6-тарау. Кіші жас
(2 жастан 3 жасқа дейін)
44. Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы.
20
Осы жастағы бала барынша ӛздігінен дербес қимылдарды үйлесімді орындай бастайды. Жүйке жүйесінің қызметі жетіледі, осының арқасында олардың белсенді сергектігінің ұзақтығы 6-6,5 сағатқа жетеді.
Бұл кезеңнің ерекше сипаты - әртүрлі қимылдарға қажеттілік, оларды орындауға қызығушылық пен талпыныстың пайда болуы. Бала ӛмірінің үшінші жылында бала ағзасының барлық мүшелерінің қызметі мен психологиялық қызметтерінің жетілуі жалғасады.
Бала ӛмірінің үшінші жылы баланың ӛзін жеке тұлға ретінде сезінуінің ӛзгерісті кезеңі болып табылады. Ол саналы түрде «Мен», «Мен қаламаймын, мен жасамаймын!» деп айтады. Ол ӛзін айнадан және фотодан таниды.
Екі-үш жастағы баланың іс-әрекетінің негізгі дамытушы түрі ойын болып табылады. Бала ойынға қажетті ойыншықтар мен қандай да бір заттарды сәйкес таңдап, алдын-ала ойлап, ойнауы мүмкін. Қиял, елестету, абстрактілі ойлауды дамыту арқасында ойынның мазмұны болады. Үшінші жылдың соңында балалардың сүйікті ойыны рӛлдік ойындар болады.
Ӛзін-ӛзі оқыту процесінде қалыптасқан дербестік, дамыған әлеуметтік дағдылар баланың ӛмірі мен іс-әрекетінің барлық салаларында кӛрінеді.
Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.
Балалардың ӛмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру, ұйымдастырылған оқу қызметі:
әр баланың денсаулығын, эмоционалдық хал-ахуалын, жан-жақты дамуын;
тәрбиеленушілерге ізгілікті, мейірімді қарым-қатынас жағдайын құруды; осы жастағы балаларға тән іс-әрекет түрлерін барынша қолдануды,
оларды біріктіруді;
тәрбиелеу мен оқыту процестерін шығармашылықпен ұйымдастыруды;
мектепке дейінгі ұйым және отбасы жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту тәсілдерін үйлестіруді есепке ала отырып құрылады.
Ересектердің балалармен бірлескен әрекеті «Денсаулық», «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын біріктіру шеңберінде ұйымдастырылады.
Үш жастағы балалардың күн тәртібін құру кезінде мыналар есепке алынады:
сергу сәтінің ұзақтығы мен сипатында болған ӛзгерістер; баланың
дербестігінің айтарлықтай қалыптасуына байланысты органикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен әртүрлі гигиеналық шараларды ӛткізуге қажетті уақыт қысқарады, сондықтан сергіту түрлі ойын жаттығуларымен толықтырылады;
топ бӛлмесінде да, серуенде де әрекет түрлерін ауыстыру; әрбір сергу сәтінде дербес ойынды басқа балалармен, ересектермен бірлескен әрекетпен ауыстыруды қарастыру қажет; бала оянып, тамақ ішкен соң, басқа балаларды күтпестен, тәрбиешінің бақылауымен ӛз бетінше ойнай білуі маңызды.
46. Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны.
21
Білім беру процесінде негізгі «Денсаулық», «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын біріктіру шеңберінде жоспарланатын ұйымдастырылған оқу қызметі болып табылады.
«Денсаулық» білім беру саласы.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады:
балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, дене шынықтыру дағдыларын және негізгі қимыл түрлерін қалыптастыруға, қозғалыстың негізгі түрлерін жетілдіруге (жүру, жүгіру, ӛрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік), салауатты ӛмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыруға кӛңіл бӛлінеді;
күтілетін нәтижелер:
бала ересектердің кӛрсетуіне немесе сӛздік нұсқауларына сәйкес дене жаттығуларын орындайды, гимнастикалық атрибуттарды қолданады;
қолдарын дұрыс жуады;
тамақты ӛзі ішеді және ұқыпты жейді, кеселерді, қасықтарды, майлықтарды пайдаланады;
ӛз бетінше киінеді және шешінеді, түймелерді шешеді және салады, аяқ киімнің бауын байлайды және шешеді;
киімді белгілі тәртіппен ұқыпты жинайды.
«Коммуникация» білім беру саласы.
«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады:
сӛйлеуді дамыту:
балаларда грамматикалық құрылыс, дыбыстық мәдениет, байланыстырып сӛйлеу, сӛздік қорын байыту дағдылары қалыптасады;
сӛйлеудің қарым-қатынас дағдылары, әдеби шығармаларға және халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылық, кӛрнекі сүйемелдеусіз айналасындағы адамдардың тілін түсіну қабілеті дамиды;
пассивті сӛздігі, ой-ӛрісі кеңейтіледі;
балалардың әр түрлі әрекетінде ауызекі сӛйлеуі дамиды;
кӛркем әдебиет:
кӛркем шығармаларға, кӛркем сӛзге қызығушылықтары қалыптасады.
бірінші жарты жылдықта күтілетін нәтижелер: тілдегі дыбыстар мен сӛздерді айта алады; айтылым дағдыларын меңгерген;
заттардың сапасын және олармен орындалатын іс-әрекеттерді атайды; сӛйлеу тілінде ыдыстардың, киімдердің, жиһаздардың атауларын
қолданады;
грамматикалық нормаларды ескере отырып, зат есімдерді, сын есімдерді
пайдаланады;
шығармалардың мазмұнына эмоционалды үн қатады;
екінші жарты жылдықта күтілетін нәтижелер:
22
белсенді сӛздікте барлық сӛз таптарын қолданады;
шағын топта құрдастарымен бірге шағын әңгімелерді кӛрнекіліксіз алаңдамай тыңдайды;
3–5 сӛзден тұратын тіркестерді, сӛйлемдерді айтады, ақпаратпен бӛліседі;
олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
драмалық оқиғалардың кейіпкерлеріне жанашырлық танытады, таныс кейіпкерлермен кездескенде қуанады;
таныс шығармалардың қарапайым сюжеттерін ойында кӛрсетеді.
«Таным» білім беру саласы.
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады:
жаратылыстану;
сенсорика;
құрастыру.
Балалардың зияткерлік және танымдық қабілеттері дамиды, ой-ӛрісі кеңейеді, қоршаған ортаның құбылыстары, қоғамдық ӛмір мен мамандықтар туралы түсініктері қалыптасады.
Балалар қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйренеді.
Балаларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен және қамқорлықпен қарауға баулиды.
Бірінші жарты жылдық:
жаратылыстану:
балаларда ересектердің еңбегіне қызығушылық пайда болады;
еңбек және жекелеген еңбек әрекеттері туралы түсініктері, танымдық-тәжірибелік дербестігі («Мен ӛзім») және заттардың қасиеттері мен кеңістікте бағдарлау негізінде кӛру-қозғалысын үйлестіру, туыстық қарым-қатынас және ӛзі туралы жалпы түсініктері қалыптасады;
заттарды, нысандарды және жақын ортадағы құбылыстарды тануға қызығушылықты тәрбиелейді;
балаларды үй тұрмысына қажетті заттарды тануға үйретеді: заттарды, олардың қасиеттерін – қарапайым пішінін, құрылымын, ашық түсін, кӛлемін, сондай-ақ заттың бӛлшектерін (бӛліктерін), кейбір қасиеттерін, заттардың не үшін қолданылатынын тану және атау;
сенсорика:
заттық әрекет: заттар мен құралдарды қолдану дағдылары, сенсорлық белгілерінің біреуі бойынша біртектес заттарды топтастыру, үлгі мен сӛздік нұсқауға сүйене отырып тапсырмаларды орындау дағдылары;
екі қолдың үйлесімді қимылдарын және саусақ ұштарының нәзік қимылдарын, «кӛз-қол» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділікті дамыту;
сенсорлық қасиеттерді: негізгі түстерден, әртүрлі ӛлшемдегі геометриялық пішіндерден, әртүрлі, ұқсас белгілері бойынша заттарды салыстыра және іріктей білу жетілдіріледі;
23
құрастыру:
балаларды құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бӛлшектерінен құрастыруға, бӛліктерді ажырату, берілген үлгі бойынша қандай бӛлшектен жасалғанын анықтау, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бӛліктерін таба білуге үйретеді;
түрлі түсті және түрлі геометриялық фигуралардан тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы, материал (текшелер, кірпіштер), олардың пішіні, кӛлемі, үстелдің бетінде орналасуы (кірпіштер жатыр, тұр) туралы және кірпіштерді кӛлденеңінен орналастыру туралы, оларды бірінің үстіне бірін қою, кірпіштерді текшелермен біріктіру (үстел, орындықтар, диван, үйшік, трамвай, кӛпір, тӛбешік), қарапайым жабындылар жасап, кірпіштерді әртүрлі комбинацияларда орналастыру туралы білімдері;
бӛлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру және кеңістіктік белгілерді ескеру дағдылары қалыптастырылады;
күтілетін нәтижелер:
еңбек туралы және жекелеген еңбек әрекеттері туралы, туыстық қарым-қатынас және ӛзі туралы біледі;
заттарды, олардың қасиеттерін таниды және атайды;
кӛкӛністер мен жемістерді сыртқы түрі, түсі, дәмі бойынша таниды; ағаштарды (1-2 түрін), шӛпті, гүлдерді ажыратады және атайды, түсін
атайды;
ауа-райындағы және табиғаттағы ӛзгерістерді ажыратады;
заттар мен құралдарды қолданады, сенсорлық белгілерінің біреуі бойынша біртектес заттарды топтастырады, үлгі мен сӛздік нұсқауға сүйене отырып, тапсырмаларды орындайды;
жасалған қарапайым құрылыстарды атайды.
Екінші жарты жылдық:
жаратылыстану:
кӛлік құралдары (жолаушылар, жүк) және олардың қолданылуы, кӛлікті басқару, жүк кӛлігінің негізгі бӛліктерінің атауы және олардың айырмашылықтары, адамның дене құрылысы, жынысына байланысты адамдардың сыртқы түрі, ӛсімдіктерге күтім жасау туралы қарапайым білімдері, оларды күту ниеттері қалыптасады;
туыстық байланыстар, отбасы мүшелерінің жасы, адамның сыртқы келбеті, эмоционалдық ерекшеліктері, балаға жақын адамдардың кәсіби қызметі туралы түсініктері бекітіледі;
балалар заттардың қолданылуына байланысты оларды топқа біріктіре алады;
аквариумдағы балықтарға жем шашуды үйренеді;
табиғаттағы маусымдардың ауысуын және олардың ерекшеліктерін ажырата алады;
сенсорика:
24
заттардың 3-4 сенсорлық қасиетіне байланысты оларды таңдай отырып, түсі, пішіні, кӛлемі бойынша заттардың арасында байланыс орната білуі бекітіледі;
құрастыру:
балалар құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бӛлшектерінен құрастырады;
балаларда бірлесе отырып қарапайым комбинацияларды құру;
қағазбен жұмыс істеу (умаждау және қию), умаждалған және қиылған қағаздан «бейнені» кӛру біліктері мен дағдылары қалыптасады;
күтілетін нәтижелер:
кӛлік құралдарының, кӛліктің бӛліктерінің, ӛсімдіктердің, ағаштардың, жемістердің, кӛкӛністердің, үй жануарларының, аңдардың және олардың тӛлдерінің атауларын біледі;
заттарды пішіні түсі, кӛлемі, қолданылуы бойынша таңдайды және топтастырады;
заттардың түрлі кӛлемін, түсін және пішінін білдіретін сӛздерді түсінеді; құрылыс ауқымына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып,
ойнайды және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды;
тұрғызылған құрылысты бӛлшектейді және қорапқа бӛлшектерді
ұқыптылықпен жинастырады.
«Шығармашылық» білім беру саласы.
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны келесі ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады:
сурет салу;
мүсіндеу;
аппликация;
музыка.
Балаларда сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтары, эстетикалық сезімдері дамиды; бейнелеу ӛнеріне шығармашылық қызығушылықтары, эмоционалды-сезімдік қабілеттері қалыптасады; сұлулықты сезінуі тәрбиеленеді.
Бірінші жарты жылдық:
сурет салу:
балаларда «жаңбыр тамшылайды», «жапырақтар жерге түседі», «қар жауып тұр», «орманда аңдар бар» түсініктері қалыптасады; бейнеленген таныс заттарды, кейіпкерлерді тану, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсінеді;
бейнелеу әрекетіне қызығушылық, суретте бейнеленгенді түсіну қалыптасады;
балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоционалды-эстетикалық қарым-қатынасы тәрбиеленеді;
мүсіндеу:
25
балаларда сазбалшық және оның қасиеттері туралы білімдері, сазбалшықты дұрыс қолдану біліктері қалыптасады;
аппликация:
балаларда геометриялық фигуралардан қарапайым композициялар құрастыру дағдылары қалыптасады;
музыка:
балаларда әннің мағынасын түсіну;
түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау; әуендерді тани білу, жаңа әндерді музыкалық-қимылдық кӛрсетусіз
тыңдау дағдылары;
ән айтуға қызығушылық;
тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеп, әннің сӛздері мен жеке буындарды айтуды, ересекпен қосылып табиғи дауыспен ән айту;
дауысты жылдамдатпай және жеке сӛздерді айқайламай айту;
түрлі бейнелік-ойын қимылдарын бере отырып, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтап, музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау қалыптасады;
күтілетін нәтижелер:
таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнесін таниды, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсінеді;
бейненің мәнерлілігі үшін сурет салу дағдыларын қолдана алады; қарапайым композициялар жасайды; сазбалшықтың қасиетін біледі;
түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды (ән, полька, марш, вальс, тыныш және кӛңілді әндер мен пьесалар) тыңдайды;
кейбір музыкалық аспаптарды біледі;
ересектермен бірге әннің кейбір буындарын, сӛздерін айтады; жеке және топпен ән айтудың қарапайым дағдыларын меңгерген; музыкалық-ырғақтық қимылдарды орындаудың қарапайым техникасын
игерген.
Екінші жарты жылдық:
сурет салу:
балаларда белгілі бір ережелерді орындау дағдысы қалыптасады: дұрыс отыру, тек қағазға сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау, сабақ аяқталғаннан кейін материалды жинау;
бейнелеу әрекетінің нәтижесіне қызығушылық: балалардың жұмыстарын қарау және талқылау, құрдастарын қолдау, таныс заттарды, кейіпкерлерді табу;
кеңістікте бағдарлана біледі;
балалардың ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтары оянады;
мүсіндеу:
балаларда қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қолсағат, басқалары) жасау дағдылары қалыптасады;
26
мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану ережелері бекітіледі (арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинастыру).
аппликация:
балаларда аппликация мен сурет салуды біріктіре білу қалыптасады;
музыка:
ән айту дағдылары: әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпей немесе қалып қоймай ән айту, кідірісті сақтау; әннің кіріспесін және соңын тыңдау; музыканы есте сақтау және кейіпкерлерді иллюстрация мен әңгіме бойынша тану дағдылары қалыптасады;
түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды (ән, полька, марш, вальс, тыныш және кӛңілді әндер мен пьесалар) тыңдайды;
әнде музыкалық сӛздерді айтады (тәрбиешімен бірге), әннің ырғағын және жеке интонациясын дұрыс бере отырып, барлық топпен ән айтады, ән сӛзін есте сақтайды;
музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерге қызығушылық оянады;
жыл бойы 10-12 ән ұсынылады;
күтілетін нәтижелер:
ересектердің салған суреттерін толықтыра алады; техникалық тәсілдерді біледі және қолданады; таныс әндерді таниды және ән мағынасын түсінеді; музыкалық аспаптарды біледі;
музыка сипатына сәйкес қимылдайды, музыка басталуымен қозғала бастайды;
сюжеттік музыкалық ойындардағы қозғалыс сипатын береді.
Ойын іс-әрекетін ұйымдастыру. Балаларда:
сюжетті-рӛлдік ойын дағдылары, рӛлдік мінез-құлықтың қарапайым
түрлері (белгілі бір рӛлге сәйкес әрекет етуге ынталандыру), тыныш және ӛз бетінше ойнай білу, бірге ойнау, басқа балаларға бӛгет жасамау керектігін түсіне білуі қалыптасады;
балалардың ойын әрекеттеріне қызығушылықтары, бір-біріне жағымды эмоционалдық қарым-қатынасы дамиды;
ойында құрдастарына жағымды қарым-қатынас сезімі, бірге ойнай білу, ойыншықтарды бірге қолдану тәрбиеленеді;
тәрбиешімен бірлескен ойында балалардың заттармен және ойыншықтармен әрекет жасауы бекітіледі;
құрдастарымен және ересектермен тілдесуі үшін жағдай жасалады.
Педагогтер мен ата-аналар:
балалардың ойында заттарды ауыстырғыштарды қолдануын, бірлескен ойындарға қатысуын, дербес ойындар үшін бірлесуін (2-3 баладан) қалыптастырады;
27
балалардың бастамасы бойынша туындаған ойындарды қолдайды; ертегілердің сахналап ойнауға үйретеді;
ойындарды ынталандырады, оларды бастап береді, балаға театрландырылған ойындар мен драмалық ойындар тәжірибесін ӛз бетінше ойнайтын ойындарға кӛшіруге кӛмектеседі;
балаларды бірлесіп ойнайтын құрылыс ойындарына тартады (бӛлмені, ауланы, үйді құруға);
сюжеттік ойындарды дамыту үшін материалдардан құрылыс жасауға итермелейді;
балаларды кейбір кейіпкерлердің қарапайым бейнелік әрекеттерін кӛрсетуге үйретеді;
балалардың назар аудару, ойлау, толыққанды қабылдау, қиялдау, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға ықпал ететін ойындарға қызығушылықтарын дамытады;
балалардың құммен, сумен, қармен ойындарында осы материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекітеді.
Күтілетін нәтижелер:
ойын әрекеттерін орындайды, оларды күрделі емес сюжетпен біріктіреді;
рӛлдік мінез-құлықтың қарапайым түрлерін танытады;
қимылдарды бір ойыншықтан екіншісіне ауыстырады, ойында 2-3 жүйелі
эпизодты орындайды;
ойында заттарды ауыстырушыларды қолданады, бірлескен ойындарға
қатысады, дербес ойындар үшін бірлеседі (2-3 баладан);
тек жанындағы ғана емес, басқа баламен де бірге ойнайды,
құрдастарының ойынына дұрыс қарайды;
ойыншықтары бар ойындар мен қойылымдарға белсенді қатысады;
ойын сюжетін дамыту үшін құрылыс материалдарынан құрылыстар жасайды;
тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қозғалыстары бар қимылды ойындарды ойнайды;
кейбір кейіпкерлердің қарапайым бейнелік әрекеттерін кӛрсетеді; дидактикалық ойыншықтары бар ойындарға қызығушылық танытады.
Еңбек іс-әрекетін ұйымдастыру.
Балаларда ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету мен еңбекке деген қызығушылықтың қарапайым дағдылары, ересектердің тапсырмаларын орындауға белсенділігі, қызығушылығы мен ықыласы қалыптасады; қиындықтарды жеңу қабілеті дамиды; дербестік, ересектердің еңбек әрекетіне қызығушылық, оларға кӛмектесуге ынта-ықыласы тәрбиеленеді.
Педагогтер мен ересектер балаларды:
киіну мен шешіну тәртібіне үйретеді;
ересектердің аздаған кӛмегімен түймені шешуге, бауды байлауға, шешкен киімді белгілі тәртіппен ұқыпты жинауға, киім мен аяқ киімді дұрыс киюге үйретеді;
28
киімдегі олқылықты байқай білуге тәрбиелейді;
ересектердің кӛмегімен ӛзін тәртіпке келтіру, тазалық пен тәртіптен қанағаттандыру сезімін дамытады;
балаларды қарапайым тұрмыстық-шаруашылық еңбекке тартады (алдымен тәрбиешінің кӛмегімен, кейін оның бақылауымен орындықтарды үстелдің жанына қою, үстелге қасықтар қою, нанға арналған тәрелкелерді, майлық салғышты қою, ұйымдастырылған оқу қызметі үшін қарындаштарды, тақтайларды, шүберектерді қою, ойыннан кейін ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинау, балықтарға, құстарға жем шашу, ӛсімдіктерді суару, тәрбиешімен бірге ойыншықтарды учаскеге шығару, учаскені жинауға, қардан құрылыстарды салуға қатысу);
тапсырманы орындауда оны бастау мен соңғы нәтиже арасындағы байланысты орнатуға үйретеді.
Күтілетін нәтижелер:
ересектердің аздаған кӛмегімен киім, аяқ киімді шеше алады;
шешкен киімді белгілі бір тәртіппен ұқыпты жинайды, киім мен аяқ киімді дұрыс киеді;
киімдегі олқылықты байқап, ересектердің кӛмегімен ӛзін тәртіпке келтіреді;
орындықтарды үстелдің жанына қоя алады;
үстелге қасықтарды қояды;
нанға арналған тәрелке, майлық салғышты қояды;
ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған қарындаштар мен тақтайларды қоя алады;
ойыннан кейін ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинайды; аквариумдегі балықтарға жем шашады; ӛсімдіктерді суарады;
тәрбиешімен бірге ойыншықтарды учаскеге шығарады, учаскені жинауға, қардан құрылыстарды салуға қатысады;
тапсырманы орындау үшін оны бастау мен соңғы нәтиже арасындағы байланысты орнатады.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бойынша ұсыныстар.
2-3 жастағы балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық отбасындағы тәрбиелеу әлеуетін тиімді пайдалану негізінде құрылады:
балалардың ерте жастан жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға байланысты міндеттерді шешуде балабақша мен отбасының педагогикалық ұжымының күш-жігері біріктіріледі;
ерте жастағы балалардың отбасыларымен ӛзара түсіністік пен сенімділікті орнату, олармен бала мүддесі үшін бірлескен жұмыс жүргізіледі;
ата-аналармен олардың қажеттіліктерін, мүдделерін, ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛз бетінше оқыту дағдыларын дамыту мәселелері бойынша құзыреттілік деңгейін ескере отырып, консультациялық-ағартушылық жұмыс жүзеге асырылады;
29
ӛзара сыйластық ахуалы құрылады.
Ұсынылатын жұмыс түрлері:
әлеуметтік дағдылар мен ӛз бетінше үйрену дағдыларын дамыту бойынша баланы отбасында тәрбиелеу жағдайын зерделеу бойынша сауалнама жүргізу;
мектепке дейінгі ұйымда баланың ата-анасымен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын бақылау;
электронды және қағаз тасымалдағыштарда балаларды ерте дамыту, әлеуметтендіру мәселелері бойынша ата-аналарға арналған психологиялық-педагогикалық кеңестер;
балалардың сӛйлеу, қол моторикасы, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту бойынша жеке ұсынымдық карточкалар, отбасы және балабақша жағдайында балалардың табысты әлеуметтенуінің әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |