Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



жүктеу 1,01 Mb.
Pdf просмотр
бет13/36
Дата15.01.2020
өлшемі1,01 Mb.
#26716
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36

26 

 

Е.В.Бондаревскаяның 



тұжырымдамасы 

бойынша 


оқушыларды 

тәрбиелеуде 

мектептердің алдында төмендегідей маңызды міндеттер қойылады: 

- Жастардың философиялық ғылыми дүниетанымын дамыту, қоғамдағы әлеуметтік  – 

экономикалық  түбірлі  өзгерістер  жағдайында  өмірдің  мәнін  түсінуге  көмектесу,  өмірге 

қарым – қатынасын қалыптастыру; 

- Жалпы адамзаттық мәдени байлық мұраны пайдалана білуге баулу;  

-  Әрбір  баланың  табиғи  (қабілет)  нышанын  дамытып,  шығармашылық  қабілеттерін 

жетілдіру; 

  -  Жалпы  адамзаттық  адамгершілік  нормаларын  қалыптастыру    (мейірімділік,  өзара 

түсінуші, қайырымдылық, шыдамдылық); 

- Өз-өзіне баға беруге, басқаруға, сыйлауға, ішкі дүние еркіндігіне тәрбиелеу; 

-  Заңды  құрметтеуге,  ұжымдық  өмір  нормаларына,  азаматтық  және  әлеуметтік 

жауапкершілікке тәрбиелеу; 

-  Өмірдің  жоғары  бағалылығы  ретінде  еңбекке,  қарым  –  қатынасқа  тәрбиелеу, 

шығармашылық  еңбекке  қажеттілікті  дамыту,  іскерлік  қарым  –  қатынасқа,  адамгершілікке 

тәрбиелеу. 

-  Салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу,  бақытты  өмір  сүріп,  жақсы  отбасы  басшысы 

болуға баулу.  

 О.С.Газман кез келген педагог тәрбиешінің 3 типтік міндетін көрсетеді. 

 

Тәрбиеші 

 

 

     Денсаулық                 Адамгершілік                                Қабілет 

 

 Бұл  міндеттерді  шешу  балалар  іс  –    әрекетін  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Іс  –әрекет 

кезінде  қарым    -  қатынас,салауатты  өмір  арқылы  тәрбиеші  дене  және  рухани  адамгершілік 

тәрбиені қалыптастырып, әрбір тұлғаның дамуына мүмкіндік береді. 

 

 

Тәрбиеші 



 

Іс – әрекет                                     Тұрмыс                      Қарым – қатынас 

 

                                                          Тұлға 

  

Денсаулық                                Адамгершілік                        Қабілет     

               

Н.Е.  Щуркованың  тәрбие  жұмысын  жоспарлау  тұжырымдамасы  мәдениеттану, 

ұйымдастырушылық іс-әрекет құндылықтарына негізделеді.Тәрбиелеу  мақсаты  –  салауатты 

өмір құра алатын жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу. Тәрбиенің міндеттері педагогтың 

оқушылармен біріккен қарым – қатынасы, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.  

Н.Е.Щуркова  оқушылар  іс-әрекетінің  әртүрлі  түрлері  мен  формасын  ұсынады: 

танымдық, шығармашылық, еңбек, бағалық құндылықтар, көркемөнер, спорттық сауықтыру, 

қарым – қатынас, т.б. бұл теориялық алғы шарттар мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмысын 

жоспарлаудың негізіне алынған. Жоспарлау – мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің кәсіби іс 

–  әрекетінің негізгі  құрамды бөлігі  және мектеп өмірін қызықты, маңызды шығармашылық 

бағытта жүргізуге арналан мақсат – міндеттерді ата – аналар мен оқушылар, мұғалімдердің 

берлесіп шешуі. 

Сынып  жетекшісінің  тәрбие  жоспары  -  міндетті  педагогикалық  құжат.  Жоспар 

оқушылар  ұжымының  қалыпты  дамуына  мақсатты  және  жүйелі  түрде  ықпал  етеді,  тәрбие 




27 

 

міндеттерін  дұрыс  ұйымдастыруға  мүмкіндік  туғызады.Тәрбие  қиын  да  күрделі  үдеріс. 



Жоспар болмаған жағдайда тәрбие үдерісінде көп қиыншылықтар туады. 

Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының 

бірлесе  атқаратын  жұмысын  айқындайды.Сынып  жетекшісінің  тәрбие  жоспарындағы  оның 

мақсат  –  міндеттері  және  мазмұнымен  танысу  барысында,  белгілі    бір  сыныптағы 

оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен 

жеке  бастарының  кемшілігін,  т.б.  қасиетерін  байқауға  болады.  Ол  үшін  тәрбие  жоспары 

обьективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы 

тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына  сай нәтижелі жүргізуге 

болады. 

Жоспар  –  ұжымдық  еңбектің  жемісі.  Сынып  жетекшісі  тәрбие  жұмысын  жоспарлау 

барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды 

тарту  оның  нақтылығын,  мектеп  пен  оқушылар  өмірін  тығыз  байланыстыруға,  сынып 

жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға  мүмкіндік туғызады.  

Тәрбиедегі  даналықтың бір белгісі  – бала болашағын оның өзімен бірге шешу.Бұл  – 

педагогикалық  тағылым.Әрбір  баланың  өзі  сүйетін  істері  болады.  Біреуі    сурет  салуға, 

екіншісі ойын– сауықты, үшіншісі спортты,т.б. ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болады. 

Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін 

қалауға көмектеседі. 

Тәрбие  жоспары  –  сынып  жетекшісінің  шығармашылық  зертханасы.  Жоспар  бір 

күннің  немесе  бір  оқу  жылының  нәтижесі  емес.Бала  тәрбиесі  қиын  болса,  оны  қоғамның, 

жеке  тұлғаның  талабымен  ұштастыра  құру  одан  да  қиындық  туғызады.  Мұндай  жағдай 

сынып  жетекшісінен  ерінбей,  талмай  ұзақ  мерзімді  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді  қажет 

етеді.  

Сынып  жетекшісі  тәрбие  жұмысын  жоспарлауда  төмендегі  принциптер  жиынтығын 

ескеруі керек: 

1. Мақсат 

2. Оқушылардың жас ерекшеліктері  

3. Сынып ұжымының қызығушылығы 

4. Жоспарланатын істің жүйелілігі 

5. Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану 

6. Жоспарлаудың шығармашылық сипаты 

Сыныптағы  тәрбие  жұмысын  жоспарлауда  оқушылар  қатыстырылып  және  әр  түрлі 

формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер барлауы», «Ақыл  - ойға шабуыл», 

«Пайдалы істер аукционы» т.б. 

Ата  -  аналар  ұжымы  жоспарлауға  қатыстырылып,  балалармен  бірге  өткізілетін  іс  -

шараларды ойластырады. 

                                                                                                           

 

1 - кесте 



Мұғалім, оқушы, ата – ана іс -  әрекетін бірлестіретін шаралар 

 

Ата – ана іс -  әрекеті 



Педагог - тәрбиешілердің іс - 

әрекеті 


Оқушылардың 

іс - әрекеті 

Ата 

– 

аналар 



комитеті 

төмендегі мәселе 

бойынша  (сауалнама)  сұрау 

жүргізеді: 

1. 

Педагогикалық 



білім 

берудің  қандай  формасын 

қалар едіңіз? 

2.  Сыныптағы  қандай  іс  – 

шараларға 

қатысқыңыз 

келеді? 

1. 


Педагогикалық 

– 

психологиялық  әдебиеттерді, 



ұсыныстарды, 

алдыңғы 


қатарлы  озат  тәжірибелерді 

зерттеу, 

мектептің 

жоспарымен танысу. 

2.Педагогикалық 

диагностика жүргізу. 

3. 

Сынып 


ұжымына 

сипаттама беру. 

1. Мектептің жоспарымен 

танысу. 


2. «Пайдалы іс барлауы» 

(бастауыш 

сынып 

оқушылары). 



3. «Ақыл –ойға шабуыл» 

4. 


«Пайдалы 

істер 


аукционы» 

(жоғары 


сынып 

оқушылары) 




жүктеу 1,01 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау