438
физиология мен гигиенаның негізгі мәселелерімен таңыстырады.олар теориялық
біліммен қатар кейбір әдістемелік білімдер мен іскерліктерді меңгереді, мәселен:
балалардың ойының қалай басқару керек, олардың сұрақтарына қалай жауап қайтару
керек, шынықтыруды қалай жүзеге асыру керек екенің т.б. үйренеді.Ата-аналар
педагогика техникасын:баламен қалай сөйлесу керек, оған қалай тәртіп беру керек,
қалай талап қою керек екенін, оны көтермелеу мен жазалау шараларының қандай екенің
т.б. үйренуге мұқтаж.
О т б а с ы н д а ғ ы т ә р б и е т ә ж і р и б е с і н з е р т т е у және т а р а т у
Тәрбиеші отбасыларына барып, ата-аналармен әңгімелесе отырып, балаларды бақылай
жүріп, кешкі уақыт пен демалыс күндерінде балалар тіршілішін ұйымдастырудың озат
тәжірибесін, олардың ынта-ықыласына, қылығына шебер ықпал жасай білушілікті
анықтайды. Қайсібір отбасында еңбек тәрбиесі неғұрлым ойдағыдай жүзеге асырылса,
басқа бір отбасында баланын эстетикалық дамуы т.т. жақсы жүріп жатады.
Отбасындағы тәрбие тәжірибесінде жақсы нәрселерді көріп ғана қоймай, сонымен бірге
оны қолдау және соның негізінде ата-ананың назарын баланы тәрбиелеудің шешілмеген
міндеттеріне аудару маңызды.Отбасындағы тәрбиенің қайсібір міндеттерін олардың
кайсысы ойдағыдай шешіп, қайсысы мектепке дейінгі ұйымымен тығыз ынтымақ
жасайтынын білген тәрбиеші бұл ата-аналардың отбасындағы тәрбие тәжірибесін
алмасу жөніндегі жиналыстарда, конференцияларды сөйлеуін қамтамасыз етеді. Сол
ұйым, сол топ балаларының отбасыларының өмірінен алынған жағымды мысалдарды
педагогтар әңгіме кезіңде пайдаланса, мұның өзі педагогтың дәлелдеріне ата-аналардың
сенімін күшейте түседі.
А т а –а н а л а р д ы м е к т е п к е д е й і н г і ұ й ы м ө м і р і м е н және ж ұ м
ы- сымен таныстыру. Мектепке дейінгі ұйым отбасында балаларды тәрбиелеуде бірлік
орнату үшін ата-аналардың балалар бақшасымен, онда балалардың өмірі қалай
ұйымдастырылғанын, тәрбиешілердің қандай міндеттерді шешетінің , балалардың күн
ұзағына немен шұғылданатынын, олаардың мінез құлқына қандай талаптар
қойылатынын , ата – аналар үшін қандай ережелер бар екенін, ол ережелер немен
шарттас екені т.т айқын білуі қажет. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері мен басқа
да қызметкерлері- меңгерушісі, музыка жетекшісі ата-аналарға мектепке дейінгі
ұйымның өмірі мен жұмысының ұйымдық және педагогикалық негіздері туралы үнемі
айтып отырады, отбасымен ынтымақтасып істеудің қажет екенін атап көрсетеді.Балалар
бақшасында балалармен жүргізілетін жұмысты ата-аналар біледі және түсінеді деген
сенім оларға бұл жұмысты жалғастырып, баянды ете беру керек деп талап қоюға негіз
болады.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп жасына дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы «Мектеп», 1982
(аударма).
2. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: «Фолиант», 2008ж.
3. Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Қарағанды: «Гласир»,
2011ж. -283б.
4. В.И. Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. А.: Мектеп, 1981
5. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы: «Рауан», 1992
439
6. Н.О.Пичугина, Г.А.Айдашева, С.В.Ассаулова. Дошкольная педагогика:
конспект лекции. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004
7.
Н.Савельева.
Настольная
книга
педагога-психолога
дошкольного
образовательного учреждения. Ростов н/Д:»Феникс», 2004
8.Педагогика:
оқулық.
Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова,
Ә.У.Ғалымова,Р.К.Ильясова. Астана-2007 ж.
9. Ш.Құрманалина, Ә.Ғалымова Педагогика: оқу-әдістемелік құрал. Астана:
Фолиант, 2008, 272 б.
10. Мұсаева С.Ә., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана: «Фолиант»,
2006.
11.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы А. 2007ж.
12.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. А., 2003.
13.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. Астана.2012ж.
ОТБАСЫ
МЕН БАЛАБАҚША САБАҚТАСТЫҒЫ
Бабағұлова Анар Ескендірқызы
Жетекшісі: Жамангарина М.А.
ҚМББ «Болашақ» колледжі
Отбасы - барлығының басы, жан - жақты даумуының негізі болатын тәрбие
институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде,
адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал ата –
ана болса, баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс.
Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,
не жасаса да келістіріп жасайды», - дейді А. Байтұрсынов.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық
сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің
жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға
көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын,
отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата - аналардың ұсыныс -
пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға
болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе
отырып жасаған тиімді. Себебі, ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді,
отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата -
аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен
лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі
конференциялар, ата - аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс -