Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет246/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   472

 

521 


 

ізденімпаздық,  тапқырлық  әрекет  байқатады.  Сезіну,қабылдау,  ойлау,  қиялдау,  зейін 

қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне   сүңгиді.  

      Сондықтан  да  педагогикада  бала  ойынына  ерекше    мән  беріледі,себебі  ойын 

үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өшпестей із 

қалдырады.  Бала  ойын  арқылы    өзін  толқытқан  қуанышын  немесе  ренішін,  асқақ 

арманын,  мұрат-мүддесін  бейнелесе,күні  ертен  сол  арман  қиялын  өмірде  жүзеге 

асыруға мүмкіндік алады. 

                 "Бала-ойынмен өседі,дана-оймен өседі" 

                 "Ойнай білмеген,ойлай да білмейді" 

"Ойын-бұл  адамның  мінез-құлқын  өзі  басқарумен  анықталатын  қоғамдық 

тәжірибиені қалыптастыруға айналған іс-әрекет түрі.Ойынның да өзіне тән мотивтері 

болады. 

Ойын-баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі 

мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысу, өзінің ойлаған 

ойын  іске  асыру  оңай  емес.  Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол 

ойындардан үлкен де мәңді -мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ең 

алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтанда 

ойын - бала бойындағы қандай да болмасын  бір өнердің  бастауы деп білеміз. Болашақ 

ел қорғаушы батыр,жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. 

Сол ойын арқылы  шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шыңдай түседі.  

 

      Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  адамның  жеке  тұлғалық  қасиеттерінің  негізі 



қалыптасады. Осы кезенде ойын жетекші іс-әрекет ретінде қалыптасқан жағдайда ғана 

дамуына  кең мүмкіндік береді. А.Н. Леонтьев былай деген: "Ойын баланың жетекші іс-

әрекеті болуы үшін  

ойынды басқаруды  үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына бағыну 

керек,  олай  болмаған  жағдайда  ойынды  басқару  емес,  ойынды  бұзуға  әкеп  соғады"  

Ойын- адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы.  

      Балабақша  балалары  болашақ  иесі  боғандықтан  дүниежүзілік  мәдениетті 

танитын,  өзінің  төл  мәдениетін  білетін,  сыйлайтын,  рухани  дүниесі  бай,  саналы 

ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ойындар өмір қажеттілігінен туады 

да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. 

      Сонымен    қатар  ойын  барысында  бала  үлкендермен,өз  құрбыларымен  қарым-

қатынас  жасайды.Әр  бала  өз  жетістігіне  қуанып,  мәз  болады.  Сондықтан  да  ойын 

тапсырмаларды  таңдауда  және  іріктеуде  балалардың  жас  және  жеке  ерекшелігін 

ескерген жөн.Ойынды заттармен,үстел үсті және сөздік ойын ретінде өткізуге болады.  

    Заттармен  ойналатын  ойын  ойыншықтарды,табиғи  заттарды  қолдану  арқылы 

өтіледі.Мысалы:"Ғажайып  қапшық","Салыстыр  да,атын  ата","Бірдей  ойыншықты 

тап","Қайсы көп,қайсы аз"т.б 

Үстел  үсті  ойынын  ұйымдастыруда  домино,  лото,суреттер  қолданылады. 

Мысалы:"Суретті  құрастыр","Қай  сурет  тығылды?","Қиылған  суреттер","4-ші 

артық","Есіңде сақта"т.б 




 

522 


 

 Ал  сөздік  ойын  арқылы  сөзді  орынды  қолдана  білуге,дұрыс  жауап  айтуға,сөз 

мағынасын  түсінуге,орынды  сөйлеуге  үйренеді.  Мысалы:"Сөз  ойла","Сөз  құра",   

"Жұмбақ ойла","Жақсы-жаман"т.б 

Сонымен  қатар  балалардың  сөздік  қорларын  дамыту  жұмысына  ойындарды 

қолданумен қатар,"Пішіндер көрмесі","Қиық жолдар","Суретті жалғастыр"т.б жаттығу 

тапсырмаларды  да  пайдаланып  отыру  өз  нәтижесін  береді.Бұл  аталған 

жаттығу,тапсырмалар 

балалардың 

сөздік 


қорын 

дамыта 


отырып,таным 

белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. 

Жалпы ойынды ұйымдастыру: 

-өткізуге әзірлік. 

-ойынды өткізу. 

-ойынды талдау  

сияқты  үш  бағытты  қамтиды.  Ойынға  қажетті  құралдар,заттарды  даярлау  кезі-

ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру 

кезі-ойынды  өткізу  болып  табылады.  Ойынды  талдау-бұл  ойынның  өз  мақсатына 

жетуі,балалардың  белсенділігі  және  олардың  іс-әрекеті  болып  табылады.  Тапқыр  да 

алғыр,  шымыр да епті, қайратты да  қажырлы  бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. 

Демек  ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. 

Ойын  арқылы  балалардың  сөздік  қоры  дамып,ауызша  сөйлеу  машығын 

игереді,таным  белсенділіктері  қалыптаса  түсіп,    ақыл-ойы  өсіп  жетіледі,әрі 

адамгершілік қасиеттерін  бойына сіңіреді. 

       Ойын  баланың  көңілін  өсіріп,  бойын  сергітіп,  қана  қоймай,  оның  өмір 

құбылыстары  жайлы  таным  -түсінігіне  де  әсер  етеді.  Балалар  ойын  арқылы  тез  тіл 

табысып,  жақсы  ұғысады,  бір-бірінен  ептілікті  үйренеді.  Белгілі  педагог  А.С. 

Макаренко баланың  өміріндегі  ойынның  атқаратын  қызметі  туралы:  "Үлкендер  үшін 

жұмыстың,  қызметтің  маңызы  қандай  болса,  балалар  үшін  ойынның  маңызы  сондай 

болады деген".  

    Осыдан кейін ойын туралы мынандай нәтиже шығады:  

   Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді 

танытып,  сезімді  күшейтеді,  тәрбиелейді.Ойын  арқылы  бала  үлкендермен  қарым-

қатынасын жақсарту-ға,  досына, қоршаған ортасына деген көз қарасының жақсаруына 

септігін тигізеді. 

    Қорыта  келгенде,  балабақшада  ойын  түрлерін  ұтымды  пайдаланса,бала  бойында 

ойынға деген ықыласы оянып,көңілі көтеріледі, дүние танымы артады. 

Ойын-балалар үшін айналадағы танып,білу тәсілі. 

 

  Қолданылған әдебиеттер: 



1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты: 

1.001-2004.Астана 2010жыл. 

2."Отбасы және балабақша"№4,2011ж. 

3."Бала мен балабақша" №7. 2010ж. 

4."Бала мен балабақша"№6,2009ж. 

 

        




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау