Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет7/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

14 

 

ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-



біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.  

   Диагностикалық-нәтижелілік компоненті келесі бөліктерден тұрады:  

-  тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;  

-  тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері . 

Сынып  жетекшісі  төмендегі  ережелерді  ұғынып,  түсінген  жағдайда  ғана  тәрбие 

міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ: 

1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы; 

2. Тәрбиенің жүйелік сиппатта болуы; 

3.Тәрбие  іс-әрекетінің  мақсаттарының  бірлігі,  оқушылармен  жұмыс  істейтін 

мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі: 

4.Тәрбие  үдерісі  жеке  тұлға  теориясы  мен  іс-әрекет  теориясына,  құндылықтар 

теориясы мен басқару теориясына сүйену қажет. 

    Шетелдік тәрбие жүйелері. 

    Вальдорф  мектептері  ХХ  ғасырдың  басынан  бастап  таныла  бастады.  Басты  идеясы 

адам  үш  әлемнің  бейнесі,  физикалық  дененің,  рухани  дененің  және  жанның  бірлігі  деп 

қарайтын антропософ  іліміне сәйкес, осы мектептің негізін салушы  Рудольф  Штейнер бала 

тұлғасының  қалыптасуын  және  оның  физикалық  және  психикалық  дамуымен,  табиғатпен 

және  қоршаған  ортамен  үндестікте  жүзеге  асыратын  мектеп  ашуға  ұмтылды.  Вальдорф 

мектептері бір уақытта адамның денесін, интеллектін және мінез-құлқын дамытуды көздейді.     

Мұндағы  басты  принцип-еркіндік.  Сонымен  бірге  еркіндіктің  астарында  міндетті 

жауапкершілік  жатады.  Мұндай  мектептер  жаңа  типті  әлеуметтік  организм  -  еркін 

адамдардың қандай да  болмасын басқару  ұйымдарынан тәуелсіз одағы. Мектепте директор 

болмайды.  Маңызды  мәселелерді  шешуге  қандай  да  болмасын  нақты  бір  мектеп  ашуға 

белсенділік  танытатын  ата-аналар  шақырылады.  Вальдорф  мектептерінде  жалпы  әдістеме, 

нақты  оқу  жоспары  мен  оқулықтар  жоқ.  Мұғалімдер  оқу  процесінің  мазмұнын,  формасын, 

әдістерін өздері таңдайды. Бұл мектепте тәрбиеленушілерді табиғаттағы барлық тірі нәрсені 

қабылдауды  үйретеді.  Оқушылар  жермен  міндетті  түрде  жұмыс  істеуі  қажет.  Ол  ең 

болмағанда бір рет астық себуден нан пісіруге дейінгі нәтижесін көру екендігі бейнеленген. 

    Вальдороф  мектебіндегі  мұғалімдер  –  эрудициялы,  жоғары  дайындықтан  өткен 

мұғалімдер.  

    Вальдороф  педагогикасында  тұлғаны  дамытудың  өзегі    –  мәдениет  (дін,  фольклор, 

музыка, өнердің бейнелеу түрі, театр, т.б.). 

    Жалпы  қамқорлық  тәрбие  жүйесі.  XX  ғасырдың  50  –  жылдарының  аяғында 

ленинградтық  ғалым  И.П.  Иванов  жалпы  қамқорлық  идеясын  ұсынды.  Бұл  идеяға  сәйкес 

тәрбие жүйесінің негізін құруға балалардың және олардың тәрбиешілерінің іс-әрекеттерінің 

әлеуметтік  пайдалы  бағыттылығы,  балалар  мен  үлкен  адамдардың  ынтымақтастығы,  іс-

әрекеттің  көп  рөлді  сипаты  және  ондағы  романтизим,  шығармашылық  сияқты  принциптер 

алынған. 



     В.А.Караковскийдің тәрбиелік жүйесі.  

     В.А.Караковскийдің  тәрбиелік  жүйесінің  басты  идеяларына:  міндетті  мектепшілік 

ұжым  құру,  оның  ішінде  өзін-өзі  басқару  элементтерінің  болуы.  Басты  міндеті  ұжымдық 

жұмысқа  дайындау  болып  табылатын  коммунарлық  әдіс  енгізу  жатады.  Коммунар  әдісінің 

мәні - ұжым өмірін айқын, бейнелі ұйымдастыру. Онда барлық іс-әрекет ізгілік принципіне, 

шығармашылыққа негізделеді. Құндылықтар негізгі жол – өз халқының, сол сияқты өзге ел 

халықтарының  мәдениеті  арқылы  тасымалданады.  Оқушылардың  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға бағдарын қалыптастыру олардың жас ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана 

іске  асуы  мүмкін.  Бұл  ізгіліктілік  бағдарын  қалыптастыру  процесінде  мұғалімнің  рөлін 

арттырады.  



     Ауылдық  мектептің  тәрбиелік  жүйесі  (В.А.Сухомлинский).  Ауылдық  мектептің 

тәрбие жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері бар:  яғни, оның орналасуы орны мен, оқу тәрбие 

жұмысының өзгешелігімен, оқытушы мен оқушылардың санына. 



15 

 

     Оқу  жүйесінің  базасымен  сипатталады.  Ауылдық  мектептің  тәрбие  жүйесін  құруды 



ескеру тиіс жағдайлар бар. 

     Олар:  білім беретін  мекеменің ұжымының  аздығы,  мұғалімнің қарым-қатынасы,  ауыл 

мен  қоғамның  арақатынасы.  Бұл  ретте  Сухомлинскийдің  Павлыш  ауылдық  мектебінде 

болған тәжірибесі куә.  

     Ол  тәрбиелік  жүйені  келесідей  қасиеттер  арқылы  гуманистік  көзқараспен  ұсынды: 

адамгершілік  идеялық  бақыт,  махаббат,  ар-ұят,  намыс,  әділдік,  мейірімділік, 

шығармашылық. Оқудың негізгі мақсаты - шығармашыл оқыған тұлға тәрбиелеу. 

     Сухомлинский  тұлғаның  дамуында  ұйымшыл  әрі  шығармашыл  мұғалімдердің 

ұжымына,  отбасы  мен  мектептің  тығыз  қарым-қатынасына,  балалар  мен  ата-ананың 

шығармашыл бірлестігіне баса назар аударды. Оқу тәрбие процесінің қайнар бұлағы ретінде 

ғылым  мен  білімді,  еңбек  пен  өнерді  айтты.  Павлыш  мектеп  ұжымы  тәрбие  методикасы 

ретінде  гуманистік  әдістер  мен  тәсілдерді  қолданды.  Оның  ішінде  оқушыға  сыйластықпен 

қарау (сұхбат, дискуссия) өзін-өзі танумен сыртқы көзқарастармен байқалады. 

Бекітуге арналған сұрақтар 

1. Тәрбие жүйесіне анықтама беріңіздер.   

2. Тәрбие жүйесінің құрылымы қандай?  

3. Л.И.Новикованың анықтауы бойынша «мектептің тәрбие жүйесі» қандай компоненттерден 

тұрады?  

4. Шетелдік және ресейлік тәрбие жүйелеріне сипаттама беріңіз. 



 

 

Дәріс №3 Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау 

Жоспары:  

1.  Педагогикалық қолдау-педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік    

парадигмасы 

2. Педагогикалық қолдаудың мәні 

3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері 

Мақсаты:  Тәрбие  жұмысы  үдерісіндегі  педагогикалық  қолдаудың  мәнін,  маңызын 

ұғындыру. 

Глоссарий:  

Педагогикалық  қолдау  -  педагогтың  қазіргі  педагогиканың  гуманистік  парадигмасын 

бейнелеп  көрсететін  миссиясы.  Педагогикалық    қолдаудың  мәні-  оқушының  ішкі  күші  мен 

қаблетіне қарауға негізделген тұлғаның субъективтілігін қалыптастыру.  

Әдебиеттер: 

1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2004.   

2. Газман О.С. Воспитание и педагогическая поддержка детей в образовании.М., 1996. 

3. Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. - Астана, 2011. 

4. Иманбекова Б.И. Тәрбиеге жетекші. –Алматы, 2004.  

5.  Кукушин  В.И.  Теория  и  методика  воспитания.  –  М.:  Издательский  центр  «Академия», 

2002. 


6. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008.  

7.  Шолпанкулова  Г.К.  «Тәрбие  теориясы  мен  әдістемесі»  курсы  бойынша  практикум.  -  

Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ «Ұлағат» баспасы, 2013. 

 

     Педагогикалық  қолдау  негізінің  насихаттаушысы  және  әзірлеушісі  Олег  Семенович 



Газман  болып  табылады  –  танымал  педагог,  тәрбие  саласындағы  ірі  теоретик  және 

тәжірибеші,  еркін  педагогика  және  педагогикалық  қолдау  тұжырымдамасының 

авторы.   Педагогикалық  қолдау  –  оқушымен  бірлесіп  оның  қызығушылықтарын, 

мақсаттарын,  мүмкіндіктерін  және  оған  адамгершілік  қасиетті  сақтауға,  өзін    -  өзі 

ұйымдастыруда  позитивті  нәтижеге  қол  жеткізуге  кедергі  жасайтын  мәселелерді  жеңу 

жолдарын анықтау. 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау