46
Талантылықтың жоғары деңгейін дарындылық деп атайды. Ғұламалық қоғамдық
өмірде, ғылымда, әдебиетте, өнерде және т.б. жаңалықты аша білетін дарынды адамдар.
Дарындылар, ғұламалар адамзат дамуында жарық жұлдыздар, тарихи қайталанбас белгілі
дәуірдің тұлғалары. Қазақ халқының ғұлама ойшылдары Абай, Шоқан, Мұхтар, Қаныш –
сирек кездесетін дарынды тұлғалар.Дарынды тұлғалардың қатарына А.С.Пушкинді,
М.В.Ломоносовты жатқызуға болады. Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын
қабілеттіліктің түрі. Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі,
өнердің бір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3 жасында өз суретін салған, Моцарт – 7
жасында төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзін математика әлеміне танытқан. Қабілеті
жан – жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Дарындылық туа
бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен
жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ келеді. Олар қиын жұмысты
жан - тәнімен беріліп істейді. Дарындылық атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы
берілуі де мүмкін. Дарындылық –балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие
жүйесіндегі әдіс –тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің
нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықласының бала бойында туа біткен
алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады.
Бейімділік дегеніміз–жеке тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті орындауға
бағыттылығын айтады. Белгілі бір іс-әрекетке бейімділік пен қабілеттілік бір-бірімен көп
жағдайда сәйкес келеді, бірге дамиды. Белгілі бір іс- әрекеттің түріне баланың ең жоғары
бейімділігі оянған қабілеттіліктің көрсеткіші болып табылады. Мысалы, бала 2-3 жасында
ұзақ мерзім отырып, музыка тыңдауға дайын. Осындай жағдай музыкалық қабілетін дамыту
үшін қолайлы табиғи бейімділігінің болғандығын көрсетеді.
Қабілеттіліктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.
Туа біткен анатомиялық- физиологиялық ерекшелік, нышандар болып табылады,
олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да
дамудың нәтижесі.
Нышандарды дәнмен (тұқыммен) салыстыруға болады. Еккен дәннен ағаш шығып
және өнім алу үшін қолайлы жағдай қажет: құнарлы жер, ауа және күн. Нышандарды дамыту
үшін ондай қолайлы жағдай әлеуметтік орта мен тәрбиенің атқаратын рөлі орасан зор.
Қолайлы ұйымдасқан орта, тәрбие және оқыту балалардың нышандарының ерте
оянуына көмектеседі. Мысалы, поэзия саласында шығармашылық қабілеттілік өте ерте
байқала бастаған: Пушкинде 9 жасында, Лермонтовта 10 жасынада. Пушкин мен
Лермонтовтың 13 жасында шығармалары басылып шықты. Қазақстандағы дарынды балалар
Жамбыл Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейде білім
алып жатыр. Мектептің алғашқы жылында-ақ 1 және 2-сыныпты бітіріп, 3-сыныпқа көшті.
Алғашқы өлеңін 5 жасында анасы мен әжесіне арнап жазған. Бүгінде 50 өлеңнің авторы.
Ата-анасы жыр алыбы- Жамбыл мен ақиық ақын Мұқағалидің жерлестері. Сондықтан жас
ақынға осы алыптардың таланты дарыса керек. Жамбыл өлеңдеріне патриоттық
тақырыптарды арқау етеді.
Жансая Әбдімәлік (2000 жыл,12 қаңтар)— қазақ шахматшы қыз, он төрт жасында
гроссмейстер атанған. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011
жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста
6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан)
және Синит Челси (Индонезия). Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі
дүркін чемпион атанған.
«Дарындылық» — бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы,
сыртқы алғышарттарын білдіреді.
Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» — бұл
адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет
дамуының жоғары деңгейі.
47
«Дарындылық» түсінігі «қабілет» түсінігіне өте жақын. «Қабілеттілік» сөзі орыс
тілінде кем дегенде екі мағынаны қамтиды. Д.Н.Ушаковтың талқылау сөздігі бойынша:
- табиғи дарын
- бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі
- Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті.
Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
- Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе,
казіргі кезде оған барлық танымдық үдерістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты
тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге,
реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Көрінісі бойынша:
- Айқын дарындылық
- Жасырын дарындылық.
Айқын дарындылықта баланың ерекше әрекеттері кез-келген (жағымсыз жағдайларда
да) анық та айқын көрініп тұрады. Айқындығы сондай, оның дарынды еместігіне күмән
туғызбайды
- Жасырын дарындылық:
- бір іске ғана қызығатын балалар (компьютер);
- барлық ақпаратты қабылдап, бірақ ештеңе жасағысы келмейтін жалқаулар;
- өздерін төмен санайтын қарапайым балалар;
- қоршаған ортамен жиі қайшылыққа түсе беретін невротиктер;
- қайшылықты жақтырмайтын жуас тыныш балалар.
Жас ерекшелік дамуына қарай:
- ерте (жастағы) дарындылық;
- кеш (қалыптасқан) дарындылық.
- Ерте дарындылыққа «вундеркиндтерді» жатқызуға болады. Вундеркинд – бұл
белгілі бір әрекет түрінде (музыка, сурет салу, ән салу, т.б.) керемет жетістігі бар
мектепке дейінгі немесе кіші мектеп жасындағы бала.
Қазіргі жаңа тұрпатты инновациялық мектептерде, атап айтқанда, дарынды
шәкірттердің
гимназияларында,
лицейлер,
мектеп-
интернаттарда,
Кіші
өнер
академияларында шәкірттердің дарындылығын дамытуға ерекше мән беріледі. Орта оқыту
және тәрбие адамның өзінің белсене қатысуының нәтижесінде нышандарды оятады және
дарындылық пен қабілеттіліктерді дамытады. Егер адам өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын
болса, онда белгілі бір салада оның дарындылығы тез және күшті аңғарыла бастайды, оның
қабілеттіліктері мен ептіліктері тезірек дамиды.
Психологтардың зертеулерлері көрсеткендей, дарынды балалардың шығармашылық
іс-әрекетінің алғышарты мен нәтижесі - күрделі ақыл - ой іс-әрекетіне, жалпы еңбекке
табанды бейімділігі болып табылады. Еңбексүйгіштік - қабілеттіліктті дамытудың негізгі
шарты.
- Әртүрлі ғылым саласында қызығулар жеткіншек және жастық шақ кезінде жалындар
жанып және сөніп отырады, жастардың мамандықты таңдауын қамтамасыз етеді және
қабілеттіліктерді анықтауға көмектеседі.
- Балалардың қабілеттілігін дамытуға сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың әртүрлі
формалары, оның ішінде үйірме жұмыстарының-математикалық, техникалық,
биологиялық, әдеби, музыкалық, көркемөнер үйірмелері көмектеседі. Көптеген
мектептерде тірі табиғат бұрыштары жасақталған, балалардың бос уақытында
моделдеумен айналысуға арналған арнайы бөлмелер жасақталған.
Қазақстан Республикасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың нұсқауымен 1996 жылдың
24 мамырында №3002 «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту мен мемлекеттік
қолдау көрсету» Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен
қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр. Осы Қаулыны жүзеге асыру
мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256