Күлдір (сулы) бөртпе (Вullа) – көпіршік сықылды элемент, бірақ одан мөлшері өте
үлкен (3–15 мм) болып келеді. Эпидермистің жоғары қабатында және астында орналасады.
167
Қуысы серозды қан аралас сұйықтыққа толы келеді. Күйгенде, жедел дерматитте, Дюринг
дерматитінде кездеседі.
Пустула (Іріңді бөртпе, pustula) – іріңді экссудатты қуысты элемент. Пустулаларды
беткей эпидермисте жататын беткейлі (импетиго – impetigo) және терең, дермада немесе
гипoдермада орналасатын, пустула деп бөледі. Пустулалар фолликулярлы (жиі
стафилококкты) және фолликулярлы емес (стрептококкты) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |