Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет438/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   472

 

922 


 

жол бермеуге тиіс. Себебі күәкә көріністің ықпалы лезде тамыр жайып, оның бойына 

мінез болып қалыптасуы ықтимал. 

Отбасы негізінде балаға деген махаббат жатыр. Бірақ сол махаббат соқыр болмауы 

тиіс. 

Басқарудың  әр  түрінде  заңдар  әр  түрлі  болады:  Монархияда  –  ар  мен  намыс; 



халықтық  басқаруда  –  мейірім  мен  адамгершілік;  деспотияда  –  үрей,-  деген  екен  Л. 

Толстой[2. 78-б]. 

Көне  қазақ  халқының,  ұлттық  тәлім  бастаулары  туралы  айтар  болсақ:  жаңа 

қосылған жастар неке суын ішісіп, түтін түтеткен соң- ақ үлкендер олардың күнделікті 

тұрмыс - тіршілігін жіті көзбен бақылап ақыл тезіне салған. Әсіресе келіннің  алғашқы 

бастамасы,  жүктілік  білінгеннен  –  ақ  ерекше  күтім  жасауға  бекінеді.  Себебі,  тәрбие 

танымның бастау көзі (жүктіліктен) осы кезден қалыптасады деген тұжырымды қағида 

еткен. Оған ет жақын абысындары бас көз болып нәрлі тамақ жегізіп, ыстық суыққа 

ұрынбауын, ібіліс, албастыдан шошымауын қадағалап, кеңес беретін болған. Жас ананы 

осылайша бағып қағу, тоғыз ай, тоғыз күнге созылған. Босанған соң, үлкендер ұлықсат 

етісімен қалжа сойылып, жас босанған әйелді бір жеті, жас нәрестені алты аптаға дейін 

жақын абысын-ажындары күтіп баққан. Одан кейін абаланы қырқынан шығару, бесікке 

салу  салтанатты  тойлары  жалғасын  тапқан.  Қырқынан  шығаратын,  бесікке  салатын 

апаларымыз  елге  сыйлы,  өнегелі,  өнерлі  кісілерболуына  аса  мән  берген.  Осы 

апаларыңдай елге сыйлы, өнегелі, өнерлі деп ырым еткен. 

Осындай  ұлттық  тәрбиенің  нәтижесінде  ұрпағы  иманды,  инабатты,  мейірімді, 

бауырмал, қызы қылықты, ұлы ер мінезді болып өскен. 

Яғни саяси биліктің ұстаным өткен мен бүгінгі күннің өзінде әр қайсысы өзіндік 

сипатта  өзгеш  ұлттық  психологияға  жол  ашып  отырғанын  аңғару  қиын  емес.  Сол 

себептен педагогика мәселесіндегі ұлттық психология үлкен мәнге ие болатынын естен 

шығармауымыз  керек.  «Отан  отбасынан  басталады»,  яғни  ұлттық  психологияны 

обасынан  бастауымыз  қажет.  Әйел  және  отбасы  деген  ұғымды  бір  –  бірінен  бөліп 

қарауға  болмайды.  «Ер  –елдің  иесі,  әйел  –  үйдің  киесі»-  деп  дана  халқымыз  бекер 

айтпаса  керек.  Расында  шаңырақтың  шаттығы  отбасының  татулығы  ұрпақ  тәрбиесі 

аналардың жылылығы мен  мейірімділігінен бастау алады. «Әйел бір қолымен  бесікті 

тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген осының дәлелі. 

Бала әлем туралы және өзі жайында ақпараттарды ата – анасынан алады. Баланың 

басты ұстазы ата – анасы. Бала ата – анасын, ата – ана баласын танымайынша іс алға 

баспайды.  Баланың  бойындағы  табиғи  қасиеттер  адамгершілік  құндылықтары 

әуеліотбасында беріледі, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. 

«Адамзаттың адам бейнесіндегі хайуандардың озбырынан қорғануға құқығы бар» 

-  депЕ.Щульц  айтқандай,  ұрпағымызға  теГіс  әсер  ететін  ақпарат  көздеріне  тосқауыл 

қою  керек,  керісінше  ізгілік,  игілік  нәрін  себетін  ұлттық  сипаттағы  бағдарламалды 

көбейту керек.  

Қорыта  келгенде,  қазақ  балалары  үшін  ғасырлар  бойы  ата  –  бабамыз  қолданған 

тәлім – тәрбие беру үлгісіне қайта оралуға өмірдің өзі талап етіп отырған сұранысына 

немқұрайлық  танытпайық.  Отбасында  берген  тәрбие  жігеріңді  құм  қылып,  жерге 

қаратпасын десең,»бала бойыңа біткеннен бастап тәрбие бер» - деп ата – бабамыз тегін 




 

923 


 

айтпаған. Отбасы баланың эмоциялық тұрақтылығын, психологиялық және физикалық 

қауіпсіздігі мен жеке басының өсуін қамтамасыз ететін шағын орта.[3.96 – б] 

Жалпы  тәрбиенің  тарихи  дамуы,  бүгінде  тұлғаны  дұрыс  қалыптастырудың 

мынандай өзіндік стильдерін өмірге әкелді. 

1.  Авторитарлы стильде – ата – ана баланы қатаң бақылауда ұстайды. 

Нәтижесінде: бала тұйық, қорқақ, ешкімге жуымайтын және ашушаң тұлға болып 

қалыптасады. 

2.  Беделді стильде – ата – ан баланы өте жоғары деңгейде бақылауға алады, бала 

бойындағы дербес қасиеттерді байқағанда оны мойындайды. 

Нәтижесінде: бал әлеуметтік жағдайға бейімделген өзіне сенімді, өзін – өзі бақылай 

білетін, өзін жоғары бағалап жақсы көретін тұлға болып өседі. 

3.  Либеральды  стильде  –  ата  –  ана  бақылауы  әлсіз  болады,  бірақ  балаға  жылы 

қатынас жасайды. 

Нәтижесінде: бала тыңдамауға бейім, ашушаң, тепе – теңдікті сақтамайды, өзіне 

талап  қоя  алмайды,  өзінің  қандай  болу  керек  екенін  білмейді.  Өсе  келе  кейбір  бала 

белсенді, шешім шығарғыш, шығармашылықтың адамы болып қалыптасады. 

4. Индифирентті  стильде  –  ата  –  ана  балаға  ешқандай  шектеу  қоймайды,  балаға 

немқұрайлы қарайды. 

Нәтижесінде:  бала  қатыгез  болып  өседі.  Ауытқыған  мінез  –  құлық  танытады, 

жағымсыз реакция береді. 

Демек баланың пайда болуы, дамуы және қалыптасу процесі ең бірінші ата – ана 

тарапынан берілетін тәрбие екенін ұмытпағанымыз жөн. 

Балабақша психологының ата – анамен атқаратын  қызметінің басты мқсаты – ата 

–  аналарға  бала  тәрбиесі  жөнінде,  әрі  отбасында  жақсы  микроклиматтың  болуына 

ықпал ету, көмек көрсету, кеңес беру. Педагогикалық – псхологиялық сүйемел жасап, 

білімдерін көтеру. 

Отбасы барлығының басы, баланың жеке басының жан – жақты дамуының негізі 

болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата – ана мен баланың арасындағы қарым – 

қатынас  нәтижесінде  адамгершілік,  эстетикалық,  дене  тәрбиесінің  алғашқы  үлгісі 

қалыптасады.  Ал  әке  мен  шеше,  ата  мен  әже,  апа  мен  ағалар  баланың  ең  алғашқы 

тәрбиешілері. 

Отбасы  қоғамның  алғашқы  ұясы  болғандықтан,  оны  нығайту,  оның  тәрбиелік 

мәнін зерттеу, сол қоғамның басты назарында болуы керек. Бала тәрбиесі мәселесінде 

ата – ананың жауапкершілігі күшті. Олар үйде көрген өнегесін мектептен алған білім, 

тәрбиесімен толықтырады, жанұяда күнделікті болып жатқан сан алуан ірілі – ұсақты 

оқиғалар,  ата  –  ананың  баламен  сөйлесуі,  үй  шаруасының  істелуі,  әке  мен  шешенің 

еңбекке  көзқарасы,  демалысты  қалай  ұйымдастыруы,  өздерінің  туыстары  мен 

жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі де балаларға әсер етеді. 

Ата  –  ана  әртүрлі,  олардың  ұрпақ  тәрбиесіне  мектепке  көзқарасы  да  сан  алуан. 

Қандай  да    мектеп  болсын,  әлеуметтік  тұрғыдан  бұл  мәселені  «Отбасы  –  ата  -ана  - 

балабақша» үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. 

Қазақ отбасы үш ұрпақтан тұрады. Олар – ата, әке, бала. Халық мақалында «Әке – 

асқар  тау,  ана  –  бауырындағы  бұлақ,  бала  –  жағасындағы  құрақ»,  деп  табиғаттың 

тамаша  құбылысына  теңеген  екен.  Бұрынғы  заманда  да,  қазіргі  кезде  де,  сөзсіз, 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау