстанушылар және т.б.) мекендесе, оның сонша келбеті, көркі бар.
Алматы – инфрақұрылымы қалыптасқан, дамуы жедел болғанымен бірқалыпты емес ірі қала. Басқа қалаларға қарағанда оны зоналау күрделі болып шықты. Қаланы орталық пен шет, мәртебелі және мәртебелі емес аудандар, көне және жаңа қала, шеткі немесе өнеркәсіптік зоналардағы немесе Алматының орталық бөлігінде қалған жеке сектордың кейбір жұрнақтарына бөліп тастаған кезде дәстүрлі әлеуметтік құрылым айқын білінеді. Ең ыңғайлы аудандар қаланың орталығына (көне қала) және қаланың «жоғары» жағына орналасқан.
Қала құрылысын талдаған кезде мәртебелі аудандардағы жаңа архитектуралық объектілер «түнемелік» аудандардағы бұрынғы сұрықсыз «қораптардан» ерекше екенін байқауға болады. Қаланың архитектуралық келбеті біртекті емес, бүгінгі күні үйреншікті қала ансамблдеріне жаңа тұрғын үй кешендері салынуда және қала тұрғындарының пікірінше, олар «көне» ғимараттармен үйлеспейді.
Қалада өнеркәсіптік аудандар бар: кейбір объектілер қаланың орталық бөлігінде орналасқан (Бахус, Кока-Кола), бұлар шағын ауданды алып жатыр; негізгі бөлігі орталықтан біршама қашық жерге, жеке ауданға орналастырылған.
Қалалық ландшафтыны ірі және ұсақ көшелердің қиылысуы, көше бұрыштары (кеңістікте орналасу тұрғысынан ыңғайлы болып табылатын), «жоғары» мен «төмен», қалың көктің саясы айқындайды. Қалаға қайталанбас келбет беріп тұрған - оны қоршаған таулар.
Алматы «қала-нарық» ретінде, өз тұрғынына беретін материалдық игіліктер мен мүмкіндіктердің жеткізушісі ретінде айқын көрінеді. Мұнда ірі сауда орталықтары, мейрамханалар мен нарықтар өте көп және бұл жайында жергілікті алматылықтар жиі айтады. Қалада тұтыну мәдениеті жоғары дамыған.
Жоғарыда айтылғандай, бұл қала гетерогенді, оның әлеуметтік картасы түрлі-түсті. Қаланың коммуникативті кеңістігі де бірдей емес. Тұрғындардың, көршілердің арасындағы қатынастар, символдық арақашықтықтар белгілі бір орындарға, шағын мекендерге байланысты. Мысалы, шағын «көне» аудандарда дәстүрлі тұрмыс қалыптасқан, көршілер арасындағы қарым-қатынастар жоғалмаған, отбасылардың бірнеше ұрпағының өміріне куә олар локальдылық деп аталатын құбылысты қалыптастыруға тырысады (осылай, қала ішінде қала пайда болады). Сонымен қатар, қала орталығындағы ескі аулаларды да осылайша сипаттауға болады. Көп қабатты үйлерде, әсіресе, жаңа тұрғын үй кешендерінде, қарым-қатынастардың мұндай құрылымы енді ғана қалыптасуда немесе тұрғындар саналы түрде көршілерімен байланыста болғысы келмейді.
Қалада 15 жасқа дейінгі 288,5 бала өмір сүреді, бұл жалпы халық санының 21% құрайды. Кез-келген қала секілді Алматы балалар үшін арнайы орындарды тағайындайды, белгілі бір кеңістіктерді бөледі. Олар: балабақшалар, мектептер, аулалар мен сауда орталықтарындағы балалар алаңдары, балаларға арналған тауарлар бөлімдері мен дүкендер, емханалар, ауруханалар, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер, балаларға арналған репертуарды көрсететін кинозалдар, балалар театры, саябақтар мен ойын-сауық орталықтары.
Осыған қарамастан, Алматыны балаларға мейірімді қала деу қиын. Бала – Алматыға тән тынымсыз, безек қаққан өмір ырғағында, машиналар ағымында, бір бірімен таласқан сансыз ғимараттардың, көп адамның арасында көрінбейтін қала тұрғыны.
11.3.3 Стандартты сауалнаманы пайдаланып бағалау нәтижелері
1. ҚАЛАЛЫҚ ОРТАНЫ ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ
Қауіпсіздік, өмірдің қолайлылығы, инфрақұрылымның дамығандығы жоғары баға алған жоқ. Өмір қауіпсіздігін осылай бағалауда респонденттер ұсынған дәйектер қылмыспен, ішкі және сыртқы мигранттардың ағынымен, автокөліктердің көптігімен, жалпы халық мәдениетімен байланысты.
Зерттеуге қатысушыларға Алматыда өмір сүрудің қолайлылығын жоғары бағалауға кедергі келтірген де – осы дәйектер. Зерттеуге қатысушылар балаларға арналған қалалық инфрақұрылымның дамығандығын бағалауда да салмақтылық танытты: жоғары баға берушілермен қатар, инфрақұрылымның даму деңгейінің төмен екенін көрсеткендер де бар.
Қаланың даму әлеуеті де әртүрлі бағаланады. Көзқарастарды қорытындыласақ, Алматының әлеуетін орташа деп айтуға болады, әсіресе, сапалы өзгерістерге қатысты әлеует туралы айтқанда
Көрсеткіштердің осы тобы бойынша индекс - 1,7 (ең жоғары 3).
2. БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ, САЯСАТҚА ЖӘНЕ БАСҚАРУҒА ҚАТЫСУЫ
Балалар қоғамның белсенді мүшелері бола алады дегенге қатысты пікірлер бір арнаға тоғыспады. Қаланың қарапайым, орташа статистикалық тұрғыны баланы осы жағдайда да болады деген идеяны әлі қабылдай алмайды, дегенмен зерттеу барысында бұл мәселені түбегейлі жоққа шығаратын пікір айтылған жоқ .
Алматыда балалар өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне ие, бұл үшін арнайы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар бар. Бірақ қарапайым тұрғындар хабардар емес!
Алматының қоғамдық өміріне балалардың қатысу принципі қандай жолдар арқылы жүзеге асуы мүмкін? Мамандар арнайы құрылымдары бар мектептер туралы айтуда, алайда, бұл инициатива балалардан емес, жоғарыдан бастау алған. Қарапайым алматылықтар бұл позицияны бағалауда қиналды.
Балалардың қоғамдық өмірге қатысу индексі – 1,97(ең жоғары 3).
3. ТҰРАТЫН ЖЕР
Тұратын жер мына параметрлер арқылы бағаланды: коммуникациялардың ахуалы, аулалардың абаттандырылуы, бала тұратын жердің қауіпсіздігі мен қолайлылығы.
Ыстық су мен суық су, электр жарығы мен телефон байланысы қаланың барлық жерінде және әр уақытта қолжетімді, кейбір жеке аудандарды есептемегенде (мысалы, «Шаңырақ» шағын ауданы).
Электр жарығы мен суды беруде шешілмеген мәселелер бар, маусымдық шектеулер де бар (бұл жайында коммуналдық қызмет алдын-ала хабардар етеді).
Орталықтан жылыту жүйесімен қамтылған аудандарда жылу бар, бірақ барлық кезде қажетті температураны қамтамасыз ете алмайды. Газбен жабдықтау бойынша қиындық жоқ. Тозығы жеткен коммуникацияларға қарамастан қалалық канализация жұмыс жасап тұр. Аулаларды абаттандыру жалпы қанағаттанарлық. Қаладағы кейбір аулалар дұрыс жиналмайды немесе жарық орнатылмаған. Аулада автокөліктің өте көп екендігі туралы зерттеуге қатысқандардың бәрі айтты. Себебі – саналуан, пәтер иелері кооперативінің (КСК) жұмысының қанағаттанарлық дәрежеде болмауы мен тұрғындардың бастама көтермеуінен деген пікір жиі айтылған.
Жалпы зерттеуге қатысқандардың пікіріне сәйкес тұратын жер қауіпті және қолайлы емес деп бағаланған.
Тұратын жер сапасының жиынтық индексі – 2,05 (ең жоғары 3).
4. ҚОРШАҒАН ОРТА (ЭКОЛОГИЯ)
Бұл индикатор бойынша тек екі көрсеткіш алынды: балаларға қолжетімді және жарамды жасыл желекті аудандардың болуы мен қаладағы экологиялық жағдай.
Зерттеуге қатысқандар қалада жасыл желекті аудандар болғанымен, оларды барлық кезде балаларға жарамды деп айтуға болмайды деп көрсеткен. Алматыдағы экологиялық жағдайдың нашар болуы ауаның жоғары деңгейде ластануына, қаланың географиялық орнына, маусымға және ауданның орналасуына байланысты.
Қоршаған орта ахуалының индексі – 1,12 (ең жоғары 3).
5. ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Зерттеу қорытындылары көрсеткендей, автокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелері көбіне сақталады, бірақ осыған қарамастан Алматы қаласындағы көлік жүргізу мәдениетінің төмендігін респонденттердің бәрі атап өткен және ЖҚЕ бұзған жүргізушілерге қатысты санкцияларды қатайтудың нәтижелі екеніне назар аударады.
«Жол қауіпсіздігі тұрғысынан баланың қаладағы жеке қозғалысы қаншалықты дәрежеде қауіпсіз» деген сұраққа бәрі бірауыздан «қауіпті деген дұрысырақ» деп жауап берді. Оған дәлел ретінде келтірілген дәйектер қатарында жоғарыда айтылған жүргізу мәдениетінен (негізгі фактор) басқа қаланың кейбір аудандарында жаяу жүргінші өтетін жерлердің жеткіліксіздігі, көлік жүретін бөліктің тар болуы, бүлінген тротуарлар бар.
Балаларға жолдарда жүру туралы білімді беру және дағдыларды игерту бағытындағы жұмыс балабақшаларда да, мектептерде де жүреді. Сондай–ақ жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде балалар да «ЖҚЕ көбіне сақтауға» бейім.
Жолдарды, тротуарларды жөндеу, бағдаршамдарды орнату шаралары байқалады, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жаңартылуда. Бұл қимылдардың барлығы дерлік негізінен қаланың орталық бөлігінде және ірі магистралдар да байқалады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің индексі – 1,8 (ең жоғары 3).
6. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Алматыдағы балаларға дәрігерлік қызмет көрсету орташа деп анықталған. Қатысушылар тегін дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын мынадай төрт критерий бойынша бағалауы тиіс болды: қолжетімді, уақытында, пациентпен қарым- қатынас әдебі, дәрігерлік қызметкерлердің кәсіби деңгейі. Дәрігерлік қызметтің қолжетімдігі мен уақытында көрсетілуі жоғары бағаланған, бірақ учаскелердің, әсіресе кішкентай бөбектерге қатысты, тым толық болуы көрсетілген. Пациентпен қарым қатынас әдебі мен дәрігерлік қызметкерлердің кәсіби деңгейі орташа баға алған. Жалпы барлық балалар мамандарына баруға болады, бірақ ең үздіктерінің қабылдауына кіру қиынырақ. Ақылы дәрігерлік қызмет алу мүмкіндіктері зор, олардың сапасы мемлекеттік дәрігерлік көмектен кем емес.
Елдегі мықты дамыған қалалардың бірі ретінде Алматы дәрігерлік қызметтің барлық түрін алу мүмкіндіктерін ұсынады, соның ішінде диагностика, кеңес беру, емдеу және алдын алу да бар. Егер сапалық жағы туралы айтатын болсақ, әрине диагностика, күрделі кеселдерді емдеу (дәрігердің кәсіби деңгейі) және профилактика (қалыптасқан денсаулық мәдениетіне байланысты сұраныс жоқ) ақсап жатыр.
Қалада дәріханалық желі жақсы дамыған, дәрілік заттар мен балаларды күтуге арналған заттарда шек жоқ. Тіпті олардың молшылығы туралы айтуға болады. Бұл жерде бір ғана мәселе бар, ол – қымбат бағалар.
Денсаулық сақтау қызметтерінің индексі – 2,5 (ең жоғары 3).
7. ДЕМАЛЫС САЛАСЫ
Бірінші сұрақ балаларға арналған спорт секцияларына деген қажеттіліктердің қанағаттандырылуына байланысты болды. Секциялардың аз және ақылы екені анықталды, олай болса олардың қолжетімдігі туралы сұрақ туады. Тап осындай жағдай балалардың шығармашылық үйірмелеріне де қатысты. Бірақ осы мекемелердің жұмыс сапасын алматылықтар оңды бағалап, «дұрысы жақсы» деп жауап берді.
Алматы елдегі кинотеатрлар желісі ең жақсы дамыған қала, соңғы шыққан кино- және анимациялық фильмдерді көрсетіп жатқанына қарамастан балаларға арналған репертуар орташа деп бағаланған. Бұл жерде әлемдік прокатқа тәуелділік, сатып алудағы қиындықтар және америкалық киноөнімнің басымдылығы айтылады. Бірақ, өкінішке орай, нақты балама жоқ.
Аула клубтарының жұмысына берілген баға өте жұтаң, тіпті көбі мұндай мекемелердің бар екенін де білмейді.
Зерттеуге қатысқандардың пікірінше, кішкентай алматылықтардың демалысының шектеулі болатыны қымбатшылықта және оған қол жеткізудің қиындығында.
Балаларға арналған демалыс орындарына (лагерлер, пансионаттар) қатысты бағалар мынадай: олар жеткіліксіз, қол жеткізу қиын және балалардың барлық категориясы үшін қажеттіліктерді қанағаттандырмайды.
Осылайша, балалар демалысы сапасының индексі - 1,4 (ең жоғары 3).
8. БІЛІМ БЕРУ
Балабақшалар қалада жетіспейді, кейбір жағдайда тіпті олардың аса тапшы екендігі туралы да айтылады. Жұмыс жасап тұрғандарындағы жағдай жақсы деуге болады: бала құқықтары сақталады, балалар жан-жақты дамуға мүмкіндігі бар және барлық қажетті қосымша қызметтерге (коррекциялық топтар, қазақ тілін үйрету, кезекші топтар және т.б.) топтардың шамадан тыс толық болуынан сапа, әрине, нашар.
Зерттеуге қатысушылардың айтуынша, Алматыда жалпы білім беретін мектептер жеткілікті. Мектептегі білім қанағаттанарлық. Мектептердің орналасуы барлық кезде қауіпсіздік талаптарына сай емес: олардың кейбірі ірі жолдарға жақын орналасқан, қалтарыстар бар, кейде мектеп аумағы қоршалмайды. Қатардағы мектептерге қойылатын талаптардың (ірі магистралдардың, құрылыс алаңдарының болмауы, жол белгілерінің, жүргіншілерге арналған жолдың болуы, аумақтың қоршалуы), барлығы сақталған жағдайлар көрсетілмеді.
Мектептер бала үшін қауіпсіз жер болып табыла алады.
Қажет болған жағдайда бала психологтан, әлеуметтік педагогтан, логопедтен және т.б. арнайы көмек ала алады.
Білім беру қызметтері сапасының индексі – 1,8 (ең жоғары 3).
9. ЕРЕКШЕ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫ БАР БАЛАЛАР
Кез келген қала өмірінің ең осал саласы. Алматы да республикадағы барлық басқа қалалар сияқты мүгедек балалар мұқтаждықтарына бейімделмеген. Әңгіме қолайлы пандустар, арнайы орындар және т.б. туралы болып отыр. Осы балалардың қоғам мен қала өміріне интеграциясы әлі де жеткіліксіз. Олардың қала өміріне қатысуы арнайы ұйымдастырылған мерекелермен шектеледі.
Мүгедек балалардың интеграциясы индексі – 1 (ең жоғары 3).
10. МАТЕРИАЛДЫҚ ИГІЛІКТЕР (БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫҢ САНАЛУАНДЫҒЫ).
Азық-түлік тағамдарының саналуандығы жыл бойы байқалады, бұл молшылыққа «дұрысы қолжетімді». Тағамдардың сапасы – орташа.
Балалар тұтынатын тауарлар да (киім, ойыншықтар, мектеп заттары және т.б.) саналуан. Егер осы тауарлардың сапасы туралы айтсақ, онда олардың қолжетімдігі әрине шектеулі және зерттеуге қатысқандардың бірі көрсеткендей, адамның қажеттіліктерінің даму деңгейіне байланысты.
Материалдық игіліктердің индексі – 2,4 (ең жоғары 3).
Алматы қаласындағы балалар өмірі сапасының интегралды индексі – 1,78
ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы қаласындағы балалар өмірінің сапасы орташа, балалар өмірі сапасының интегралды индексі 1,78 тең (орташа деңгейдің орталық нүктесі). Ең төмен көрсеткіштер қоршаған орта, экология, демалыс саласы және ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы Самые низкие показатели наблюдаются по таким сферам жизнсияқты салаларда байқалды. Бұл салалар бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамалары орта деңгейдің төменгі шекарасында орналасқан.
Балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің неғұрлым жоғары шамалары денсаулық сақтау, материалдық игіліктер және тұратын жер салаларына тән. (« Сала бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Алматы қаласы» кестесін қараңыз.).
«Сала бойынша балалар өмірі сапасының қорытынды индекстерінің шамасы. Алматы қаласы»
№
|
Сала, бала өмірінің облысы
|
Индекстің мәні
|
1
|
Қалалық орта
|
1,7
|
2
|
Балалардың қоғамдық өмірге, саясатқа және басқаруға қатысуы
|
1,97
|
3
|
Тұратын жер
|
2,05
|
4
|
Қоршаған орта, экология
|
1,12
|
5
|
Жол қозғалысы
|
1,78
|
6
|
Денсаулық сақтау
|
2,5
|
7
|
Демалыс саласы
|
1,4
|
8
|
Білім беру
|
1,78
|
9
|
Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың интеграциясы
|
1
|
10
|
Материалдық игіліктер (балаларға арналған тауарлардың саналуандығы)
|
2,4
|
Балалар өмірі сапасының интегралды индексі
|
1,78
|
Алматы қаласындағы балалар өмірінің сапасы сызба түрінде мынадай (Өмір сапасының профилі):
Зерттеуде ұсынылып отырған өмір сапасы көрсеткіштерінің ешқайсысы орташа деңгей шегінен аспады. Осы жағдайда өмір салаларының неғұрлым осал бағыттары – қоршаған орта мен экология, демалыс пен мәдениет, ерекше мұқтаждықтары бар балалар интеграциясы болса, ал ең табысты салалар – денсаулық сақтау мен материалдық сала (балалар тауарларының саналуандығы) болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |