Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет93/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   472

 

192 


 

қатысқысы келмейді. Таныс емес жағдай баланың әдеттегі белсенділігін жояды. Кейде 

ең қызықты ойыншықтар да балаларды тартпайды, олар «бөтен» ойыншықтар. Баланы 

өзінің  жақсы  көретін  ойыншықтары  тартады.  Тәжірибенің  көрсетуінше,  баланың 

жақсы  көретін  ойыншығы,  суреті  бар  кітап  немесе  бала  үйреніп  қалған  заттар 

бейімделу процессін жеңілдетеді, егер бала оларды өзімен бірге алып келсе.  

Мазасыз  және  ұйқы  бұзылуының  жалғасу  кезеңі  бейімделудің  бастапқы 

кезеңдерінде балалардың көбісі күндіз ұйықтамауына алып келеді. Кішкентай баланың 

жүйке  жүйесінің  шектеулі  төзімділігі  мен  жеңіл  шаршауы  эмоционалды 

тұрақсыздыққа  әкеледі.  Бұл  балалардың  орта  мен  адамдарға  жағымсыз  қарым-

қатынасы  мен  шиеленісуін  күшейтеді.  Бейімделу  кезеңі  балаларда  ұзақтығы  мен 

көрсету  формасы  бойынша  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Балалардың  кейбірі  енжарлыққа 

барады.  Басқалары  өздерінің  керексіз,  қорғаусыз  сезініп,  әрдайым  үлкендердің 

қолдауын  іздейді,  үшіншілері  ата-аналарымен  айырылысқаны  үшін  бірінші  күндері 

жылап шыңғырады және әрең тынышталады. Тәжірибенің көрсетуінше, балалардың 

бала бақшада жеңіл және тез бейімделуі, көбінесе оны бала бақшада қалай қарсы алды 

және қандай мөлшерде оған жеке көңіл аударды соған байланысты.  

Бейімделу  процесінде  балалардың  мінез-құлқының  өзгеруі  жайлы  көрсетілген 

материалдар мынандай қорытындыны шығарады: баланы дайындау, оның жаңа ортаға 

ақырын  енгізілуі,  дұрыс  ұйымдасқан  жүйелі  әсер  ету  эмоционалды  кері  кетуді 

төмендетіп,  дағдарыстың  алдын  алады,    тұлғаның  мүмкіндіктері  мен  қабілетінің 

дамуында үздіксіз көтерілуді қамтамасыз етеді. 

Бөбекханадан  бала  бақшаға  ауысу  ерекшелігі.  Бір  балабақшадан  екіншіге  өту 

барысындағы өзгерістер бала бақшада күн тәртібінің іске асуы барысында балалардың 

өздеріне қарауда, талабының жоғарылау нәтижесінде, таныс емес балалармен кездесу 

және  тәрбиешілердің  үйренбеген  мінез-құлықтарынан  пайда  болады.  Зерттеулер 

қорытындысы  балабақша  мен  бөбекханадағы  жағдайдың  бірдей  құрылса  бейімделу 

балаларда  2  есе  тез  және  жеңіл  өтеді,  егер  балаларды  жаңа  ортамен  өз  уақытында 

таныстырса және егер бейімделудің бастапқы кезеңінде баланың үйреніп қалған өмір 

салтына сай жаңа талаптар жүйесін құрса.  

Балабақша ортасы  - ол ең алдымен бала мен үлкендер, бала мен басқа балалар 

арасындағы  өзінің  талаптары  мен  әртүрлі  қарым-қатынасы  бар  әлеуметтік  орта. 

Сондықтан, балабақшаға бейімделу – балалар мен үлкендер, балалар мен құрбылары 

арасындағы өзіндік талаптары, өзіндік түрлі әрекеттері бар қарым-қатынас. 

Балабақшада балалар жаңа орын жағдайы мен уақыт тәртібіне сай ғана емес, бірінші 

кезекте,  жаңа  тұлға  –  тәрбиешімен  де  таныс  болады.  Бала  бақша  тәрбиешісі 

педагогикалық  тәсілдерді  қолданады.  Мұндай  мінез-құлық  балалар  жағынан  бала 

бақша тәрбиешісі мен әлеуметтік байланыс қалыптастыруда баяулыққа әкеліп соғады. 

Баланы  жаңа  ортаға  тез  үйреткісі  келетін  тәрбиешінің  бала  тұлғасын  нақты  білмеуі 

орын  алуы  мүмкін.  Одан  бұрын,  бала  бақша  тәрбиешілерінде  бірінші  жоспарда 

педагогикалық  әсер  ету  тұрады.  Бала  бақша  тәрбиешілерінде  қыздармен 

салыстырғанда  ұлдарға  эмоционалды  қарым-қатынасы  білінеді.  Іс-әрекетте  қыз 

балаларға  көп  талаптар  қояды.  Бұл  рөлдерді  реттеу  салт-дәстүрмен  негізделген. 

Дамуды бақылау нәтижесі, балалардың және тәрбиешілердің мінез-құлық реакциясын 

талдау бойынша (Аксарина Н.М., Жукова Н.И.), 3 жастағы балалар бала бақшаға барар 



 

193 


 

кезінде үйрену қиындығы пайды болмай-ақ, материалдық, уақыттық және әлеуметтік 

жағдайлардың толық өзгеруін түсіне алмайды. 

Бұл  қиындықтар  уақытша  сипатқа  ие  және  әдебиетте  бұрын  көрсетілгендей, 

үйрену реакциясы мен мінез-құлықтың бұзылуының интенсивті формасымен теңдесе 

алмайды. Баланың бөбекханадан бала бақшаға өту кезеңіндегі бейімделу мүмкіндігіне 

әлеуметтік тәжірибе мен дағды әсер етеді. 

Бейімделу  процесіндегі  үлкендер  мен  құрбыларымен  қарым-қатынас 

спецификасы.  Балалар  тобындағы  психологиялық  ахуал  ерекше  көңіл  бөлуді  талап 

етеді. Тәрбиешінің міндеті - топтағы рөлдердің орналасуын уақытында байқап, қарым-

қатынастың  қарама-қайшы  келуінің  алдын  алу  керек.  Егер  тәрбиеші  авторитарлы 

басқару стилін ұстанып, балаларды «жақсы көретіндер мен жамандарға» бөлсе, онда 

топ тез-тез топ-топ болып бөлініп кетеді, бір-біріне қарсы келеді. Олардың арасында 

«шеттетілген»  және  «қабыл  алынбаған»  саны  көбейеді.  Әсіресе,  ұлдарда,  күш  пен 

бағыну  қарым-қатынасы  пайда  бола  бастайды.  Патологиялық  мінез-құлық 

варианттары  өте  көп  болуы  мүмкін,  бірақ  оларды  деструктивтілік  (агрессивтілік, 

бағынбаушылық,  тежелу),  кінәлі  болу  сезімінің  болмауы,  тәрбие  шараларының 

төменгі  деңгейлігі.  Органикалық  және  генетикалық  аномалиямен  негізделген  мінез-

құлық бір-бірімен байланыста болуы көп кездеседі. Бірақ есте сақтау керек, олардың 

алғашқылары  бағытталған  емге  жақсы  бағынады,  ал  екіншілері  психонервологтың 

қарауында жалпы тәрбиелік әсер етуге бағынады. 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1. 

Әубәкірова  Ж.К.  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  қарым  қатынас  тренингін 

ұйымдастырудың педагогикалық психологиялық негіздері. автореф.к.пс.н. – Алматы, 

2001, -88б. 

2. 

Возрастная  и  педагогическая  психология:  Хрестоматия:  Учеб.пособие  для 



студентов пед.учеб.заведений / Сост.И.В.Дубравина и др.  – М.:Изд.центр Академия, 

1998. – 313с. 

3. 

Немов  Р.С.  Психология.  Учеб.студентов  вые.Пед.Учеб.заведений.  В 2  кн.  Кн.2. 



Психология образования.- М.:Просвещение: Владос, 1994-496с. 

4. 


Общение детей в детском саду и семье./ Под ред. Рониной Т.А., Стеркиной Р.Б., - 

М.: Педагогика, 2000-260с. 

 

 

ҚОҒАМДАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕУДІҢ МАҢЫЗЫ 

 

Ахат Роза 



Ғылыми жетекшісі:Жексенова Бибинур Омарбаевна 

ККАО Болашак 

 

Көптеген ғасырлар бойы «адамзат» әр түрлі ғылым салаларының басты объектісі 



болып  келеді,  себебі  ғылым  мен  адамзат  бір  бірімен  тығыз  байланыста  келеді.  Өз 


жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау